Алкогольді өнім (сырадан басқа) өндірудің көлемін автоматтандырылған есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың Айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті 1998 жылғы 24 қараша N 52 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 5 мамырда N 753 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министірінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 138 Бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.04.01. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Спирт өндірісін спирт өлшеуші аппараттармен және алкогольді өнімдерді шығару жөніндегі технологиялық желілерді өндірістің (сырадан басқа) көлемін есептеу аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыру туралы" 1998 жылғы 16 маусымдағы N 544 P980544_ қаулысын орындау үшін Бұйырамын:
      1. Алкогольді өнім (сырадан басқа) өндірудің көлемін автоматтандырылған есептеу жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтілуін нормативтік реттеу бөлімі (А.Лепесбаев) қамтамасыз етсін. 3. Бақылау және лицензиялау басқармасы (Р.Алдашев) осы бұйрықты аумақтық органдарға жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төраға орынбасары М.Тұрмағамбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Төраға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті Келісімін Қазақстан Республикасы 30 наурыз 1999 ж. Мемлекеттік кіріс министрлігінің _________________ алкоголь өнімін өндіру және оның Қазақстан Республикасы айналымын мемлекеттік бақылау Мемлекеттік кіріс министрі жөніндегі комитетінің төрағасы Какимжанов З.Х М.Ә. Құдайбергеновтың _______________________ 1998 жылғы 24 қараша N 52 бұйрығы бекітілген Алкогольді өнім (сырадан басқа) өндірудің көлемін автоматтандырылған есептеу жөніндегі Нұсқаулық 1 бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Алкогольдi өнiмдi (сырадан басқа) өндiру кезiнде оны автоматты есептеудiң мақсаты мен арналуы
      1. Алкогольдi өнiмдi (сырадан басқа) өндіру кезiнде оны автоматты есептеудің Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Спирт өндірiсiн спирт өлшеушi аппараттармен және алкогольді өнiмдердi шығару жөнiндегi технологиялық желілерді өндірістің (сырадан басқа) көлемiн есептеу аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыру туралы" 1998 жылғы 16 маусымдағы N 544 қаулысын орындау үшiн енгiзiледi.
      2. Алкогольдi өнiмдi автоматтандырылған есептеу көлемдiк жұмсалуы мен құю автоматынан шығардағы көлемi оның өлшеу құралдарын және приборларды пайдалану арқылы шөлмекке құйылған өнiмдi даналап есептеу приборларын пайдалану жолымен iске асырылып, сонан соң беру құралдары арқылы (әрi қарай-есептеу жүйесi) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жөніндегі комитетке (әрі қарай - комитет) ақпарат жібереді.
      3. 1999 жылғы 1 қаңтарынан бастан пломбыланбаған есептеудiң бақылау приборларымен құю линиясын жарақтаусыз алкогольді өнімді өндіруге және есептеу жөнінде құжаттама жүргізуге тыйым салынады.
 
      2-тарау. Есептеу құралдарының көрсеткiштерi мен бастапқы (негiзгi) есептеу жүйесінің арасындағы айырмашылықты есептеу әдiсi
 
      4. Бұл әдіс әртүрлі тәсілдермен немесе құралдармен алынған осы екі өлшеу нәтижелерінің арасындағы айырмашылықты есептеу формуласына негізделген. Бұл ретте осы нұсқаулық мынадай ережелердi белгiлейдi:
      уақыттың есепті аралығында құюға келіп түскен алкогольді өнім көлемiнiң iс жүзiндегi мәнi үшiн сұйықты есептегiшпен өлшенген (Vnp) оның көлемi қабылданады; салыстырмалы шама үшiн қоймаға (дайын өнiмдер цехына) берілген негізгі есеп деректері бойынша, мысалы, жетондық (Vn) дайын өнiмнiң саны қабылданады. алкогольді өнімнің шөлмекке құйылған іс жүзіндегі саны даналап есептеу приборының (шөлмектерді есептегіштің) көрсеткiштерi бойынша айқындалады, ал негізгі есептеу тәсілінің деректері бойынша қоймаға берiлген дайын өнімнің саны салыстырмалы шама болып табылады (Vn). 5. Бақылау приборларының көрсеткiштерi мен негiзгi есеп деректерiнiң арасындағы айырмашылықтардың сандық мәнiн (салыстырылып отырған өнiмнiң оның iс жүзiндегi санынан ауытқушылығы) мынадай формулалар бойынша есептеуге болады: 1) Құю автоматына келіп түскен өнім үшін |> = Vn - Vnp және бр = 100 x |>р/Vnр (1-формула) Мұндағы |> - абсолютті айырмашылық, декалитр (бұдан әрi - дал): Vnp - прибор бойынша көлемi, дал: Vn - негiзгi есеп бойынша көлемi дал: бр - салыстырмалы ауытқу, % 2) Шөлмекке құйылған өнім үшін: |>б = Vn - Vб және бб = 100 х |>б/Vб (2-формула) мұндағы |>б - абсолютті айырмашылық, дана (дал): Vп - негізгі есеп бойынша саны, дана (дал): Vб - прибор бойынша саны, дана (дал): бб - салыстырмалы ауытқу, %
      6. Абсолюттi және салыстырмалы ауытқулардың сандық мәндерi әрбiр жұмыс ауысымы аяқталуы бойынша, ал сондай-ақ өнiмнiң есебiнiң ақиқаттығын тексеруге байланысты басқа жағдайларда есептеледi.
 
                3-тарау. Алкогольдi өнiмдi есептеу жүйесiн ұйымдастыру
                         мен жүзеге асыруға қойылатын талаптар
 
      7. Алкогольдi өнiмдi есептеудi жүзеге асыру мақсатында барлық ұйымдарда мынадай шаралар жүргізу ұсынылады.
      1) ұйым басшысының бұйрығымен алкогольдi өнiмдi есептеу жүйесiнiң техникалық жай-күйiне және есептеу құжаттарының ресiмделуiне бақылау жасау үшiн жауапты адамдарды белгiлеу;
      2) алкогольдi өнімдi есептеудi iске асыруға байланысты адамдарды оқыту жүйесін қалыптастыру;
      3) есептеу жүйесiн ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты барлық қызметкердiң лауазымдық нұсқаулықтары өз құзыреттерiнiң шегiнде жауапкершiлiгiн көздейтiн тармақпен толықтырылсын;
      4) осы Нұсқаулықтың негiзiнде әрбiр ұйымда есептеу жүйесiн пайдалану мен тиiстi құжаттама жүргiзу жөнiндегi жұмыс нұсқаулықтары әзірленуі тиіс;
      5) спирттiң немесе алкогольді өнімнің жалпы шекті-жол берілетін шығын болу нормасынан оны өндіру кезінде тікелей құю желісінде шығын болуын регламенттейтін бөлігі жеке көрсетілуі тиіс; 6) есептеу жүйесі тәулік бойы 220 вольтты электржүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. 7) есептеу жүйесiнiң торабынан және құю желiсiнен электрорау дәйектi болуы тиiс, яғни электр жүйесiнде болатын кемшiлiктердi (жоғары, төмен ток) бiрқалыпты ұстауды ұйымдастыру керек. 8) есептеудi телефондық модем жүйесiне қосу үшiн жеке абономенттiң номерi болу. 2 бөлiм. Алкогольдi өнiмдi есептеу жүйесiнiң құралдары 4. тарау. Есептеу жүйелерінің үлгiлерi.
      8. Алкогольдi өнiмдi есептеу үшiн құю келiп түскен оның көлемiне үздiксiз өлшеу, шөлмекке құйылған өнiмге даналап есептеу, сондай ақ қажетті есеп ақпаратын арақашықтықтан беруді, өңдеуді, сақтау мен ұсынуды (индикациялауды) жүргiзетiн арнаулы приборлар пайдаланылады.
      9. Өндiрiстiк сынақтардың сипаттары мен нәтижелерiне талдау жасаудың негiзiнде алкогольдi өнiмдi есептеу үшiн мынадай приборларды пайдалану ұсынылады:
      1) Қысымдық резервуар мен құю автоматын жалғастыратын труба құбыры ағынындағы көлемдiк шығын мен көлемдi өлшеу мен тiркеу үшін (шампан және газдандырылған басқа да сусындар үшiн қолданылмайды):
      электрмагниттi үлгiдегi РRОСN (СТРАТЕК фирмасы, Германия), МАGFLО (ДАНФОС фирмасы, Дания, "ДАСУ" АҚ-ы Алматы қаласы, бас мердігер бола алады) шығын өлшеуіштері,
      2) Шөлмекке құйылған өнiмдi даналап есептеу үшiн:
      СТРАТЕК фирмасының (Германия) ақпаратты ара-қашықтықтан беретiн фото-электрондық есептегiшi, дайын өнiмдi ИК-берушi және ақпаратты өңдеу блогi БОИ-М2, "ДАСУ" (Алматы қ.) АҚ-ы өндiрiсi.
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң өлшеу құралдарының тiзбесiне енгiзiлген және комитетпен келiсiлген басқа да приборлар қолданыла алады.
     10. Сұйықты есептегiш пен оның жетiлдiрiлген түрлерiн таңдау кезiнде, бiрiншi кезекте оның өту жолының диаметрiне, құю желiсiнiң өнiмдiлiгi мен гидростаттық қысымды айқындайтын құю автоматына қатысты қысым резервуарының орналасу биiктiгiне сәйкестiгiн сақтау қажет, сонымен бiрге комитетке ақпаратты беруi мүмкiн.
     11. Нақты прибордың техникалық сипаттамалары туралы толық ақпарат оның пайдаланылуы жөнiндегi нұсқаулықта (басшылықта) жазылған.
     12. Сұйықты есептегіштің салыстырмалы ақаулығының шегi +0,5% аспауы тиiс, ал шөлмекке құйылған өнiмдi есептегіштiң шектi ақаулығы әрбiр есептелген 10000 шөлмек үшiн 10 шөлмектен аспауы (0,1 %) аспауы тиiс.
 
      5-тарау. Монтаждаудың пайдаланудың, техникалық және метрологиялық
               қызмет көрсетудiң тәртiбi
 
      13. Алкогольдi өнiмнiң көлемiн бақылайтын прибордың бастапқы жаңғыртушысы өлшеу кезінде барлық уақытта барлық қиылыстары бойынша толып тұратын труба құбырының көлденең учаскесiнде құю автоматына барынша жақын орнатылуы тиiс. Осы прибордың фланецi мен құю автоматының жалғастырушы фланецiнiң арасында труба құбырының аралық фланецтеріне және басқа да өлшемдерге жол берілмейді.
      14. Қысымдық резервуарды жаңғыртушымен жалғастырушы труба құбырының шартты өту жолының, тиек арматурасының, сүзгілер мен осы труба құбырына орналасқан басқа да құрылғылардың диаметрлері бақылау приборын құю автоматымен жалғастырушы труба құбыры учаскесінің ең кіші диаметрінен үлкен болуы тиіс. Бүкіл труба құбыры стационарлық болуы тиіс шлангі сияқты басқа да жұмсақ коммуникацияны пайдалануға болмайды.
      15. Желіні қоректендіретін ең төменгі гидростаттық қысым бастапқы жаңғыртушыға қарағанда 0,5 метрді құрауы тиіс.
      16. Қысымдық резервуарды ағындық есептегішпен жалғастыратын труба құбырының учаскесінде ауа шығаратын торап болуы мүмкін.
      17. Даналап есептеу приборларының біреуі автоматты түрде өнім құйылып, шөлмектердің аузын жапқаннан кейін тікелей өнімге есептеу жүргізетіндей етіліп, (N 1 есептегіш), басқасы - дайын өнімнің қоймасының алдында (N 2 есептегіш) орнатылуы тиіс.
      18. Мемлекеттік тексеруге жататын жұмыс өлшеу құралдарының номенклатуралық тізбесіне сәйкес приборлар екі жылда кемінде бір рет тексеруге жатады.
      19. Тексеруден өткен алкогольді өнімді есептеу жүйелері осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен (1-қосымша) монтаждауға әзірленуі, монтаждалуы және пайдалануға енгізілуі тиіс.
      20. Приборларды орнатқан соң бірінші жұмыс ауысымының есептеу нәтижелері талдануы және оны Комитеттің немесе комитеттің тапсырмасымен - "ҚазАлкоОрталық" РМК мамандарының және осы приборларды пайдаланушы ұйымның өкілдерінен тұратын комиссия ресімдеуі тиіс.
      21. Осы Нұсқаулықтың талаптарына қосымша орнатылған приборды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алу қажет, ол монтаждаудың, пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудің, тексеру мен жөндеудің тәртібін айқындайды.
      3 бөлім. Алкогольді өнімді автоматтандырылған есептеудің
                     нәтижелерін ресімдеу мен пайдалану
 
      6 тарау. Автоматты есептеу құралдарының көрсеткіштерін тіркеу.
 
      22. Әрбір жұмыс ауысымы аяқталған соң құю цехының (учаскесінің) жауапты қызметкерлері арнаулы журналға есептеу жүйесінің көрсеткіштері жөнінде жазба жүргізеді. Бұл журналдың нысандары осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада ұсынылған. Әрбір журнал пайдаланылуы алдында нөмірленуі, тігілуі және ұйымның мөрі басылуы және ұйым басшысының қолы қойылуы тиіс.
 
      7-тарау. Құю цехында алкогольдi өнімдi бастапқы есептеудiң ақиқаттығына баға беру
 
      23. Құю цехындағы өнiмдi бастапқы есептеудiң ақиқаттығы, сондай-ақ есептеу жүйелерінің дұрыс жұмыс істейтiндiгi көлемдi өлшеу мен өндiрiлген алкогольдi өнiмдi есептеудiң осы екi тәсiлiнiң деректерiн салыстыру жолымен бағаланады. Бұл ретте бұрын көрсетiлген сандық көрсеткiштерден басқа құю желiсiнен түзетiлуге болатын және түзетуге болмайтын жарамсыз түрiнде қайтарылған өнiмнiң және қысымдық резервуарды, труба құбырын және құю автоматын (атап айтқанда, бұйымның бiр түрiнен екiншiсiне көшуi кезiнде) шаюға кеткен судың көлемi бойынша, сондай-ақ өнiмнiң оны құюда бекiтiлген шығындалу нормаларының шектерiндегі өндірістік-технологиялық шығындалу саны туралы расталған деректер болуы тиіс.
      24. Есеп деректерiн салыстырмалы талдаудың есептеу операциясы есептеудiң негiзгi (бастапқы) және бақылаулық тәсiлi нәтижелерiнiң арасындағы айырмашылықтардың сандық мәнiн айқындаудан тұрады. Бұл ретте формулалардың (1) және (2) неғұрлым жалпы түрлерi пайдаланылады:
      1) Құю автоматына келіп түскен өнім үшін:
      |>р = (Vn + Vибр + Vибр +Vвпр) - Vp және бр = 100 x |>/Vр (3-формула )
      мұндағы Vn - өнiмнiң негiзгi есеп бойынша көлемi, дал;
      Vвпр - шайма судың көлемі, дал;
      Vp - есептелген шығын өлшегiштiң көрсеткіштерi, дал;
      Vибр және Vибр - тиiсiнше түзеуге болатын және түзеуге болмайтын жарамсыз өнiмнiң көлемi, дал;
      2) Шөлмекке құйылған өнім үшін:
      |>б = (Vn + Vибр + Vибр) - Vб және бб = 100 х |>б/Vб (4-формула)
      мұндағы Vб - даналап есептеу приборы ескеретiн өнімнiң көлемi, дал.
      25. Есептiң ақиқаттығын бағалаудың түпкiлiктi операциясы айырмашылықтың тиiстi шамасын прибордың шектi салыстырмалы ақаулығының және құю желісінде спирттің (ликер-арақ бұйымдары мен коньяк үшiн) немесе шарап өнімінің шекті-жол берiлетiн шығын болу нормаларының жиынтығын тікелей салыстыру болып табылады. Бұл ретте есеп нәтижелерi өнімнің көлемі бойынша салыстырмалы ауытқушылық (бр және бб) жоғарыда көрсетiлген жиынтықтан аспаған, яғни бр Vр + N, ал бб V? + N ал жағдайда ақиқат деп танылады (мұндағы (V? Vб) - есептегiш-шығын өлшеуiштiң және даналап есептеу приборының тиiсінше проценттердің шекті салыстырмалы ақаулықтары; N - шығынның шектi-жол берiлетiн нормасы, проценттерде).
      26. 3 және 4-iншi формулалар бойынша алынған есептiң нәтижелерi 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша журналға енгізіледі.
      27. Шайма су есептегіштiң бастапқы жаңғыртушысы арқылы өтпеген немесе жарамсыздық көлеміне кірген жағдайда Vв Vпр көлемi болмайды.
      28. Есептiң ақиқаттығын бағалаудың алынған нәтижелерi де көрсетiлген журналдың (2-қосымша) тиісті бағандарына жазылады. Бұл ретте "Есептiң ақиқаттығы" деген бағанға "Ақиқат" немесе "Ақиқат емес" емес деген жазбалардың бірін жасау керек. Ескертпеде бақылаулық есеп деректерінің болмау себептерін, құю автоматына шаю жүргізілгендігін көрсету, есептің ақиқаттығына кезектен тыс (бақылаулық) бағалау жүргізілгендігін және өнімнің бақылаулық есебіне қатысты басқа да ақпаратты атау керек. Есептердің мысалдары 3-қосымшада көрсетiлген.
 
      8-тарау. Құю цехындағы лауазымды адамдардың бақылау деректерi мен бастапқы есептiң арасында шектiден жоғары айырмашылықтар немесе есептеу жүйесiнiң ақаулығы анықталған жағдайлардағы iс-әрекетi
 
      29. Есептеу жүйелерінің деректері мен бастапқы есепті талдау олардың нәтижелерінің арасында шектіден жоғары айырмашылықтарды анықтаған жағдайларда құю цехының лауазымды (жауапты) адамдары мыналарды орындауға міндетті:
      1) алкогольді өнім есебі деректері айырмашылықтарының себебіне өндірістік-технологиялық тексеру жүргізу;
      2) есептің бұзылу фактісі мен себептері туралы акт ресімдеу;
      3) ұйымның басшысына өнім есебінің негізгі және бақылаулық деректерінің арасындағы шектіден жоғары алшақтық фактісі және өндірістік-технологиялық тексерудің нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлау.
      30. Алкоголь өнімі есептеу жүйелерінің ақаулығы анықталған жағдайларда құю цехының (учаскесінің) басшысы өнімді құю желісін дереу тоқтатуға, бұл туралы ұйымның басшысына хабарлауға, бақылау приборының жұмыс істемеуі фактісі бойынша ұйымның техникалық қызметші маманын тарта отырып техникалық қарау актісін жасауға міндетті.
 
      9-тарау. Ұйымдар басшыларының алкогольді өнімді есептеу жүйелерімен қамтамасыз етуі мен жүзеге асыруы жөніндегі міндеттері
 
      31. Алкогольді өнім өндіретін ұйымдардың басшылары:
      1) алкогольді өнімді есептеу жүйелерін сатып алуды, монтаждауды және пайдалануға қосуды қамтамасыз етуге;
      2) есептеу жүйелерінің техникалық жай-күйін бақылау және алкоголь өнімін бақылаулық есебі құжаттамасын ресімдеу үшін жауаптыларды тағайындауға;
      3) қызметкерлердің алкогольді өнімге автоматтандырылған есеп жүргізудің белгіленген тәртібін зерделеуін және жүзеге асыруын ұйымдастыруға;
      4) Комитетке есеп көрсеткіштерінің шектіден жоғары айырмашылығының әрбір фактісі, есептеу жүйелерінің ақаулығы, өздерінің жұмысына рұқсат етілмеген араласу туралы, бұл ретте өнімді құюды тоқтата отырып, дереу хабарлауға;
      5) комитет қызметкерлерінің қойылған пломбыны алғаннан кейін алкогольді өнімді есептеу жүйесін уақтылы жөндеуді және тексеруді қамтамасыз етуге; 6) комитет қызметкерлерінің қатысуымен бір приборды басқасымен ауыстыру кезінде прибордан алынған есептегіштің көрсеткіштерін жаңадан қондырылған приборға көшіруге; 7) есептеу жүйелері болмаған және (немесе) ақаулы жағдайында құю желісін пайдалануды жүзеге асырмауға; 8) Комитеттің, "ҚазАлкоОрталық" РМК қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерін орындауы үшін жағдай жасауға міндетті. 10-тарау. Ұйымдардың және олардың басшыларының автоматтандырылған алкогольді өнім есебінің тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілігі 32. Осы Нұсқаулықтың ережелерін бұзғаны үшін лицензиаттарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершіліктер қолданылады. 33. Мыналар алкогольді өнімнің автоматтандырылған есебінің тәртібін бұзу болып табылады: 1) пломбыларды істен шығару және (немесе) бүлдіру; 2) жүйелерді бүлдіру; 3) алкогольді өнімнің автоматтандырылған есебінің нәтижелерін бұрмалау; 4) есеп бойынша қажетті құжаттаманың болмауы; 5) Комитетке есептеу жүйесінің ақаулығы және өнім есебінің нәтижелеріндегі шектіден жоғары айырмашылық фактілері және (немесе) бұл ретте өнімді шығару фактілері туралы уақтылы хабарламау; 6) Комитеттің және "ҚазАлкоОрталық" РМК қызметкерлеріне өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде кедергілер келтіру; 7) өнімді қосылмаған, ақаулы және (немесе) пломбыланбаған есептеу жүйесімен шығару. 11-тарау. Комитет қызметкерлерінің алкогольді өнімнің автоматтандырылған есебінің жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері 34. Комитет қызметкерлері және комитеттің тапсыруымен - "ҚазАлкоОрталық" РМК қызметкерлері: 1) алкогольді өнім есептеу жүйелерінің ақаусыз болуын, оларды тексеру мерзімдерінің сақталуын бақылауға;
      2) алкогольді өнімнің автоматтандырылған есебінің тексерілетін (есепті) кезеңінің нәтижелерін талдауға және талап етілетін деректерді Комитетке беруге;
      3) алкогольді өнім есептеу жүйелерінің ақаулығы ведомосын жасай отырып жөндеуге жіберудің қажеттігі туралы қорытынды беруге;
      4) ұйымдардың тиісті қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты білуін тексеруге;
      5) шыққан нұсқамалардың орындалуына бақылау жасауды;
      6) алкогольді өнім есептеу жүйелерін пайдалануда және есеп бойынша құжаттама жүргізуде жолсыздықтардың анықталуы кезінде Комитетті хабардар етуге міндетті;
      7) есептеу жүйелеріне және оларға қосылатын коммуникацияларға Комитеттің қызметкерлері немесе Комитеттің тапсыруы бойынша "ҚазАлкоОрталық" РМК мамандары пломбы салады. Пломбыларды олардың өздері алады.
      35. Комитет қызметкерлерінің, комитет тапсырмасы бойынша - "ҚазАлкоОрталық" РМК мамандарының:
      1) Комитеттің нұсқамасы бойынша алкогольді өнімді өндіруші-ұйымның аумағына оның жұмыс уақыты мезгілінде кедергісіз кіруге;
      2) ұйымның басшылары мен басқа да қызметкерлерінен алкогольді өнімнің автоматтандырылған, бастапқы және бухгалтерлік есебі бойынша, есептеу жүйелерінің техникалық және метрологиялық жай-күйі бойынша ауызша және жазбаша түсініктер, анықтамалар, сондай-ақ құжаттаманы талап етуге;
      3) алкогольді өнімнің есептеу жүйелерін пайдалануда жолсыздықтар анықталған кезінде оларды жоюға шаралар қолдануға;
      4) Комитетке лицензиаттарға осы Нұсқаулықты бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізуге;
      5) Есептеу жүйелері болмаған және (немесе) ақау болуы жағдайында ажыратып тастауға, құю желісіне сүргі салуға құқығы бар.
1-қосымша
 
 
       Құю желісіндегі алкогольді өнімнің санын бақылауға арналған есептеу жүйелерін монтаждау және пломбылау Есептеу жүйелерін монтаждауды, дайындаушы зауыт немесе дайындаушы зауыт көрсетілген жұмыстарды орындауға уәкілеттік берген ұйым өкілдерінің басшылығымен ұйым өз күшімен жүргізеді. 1. Дайындық және монтаж Есептеу жүйелерін құю желісіне монтаждаудың алдында: 1) тапсырысшының алған приборларының жиынтықтылығын, оның ішінде: - есептеу жүйелерінің құрамын; - прибордың құрамдас бөліктерінде дайындаушы зауыттың пломбыларының болуын; - толық көлемде ілеспе құжаттаманың болуын; - есептеушінің индикаторында нөлдердің жанып тұруын тексеру. 2) көлемді шығын өлшегішті орнатудың мынадай талаптарды қамтамасыз ететін орнын таңдау: - шығын өлшегіш жаңғыртушысының құю автоматына мейлінше жақын орналасуы;
      - жаңғыртушының бекіту гайкаларын, аралық фланецтерді және басқа да алмалы құрамаларды ыңғайлы пломбылаудың мүмкіншілігі;
      - таблодан көрсеткіштерді ыңғайлы есептеу;
      - алғашқы өлшеушінің өлшеу қимасында (ауа көпіршіктері) және магистральды трубада ауаның болмауы;
      - алғашқы өңдеушінің өлшеу қимасын толық толтыру;
      - ваккумды құю линиясында пайдалану кезінде алғашқы өнімін автомат құюға беру төменгі жағынан іске асырылсын.
      3) 220 вольтта электржүйесінің тәулік бойы жұмыс істеуін, есептеудің телефондық модем жүйесіне қосу үшін жеке абономенттердің нөмері болуын және тоқ қысымын бірқалыпты екенін қадағалау керек.
      4) Кей жағдайда, алкоголь өнімін өндіруші-ұйымның жеке абономенттік нөмер орнату мүмкін болмаған жағдайда, Комитетпен келісе отырып, түнгі уақытта телефондық модем линиясын пайдалану үшін қосылатын тумблер орнатуға болады.
      5) Есептеу жүйелерін электр жүйелерінде болатын кемшіліктерден (жоғарғы, төменгі қысым, түсіп кету, үзілу және аз уақытқа сөніп қалу) қорғау мақсатында үзіліссіз жұмыс істейтін UPC 280 немесе одан күші үлкен, 30 және одан да көп минутқа қорғау функциясы мен жеке қоры бар автономды есептеу жүйесін пайдалану ұсынылады.
      6) есептеу жүйелерін монтаждауды дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес қатаң жүргізу қажет.
 
                          2. Пломбылау
 
      Пломбылауды Комитет қызметкерлері немесе оның тапсыруы бойынша "ҚазАлкоОрталық" РМК мамандары мынадай жүйелілікте жүргізеді:
      1) пломбылаудың алдында есептеу жүйелерін монтажының дұрыстығы пайдалану жөніндегі басшылықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарымен сәйкестігі тексеріледі;
      2) монтаждың дұрыстығына көз жеткізілген соң есептеу жүйелерін және оған қосылатын коммуникацияларды пломбылау жүргізіледі;
      3) қарау мен пломбылаудың нәтижелері бойынша Комитеттің төрағасы немесе мамандары қол қоятын акті жасалады.
      "ҚазАлкоОрталық" РМК мамандары және бұйым орнатылған ұйымның өкілдері, дайындаушы зауыт (немесе іске қосу-жайластыру жұмыстарын жүргізуге ол уәкілеттік берген ұйым) қол қоятын акт жасалады, онда:
      - есептегіш пен құю желісі орнатылған ұйымның атауы;
      - есеп приборларының зауыттық нөмірлері;
      - жасалған күні;
      - есептеудің телефондық модем жүйесіне қосу үшін жеке абономенттік N-і
      - бедерлерін көтере отырып пломбылау орындары туралы белгі.
      Комитетке және "ҚазАлкоОрталық" РМК-ге (оның қатысуы кезінде), ұйымға және іске қосу-жайластыру жұмыстарын жүргізген ұйымға осы акті бір-бір данадан беріледі.
      Сонымен бірге, пломбылаудың нәтижелері бойынша, бұдан басқа салынған пломбылардың орны мен бедерінің номері көрсетіліп, салынған пломбылардың тізімдемесі жасалады. Пломбылар ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты адамдарға сақтауға өткізіледі, бұл туралы тізімдемеде тиісті жазба жасалады. Тізімдеменің бір данасы құю цехында әйнектің астына ілінеді, екіншісі ұйымның бухгалтериясында сақталады.
      4) Пломбылайтын тістеуіктер Комитеттің және "ҚазАлкоОрталық" РМК сейфтерінде сақталады, Комитет төрағасы мен "ҚазАлкоОрталық" РМК бас директорының бұйрығы бойынша беріледі. Журналда еркін түрде тістеуіктерді, бедерлердің номерін алғаны мен қайтарғаны туралы, оларды алу мен қайтару күндері, бұйрықтың берілген күні мен номері көрсетілген жазба жасалады.
      5) Пломбылайтын тістеуіктерді арналмаған мақсаты бойынша беруге және пайдалануға тыйым салынады.
2-қосымша
 
 
              Құюға түскен алкогольді өнімнің автоматтандырылған есебінің нәтижелерін тіркеу Журналы ___________________________________________________________________________ Ауысым Өнімнің Ыдыстар. Бақылау Бақылау приборының Құйған кездегі (бригада) атауы дың сиым приборы көрсетуі дал/шөлм өнімнің темпера. дылығы ның зау. турасы дм3 ыттық N және құю желілері. нің N ___________________________________________________________________________ Ауысым Ауысымның ның ба. соңында сында _ _________________________________________________________________________ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. таблицаның жалғасы ___________________________________________________________________________ 1-ші шөлмекті Бақылау Қоймаға Есептеу Есептеу. Жауапты Ескертпе толтырғандағы приборын жіберіл. нәтиже. дің дұр. адамның таза көлемі да есеп. ген өнім сіндегі ыстығын қолы мл телген нің көле айырма. бағалау өнімнің мі, дал/ шылық (дұрыс, көлемі шөлм (б...бб) дұрыс дал/шөлм % емес) ___________________________________________________________________________ 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. ___________________________________________________________________________ (ары қарай беттің аяғына дейін) Ескертпе: 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 бағандарының үстіңгі жағына көлемді шығын өлшегіштің қорытынды мәліметтері, астыңғы жағына есептегіштегі бөлшек жазылады. 3-қосымша Алкогольді өнімді құю цехында бастапқы есептеудің ақиқаттығының есептері мен бағалануының үлгілері Бастапқы (негізгі) есептің мынадай деректері бар. Есептеудің жетондық тәсілінің нәтижесінде дайын өнім цехына ауысымда 1000 дал арақ (Vп) берілген тіркелінді.
      Градуирлі резервуарлардың су өлшейтін трубаларының шкалалары бойынша түзетуге болатын, түзетуге болмайтын және шайма судың жарамсыз мынадай мөлшері анықталды және тиісті құжаттармен ресімделді:
      Vибр = 12 дал Vнбр = 5 дал Vвпр = 8 дал
      Спирттің арақты құю кезіндегі осы кәсіпорында анықталған шығын болуының шекті жол берілетін нормасы құюға келіп түскен оның арақтағы мөлшерінің 0,45% тең түседі (шарап өнімі үшін - бұл норма сол өнімнің өзімен ара-қатынаста). 1) Құю автоматының алдында орнатылған ағындық есептегішпен өнімнің көлемін өлшеу кезіндегі оның есебінің ақиқаттығын бағалау. Мыналар бар: - ағындық есептегіштің көрсеткіштері бойынша мынадай алынды Vр = 1034 дал; - есептегіштің паспорт бойынша шекті ақаулығы Vр көлемінің +_ 0,5% құрайды. Есеп. (3) Формула бойынша мынаны аламыз: |>р = (1000 + 12 + 5 + 8) - 1034 = -9 дал бр = (-9) x 100/1034 = -0,87%
      минус белгісі бр ауытқуының мәнінің алдында прибордың көрсеткіштерімен салыстыра қарағанда өнімнің жетімсіздігін білдіреді, бірақ есептің ақиқаттығын бағалау үшін бұл белгі принципті мәнге ие емес.
      Бұдан әрі прибордың шекті ақаулығының және спиртті араққа құюда жіберілген шығынның шекті нормасының жиынтығын аламыз: Үр + N = 0,5% + 0,45% = 0,95% 0,95 0,87-ден көп болғандықтан, есептің нәтижелері дұрыс деген тұжырым жасауға болады. 2) Дайын өнімдер қоймасының алдына орнатылған даналап есептейтін есептегішпен өнімнің көлемін өлшеу кезінде оның есебінің ақиқаттығын бағалау. Мыналар бар: - есептегіштің көрсеткіштері бойынша Vб = 1021 дал алынды; - есептегіштің паспорт бойынша шекті ақаулығы + 0,1% құрайды (әрбір 10 000 ескерілген шөлмектен 10 шөлмек). Есеп. (4) Формула бойынша мынаны аламыз: |>б = (1000 + 12 + 5) - 1021 = -4 дал; бб = (-4) x 100/1021 = -0,39% Есептегіштің шекті ақаулығы мен спиртті араққа құю кезінде шығындалуының шекті жол берілетін нормасының жиынтығы мынаған тең: Yб + N = 0,1 + 0,45 = 0,55% 0,55 0,39-дан көп болғандықтан, есептің нәтижелері дұрыс деген тұжырым жасалады. Ескертпе: егер шайма су жарамсыз өніммен бір резервуарға төгілетін болса, онда осы әдіс бойынша есептеу кезінде оның көлемі (Vп + Vбр + Vбр) жиынтығынан алынып тасталынады. 4-қосымша Алкогольді өнім өндіру кезінде есептеу жүйелерін тексерудің Актісі _______________қаласы "___"_______________199_ж. ______________________________________________________________________ (кәсіпорынның атауы, мекен-жайы) ______________________________________________________________________ Ұйымның басшысы: _______________________ (аты-жөні) Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің өкілдері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Спирт өндірісін спирт өлшеуші аппараттармен және алкогольді өнімдерді шығару жөніндегі технологиялық желілерді өндірістің (сырадан басқа) көлемін есептеу аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыру туралы" 1998 жылғы 16 маусымдағы N 544 қаулысын орындау үшін есептеу приборларын орнату және пайдалануға қосу жүргізілді. Зауытта____________құю желілері пайдаланылады. Кәсіпорынның қуаты (жылына мың дал): спирт__________ арақ __________ ЛАБ __________ шарап__________ Алкогольді өнімді өндірудің құю желілерінде мынадай есептеу приборлары орнатылды. ___________________________________________________________________________ Құю желісі Прибордың Зауыттық Прибордың Пломбының тізімдемесі (саны, нің N түрі N көрсетуі таңбасы) ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Есептеудің есептеу жүйелерінен көрсеткіштерді алу кәсіпорын әкімшілігі өкілінің қатысуымен жүзеге асырылды. ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (қызметі, аты-жөні) Тексерудің нәтижелері: ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Комиссия мүшелерінің қолдары: ____________ ____________ Пломбылар тексерілді, жауапты сақтауға қабылданды ______________ _______________ ____________________________________________ ______________ _______________ ____________________________________________ ______________ _______________ ____________________________________________ (қызметі) (тегі) (қолы) Негіздеме: ұйым бойынша бұйрық 199_ж. "__"_____________N ________ 6) есептеу жүйелерін монтаждауды дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес қатаң жүргізу қажет. Мамандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады