Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы займдар тарту шарттары туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 329. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 23 наурызда N 713 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 тамыздағы N 303 қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы займдар тарту шарттары туралы нұсқаулық бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен бірлесіп (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы займдар тарту шарттары туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап 
екі апта мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы 
займдар тарту шарттары туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк
       Төрағасы
                                             Қазақстан Республикасы
                                             Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             1998 жылғы 31 желтоқсандағы
                                             N 329 қаулысымен бекітілген
     
               Екінші деңгейдегі банктердің
           сыртқы займдар тарту шарттары туралы
                         Нұсқаулық
     


      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Z952444_ Заң күші бар Жарлығына, "Сыртқы қарыз алу және сыртқы борышты басқару туралы" 1997 жылғы 10 сәуірдегі Z970090_ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жасалды және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) мемлекеттік емес сыртқы қарыз алу шарттарын айқындайды.

                1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық банктердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес сыртқы займдарын тартумен байланысты қатынастарды реттейді.
      2. Осы Нұсқаулықтағы сыртқы қарыз - қарыз қатынасы деген мағынада, мұнда қарыз беруші - шетелдік кредитор, ал қарыз алушы - Қазақстан Республикасының банк резиденті ретінде қолданылады.
      Сыртқы қарыздар мынадай нысанда болуы мүмкін:
      1) сыртқы қарыз туралы шарттар;
      2) резидент еместердің банктің, сонымен қоса оның еншілес компаниясының шығарған (эмиссияланған) борыштық құнды қағаздарын (бұдан әрі - борыштық міндеттемелер), жазғызып алу (сатып алу) шарттары.
      3. Капитал қозғалысымен байланысты валюта операциялары валюталық реттеу саласында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тіркелуге немесе лицензиялануға тиіс.
      4. Егер сыртқы қарыздың бір шарты бойынша қарыз сомасы 1 миллион АҚШ долларынан немесе басқа валютаға тең осындай сомадан асатын болса:
      1) кредит түрінде сыртқы займ алуға байланысты операцияларға;
      2) борыштық міндеттемелерге ашық жазылу жолымен Қазақстан Республикасына тартылатын тікелей және портфельдік инвестицияларға осы Нұсқаулықтың талаптары қолданылатын болады, бұған номиналдың иесі Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайтын немесе мұндай борыштық міндеттемелерді банктің еншілес компаниясы шығаратын (егер банк оған кепіл болса) жағдайлар да кіреді.

                2-тарау. Банктің сыртқы қарыз тарту шарттары

      5. Қарыз алушы банк сыртқы қарыз тарту күніне дейін кем дегенде 30 күн бұрын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мәміле шартын жасау қажет болған жағдайда) - осы күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке бұл жөнінде хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беруге міндетті.
      6. Банктің хабарламасында мынадай мағлұматтар болуы тиіс:
      1) шетелдік кредитордың атауы;
      2) сыртқы қарыз сомасы және ол бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы, оған қоса қарыз көрсетілген валютаның атауын да көрсету керек;
      3) қарыздың игеріле басталған және соңғы өтелген күні;
      4) қарыздың тартылу мақсаты және оны пайдаланудың негізгі бағыттары;
      5) қарыздың өтелу нысаны.
      Борыштық міндеттемелерді, оған қоса еншілес компаниялардың борыштық міндеттемелерін (егер банк ол бойынша кепіл болса) орналастыру жолымен ақша тартқан жағдайда, хабарлама сондай-ақ:
      1) эмитент немесе борыштық міндеттемелердің номиналын ұстаушы туралы ақпарат;
      2) борыштық міндеттемелер шығару және орналастыру барысына қатысқан барлық ұйымдардың атауы, оған қоса еншілес компаниялар туралы, сондай-ақ бағалы қағаздар шығару жөнінде іс-шаралар өткізуге жауапты (менеджерлер) адамдар, листинг өткізу бойынша іс жүргізуге (листинг агенттері) және тиісті төлемдерді жүзеге асыруға (фискальдық агенттер) жауапты адамдар туралы мәліметтер;
      3) борыштық міндеттемелер шығару жобасы мен шарттары, оған қоса борыштық міндеттемелердің түрлері, айналым тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ ол бойынша сыйақы (мүдде) төлеу кезеңдері мен шарттары болуға тиіс.
      7. Хабарламаға қоса сыртқы қарыз тарту нәтижесінде алынған қаражатты орналастыру жөнінде мәліметтер бар құжат қоса берілуі тиіс (бұдан әрі - орналастыру жөнінде мәліметтер бар құжат). Егер сыртқы қарыз сомасы 10 миллион АҚШ долларынан немесе осыған тең басқа валюта сомасынан асса, орналастыру жөнінде мәліметтер бар құжатты банктің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.
      Орналастыру жөніндегі мәліметтерде міндетті түрде:
      1) тартылған ақша диверсификациясы;
      2) банк жағдайының қаржылық болжамы, оған қоса сыртқы қарыз ақшасын орналастырған соң олардың пруденциялық нормативтер мен сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындауы;
      3) сыртқы қарызды мақсатты орналастыру және уақытылы өтеу мониторингін жүзеге асыру тәртібі;
      4) сыртқы қарыз қаражатын орналастырудан түскен түсімнің шамамен алғандағы есебі көрсетілуі тиіс.
      Егер сыртқы қарыз тарту субъектісі банк болып есептелген жағдайда, жарғы капиталының үштен бірінен астамы мемлекетке тиесілі болып, сыртқы қарыз сомасы 10 миллион АҚШ долларынан немесе осыған тең басқа валюта сомасынан асса, тартылған қаражатты орналастыруға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі хабарламамен қоса берілуі тиіс.
      8. Ресурстар тартуға болатын көлемінің лимитін анықтау үшін банктер қарыз алудың ең жоғары көрсеткішін есептейді, егер ресурстар тарту көлемін арттыратын болса, ол банктің қайта капиталдандыру және қызметін жақсарту жоспарымен бекітілген белгіленген пруденциалдық нормативтері (k1 және k2) мен жеке бақылау мәндерін бұзуына әкеп соғатын болады.
      9. Банктің қарыз алуының ең жоғары мөлшерін есептеу үшін ең жоғары

активтер мөлшері және банк пруденциалдық нормативтерді (к1 - бірінші 
деңгейдегі капиталдың активтерге қатынасы, к2 - меншік капиталының тәуекел 
дәрежесі бойынша өлшенген активтерге) және жеке бақылау мәнін бұза 
алмайтындай тәуекел дәрежесімен өлшенген активтер мынадай формулалармен 
анықталады.
     Норма к1 болғанда (0,04-тен кем болмаса) банк активтерінің ең 
жоғары мөлшері (МА) мынадай:
     
                           К1 - ИК
                     МА=___________;
                           0,04
     
     мұнда К1 - бірінші деңгейдегі меншік капиталы (бұл жерде және бұдан 
әріде мәндері Пруденциалдық нормативтер туралы ереженің талаптарына сәйкес 
есептеледі және беріледі);
     ИК - банктің инвестициядағы акциялары және басқа заңды тұлғалардың 
реттелген борышы;
     Норма к1 болғанда (жеке бақылау мәнінен - ИКЗ-ден кем болмаса):
                      К1 - ИК
               МА=____________;
                       ИКЗ
     
     Норма к2 болғанда (кем дегенде 0,08) тәуекел дәрежесі (МАр) бойынша 
өлшенген активтердің ең жоғары мөлшері:
     
                 К - ИК
         МАр=(___________)+ Пс;
                0,08
     
     мұнда К - меншік капиталы;
     ПС - арнайы резервтер (жоғары тәуекелді күмәнді және үмітсіз 
активтер бойынша қалыптастырылған провизиялар) плюс меншік капиталына 
қосылмаған (яғни тәуекелі ескеріле отырып өлшенген активтер сомасынан 
1,25% асатын) қалыптастырылған жалпы резервтер.
     
     Норма к2 болғанда (жеке бақылау мәнінен - ИКЗ-ден кем болмаса):
     
                          К
                 МАр=(_________)+Пс;
                        ИКЗ
     


      Есептелген активтердің жоғары мөлшерінен және тәуекел мөлшері бойынша өлшенген активтердің жоғары мөлшерінен тиісінше банктің нақты активтерінің және тәуекел мөлшері бойынша өлшенген нақты активтерінің сомасы алынып тасталады. Алынған айырмашылықтан ең аз көрсеткіш - қарыз алудың ең аз мөлшері таңдап алынады.
      10. Егер банктің сыртқы займ тартуы, оған қоса банктің еншілес

компаниясының борыштық міндеттемелерін орналастыруы (егер банк ол бойынша 
кепіл болса) банктің қаржы жағдайын, сонымен бірге банктің қарыз алуының 
ең жоғары мөлшерінің есептеу көлемінен асатын сома алуын айтарлықтай 
нашарлатуға әкеп соғатын болса, Ұлттық Банк түзету шараларын көрсете 
отырып, оларды орындау үшін жазбаша нұсқау беруге құқылы.
     11. Сыртқы қарыз тартатын банктер қоса беріліп отырған нысандарға 
сәйкес (N 1, N 2 қосымша) Ұлттық Банкке ай сайын сыртқы займдар тарту 
және игеру туралы мәліметтер береді.
     
                     3-тарау. Қорытынды ережелер
     
     12. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банк банкке 
шектеу шаралары арқылы ықпал етуге және/немесе қолданылып жүрген заңдарда 
көзделген санкциялар қолдануға құқылы.
     13. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарда 
белгіленген тәртіппен шешіледі.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
     


                                                 Қазақстан Республикасы    

Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 329 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы заемдар тарту шарттары туралы нұсқаулыққа N 1 қосымша


      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келесі есеп беретін айдың 
10-нан кешіктірмей ай сайын беріп отырады.
     
 _____________
 (банктің атауы)
 __________________
 (жіберілген күні)
    
     
           Халықаралық ұйымдар мен шетел банктерінен түскен
          заемдарды (гранттарды) алғаны және игергені туралы
                          мәліметтер
              199____ ______________жағдай бойынша
             ______________________________________
                  (банктің толық атауы)
     
 __________________________________________________________________________
|т/|Резидент емес.|Кредит|Кредит|Кредит|Кредиттік|Валюта.| Алғаны |Игергені
|т |кредиторлардың|мерзі.|тің   |теудің|келісім  |ның    |        |        
|N |және Үкімет   |мі    |түрі  |мақса.|талаптары|түрі   |________|________
|  |агентінің     |қолда.|      |ты    |бойынша  |       |күні|со.|күні,|со
|  |атауы         |нылу  |      |      |кредит   |       |айы,|ма |айы, |ма
|  |              |      |      |      |сомасы   |       |жылы|   |жылы |  
|__|______________|______|______|______|_________|_______|____|___|_____|__
|1 |       2      |   3  |   4  |   5  |    6    |   7   | 8  | 9 | 10  |11
|__|______________|______|______|______|_________|_______|____|___|_____|__
          
     таблицаның жалғасы
     
 __________________________________________________________________________
|  Негізгі борышты өтеу |     Сыйақы төлеу         |     Қарыз             
|_______________________|________________________  |_______________________
|Келісім      | Есепті  |Келісім       |Есепті     |Негізгі борыш|Есептел.
|қолданылған. | кезеңде |қолданылғаннан|кезеңде    |  бойынша    |ген сый.
|нан бастап   |         |бастап        |           |             |ақы бой.
|             |         |              |           |             |ынша     
|             |         |______________|___________|_____________|_________
|             |         |есептел.|нақты|есеп.|нақ. |сома|баланс. |сома|ба.
|             |         |гені    |төлен|тел. |ты   |    |тық шот.|    |ланс
|             |         |        | гені|гені |төлен|    |тың     |    |тық
|             |         |        |     |     |гені |    |номері  |    |шот.
|             |         |        |     |     |     |    |        |    |тың
|             |         |        |     |     |     |    |        |    |номе
|             |         |        |     |     |     |    |        |    |рі
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
|     12      |    13   |   14   |  15 |  16 |  17 | 18 |   19   | 20 |  21
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
       
          І. Үкімет тартатын сыртқы заемдар қаражаты
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|___
  
     
    1 бөлім
    бойынша
    жиынтығы
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
  
            ІІ. Банктер тартатын сыртқы заемдар қаражаты
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
 
   1 бөлім
   бойынша
   жиынтығы
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
   Барлығы
|_____________|_________|________|_____|_____|_____|____|________|____|____
  
     
     Басқарманың төрағасы
     
     Бас бухгалтер
     
                  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
                  1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 329 қаулысымен бекітілген
                  Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы заемдар тарту        
                  шарттары туралы нұсқаулыққа
                   N 2 қосымша
     
                   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 
                   келесі есеп беретін айдың 10-нан кешіктірмей 
                   ай сайын беріп отырады.
     
 _____________
 (банктің атауы)
 __________________
 (жіберілген күні)    
     
      Құнды қағаздар (борыштық міндеттемелер) шығару жөніндегі
                         Мәліметтер
              (19__ ж. 1___________ жағдай бойынша)
     
 __________________________________________________________________________
|рет|Құнды қағаздарға қаражат|Құнды қағаздар (борыштық|Құнды қағаздардың   
|N  |(борыштық міндеттемелер)|міндеттемелер) шығару   |(борыштық міндеттеме
|   |салған резидент еместер.|       шарттары         |лердің) түрі        
|   |        дің атауы       |                        |                    
|   |                        |________________________|                    
|   |                        |күні|шығарылу|өтелу     |                    
|   |                        |    |көлемі  |мерзімі   |                    
|___|________________________|____|________|__________|____________________
| 1 |           2            | 3  |    4   |     5    |          6         
|___|________________________|____|________|__________|____________________
     Барлығы:    
     
 таблицаның жалғасы     
     
________________________________________________________________________
    |Резидент еместер сатып алған құнды қағаздар      |Өтел.|199__жылғы 1__
    |(борыштық міндеттемелер) көлемі                  |гені |жағдай бойынша
    |                                                 |     |қалдық        
    |                                                 |     |              
    |_________________________________________________|_____|              
    | күні   |  шығарылу көлемі   |       өтелу       |     |              
    |        |                    |      мерзімі      |     |              
    |________|____________________|___________________|_____|______________
    |   7    |         8          |        9          | 10  |       11     
    |________|____________________|___________________|_____|______________
     
     
    Басқарма Төрағасы
    
    Бас бухгалтер
     Мамандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады