--------------Қаулыдан үзінді-------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 392 қаулысына Қосымша
Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi
4. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногын кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 361 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, 1997 жыл, N 7-8)...
------------------------------------
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтi реттеу және инвесторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
1. Кастодиалдық қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке капиталдың жеткiлiктi деңгейi кемiнде 2 миллиард теңге болып белгiленсiн.<*><*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1997.11.11. N 191
V970071_
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 67
V001078_
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 28 ақпандағы N 30 қаулысының 1-тармағының 5 абзацтың күшi жойылды деп танылсын.
3. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензияларды иеленген ұйымдар өз капиталдарын мынадай мерзiмдерде төменде көрсетiлген деңгейлерге жеткiзсiн:
1) кемiнде 1,5 миллиард теңгеге - 2000 жылғы 01 қазанға дейiн;
2) кемiнде 2 миллиард теңгеге - 2001 жылғы 01 көкекке дейiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 67
V001078_
қаулысымен.
3-1. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың өз капиталдарын есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциялық нормативтердi белгiлейтiн нормативтi құқықтық актiлерiне сәйкес жүргізiлетiндiгі белгiленсiн.<*>
ЕСКЕРТУ. 3-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 27 маусымдағы N 72
V001205_
қаулысымен
.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының рынокты реттеу басқармасына және Ұлттық комиссияның оған жетекшiлiк ететiн мүшесiне жүктелсiн.
5. Қаулы қабылданған сәттен бастап күшiне енедi.
Ұлттық комиссияның
Төрағасының м.а.