Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1998 жылғы 14 желтоқсан N 18. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 8 қаңтарда N 661 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен  бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтың 4) тармақшасында:
      1) "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған" деген сөздер алып тасталсын;
      2) "эмиссиялық бағалы қағаздарына" деген сөздерден кейін "(оның ішінде "SPV(Special Purpose Vehicle /"Арнаулы кәсіпорындар") деп аталатын эмитенттер қатысушылары (акционерлері) болып табылатын шетелдік ұйымдарды пайдаланумен эмиссияланғандарды енгізе отырып басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандар)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны (күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны (күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.    

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Ұлттық комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады