---------------Қаулыдан үзінді-------------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...
Төраға
Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi
7. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногын жандандыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 1998 жылғы 14 тамыздағы N 12 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 628 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 1998 жыл, 2 том)...
___________________________________
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногын жандандыру мақсатында және Қазақстан қор биржасы мүшелерінің 1998 жылғы 13 шілдеде өткен жалпы жиналысында "Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу нысаны жөніндегі қағидалардың" қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияны иеленген ұйымдар (бұдан әрі "Брокерлік ұйымдар" деп аталады) өз араларында мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тек қана бағалы қағаздармен саудаластықтарды ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында (сауда жүйелерінде) жасасуға міндеттелсін.
2. Осы Қаулының 1-тармағының күші Брокерлік ұйымдардың өз атынан және өз есебінен жасалған мәмілелерге де және олардың үшінші тұлғалардың (клиенттердің) тапсырмасы бойынша және есебінен жасаған мәмілелерге де қолданылатындығы белгіленсін.
3. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ын, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының қауымдастығын және осындай қауымдастықтың мүшелері болып табылмайтын Брокерлік ұйымдарды осы Қаулы туралы жазбаша ескертсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері