Ескерту: Қаулының атауы және кіріспесі өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 538 қаулысымен .
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтік құқықтық актілерін "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
заңына
сәйкестендіру мақсатында Ұлттық комиссия Қаулы етеді:
1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілсін (қоса беріліп отыр):
1) "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары";
2) "Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары";.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 538
қаулысымен
.
2. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілсін.
3. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілсін.
4. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркелген сәттен бастап Ұлттық комиссияның мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған деп танылсын:
1) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметі туралы
ереже
" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 362 нөмірмен тіркелген);
2) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың басшы лауазымдарына үміткерлерді келісу тәртібі туралы
ереже
" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 364 нөмірмен тіркелген);
3) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметі туралы
ереже
" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 қыркүйекте 402 нөмірмен тіркелген).
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) осы Қаулыны және онымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастығының назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Ұлттық комиссияның мүшелері
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясының
1998 жылғы 13 тамыздағы
N 11 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық
қызметті жүзеге асыру
Қағидалары
Ескерту: Қағиданың барлық мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның Директораты" деген сөздер тиісті септіктегі "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 5 сәуір N 121
қаулысымен
.
Ескерту: Қағиданың барлық мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның Директораты" деген сөздер тиісті септіктегі "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 13 мамыр N 176
қаулысымен
.
Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (бұдан әрі - "Қор" деп аталады) инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тарау. Инвестиция объектілері және мәмілелер
жасасу орындары
1. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы (бұдан әрі "Қордың басқарушысы" деп аталады) ретінде айқындаған ұйым не Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiпте Қордың басшы қызметкерлерiн Ұлттық комиссиямен келiсу шартымен Ұлттық комиссияның келісімімен Қордың өзі жүзеге асырады.
Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 81
қаулысымен
.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 5 сәуір N 121
қаулысымен
.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 13 мамыр N 176
қаулысымен
.
2. Қордың зейнетақы активтері төменде аталған қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің (инвестицияның ағымдағы көлемін және Қордың кастодиандағы инвестициялық есепшоттардағы мәміле жасау күніне ақша қалдығын қоса отырып) мынадай мөлшерлерінде инвестициялана алынады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған), Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда - 50%-тен , оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссияланған, айналыс мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр жыл қалған бағалы қағаздарға - кемiнде 5 % кем емес;
1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған), осы бағалы қағаздардың "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа жiберу және зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға уәкілетті органының рұқсат ету шартымен, - 5%-тен көп емес;
2) осы Қағидалардың 3-тармағымен айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына - 10%-тен көп емес;
3) Осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі салымдарына (депозиттерiне) және осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер шығарған депозиттік сертификаттарға және/немесе бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілгендердің - 20%-тен көп емес (осы Қағидалардың 5 және 6-тармағымен белгіленген шектеулермен қоса).
3-1) Депозиттік сертификаттарына ондағы салымдарға (депозиттерге) Қордың зейнетақы активтері орналастырылатын банкті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерді (өз капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін бірінші топтағы банктерді қоспағанда) халықаралық стандарттарға өткізу туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші топқа жатқызу керек не оған аталған нормативтік құқықтық актілердің талаптары қолданылмау керек.
4-1) "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ-ның облигациялары - 5%-тен көп емес.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.05.17. N 32
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35
қаулысымен
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ 1-1)-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.24. N 37
қаулысымен
Ескерту: 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 4-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 388
қаулысымен
.
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 13 мамыр N 176
қаулысымен
.
3. Мына халықаралық қаржы құралдары эмиссияланған бағалы қағаздарды Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алуға болады:
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
2) Еуропа қайта құру даму банкі;
3) Америкааралық даму банкі;
4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
5) Азия даму банкі;
6) Африка даму банкі;
7) Халықаралық қаржы корпорациясы;
8) Ислам даму банкі.
4. Қордың зейнетақы активтері есебінен бастапқы рынокта мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер Қордың басқарушысы (оның мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы дилер мәртебесі бар болса) арқылы не жасасқан келісімдердің негізінде осындай мәртебесі бар ұйымдар арқылы жасалады.
Қордың зейнетақы активтері есебінен қайталама рынокта мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер тек қана Қордың басқарушысы (оның бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар болса) арқылы не жасасқан келісімдердің негізінде осындай мәртебесі бар ұйымдар арқылы жасалады.
5. Қордың зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі бір банктің депозиттік сертификаттарына (депозиттерге) екiншi деңгейдегi бiр банктiң салымдарына (депозиттерiне) инвестициялаудың мөлшері зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға арналған пруденциялық нормативтермен белгіленген шектеулерге сәйкес болу керек.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35
қаулысымен
.
Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
қаулысымен
.
6. Қордың зейнетақы және өз активтерi орналастырылатын екiншi деңгейдегi банктегi салым (депозит) (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатты) бойынша алынған сыйақының (мүдденiң) жылдық ставкасы салымның (депозиттiң) мерзiмiне ұқсас инвестициялау кезеңiндегi салым (депозит, депозиттiк сертификат) бойынша номинацияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша жуықтатылған кiрiстiлiк ставкасынан төмен болмауы тиiс. Аталған жуықтату кiрiстiлiгiн уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты - зейнетақы және өз активтерiн салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа)орналастыру алдындағы күннен бiр апта бұрын кезеңде;
2) Қазақстан Республикасының шетелдiк валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты зейнетақы және өз активтерiн салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр ай бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-да өткiзiлген сауда-саттықтың нәтижесi бойынша қалыптасқан бағалардың негізiнде логарифмдiк жуықтату әдiсiмен айқындайды.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35
қаулысымен
.
Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 81
қаулысымен
.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
қаулысымен
.
6-1. Қазақстан Республикасының ұлттық және шетелдiк валютадағы мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген жуықтатылған кiрiстiлiктi уәкілетті орган апта сайын аптаның бiрiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 18.00. және 21.00 аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнде "Активтердi бағалау" бөлiмiндегi ("Кiрiстiк қисығы" бөлiмшесi) www.nsс.кz мекен-жайы бойынша жариялайды және жаңартады.
Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 81
қаулысымен
.
6-2. Қордың зейнетақы және өз активтерiн екiншi деңгейдегi банктегi салымға (депозитке) (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатына) орналастыру мерзiмi бiр жылдан аса алмайды. Осы мерзiм аяқталғанға дейiн салымның (депозиттiң) сомасы және ол бойынша сыйақының сомасы Қордың инвестициялық есепшоттарына есепке алынуы тиiс, ал депозиттiк сертификатты Қор (Қордың басқарушысы) өтеуге ұсынуы (осы екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификаттарды шығару, айналысқа жiберу және өтеу шарттарына сәйкес) немесе тиесiлi соманы Қордың инвестициялық есепшоттарына есепке ала отырып сатылуы тиiс.
Ескерту: 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 81
қаулысымен
.
Ескерту: 6-2-тармақ өзгертілді және толықтырылды- ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
қаулысымен
.
Ескерту: 6-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 13 мамыр N 176
қаулысымен
.
2-тарау. Шектеулер және тыйым салулар
7. Қорға (Қордың Басқарушысына) оларға заң бойынша жасауға (орындауға) тыйым салынған мәмiлелердi және әрекеттердi жасауға (орындауға), сондай-ақ:
1) бағалы қағаздар рыногындағы мәмiлелердi қоспағанда аффилиирленген тұлғалармен зейнетақы активтерiнiң есебiнен мәмiлелер жасауға;
2) кез келген тәсiлдермен займдар беруге;
3) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды оларды қайтадан сатып алу мiндеттемесiнiң шарттарымен сатуға;
4) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
5) Қорға (Қордың Басқарушысына) тиесiлі және Қордың зейнетақы активтерiнiң құрамына кiрмейтiн бағалы қағаздарды сату туралы ("қысқартылған сату") шарттарды, сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасауға;
6) кез келген түрдегі кепiлгерлiктердi және кепiлдемелердi беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелердi жасауға;
7) зейнетақы активтерiн кез келген тәсiлмен өзiнiң мүддесiнде және Қордың салымшыларын (зейнетақы салымдарын алушылар) қоспағанда өзге тұлғалардың мүддесiнде пайдалануға, оның iшiнде бiр ұлттық (халықаралық) бiрiздендiру нөмiр бар бағалы қағаздарды бiр күнi меншiктi активтерiнiң есебiнен сату (сатып алу) және инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алу (сату) туралы инвестициялық шешiм қабылдауға;
8) мазмұнында зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша кепiлдiктер мен уәделер бар ақпаратты жариялауға тыйым салынады.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 27.06.2000 ж. N 75
қаулысымен
.
7-1. Қордың қызметiн жарнамалауды олар Қордың құрылтай құжаттарына не оның жоғарғы органының немесе басқару органының шешiмiне сәйкес жүзеге асыру керек.
ЕСКЕРТУ. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 27.06.2000 ж. N 75
қаулысымен
.
3-тарау. Инвестициялаудың шарттары
8. Қордың кастодиан-банктегi инвестициялық есепшоттарына және осы Қордың кастодиан-банкiнiң шетелдегi кастодиан-банктердегi корреспонденттiк есепшоттарына келiп түсетiн зейнетақы активтерiн Компания ағымдағы аударымдарды шегере отырып толық көлемде он жұмыс күнi iшiнде инвестициялайды.
Егер Қордың кастодиан-банктегi инвестициялық есепшоттарындағы және осы Қордың кастодиан-банкiнiң шетелдегi кастодиан-банктердегi корреспонденттiк есепшоттарындағы ақша қалдығы уәкiлеттi орган белгiлеген өлшемнен аз болса не егер қаржы құралдары рыногындағы жағдайды негiзге ала отырып Қордың (Қор басқарушысының) зейнетақы активтерiн инвестициялау мерзiмiн ұзарту туралы дәлелдi өтiнiшiн қанағаттандырса, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шартты Қордың (Қор басқарушысының) орындамауы мүмкiн. Өзге жағдайларда, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шарт бұзылған әрбiр күн үшiн Қор немесе Қордың басқарушысы (Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiнде олардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң үш айлық айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелерiнiң бұзушылықтың бiрiншi күнiнiң алдында өткен осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi соңғы аукционда қалыптасқан кiрiстiлiк деңгейiн (бiр күнге есептелген) негiзге ала отырып белгiленген өсiмпұл төлейдi (орташа алынған орналастыру бағасы бойынша). Аталған өсiмпұл Қордың зейнетақы активтерiн ұлғайтуға жұмсалады.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35
қаулысымен
.
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 13 мамыр N 176
қаулысымен
.
8-1. Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім ішінде алу керек. Егер, осы мерзімнің аяқталуына кемінде екі жұмыс күні қалса, өтініште оның кешіктіріліп ұсынылу себептері болу керек.
ЕСКЕРТУ. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35
қаулысымен
.
9. Егер қандай да болмасын жағдаяттардың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымының осы Қағидалардың 2-ші және 6-тармақтармен белгіленген шарттарға сәйкес келуі тоқтаса, Қор (Қордың басқарушысы) осындай сәйкессіздікті ұлғайтатын инвестициялық қызметті шұғыл түрде тоқтатуға және оны жою жөніндегі қолайлы және қажетті барлық шараларды қабылдауға міндетті.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақпен өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35
қаулысымен
.
4-тарау. Қордың және оның басқарушысының ісі
10. Қолданылып жүрген заңдармен белгіленген салықтарды, қолданылып жүрген заңдармен белгіленген басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі Қордың өз активтерін инвестициялаудан түскен кірісі Қордың қарамағында қалады.
11.
11-тармақ алынып тасталды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.05.17. N 32
қаулысымен
.
12.
12-тармақ алынып тасталды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.05.17. N 32
қаулысымен
.
13. Алынған комиссиялық сыйақылар сомасынан Қордың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша Қор басқарушысының шығыстары асып кеткен жағдайда айырма оның өз қаражаттары есебінен жабылады.
Ұлттық комиссиясының Төрағасы