Қазақстан Республикасы нотариустарының депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 1998 жылғы 9 қаңтар N 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 476. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы  Азаматтық  кодексiнiң (жалпы бөлiм) 291 және 301-баптарына және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  85-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерiне сәйкес нотариустар депозит шарттарында ақшаларды, ал бағалы қағаздарды - сақтау шарттарында нотариустың атына қабылдайды. 
      Ақшалар мен бағалы қағаздарды депозит немесе сақтау шарттарында нотариус атына енгiзу мiндеттеменi орындау болып есептеледi. 
      Ақшаларды немесе бағалы қағаздарды депозит немесе сақтау шарттарында нотариустың атына қабылдау Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Нұсқаумен реттеледi. 
      2. Ақшаларды депозит шарттарында немесе бағалы қағаздарды сақтау шарттарында нотариус атына енгiзген адамға, осы Нұсқауға қоса берiлетiн N 1 нысан бойынша түбiртек берiледi. 
      Түбiртек көшiрме қағаз арқылы екi данада жасалады, бiреуi ақша немесе бағалы қағаздар енгiзген адамға берiледi, екiншiсi нотариуста қалады. 
      Түбiртекте: 
      - нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты және оның мекен-жайы; 
      - нотариус атына депозит шарттарында ақшалар немесе сақтауға бағалы қағаздар алынған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi; 
      - ақшалар мен бағалы қағаздар соларға берiлу үшiн енгiзiлген адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және соңғы белгiлi мекен-жайы және заңды тұлғаның орналасқан жерi; 
      - ақшалар немесе бағалы қағаздар қандай мiндеттеме бойынша немесе қандай төлемдер есебiне енгiзiлгенi; 
      - депозитке немесе сақтауға келiп түскен ақшалар сомалары немесе бағалы қағаздар құны; 
      - өндiрiп алынған мемлекеттiк баждың немесе тараптардың келiсiмi бойынша белгiленген төлемнiң сомасы көрсетiледi. 
      Бағалы қағаздарды сақтау шарттарында нотариустың атына қабылдау кезiнде түбiртек пен түбiртек қабының екiншi жақтарында бағалы қағаздардың түрi, олардың атаулары, нөмiрлерi, сериялары, тұрақты құны және басқа да белгiлейтiн белгiлерi көрсетiледi. 
      Нотариустың атына депозит шарттарында немесе сақтауға ақшалар немесе бағалы қағаздар енгiзген адам түбiртек қабына қол қояды. 
      3. Мұралық мүлiктi қорғауға шаралар қабылдаған нотариус қайтыс болған кiсiнiң қалған ақшалары мен бағалы қағаздарын депозит немесе сақтау шарттарында банкке өткiзедi, N 2 нысан бойынша екi данада түбiртек жазады, оның бiреуi банктiң iстерiнде сақталады, екiншiсi мұралық iске тiгiледi, ал түбiртектiң қабы нотариуста iстерде сақталады. 
      Бұл жағдайларда түбiртекте: 
      - мұралық мүлiктi қорғауға шаралар қолданған нотариустың тегi мен аты-жөнi және оның мекен-жайы; 
      - мұра қалдырушының тегi, аты, әкесiнiң аты және тұратын жерi; 
      - мұра қалдырушының қайтыс болуынан кейiн қалған мұралық сома көрсетiледi. 
      Түбiртек қабының екiншi жағында түбiртек тiгiлген мұралық iстiң нөмiрi көрсетiледi. 
      4. Депозиттiк операцияларға (депозит немесе сақтау шарттарында нотариус атына келiп түскен ақшаларды немесе бағалы қағаздарды қабылдау, сақтау, беру) есеп жүргiзу осы Нұсқауға қоса берiлетiн N 3 нысан бойынша депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабында және N 4 нысан бойынша депоненттер дербес шоттарының кiтабында жүзеге асырылады. 
      5. Ақшалардың келiп түсуi N 3 нысан бойынша депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабының кiрiс бөлiгiнде ескерiледi, мұнда графада мыналар көрсетiледi: 
      N 1 - депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабының кiрiс бөлiгiндегi жазудың тәртiп нөмiрi; 
      N 2 - ақшалардың келiп түсу күнi;
      N 3 - ақшалар содан қабылданған жеке тұлғаның тегi мен аты-жөнi немесе заңды тұлғаның атауы; 
      N 4 - олардың қандай мiндеттеме бойынша немесе қандай төлемдердiң есебiне енгiзiлгенi;
      N 5 - берiлген түбiртектердiң нөмiрлерi;
      N 6 - депозит шарттарында қолма-қол енгiзiлген ақша сомалары;
      N 7 - депозит шарттарында банкке ақша аударумен енгiзiлген ақша сомалары; 
      N 8 - ақша келiп түскен банктiң атауы;
      N 9 - депоненттiң дербес шотының нөмiрi.
      6. Ақшаларды беру осы Нұсқауға қоса берiлетiн N 3 нысан бойынша ақша операцияларына есеп жүргiзу кiтабының кiрiс бөлiгiнде ескерiледi, мұнда графада мыналар көрсетiледi: 
      N 1 - депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабының кiрiс бөлiгiндегi жазудың тәртiп нөмiрi; 
      N 2 - ақшаларды беру немесе аудару күнi;
      N 3 - ақша берiлген жеке тұлғаның тегi мен аты-жөнi немесе заңды тұлғаның атауы; 
      N 4 - чектердiң немесе төлем тапсырмаларының нөмiрлерi;
      N 5 - берiлген қолма-қол ақшалардың сомалары;
      N 6 - чек бойынша немесе банк арқылы ақша аударумен берiлген сомалар; 
      N 7 - банктiң атауы;
      N 8 - депоненттiң берiлген сомалар жазылған дербес шоттарының нөмiрлерi.
      Депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабында нотариустың банкте депозиттiк шотқа қолма-қол ақша өткiзгенi туралы жазу жасалады. 
      Депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабында 6 шығын графасына осы Нұсқауға қоса берiлетiн N 5 нысан бойынша, депозиттiк ақшаларды бюджет табысына өткiзуге ведомостiң негiзiнде бюджет табысына өткiзiлген сома жазылады. 
      7. Әр айдың аяғында депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабында 6 және 7 кiрiс және 5 және 6 шығын графалары бойынша бiр айдың қорытындылары, сондай-ақ келесi айдың бiрiншi сандарына қаражаттардың қалдықтары жазылады. 
      Депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабы бойынша депозиттiк сомалардың қалдықтары (6 шығын графасының "ақша аударумен банктегi депозиттiк шоттан" қорытындысы сомасын алып тастағанда 7 кiрiс графасы "ақша аударумен банктегi депозиттiк шотқа" қорытындысының сомасы) әр айдың бiрiншi санына банктегi депозиттiк шоттан көшiрмелердегi сомалармен салыстырылуға тиiс. 
      Қолма-қол ақшалардың қалдықтары депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабы бойынша шығынға (5 шығын графасын "қолма-қол ақшамен" алып тастағанда 6 кiрiс "қолма-қол ақшамен" графасы) сәйкес келуге тиiс. 
      8. Бағалы қағаздардың келiп түсуi мен берiлуi N 3 графада бағалы қағаздардың түрлерiн көрсетумен осы Нұсқаудың 5 және 6 тармақтарында көзделген тәртiпте депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабында (N 3 нысан бойынша) ескерiледi. 
      9. Депозит немесе сақтау шарттарында нотариустың атына келiп түскен ақшалар мен бағалы қағаздар осы Нұсқауға қоса берiлетiн N 4 нысан бойынша депоненттердiң дербес шоттарында да ескерiледi. 
      Депоненттiң дербес шоты ақша солардан келiп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың реквизиттерiн, қандай мiндеттеме бойынша немесе қандай төлемдер шотына келiп түскенiн, ақшалардың немесе бағалы қағаздардың депоненттiң атына келiп түсуi туралы оған хабар жiберу күнiн көрсете отырып, ақшалар соның пайдасына енгiзiлген жеке немесе заңды тұлғаның атына ашылады. 
      10. Депозит немесе сақтау шарттарында нотариустың атына келiп түскен ақшалар мен бағалы қағаздарды нотариус ақшалардың немесе бағалы қағаздардың келiп түсуi сәтiнен бастап 2 жұмыс күнiнен кешiктiрмей өткiзедi. 
      Бағалы қағаздар банкке бағалы қағаздардың тұрақты құны көрсетiлетiн сүргiленген пакеттерде өткiзедi. 
      Бағалы қағаздарды өткiзуге арыз-тiзiмдемеде: 
      - бағалы қағаздарды өткiзген нотариустың тегi мен аты-жөнi; 
      - бағалы қағаздар өткiзiлетiн банктiң атауы; 
      - осы Нұсқауға қоса берiлетiн N 5 нысан бойынша олардың түрлерi мен реквизиттерi (нөмiрлерi, сериялары, тұрақты құны мен т.с.с.) көрсетiледi. 
      11. Депозиттен ақшалар мен бағалы қағаздарды беру депонент беретiн арыз бойынша жасалады. 
      Нотариус арызда депоненттiң жеке басын куәландыратын құжаттың реквизиттерiн көрсете отырып депоненттiң жеке басын анықтау туралы белгi жасайды, сондай-ақ оның депозиттiк ақшаларды алуға құқығын растайтын құжаттың (мұраға құқық туралы куәлiк, сенiмхат және басқалар) атауын көрсетедi. 
      Заңды тұлғаларға ақшалар олардың шоттарына төлем тапсырмаларымен аударылады. 
      Нотариустар бағалы қағаздарды банктен банк түбiртегiн көрсету арқылы алады. 
      12. Депозит немесе сақтау шарттарында нотариустың атына ақшалар мен бағалы қағаздарды енгiзген адамға оларды қайтарып беруге ақшалар немесе бағалы қағаздар соның пайдасына келiп түскен адамның келiсiмiмен ғана, немесе соттың ұйғарымы бойынша рұқсат етiледi. 
      Жеке немесе заңды тұлғаның ақшаларды немесе бағалы қағаздарды қайтару туралы талабы және оларды қайтаруға келiсiмдi олар жазбаша түрде көрсетуге тиiс. 
      13. Жеке немесе заңды тұлғаларға беруге жататын, депозиттен талап етiлмеген ақшалар немесе бағалы қағаздар несие берушiге ақшаларды немесе бағалы қағаздарды депозитке енгiзу туралы хабар беру күнiнен бастап, ал шешiлмеген сот iстерi бойынша депозитке енгiзiлген сомалар сот шешiм шығарған күннен бастап 5 жыл iшiнде сақталады. 
      Бюджеттегi заңды тұлғаларға беруге жататын ақшалар немесе бағалы қағаздар ақшалар немесе бағалы қағаздар енгiзiлген жылдың 31 желтоқсанына дейiн сақталады, ал шешiлмеген сот iстерi бойынша сот шешiмi шығарылған жылдың 31 желтоқсанына дейiн сақталады. 
      Егер олардың атына ақшалар немесе бағалы қағаздар енгiзiлген адамдар шетелде болса және осы ақшалар мен бағалы қағаздарға билiк ету үшiн банктiң рұқсатын алу қажет болса, онда осы мерзiмдердiң ағымы мұндай рұқсат алу күнiнен басталады. 
      Депозит немесе сақтау шарттарында нотариустың атына енгiзiлген, бiрақ белгiленген сақтау мерзiмi өткеннен кейiн талап етiлмеген ақшалар немесе бағалы қағаздар нотариустың ұйғарымы бойынша республикалық бюджетке аударылады. 
      14. Депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтаптары мен түбiртек кiтапшалары ондағы беттердiң сандарын көрсетумен нөмiрленуге, шнурлануға және мөрмен және тиiстi қаржы органы лауазымды адамының қолымен бекiтiлуге тиiс. 
      15. Түбiртек кiтапшалары қатаң есеп берушiлiк құжаттарына есеп жүргiзу ережелерi бойынша сақталуға тиiс. 
      Түбiртектерге есеп жүргiзу, соңында осы Нұсқауға қоса берiлетiн N 7 нысан бойынша "Түбiртектерге есеп жүргiзу жаршысына" орын берiлген депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу кiтабында жүзеге асырылады. Бұл жаршыда әрбiр түбiртек кiтапшасы кiтапша мен түбiртектер нөмiрлерiн алу күнiн көрсетумен жеке жолмен жазылады (бiрiншi түбiртектiң нөмiрi және соңғы түбiртектiң нөмiрi). 
      "Кiтапшаларды жұмсау" графасына белгiлер әрбiр кiтапшаның толық пайдаланылу кезiнде жасалады.                                                                   

                                                      N 1 нысан

                           N ___ ТҮБIРТЕК                             

                    " __ " ______________ 199 __ ж.                                                                    

Нотариус __________________________________________________________
                       (нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты)
мекен-жайы ________________________________________________________
                                 (нотариустың)  

___________________________________________________________________
              (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты  

_________________________________________________________ беру үшiн
                немесе заңды тұлғаның атауы)

мекен-жайы _______________________________________________________
                                  (депоненттiң)

__________________________________________________________________
              (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты  

___________________________________________________ қабылданды.
            немесе заңды тұлғаның атауы)
мекен-жайы _______________________________________________________
Жарна қандай мiндеттеме бойынша немесе қандай төлемдердiң шотына
келiп түстi _____________________________________________________
Депозитке енгiзiлетiн жарнаның сомасы ___________________________
_________________________________________________________________
_____________ теңге ______________ тиын мемлекеттiк баж алынды. 

Барлығы  _______________ теңге _________________ тиын.      

Жалпы сома ____________________________________________
                              (жазумен)

___________________________________________________ алды.
                  (нотариустың қолы)                              

                                                                                                                         N 2 нысан

                         N ___ ТҮБIРТЕК ҚАБЫ                           

                   " __ " _____________ 199 __ ж.

______________________________________________________ қабылдады
       (нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты)                    
мекен-жайы ______________________________________________________
                            (нотариустың)
_________________________________________________________________
         (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
_____________________________________________________ беру үшiн
           немесе заңды тұлғаның атауы

мекен-жайы _______________________________________________________
                             (депоненттiң)
__________________________________________________________________
               (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

____________________________________________________ қабылданды.
          немесе заңды тұлғаның атауы)
мекен-жайы ___________________________________________________
                             (борышқордың)

Жарна қандай мiндеттеме бойынша немесе қандай төлемдердiң шотына
келiп түстi ______________________________________________________
Депозитке енгiзiлетiн жарнаның сомасы ________________________
__________________________________________________________________
___________ теңге _________________ тиын мемлекеттiк баж алынды
Барлығы __________________ теңге ___________________ тиын. 
Жалпы сома ___________________________________________________
                               (жазумен)
___________________________________________________ алды.
               (нотариустың қолы)

                               ________________________________
                                      (клиенттiң қолы)             

                                                   N 4 нысан

                     ДЕПОНЕНТТЕР ДЕРБЕС ШОТТАРЫНЫҢ
                               КIТАБЫ

                    Депоненттiң N ___ дербес шоты
    _____________________________________________________________
            (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
    _____________________________________________________________
            немесе заңды тұлға - депоненттiң атауы)
    Депоненттiң мекен-жайы ______________________________________
                                   (орналасқан жерi)

  

_____________________________________________________________________
Nп\депо.|Күнi|Сомалар солардан |Сома|Соманың|Депозиттен|Бюджет|Депо. |
зиттiк  |    |келiп түскен жеке|    |келiп  |   беру   |табы. |зиттiң|
опера.  |    |тұлғаның тегi мен|    |түсуi  |---|------|сына  |қал.  |
циялар. |    |аты-жөнi немесе  |    |туралы |Кү.|Nп\п  |өткi. |дықта.|
ға есеп |    |заңды тұлғаның   |    |хабар  |нi |N8 н. |зiлдi |ры    |
жүргiзу |    |атауы, олар қан. |    |жiберу |   |кiтап.|      |      |
кiтабы  |    |дай мiндеттемелер|    |күнi   |   |тағы  |      |      |
бойынша |    |бойынша немесе   |    |       |   |шығын |      |      |
        |    |қандай төлемдер. |    |       |   |бойын.|      |      |
        |    |дiң шотына енгi. |    |       |   |ша    |      |      |
        |    |зiлген           |    |       |   |      |      |      |
        |    |                 |    |       |   |      |      |      |
--------|----|-----------------|----|-------|---|------|------|------|
   1    |  2 |         3       |  4 |   5   | 6 |   7  |   8  |   9  |
--------|----|-----------------|----|-------|---|------|------|------|
        |    |                 |    |       |   |      |      |      |                                                                     

                                                       N 5 нысан

                  Бағалы қағаздарды өткiзуге

                N ___  АРЫЗ - ТIЗIМДЕМЕ

" ___ " ________________                           199 __ ж.         

                                                                     

_____________________________________________________ - дан қабылданды
          (нотариустың тегi және аты-жөнi)                           

Өткiздi ______________________________________________________________
                            (банктiң атауы)

Қағаздың бағасы ______________________________________________________
                            (олардың түрi мен реквизиттерi)          

Жалпы сомасы _________________________________________________________
                                   (тұрақты құны)                    

Қабылдады ____________________________________________________________
                          (банк жұмыскерiнiң қолы)                                                                     

                                                         N 6 нысан

                Депозиттiк сомаларды республикалық бюджет
                         табысына өткiзуге
                                ЖАРШЫ

               нотариус ________________________________
                        (нотариустың тегi және аты-жөнi)             

               мекен-жайы ______________________________
                                 (нотариустың)                       

---------------------------------------------------------------------
NN|Ақшалар немесе бағалы|Мекен-жайы|Дербес|    Сома        | Ескерту |
пп|қағаздар соның атына |          |шоттың|----------------|         |
  |өткiзiлген жеке тұл. |          |  N   | теңге  | тиын  |         |
  |ғаның тегi мен аты - |          |      |        |       |         |
  |жөнi немесе заңды    |          |      |        |       |         |
  |тұлғаның атауы       |          |      |        |       |         |
  |                     |          |      |        |       |         |
--|---------------------|----------|------|--------|-------|---------|
 1|          2          |     3    |   4  |    5   |   6   |    7    |
  |                     |          |      |        |       |         |
  |                     |          |      |        |       |         |
  |                     |          |      |        |       |         |
  |                     |          |      |        |       |         |
  |                     |          |      |        |       |         |
  |                     |          |      |        |       |         |
--|---------------------|----------|------|--------|-------|---------|
  |                     |          |      |        |       |         |
  |                     |          |      |        |       |         |                                                        Жиыны:

                Нотариус _______________
                             /қолы/                                  

                Бухгалтер ______________
                             /қолы/

                                                         N 7 нысан

               Түбiртек кiтапшаларына есеп жүргiзудiң
                      N ___  ЖАРШЫСЫ

----------------------------------------------------------------------
   Кiтапшалардың келiп түсуi    | Кiтапшалардың жұмсалуы |  Ескерту  |
 Келiп | Түбiртектер нөмiрлерi  | Басталды | Аяқталды    |           |
 түсу  | N__-ден | N__-ге дейiн |   (күнi, | (күнi, айы, |           |
 күнi  |         |              |    айы,  |    жылы)    |           |
       |         |              |   жылы)  |             |           |
       |         |              |          |             |           |
-------|---------|--------------|----------|-------------|-----------|
       |         |              |          |             |           |

                                                        N 8 нысан

                Нотариус депозитiне ақшаларды немесе
                 бағалы қағаздарды енгiзу туралы
                     N ___  ХАБАР ҚАҒАЗЫ

    " __ " ________________                        199 __ ж.         

_________________________________________________________________
  (депоненттiң тегi, аты, әкесiнiң аты және оның мекен-жайы)

Осымен нотариус _________________________________________________

_________________________________________________________________
    (төлемдердiң не үшiн немесе қандай құжаттар бойынша енгiзiлгенi  

_____________ төлеу есебiне Сiзге беру үшiн нотариус ____________
 көрсетiледi)                                                        

________________________________ депозитiне азамат ______________
                                                 (жеке тұлғаның
|______________________________________ " __ " ________ 199 __ ж.
       тегi, аты, әкесiнiң аты)                                      

_____________ теңге ________________ тиын енгiзгенi туралы хабарлайды.

Аталған ақшаларды алу үшiн жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды
алып нотариус ____________________________________________________
                            (нотариустың мекен-жайы)                

келуiңiз керек.

                       Нотариус : ___________________
                                        (қолы)      

                                                     N 9 нысан

             Заңды тұлғаның нотариус депозитiне ақшаларды
                немесе бағалы қағаздарды енгiзу туралы
                         N ___  ХАБАР ҚАҒАЗЫ

    " __ " ______________                       199 __ ж.   

__________________________________________________________________
       (депоненттiң тегi, аты, әкесiнiң аты, оның мекен-жайы)

Осымен нотариус __________________________________________________
            (нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты, оның мекен-жайы)
__________________________________________________________________
    (төлемдердiң не үшiн немесе қандай құжаттар бойынша енгiзiлгенi  

_____________ төлеу есебiне Сiзге беру үшiн нотариус _____________
 көрсетiледi)
________________________________ депозитiне азамат ________________
                                                       (борышқордың 

___________________________________________________________________
                      тегi, аты, әкесiнiң аты)

_____________ теңге ________________ тиын енгiзгенi туралы хабарлайды.

Аталған ақшаларды алу үшiн жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды
алып нотариус _____________________________________________
                    (нотариустың мекен-жайы)

келуiңiз керек.
      Депозитке енгiзiлген сома сонда аударуға жататын Банктiң атауын
және есеп айырысу шотының нөмiрiн хабарлауыңызды сұраймыз.

                        Нотариус : ___________________
                                         (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады