"Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыру тәртібі туралы нұсқаулықты" бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі Төрағасының 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 171-П бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда N 668 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 267 қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыруын ретке келтіру мақсатында
                           бұйырамын:

      1. Қоса беріліп отырған "Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыру тәртібі туралы нұсқаулық" бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолдануға енгізілсін.
      2. Заң бөлімі (Ремкевич Н.А.) "Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыру тәртібі туралы нұсқаулықты" мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.

      Директор

Бекітілген         
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi   
Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң
1998 жылғы 18 желтоқсандағы
N 171 бұйрығымен    

Жинақтаушы зейнетақы қорларының
салымшылар мен алушыларды олардың
жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi
туралы ақпараттандыру тәртiбi туралы
Нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - қорлар) салымшылар мен алушыларды олардың жинақтаған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақпараттандыру тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Заңның 41-бабына сәйкес қорлар салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы жылына кемiнде бiр рет ақпараттандыруға мiндеттi.
      Заңның осы нормасын атқару үшiн қорлардың салымшылар мен алушыларды жыл сайын мiндетті ақпараттандыру тәртібi жазбаша түрде енгiзiлiп отыр.
      2. Ақпаратты салымшыларға және алушыларға дербес зейнетақы шотынан үзiндi түрiнде қорлар бередi және мыналар қамтылады:
      1) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы туралы ақпарат;
      2) өткен жылы түскен зейнетақы жарналарының сомасы туралы ай бойынша бөлiнген мәлiметтер;
      3) өткен жылы жасалған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы туралы, ұсталған табыс салығы сомасын көрсете отырып, ай бойынша бөлiнген мәлiметтер;
      4) өткен жыл үшiн есептелген инвестициялық табыс сомасы туралы мәлiметтер.
      3. Заңның 27 және 28 баптарына сәйкес салымшылар мен алушылар қорға жеке өтiнiш жасаған кезде өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
      4. Салымшылар мен алушыларды жыл сайын мiндеттi ақпараттандыру қордың өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Қорлар салымшылар мен алушылар қорға жеке өтiнiш жасаған кезде ақпарат бергенде көрсетiлген қызметтер үшiн комиссиялық сыйақы белгiлеуге құқылы.
      5. Қор салымшылар мен алушыларды ақпараттандыруды құпиялылық талаптарын сақтай отырып жүзеге асыруға тиiс.
      6. Қор жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы жыл сайынғы мiндеттi ақпараттарды жiберу тiзiлiмiн жүргiзуi тиiс.
      7. Жыл сайынғы міндетті ақпараттың мерзімі - ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 2 айдың ішінде.
      Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 20-ө бұйрығымен .

2. Салымшыларды мiндеттi ақпараттандыру
тәртібi

      8. Салымшыларға жыл сайынғы мiндеттi ақпараттарды:
      1) қордың агентi арқылы;
      2) зейнетақы жарналарын төлеушi/жұмыс берушi арқылы - келiсiм бойынша, қызметкерлердiң жұмыс беруші арқылы ақпарат алуға берген келiсiмiн растайтын құжаты болған жағдайда. Зейнетақы жарналарын төлеушiге/жұмыс берушiге жұмыс берушi оны алуға уәкiлеттiк бiлдiрген адам сенiмхатты көрсеткен кезде берiп жiберу;
      3) салымшының үйiнiң мекен-жайына почта байланысымен жiберу арқылы қамтамасыз етiледi.
      9. Ақпарат салымшыға конвертке салынып жiберiледi. Сонымен бiрге қор мыналарға мiндеттi:
      1) қор салымшыларының дербес зейнетақы шоттарынан үзiндi басып беруге;
      2) үзiндiлердi конвертке салуға (мына ережелердi қатаң сақтай отырып: бiр салымшы - бiр конверт. Бiр конвертке мiндеттi жарналар бойынша, сол сияқты ерiктi жарналар бойынша да ақпараттар салынуы тиiс). Конверттiң беткi жағында мыналар көрсетiледi: салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты және оның үйiнiң мекен-жайы, ал ақпаратты зейнетақы жарналарын төлеушiнiң/жұмыс берушiнiң мекен-жайына жiберген жағдайда - оның атауы, тұрған орны, қордың агентi арқылы осы төлемшiге арнап берiп жiберiлген конверттердiң жалпы саны.

3. Алушыларды жыл сайынғы мiндетті
ақпараттандыру тәртiбi

      10. Алушыларға мiндеттi ақпараттарды:
      1) қор агентi арқылы;
      2) алушының үйінің мекен-жайына почта байланысымен жіберумен қамтамасыз етіледі.
      11. Ақпарат алушыларға конвертке салынып жіберіледі. Қор сонымен бірге ақпараттың осы Нұсқаулықтың 2.2 тармағында көрсетілген тәртіппен жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.

4. Салымшылардың және алушыларды қорға жеке өтініш жасаған
кезде ақпараттандыру

      12. Салымшыларды және алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы қорғау өтініш жасаған кезде ақпараттандыру сұрау салынған көлемде жүзеге асырылады.
      13. Салымшылар мен алушылар жеке өтініш жасаған кезде қор ақпаратты кез келген сұрау салынатын күнге Салымшының есеп кітапшасына белгі қою түрінде береді.
      14. Қорлар салымшылардың және алушылардың жеке өтініш жасаулары бойынша ақпараттың берілуін тіркеуді жүзеге асырады.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады