Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитетінің тексерістерді өткізу тәртібінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті 1998 жылғы 21 желтоқсан N 97. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 28 мамырда N 775 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 "Лицензиялау туралы"  Z952200_ Заң күші бар Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) көтерме сақтау және сатуды лицензиялау шарттары мен тәртібі туралы N 1195  P971195_ қаулысының 17-21 тармақтарына сәйкес Бұйырамын: 
      1. Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитетінің тексерістерді өткізу тәртібі туралы ұсынған Ережесі бекітілсін. 
      2. Нормативтік реттеу бөлімі (Лепесбаев А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Бақылау және лицензиялау басқармасы (Алдашев Р.) осы бұйрықты алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитетінің аумақтық органдарына жеткізсін. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары М.Тұрмағамбетовке жүктелсін. 
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 

      Төраға 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 
алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын 
мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті 

                               Алкоголь өнімін өндіру және
                                оның айналымын мемлекеттік
                          бақылау жөніндегі Комитеті Төрағасының 
                             1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 97

Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын 
мемлекеттік бақылау жөніндегі
Комитетінің тексерістерді өткізу тәртібі туралы 
Ережесі  1. Жалпы ережелер
 

          1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шілдедегі "Алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) көтерме сату және сақтау, этил спиртiн сату және сақтау, этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы N 1195  P971195_ қаулысы, басқа да нормативтiк заң актiлерiнiң негiзiнде этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi, этил спиртiн сақтау және сату, алкоголь өнiмдерiн сақтау және көтерме сату, этил спиртiнiң және алкоголь өнiмдерiнiң импорты саласында iс-әрекеттi жүзеге асыратын лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарды, лицензиялық нормаларды және ережелердi орындауын бақылауды осы Ережеде көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырады. 
      2. Тексерiстi жүргiзу кезiнде Комитет қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, осы Ереженi, Комитет бұйрықтарын және Нұсқауларын және Комитет туралы Ереженi қатаң басшылыққа алуға мiндеттi. 

2. Тексерістің негізгі міндеттері 

      3. Комитет тексерiсiнiң негiзгi мiндеттерi мыналарды бақылау болып табылады: 
      1) бiлiктiлiк талаптарын және лицензиялық нормалар мен ережелердiң сақталуын; 
      2) лицензияттың лицензияда көрсетiлген қызмет түрiмен ғана айналысуын; 
      3) этил спирті және алкоголь өнімдерінің өндіру көлемін; 
      4) этил спирті және алкоголь өнімдерінің айналымын бақылау күйіне және оның бастапқы бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сәйкестігін; 
      5) технологиялық процестің нормалары мен ережелерінің сақталуын; 
      6) өнімнің сапасын; 
      7) этил спиртін және алкоголь өнімдерінің өндірісі, сақталуы және айналымындағы орныққан тәртіптің сақталуын; 
      8) этил спирті және алкоголь өнімдерінің айналымы және өндірісінің көлемін декларациялаудың бекітілген тәртібінің сақталуын; 
      9) дайын өнімдерді және шикізаттарды есепке алу және бақылау приборларының болуын және жұмыс істеуін; 
      10) дайын өнімдердің нормативтік шығысының сақталуын; 
      11) этиль спиртi және алкоголь өнiмдерi импортының көлемiн.
      4. Комитет тексерiс кезiнде және оның қорытындылары бойынша құқылы: 
      1) Комитетке жүктелген бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиаттардан қажеттi ақпараттардың берiлуiн талап етуге; 
      2) Мемлекеттiк үкiмет органдарынан және басқармалардан лицензиаттардың iс-әрекетi жөнiнде ақпараттарды сұратуға және алуға, оны бақылауды жүзеге асыру барысында пайдалануға; 
      3) Лицензияны қолдануды тоқтату және лицензияны қайтарып алу жөнiнде сотқа iс туралы материалдарды беру жөнiнде шешiм қабылдауға; 
      4) Жалған, толық емес мәлiмет берiлгенде және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда лицензиаттарды заңмен бекiтiлген жауапкершiлiкке тарту үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарлауға; 
      5) Белгiленген лицензиялау тәртiбi бойынша лицензиаттың лицензиясы қайтарылып алынған болса немесе лицензиясыз iс-әрекет еткенде одан түскен табыстарды сот арқылы, бюджетке тиiстi кiрiстi өндiрiп алуды талап етуге. 

3. Тексерісті ұйымдастыру және өткізу 

      5. Тексерiстi өткiзудiң алдында заңдық және нормативтiк актiлердi, лицензиаттың iс-әрекетi туралы мәлiметтердi зерттеп, мұқият дайындалу керек. 
      6. Әрбiр тексерiс алдында тексеруге жататын мақсаттар мен мiндеттердiң тiзiмi, тексеру объектiлерiне бөлiнген тексеру тобының құрамы мен басшысы белгiленiп, тексерiс бағдарламасы жасалады. 
      7. Тексерiс бағдарламасын Комитет төрағасы немесе оның орынбасары бекiтедi. 
      8. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп лицензиаттың iс-әрекетiн тексерген жағдайда, тексерiс бiрiккен комплекстi тексерiс бағдарламасы негiзiнде жүргiзiледi. 
      9. Әрбiр тексерiстi өткiзу үшiн топ басшысына қосымшаға сәйкес формада тексеру объектiсi және оны жүргiзу мерзiмi көрсетiлген бiр реттiк бұйрық-нұсқама берiледi. 
      10. Бұйрық-нұсқамаға Комитет төрағасы қол қояды. Егер тексерiстi жүргiзу тобының құрамына РМК "ҚазАлкоОрталығының және аумақтық басқармалардың мамандары кiрсе, тексерiстi жүргiзетiн мамандарды көрсетiп, жолсапарға жүретiнi жөнiнде бұйрық даярлайды. 
      11. Берiлген бұйрық-нұсқамаларды iшкi тiркеу және есепке алуды комитеттiң бақылау және лицензиялау басқармасы, аумақтық басқармалар және РМК "ҚазАлкоОрталығы" жүзеге асырады. 
      Тексерiс аяқталғанда бұйрық-нұсқамаға оны берген органға қайтарылады және тексерiс материалдарымен бiрге сақталынады. 
      12. Лицензиаттарды тексерудi Комитеттiң орталық аппаратының, оның аумақтық органдарының, қажет болған жағдайда, Комитетке және оның аумақтық органдарына тексерiстi жүргiзу үшiн жетiк бiлетiн мамандар тартылуы мүмкiн. 
      13. Тексерiс алдында тексеру тобының мүшелерi қызметтiк куәлiгiн көрсетедi, топ жетекшiсi тексерiлетiн объектiнiң бастығына (жеке кәсiпкерге) немесе оның өкiлiне бұйрық-нұсқаманың көшiрмесiн, қызметтiк куәлiгiн табыс етедi. 
      14. Тексерiс қатаң түрде, тексерiс бағдарламасына және бұйрық-нұсқамаға сәйкес жүзеге асырылады. 
      15. Тексерiс тобының жетекшiсi (тексерушi) өзiнiң аты-жөнiн, қызметiн, бұйрық-нұсқаманың берiлген күнiн және нөмiрiн, сондай-ақ тексеру мақсаты мен мерзiмiн, тексерiлуге тиiс объектiге тексерiс жүргiзiлгенiн көрсете отырып, кiрiс-шығысты есепке алу iс кiтабына белгi жасауға мiндеттi. 
      16. Тексерiс жүргiзуге кедергi жасау немесе тексерiс тобының жұмысына қажет жағдайларды қамтамасыз етпеу лицензиялау ережесiн бұзу болып табылады және нормативтiк құқықтық актiлерде көрсетiлген жауапкершiлiкке тартылады. 
      17. Тексеру жүргiзу кезiнде тексерушi: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiн сондай-ақ Комитеттiң нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алуға мiндеттi; 
      2) Тексерiлетiн субъект жөнiнде ұшқарылыққа және терiс пiкiрге жол бермеуге; 
      3) Заңға сәйкес коммерциялық не заңмен қорғалатын басқа да құпиясы бар алынған ақпараттың жариялануына жол бермеуге мiндеттi. 
      18. Тәртiп бұзушылықтар туралы ақпарат, арыз және өтiнiш түскен жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың тапсырмасымен, Комитет ынтасы бойынша тексерiс жүргiзiледi. 
      19. Әр субъектiнi тексеру, сондай-ақ үстеме тексеру жиiлiгi жылына бiр реттен, ал құрамында 10 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиiлiгi үш жылда бiр реттен аспайтын тексерiс жүргiзiлуi тиiс. 
      20. Комитет қызметкерлерi, оның аумақтық органдары және РМК "ҚазАлкоОрталығының" қызметкерлерi этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң айналымына байланысты (келiсiм бойынша) ведомствоаралық тексерiске қатыстырылуы мүмкiн. 
      21. Тексерушi топ мүшелерi тексеру кезiнде: 
      1) Лицензиат өкiлiнiң қатысуымен өндiрiстiк, қызметтiк қойма және басқа тұрғын-жайларға, сынақ зертханаларына, стационарлық коммуникацияға, технологиялық және көмекшi құрал-жабдықтарға, құю линиясына байқау жасалады. Лицензиат қабыл алмаған жағдайда тұрғын-жайларды байқауға қатысып, ол туралы тексеру актiсiне белгi қояды. 
      2) Айналым мен өндiрiстi бақылауға және есепке алуға, шикiзат сапасының көрсеткiшiне, көмекшi материал мен дайын өнiмдерге тиiстi iс-қағаздарын, өнiм сапасын және өндiрiсiн химиялық, технологиялық және микробиологиялық бақылау журналына, этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң айналымы мен өндiрiсiнiң бастапқы бухгалтерлiк есебiн, құрал-жабдық ерекшелiгiн, нормативтi-техникалық iс-қағаздарды және технологиялық нұсқауларды тексеруге; 
      3) Зертханалық зерттеу және қорытынды беру үшiн дайын өнiмдерден, шикiзат пен материалдардан сынама iрiктеуге; 
      4) Тексерiс кезiнде туындайтын сұрақтар бойынша тексерiлген объектiнің басшысының және басқа қызмет адамдарының жазбаша түсiнiктеме жазуын талап етуге және өзiмен бiрге алуға; 
      5) Комитет пломбасы бұзылғанда, прибор механизмiне механикалық килiгу iздерi, дұрыс емес көрсетулер байқалғанда дайын өнiмдер мен шикiзаттарды есепке алатын приборларды мөрлеп және бақылау өлшемдерiн жүргiзуге; 
      6) Тексерiс процесiнде тексерiлетiн ұйым басшыларымен бiрге анықталған тәртiп бұзушылықтарды жоюға қажет шараларды қолдануға; 
      7) Лицензиат iс-әрекетiне қатысты керектi iс-қағазын талап етуге және алуға құқылы. 
      22. Тексерiс кезiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны, лицензиялық норма мен тәртiптi басқа лицензиаттың немесе басқа шаруашылық субъектiсiнiң бұзуы байқалған жағдайда iс-әрекеттi үстеме тексеру жүргiзiледi. Басқа жағдайларда тексерiс материалдарын Комитет өкiлдiгi бар мемлекеттiк ұйымға берiледi. 
      23. Тәртiп бұзушылық және терiс пайдаланушылық байқалған жағдайда, анықталған фактiлерге қатысты құжаттардың үзiндiсi немесе көшiрмесi, сондай-ақ кiнәлi жақтың жазбаша түсiндiрмесi қоса тiгiледi. 
      24. Тексерiстi өткiзу мерзiмi алдағы жұмыс көлемiнiң, қойылған мiндеттердi және тексерiс тобының құрамын ескере отырып, тағайындалады, бiрақ 30 күнтiзбелiк күннен аспау керек. 
      25. Тексерiс мерзiмiн тексерiс тобы басшысының қорытынды өтiнiшi бойынша Комитет төрағасы ұзартады, бiрақ 10 күнтiзбелiк күннен аспау керек. 
      26. Тексерiс аяқталған күн деп, тексерiс актiсiне қол қойылған күн есептеледi. 

4. Тексеріс қорытындысын даярлау тәртібі 

      27. Тексеріс аяқталғанда тексеру тобының басшысы және оның мүшелерi, тексерiлген субъектiнiң басшысы (жеке кәсiпкер) қол қойған 2 дана тексерiс Актiсi жасалады. Бiрiншi данасы-тексерiлген ұйымның басшысына (жеке кәсiпкерге) табыс етiледi, екiншi данасы - тексеру тобының басшысында (тексерушіде) қалады. 
      28. Тексерiлген субъектiнiң өкiлi актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол жайында тиiстi жазу жазылады. 
      29. Лицензиат тарапынан актi бойынша немесе тексеру қорытындысы бойынша келiспеушiлiк болғанда оның басшысы (жеке кәсiпкер) бұл жайында қол қоюдан бұрын жазбаша түсiнiктеме берiп, қоса тiгiледi. Актiге тексерiс анықтаған заң бұзушыларға тiкелей кiнәлi немесе оған қатысы бар басқа да лауазымды адамдардың түсiндiрмесi қосымша тiркеледi. 
      Жазбаша баяндалған келiспеушiлiктер тексерiлiп, фактiлердiң дұрыстығы анықталуы қажет және ол бойынша топ басшысы жазбаша қорытынды бередi. 
      30. Актiге тексерiс қорытындыларының мәлiметтерi мен фактiлерiн негiзге ала отырып, қолда бар құжаттар мен материалдар, сондай-ақ үстеме жүргiзiлген тексерiс қорытындыларынан туындайтын мәлiметтер баяндалады. 
      31. Тексерiс актiсiне көрсетiлген кемшiлiктер мен заң бұзушылық объективтi түрде, фактiлерге сiлтеме жасалына, сондай-ақ сақталмаған немесе бұзылған тиiстi нормативтiк заңдық актiлерге сүйене отырып баяндалуы қажет. 
      32. Тексерiс актiсiне лицензиаттың алғашқы тексерiс нұсқамасын орындауы туралы мәліметті сондай-ақ тексеріс кезінде қолданылған шаралар көрiнiс табуы қажет. Тексерiлетiн субъект басшыларының (жеке кәсiпкердiң) iс-әрекетiн субъективтi бағалайтын, тексерушiнiң жеке көзқарасын көрсететiн, тиiстi құжаттармен дәлелденбеген қорытындылар, ұсыныстар, мәлiметтер және басқа жазуларға жол бермеу керек. 
      33. Тексерiс актiсiне тексерiс тобының барлық мүшелерi қол қояды. 
      Шығарылған қорытындылармен келiспеген жағдайда топ мүшесi актiге түсiндiрме жасап барып қол қоюы және актiге өзiнiң жеке көзқарасын тiркеуi қажет. 
      34. Тексерiс актiсi және тiркелген материалдар Комитет төрағасына берiледi. 
      35. Тексерiс қорытындысы бойынша Комитет мынадай шешiм қабылдайды: 
      1) заң бұзушылықты жою туралы көрсеткiш; 
      2) лицензия әрекетiнiң тоқтатылуы; 
      3) лицензияны қайтарып алу жөнiнде сотқа iс туралы материалдар беруге. 
      36. Тәртiп бұзушылықтарды жоюға арналған көрсеткiш-анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою және кемшiлiктер мен оның алдын алуға арналған. Көрсеткіште көрсетілгендерді лицензиаттың орындамауы лицензияның әрекетін тоқтатуға негіз болады. 
      37. Лицензияның тоқтатылуы анықталған заң бұзушылықтарды жоюға және оның алдын алуға бағытталған әкімшілік-жауапкершілік шарасы болып табылады. Лицензия әрекетінің тоқтатуға тиіс себептерді жоймау - оны қайтарып алуға негіз болып табылады. 
      38. Лицензияны қайтарып алу этил спиртін және алкоголь өнімі саласындағы заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған әкімшілік жаза болып табылады. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда да ол қайтадан тек бір жыл өткеннен кейін ғана берілуі мүмкін.
      39. Лицензия әрекеті тоқтатылғанда немесе қайтарып алынғанда құю желісі және (немесе) өндірістік тұрғын жай не оның бір бөлігі Комитет мөрімен белгіленіп, жабылады (пломбыланады).     

                       Алкоголь өнімін өндіру және
                  оның айналымын мемлекеттік бақылау жасау
                   Комитетінің тексерісті жүргізу тәртібі
                        туралы Ережесіне қосымша

Тексерісті жүргізуге арналған
Бұйрық-Нұсқама

     Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 "Лицензиялау туралы" Заң күші бар Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) сақтау және көтерме сатуды лицензиялау шарттары мен тәртібі туралы N 1195 қаулысының 17-21 тармақтарына сәйкес, Алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитеті:
     ____________________________________________________________
                       (Аты-жөні, қызметі)
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
               (тексерілетін ұйымның аты, почта адресі)
     ____________________________________________________________
     ______________________________ тексерісті жүргізуге жолдайды.
     Тексеру негізі _____________________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________ 
        Тексеру мерзімі 19____ жылдың "___"_____________ нан
                     19____ жылдың "___"_____________ на дейін.     

     Төраға

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады