"Пруденциалдық нормативтер туралы" ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының Қаулысы 1998 жылғы 28 тамыздағы N 157 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 5 қыркүйек N 600 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 V970325_ қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесе отырып, осы қаулыны және Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (аумақтық) басқармаларына (филиалдарына) және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        1998 жылғы 28 тамыздағы
                                        N 157 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар

      1. Пруденциалдық нормативтер туралы ереженің атауы "Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер" деп жазылсын.
      2. Алғы сөздегі "Осы Ережемен" деген сөздер "Осы ережелермен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2.6. Банктің өз капиталының оның тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтерінің сомасына қатынасы 0,08-ден кем болмауға тиіс:
            K
      k = --------, мұндағы
      2     А -П
             р  с

      К - өз капиталы, осы жерде және бұдан әрі мәтін бойынша осы Ережелердің 2.1-тармағына сәйкес есептеледі;
      А - тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтер мен баланстан тыс
      р - міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтердің есебін шығарған кезде кастодиан шарты негізінде банкке сақтауға қабылданған ақша есепке алынбайды.
      П - арнайы резервтер (күмәнді жоғары тәуекелді және сенімсіз активтер бойынша қалыптасқан провизиялар) және өз капиталына қосылмайтын қалыптасқан жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді ескере отырып өлшенген активтер сомасының 1,25%-інен астам).
      Тәуекел дәрежесі бойынша салынған активтер былайша жіктеледі:
      1) I топ                                          Тәуекел
                                                        дәрежесі
      ЭЫДҰ

      мүше елдердің қолма-қол теңгесі мен қолма-қол теңгесі мен қолма-қол шет ел валютасы (1001,1002,1003 шоттары)          0
___________________________________

       - ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше елдер: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Жапония.
      Ұлттық Банк шоттарындағы қаражат (1051,1101,1102 шоттары), Ұлттық Банктегі міндетті депозиттер (1103 шоты) 0
      Монетарлық қымбат металдар (1004 шоты) 0
      ЭЫДҰ мүше болып табылатын елдердің Орталық банктеріндегі ағымдағы шот пен қысқа мерзімді депозиттер (1052,1251,1252,1253 шоттарының бір бөлігі) 0
      Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруына болатын мемлекеттік бағалы қағаздар мен өзге де өтімділігі жоғары бағалы қағаздар (аталған бағалы қағаздармен операция бөлігіндегі 1151,1152,1153,1154,1155 шоттар мен 1456 шоты) 0
      Осы банктегі депозитке ақша түріндегі кепілдікпен, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруына болатын мемлекеттік бағалы қағаздар мен өзге де өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, монетарлық қымбат металдар немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен қамтамасыз етілген бөліктегі кредиттер, сондай-ақ дебиторлық берешек (1851,1853,1854 шоттар) 0
      Қазақстан Республикасы Үкіметіне берілетін кредиттер    0
      Осы банктегі депозитке депозит (кредит) түріндегі кепілдікпен, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруына болатын мемлекеттік бағалы қағаздар мен өзге де өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, монетарлық қымбат металдар немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен қамтамасыз етілген бөліктегі депозиттер                       0
      2) ІІ топ
      ЭЫДҰ мүше болып табылатын елдердің Орталық банктеріндегі ағымдағы шоттар мен қысқа мерзімді депозиттер (1052,1251,1252,1253 шоттарының бір бөлігі)                                        0,2
      3) ІІІ топ
      Монетарлық емес қымбат металдар (1601 шоты)             0,5
      4) IV топ
      ЭЫДҰ мүшесі болып табылмайтын елдерін қолма-қол шетел валютасы (мұндай валюта бойынша ұзын валюта позициясы шегінде) (1001, 1002, 1003 шоттары)                                                 1
      Банктердегі ағымдағы шоттар мен мерзімді депозиттердегі қаражат (1 және ІІ топтарда көрсетілгендерден басқа) (1052, 1251, 1252, 1253 шоттарының бөлігі, 1254, 1255, 1256, 1257 шоттар)             1
      Сатуға арналған бағалы қағаздар (1201,1202 шоттар) және өзге бағалы қағаздар (1451, 1452, 1454 шоттар және 1456 шоты, 1 топта көрсетілген сомадан басқа)                                    1
      1 топта көрсетілген соманы қоспағанда басқа банктерге берілген кредиттер (1301, 1302, 1303, 1304, 1305, 1306, 1307 шоттар)   1
      Клиенттерге қойылатын талаптар (1400 топтың шоты) 1 топта көрсетілген сомадан басқа                                     1
      Төлем бойынша есеп айырысу (1551, 1552 шоттар)          1
      Материалдық қорлар (1602, 1658, 1658 шоттары, минус 1698 шоты)
                                                              1
      Негізгі қаражат (1651, 1652, 1653, 1654, 1655, 1656, 1657 шоттар, минус 1692-1697 шоттар)                               1
      Есептелген сыйақы (мүдде) (1700 топ шоттары, минус 1 топта көрсетілген шоттар бойынша есептелген сомалар бөлігіндегі 1710, 1715 шоттары және 1705 шоты)                                       1
      Сыйақы (мүдде) және шығыс сомаларын алдын-ала төлеу (1751, 1791 шоттары)                                                      1
      Бағалы қағаздар бойынша сыйақы және жеңілдік (1802, 1803, 1804 шоттары)                                                      1
      Банктің дебиторы (1852, 1855, 1856, 1860, 1861, 1870, 1880 шоттар)                                                       1
      Уақытша активтер (1900 шоты)                            1
      5) Тәуекел дәрежесі жөніндегі баланстан тыс міндеттеме былайша жіктеледі:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдемесіне орай берілген, сондай-ақ бағалы қағаздар кепілдігімен, депозитпен, монетарлық құнды металдармен қамтамасыз етілген бөлігіндегі қарсы кепілдік пен кепілдемеге берілген банктің кепілдігі мен кепілдемесі 0
      Бағалы қағаздарды және/немесе қаржы фьючестерін сатып алу немесе сату жөніндегі шоттар, егер олардың міндетті сипаты болса (құжаттармен ресімделсе) (6700, 6800 топтардың шоттары) 0
      Шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі шоттар (6900 топтың шоттар), егер олардың міндетті сипаты болса 0
      Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптардың маңызды кемуі (6575 шоты)                                                         0
      Шығарылуы бойынша жабылған активтер жөніндегі маңызды міндеттеме (6520 шоты)                                        0
      Болашақта несиелерді және/немесе депозиттерді орналастыру немесе алу жөніндегі шоттар (6600, 6650 топтардың шоты), егер олардың міндетті сипаты болса                                         0,2
      Кепілдік, кепілдеме, жабылмаған аккредитивтер (6555, 6505, 6510 шоттар)                                                       1
      Кейбір баланстан тыс міндеттемелер бойынша тәуекелге барған кезде (600, 6650, 6700, 6800 және 6900 топтардың шоттары) құжаттарға сәйкес ағымдағы ай және/немесе есеп берілетін айдан кейінгі 2 ай ішінде пайда болуы мүмкін (кейіннен баланста көрініс табатын) міндеттемелерді қабылдауы қажет."
      4. 3.1-тармақтың:
      бірінші азатжолындағы "осы Ереже" деген сөздер "осы Ережелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      г)-тармақшасындағы "69-бабының" деген сөздер "52-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 3.5-тармақтағы "осы Ереже" деген сөздер "осы Ережелер" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 4.1-тармақтың:
      үшінші азатжолы "ақша" деген сөзден кейін "кастодиандық келісім негізінде банкке сатуға қабылданған ақшадан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші азатжолдағы "(2201, 2202 шоттар)" деген сөздер "талап етілгенге дейінгі сома бөлігіндегі "(2201, 2202 шоттар)" деген сөздермен толықтырылсын.
      7. 5.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5.1. Кез келген шетел валютасы жөніндегі ашық валюта позициясының (ұзын немесе қысқа) лимиттерін, ЭЫДҰ мүшелері болып табылмайтын елдердің шетел валюталары жөніндегі ұзын валюта позициясын және валюталық нетто- позицияны Ұлттық Банктің Басқармасы белгілейді".
      8. 5.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5.2. "Банктің қысқа валюталық позициясы" 1858 және "Банктің ұзын валюталық позициясы" 2858 баланс шоттары бойынша жекелеген шетел валюталары жөніндегі ашық позициялар лимиттері "спот" және "форвард" сомаларын әрбір шетел валютасы бойынша түзете отырып есептейді. "Спот" және "форвард" позицияларының сомасы "Форвард және спот жөніндегі позиция" 6999 баланстан тыс шотында әрбір шетел валютасы бойынша ашылған жеке шоттар бойынша есептеледі.
      Валюталық нетто-позициясы 1859 және 2959 баланс шоттарының сальдо сомасы бойынша "спот" және "форвард" нетто-позициясының сомасын түзете отырып 1858 және 2852 баланс шоттарының сальдосы ретінде анықталады.
      "Спот" және "форвард" нетто-позициясы "Форвард және спот жөніндегі позиция" 6999 баланстан тыс шотындағы жекелеген шетел валюталары бойынша ашылған барлық жеке шоттар ретінде есептеледі. Жеке шоттар сальдосы әрбір шетел валютасы жөніндегі "Форвард және спот жөніндегі позиция" 6999 баланстан тыс шот сальдосының сомасына тең болуға тиіс.
      Валюта позициясын есептеген кезде тиісті шоттар бойынша қалдықтар шетел валютасы жөніндегі позиция бөлігінде ғана ескерілуге тиіс."
      9. 5.3-тармақтың:
      бірінші азатжолындағы:
      "Шетел валюталарымен" деген сөздер "Шетел валютасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "N 1 қосымша нысаны бойынша" деген сөздер  "сондай-ақ осы Ережеге N 1, 2 және 3 қосымшалар нысаны бойынша жүргізілген форвард, спот және своп мәмілелері туралы мәліметтер", деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші азатжолындағы "шетел валюталарымен" деген сөздер "шетел валютасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. 5.4-тармақтағы "Осы Ережемен" деген "Осы Ережелермен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. 6.2-тармақтағы "осы Ережемен" деген сөздер "осы Ережелермен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. 9-тармақта:
      бірінші азатжолдағы:
      "осы Ереженің" деген сөздер "осы Ережелердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Екінші азатжолындағы "Ұлттық Банк басқармасы бекіткен (1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 Қаулы)" деген сөздер "Ұлттық Банк Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. Осы Ережелерге N 1 қосымша ұсынылған редакцияда жазылсын.
      14. Ережелер ұсынылған редакциядағы N 2 және N 3 қосымшалармен толықтырылсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        1997 жылғы 23 мамырдағы
                                        N 219 қаулысымен бекітілген

                                        Пруденциалдық нормативтер
                                        туралы ережелерге
                                        N 1 қосымша

                     Валюта позициялары туралы есеп
                    _________________________________
                              (банктің аты)

         199 _ ж. __ ________ бастап ___ ________ дейінгі кезеңде

_____________________________________________________________________
|Жеке  |Валюта|Апта күндері бойынша операциялық құн соңындағы сальдо
|шоттың|ның   |
|N     |атауы |
|______|______|______________________________________________________
|      |      |   1   |   2   |   3   |   4   |   5   |   6   |   7
|      |      |       |       |       |       |       |       |
|______|______|_______|_______|_______|_______|_______|_______|______
|      |      |(күні) |(күні) |(күні) |(күні) |(күні) |(күні) |(күні)
|______|______|_______|_______|_______|_______|_______|_______|______
|      |      | Д | К | Д | К | Д | К | Д | К | Д | К | Д | К | Д | К
|______|______|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|__
|      |      |   |   |   |   |   |   |   |   |   |   |   |   |   |
|______|______|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|__

      "Жеке шоттың N" бағанында осы банкте әрбір шетел валютасы бойынша позициялардың есебін жүргізу үшін ашылған жеке шоттардың нақты номері қойылады.
      Банктің өз капиталының нормативтер есептеудің соңғы күніндегі көлемі _____
      Жекелеген валюталар бойынша ашық валютаның белгіленген ең жоғары мөлшері

____________________________________________________________________
                (банктің өз капиталы көлемінің 15%-і)

____________________________________________________________________
                (банктің өз капиталы көлемінің 30%-і)

Валюталық нетто-позицияның белгіленген ең жоғары мөлшері ___________

____________________________________________________________________
                (банктің өз капиталы көлемінің 50%-і)

     Жекелеген валюталар бойынша ашық позициялар мөлшері жөніндегі немесе белгіленген ең жоғары мөлшерден асып кететін валюталық нетто-позициялар жөніндегі мәліметтерді қызыл түспен белгілеу керек.
_______________________________________________

      Егер осы Ереженің 5.4-тармағына сәйкес банк үшін валюта позициясының ең жоғары мөлшері азайтылған болса, оның нақты белгіленген шегін (абсолюттік көлемі сияқты өз капиталының көлемін процентпен) көрсету қажет.

      Банк басқармасының төрағасы __________        ________________
                                   (қолы)              (аты-жөні)
      Банктің бас бухгалтері      __________        ________________
                                   (қолы)              (аты-жөні)
      Жауапты орындаушы           __________        ________________
                                   (қолы)              (аты-жөні)

                                          Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          1997 жылғы 23 мамырдағы
                                          N 219 қаулысымен бекітілген

                                          Пруденциалдық нормативтер
                                          туралы ережелерге
                                          N 2 қосымша

      1998 ж. "__"_________ жағдай бойынша __________ банкі жүргізген              форвард, спот және своп мәмілелері туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________

|         | Мерзімдері |Талаптар (мәмілелер бағамы|2 күнге |3 күннен|
|         |            |бойынша мың теңгемен)     |дейін   |7 күнге |
|         |            |                          |        |дейін   |
|         |            |                          |        |        |
|         |            |Міндеттемелер (мәмілелер  |        |        |
|         |            |бағамы бойынша мың теңге. |        |        |
|         |            |мен)                      |        |        |
|_________|____________|__________________________|________|________|
|1.       |            |талаптар                  |        |        |
|         |            |__________________________|________|________|
|         |            |міндеттемелер             |        |        |
|         |____________|__________________________|________|________|
|2.       |            |талаптар                  |        |        |
|         |            |__________________________|________|________|
|         |            |міндеттемелер             |        |        |
|         |____________|__________________________|________|________|
|3.       |            |талаптар                  |        |        |
|         |            |__________________________|________|________|
|         |            |міндеттемелер             |        |        |
|         |____________|__________________________|________|________|
|         |            |талаптар                  |        |        |
|         |            |__________________________|________|________|
|         |            |міндеттемелер             |        |        |
|_________|____________|__________________________|________|________|

____________________________________________________
8 күннен 30 | 30 күннен  | Мәмілелер   | Барлығы    |
күнге дейін |  астам     | бағамы      | валютамен  |
            |            | бойынша     |            |
            |            | барлығы мың |            |
            |            | теңгемен    |            |
            |            |             |            |
            |            |             |            |
____________|____________|_____________|____________|
            |            |             |            |
____________|____________|_____________|____________|
            |            |             |            |

____________________________________________________________________
| Анықтамалық ақпарат          | Ең ұзақ мерзімге жасалған мәміле  |
|                              | бойынша есептесу датасы (шамамен  |
|                              | мәлімет беру күніне қарай)        |
|______________________________|___________________________________|
| Форвард                      |                                   |
|______________________________|___________________________________|
| Своп                         |                                   |
|______________________________|___________________________________|

      Банк басқармасының төрағасы    ______________________________

      Банктің бас бухгалтері         ______________________________

      - Бұл кестеде валютаның, құнды металдың, бағалы қағаздың, әрбір  түрі бойынша мәліметтер берілуі тиіс.

                                          Қазақстан Республикасының
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          1997 жылғы 23 мамырдағы
                                          N 219 қаулысымен бекітілген

                                          Пруденциалдық нормативтер
                                          туралы ережелерге
                                          N 3 қосымша

      1998 ж. "__"_______ жағдай бойынша ____________ банкі жүргізген
             форвард, спот және своп мәмілелері туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
|   Мерзімі   |  Талаптар (мәмілелер бағамы  |  Спот мәмілелерінің  |
|             |  бойынша мың теңгемен)       |   сомасы             |
|             |                              |                      |
|             |                              |                      |
|             |  Міндеттемелер (мәмілелер    |                      |
|             |  бағамы бойынша мың          |                      |
|             |  теңгемен)                   |                      |
|             |                              |                      |
|_____________|______________________________|______________________|
|             |талап                         |                      |
|             |______________________________|______________________|
|             |міндеттеме                    |                      |
|_____________|______________________________|______________________|
|             |талап                         |                      |
|             |______________________________|______________________|
|             |міндеттеме                    |                      |
|_____________|______________________________|______________________|
|             |талап                         |                      |
|             |______________________________|______________________|
|             |міндеттеме                    |                      |
|_____________|______________________________|______________________|
|             |талап                         |                      |
|             |______________________________|______________________|
|             |міндеттеме                    |                      |
|_____________|______________________________|______________________|

____________________________________________________________________
   Ең ұзақ мерзімге  |  Форвардтық        |  Барлық     |  Валюта   |
   жасалған мәміле   |  мәмілелер         |  операция   |  бойынша  |
   бойынша есептеу   |  бойынша           |  бойынша    |  жиынтығы |
   датасы (шамамен   |  міндеттеме/       |  жиынтығы   |           |
   мәлімет беру      |  талаптар сомасы   |  (мәмілелер |           |
   күніне қарай)     |  (мәмілелер бағамы |  бағамы бой |           |
                     |  бойынша мың       |  ынша мың   |           |
                     |  теңгемен)         |  теңгемен)  |           |
_____________________|____________________|_____________|___________|
                     |                    |             |           |
_____________________|____________________|_____________|___________|
_____________________|____________________|_____________|___________|

      Банк басқармасының Төрағасы    ______________________________
      Банктің бас бухгалтері         ______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады