Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының оған қоятын талаптарына сәйкестігін анықтау тәртібі туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1998 жылғы 15 қазан N 48/136 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 22 қазан N 626 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  конституциялық заң күші бар Жарлығының 54-бабының 2-тармағына, 59-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының оған қоятын талаптарына сәйкестігі Орталық сайлау комиссиясының мәжілісінде мынадай тәртіппен анықталсын: 
      1) кандидат ұсынған Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі (түпнұсқасы дереу қайтарылады) негізінде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматтығы және қажетті жасы; 
      2) "Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы құрған тілші ғалымдар мен басқа мамандардан тұратын бес адамдық лингвистикалық комиссияның қорытындысының негізінде кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруі; 
      3) Орталық сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша тиісті органдардан алынған құжаттар негізінде Қазақстанда кемінде он бес жыл тұру фактісі; 
      4) Орталық сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасынан, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен, және басқа тиісті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер бойынша тіркелуден бұрынғы бір жыл ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылмағандығы, толық өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы жоқтығы. Орталық сайлау комиссиясының сұрау салуымен алынған мәліметтер негізінде тіркеу алдындағы жыл ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін тәртіптік жазаларының жоқтығы;
      5) тұрғылықты жері немесе жұмыс орынындағы дәрігерлік мекемеден алынған дәрігерлік анықтама негізіндегі психикалық денсаулық жағдайы.     

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының 
     төрайымы     

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады