Темiржол бойымен акцизделмеген тауарлар тобының қозғалысына бақылауды көшейту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1998 жылғы 25 желтоқсан N 264-П бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 ақпанда N 691 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 6 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Кеден iсi туралы"  Заң  күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылдың 14 ақпанындағы N 217  реттегi "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi импортқа шығаруды және өткiзудi тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қаулысына сәйкес темiржол бойымен акцизделмеген тауарлар тобының қозғалысына бақылауды күшейту және кеден төлемдерi мен салықтарының толық түсуiн қамтамасыз ету үшiн бұйырамын:
      1. Темiр жолмен Қазақстан Республикасының кеден аумағына (N 1 Қосымшаға сәйкес) акцизделуге тиiстi тауарлар тобын әкелу кезiнде бюджет түсiмiн толық қамтамасыз ету үшiн кеден басқармалары мен кеден бастықтары тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде (тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде төленуге жататын) төленуге тиiстi кеден төлемдерi мен салықтар сомасын кеден органдары белгiлеген депозитке енгiзудi қамтамасыз етсiн.
      Кеден органдары белгiлеген төленуге тиiстi кеден төлемдерi мен салықтар депозитке түскеннен кейiн кеден органдары белгiлеген депозитке көрсетiлген соманың түскендiгi туралы (кiруге) шекара жанындағы кеден органына хабарлайды.
      2. Тауарларды кедендiк ресiмдеу 1997 жылдың 5 наурызында N 267  ретпен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген "Темiржол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органдары мен темiр жолдың өзара iс-қимылының уақытша технологиясына" сәйкес жүргiзiлсiн.
      3. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген кезден бастап күшiне енедi.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң жедел-саралау басқармасы осы бұйрықтың орындалуын бақылау кедендiк бақылау басқармасының бастығы М.К. Байболовқа жүктелсiн. 

      Төраға мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс Министрлiгi
Кеден комитетінің
1998 жылғы 25 желтоқсандағы
N 264-П бұйрығына
N-1 қосымша

Әкелген кезде төленетiн кеден төлемдерi мен салықтарды
депозитке енгiзу талап етiлетiн акцизделетiн тауарлардың тiзбесi

--------------------------------------------------------------------
 ТМД СЭҚ ТН коды !                      Тауарлар атауы
--------------------------------------------------------------------
220300              Солодтан жасалған сыра
2204                Күшейтiлгенiн қоса алғанда таза жүзiм шарабы;
                    2009 тауар позициясында көрсетілгеннен басқа
                    жүзiм шырыны

2205                Вермуттар және таза жүзiм шараптары, өсiмдiк
                    немесе хош иiсті экстракттар қосылған өзгелер

220600              Ашытылған өзге сусындар (алма сидры, перри,
                    /алмұрт сидры/, бал сусыны);
                    аталмаған ашытылған сусындар мен алкогольсыз
                    сусындар қоспасы

2207                Кемiнде 80% көлемiнде спирт концентрациясы
                    бар денатурланған емес этил спиртi; кез-келген
                    концентрациядағы, денатурланған этил спиртi
                    және басқа спирттер

2208                Кемiнде 80% көлемiнде спирт концентрациясы
                    бар денатурланған емес этил спиртi; спирт
                    тұнбалары, ликерлар және басқа спирттiк
                    сусындар

2402                Сигарлар, ұшы кесiлген сигарлар, сигариллар
(240290000          /жiңiшке сигарлар/ және табактан жасалған
қоспағанда)         темекiлер

240310              Кез-келген мөлшерде табакты ауыстырушысы бар
                    немесе жоқ шегетiн табак

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады