Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының Қаулысы 1998 жылғы 28 тамыздағы N 158 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 5 қыркүйек N 599 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыру бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.):
      а) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;
      б) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Ұлттық Банкі басқармасының
                                        1998 жылғы 28 тамыз N 158
                                        қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтыру

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа мынадай толықтыру енгізілсін:
      1. 5.1.-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасын қолма-қол теңгеге сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын қолма-қол теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеуге құқылы."

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады