Меркi ауданындағы ауылдық (селолық) және поселкелiк округтердiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын ретке келтiру туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облысы Әкiмiнiң 1998 жылғы 8 қазандағы N 197 шешімі. Жамбыл облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 12 ақпанда N 200 тіркелді.

      Меркi аудандық мәслихат және аудан әкiмiнiң ұсынысын қарай келе, шаруашылық қызметке басшылықты жақсарту, бюджеттiк қаржыны үнемдеу мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк - аумақтық құрылымы туралы" Заңның 11-бабын басшылыққа ала отырып облыстық мәслихат және облыс әкiмi ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Меркi ауданының поселкелерi, ауылдары (селолары) және ауылдық (селолық) округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы ретке келтiрiлсiн.
      1. Жамбыл ауылдық (селолық) округi Жамбыл селосындағы орталығымен оның құрамына Ақтоған ауылдық (селолық) округi енгiзiлiп;       2. Сарымолдаев ауылдық (селолық) округi Сарымолдаев ауылындағы орталығымен оның құрамына Ақарал ауылдық (селолық) округi енгiзiлiп;
      3. Жаңатоған ауылдық (селолық) округi Қостоған селосындағы орталығымен оның құрамына Сұрат ауылдық (селолық) округi енгiзiлiп;
      4. Нововоскресеновка ауылдық (селолық) округi Нововоскресеновка селосындағы орталығымен оның құрамына Гранитогорск поселкесi енгiзiлiп;
      5. Кеңес ауылдық (селолық) округi Кеңес селосындағы орталығымен оның құрамына Жаңааспара және Ақермен ауылдық (селолық) округтерi енгiзiлiп құрылсын. 1. Меркi ауылдық (селолық) округi Меркi селосындағы орталығымен; 2. Ойтал поселкелiк округi Ойтал поселкесiндегi орталығымен; 3. Тәттi ауылдық (селолық) округi Тәттi селосындағы орталығы мен бұрынғы шекараларында қалдырылсын.

       Облыс мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

      Облыс Әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады