Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйктегi № 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қаулысын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1998 жылғы 22 қазандағы № 821 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 28 желтоқсанда № 69 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен науқастану және қайтыс болу оқиғаларының өршуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Облыс әкімінің 1998 жылғы 18 наурыздағы N 692 "Облыс халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" шешімімен құрылған туберкулезбен күресу жөніндегі Облыстық үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілсін (1 қосымша бойынша).

      Туберкулезбен күресу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).

      2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне:

      -туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық және қалалық үйлестіру кеңестерінің жұмыстарын жандандыру міндеттелсін;

      -бір айлық мерзім ішінде туберкулсзбен күресу жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жәй-күйі туралы мәселені қарап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезді емдеу, алдын алу және нықтаудың жаңа принциптерін іс жүзіне енгізу жөнінде нақты шаралар қаралсын;

      -туберкулезге қарсы күресу шараларын жүзегс асыру үшін ұйымдар мен мекемелердің бюджеттен тыс, демеушілік қаражаттарын тартуға ықпал етілсін.

      3. Облыстық қаржы басқармасына (Қ.Әжібеков), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне:

      -екі айлық мерзімде туберкулезге карсы күресу қызметін қаржыландыру механизмі қайта қаралсын;

      -туберкулезге қарсы күресу мекемелері үшін облыстық бюджеттің медициналық жабдықтарды, туберкулезге қарсы препараттарды орталықтандырып сатып алуға және күрделі жөндеуге жыл сайынғы қаражат бөлінімі ескерілсін;

      -туберкулездің залалды түрімен ауырғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үй алаңын берген кезде Қазакстан Республикасының "Тұрғын үй қатынасы туралы" Заңының 118 бабындағы талаптары басшылыққа алынсын.

      4. Облыстық қаржы басқармасына:

      -жергілікті бюджеттен туберкулезге қарсы күресу кызметін қаржыландыруға арналған жеке тармақ енгізсін;

      -туберкулезге қарсы күресу жөніндегі шараларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын мерзімді түрде тексеріп отырсын.

      5. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне (Н.Жолдасбаев) 1998 жылдың 15 желтоқсанына дейін ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының арасындағы туберкулез бен бруцеллездің алдын алу және оған карсы күрес бағдарламасын жасап, облыс әкіміне бекітуге ұсынсын.

      6. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне, аудандар мен Кызылорда қаласы әкімдеріне:

      -меншік түріне қарамастан барлық шаруашылықтағы ауылшаруашылық жануарлары туберкулезге тексерілсін;

      -мал дәрігерлік қызметі нығайтылсын;

      -мал бағу фермалары жүмыскерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайы жасалынсын;

      -мал өнімдерін өндіру және сатумен айналысатын жеке және занды түлғалар меншік түріне қарамастан, белгіленгсн мал дәрігерлік-санитарлық талаптарды сақтасын.

      7. Ішкі істер басқармасына (Т.Рахимов), облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Б.Исмаханбетов):

      -облыс көлеміне тұрғылықты мекендеуге келген, сонымен қатар қамау орындарынан босаған адамдар туберкулезге міндетті флюорографиялық тексеруден өткізілсін;

      -тергеу оқшаулауларындағы тергеуге алынған адамдарды түскен кезінде және жарты жыл сайын, түзету мекемелеріндегі сотталғандарды жылына екі рет міндетті флюорографиялык тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін;

      -бас еркінен айыру мекемелерінен босаған, туберкулезбен ауыратындардың бірыңғай дерек коры (банкі) жасалынсын.

      8. Облыстық әскери комиссариаты (О.Петроченков), облыстық білім департаменті (Ә.Мүсілімов) және облыстық денсаулық сақтау басқармасына әскерге шақыру жасындағы адамдардың ішінен туберкулез дертіне шалдыққандарды айқындау және емдеу жөніндегі қажетті шаралар қабылдансын.

      9. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына:

      -барлық туберкулезге қарсы күресу мекемелерінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша ерте бактериоскопиялық диагноз қою және бақыланатын қысқа мерзімді химиялық терапиясын енгізсін;

      -туберкулезді айқындау және емдеудің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған әдістемесі бойынша туберкулезге қарсы күресу мекемелерінің мамандары, денсаулық сақтау ісінің жалпы торабындағы мамандардың қажетті саны оқытылсын;

      -алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмектің емдеу-профилактикалық мекемелерінің талабына сәйкес туберкулезді бактериоскопия әдісімен анықтауға қажетті құрал және жабдықтармен жасақтасын;

      -туберкулезге қарсы күресу қызметіне медициналық мүліктер, дезинфекциялық жабдықтар, микроскоптарды тендерлік негізде бір орталықтан сатып алу жүктелсін;

      -туберкулезді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша емдеуді толығымен жүргізу үшін кажетті туберкулезге қарсы препараттар қорымен барлық туберкулезге қарсы күресу мекемелерін қамтамасыз етсін;

      -бакылап емдеу бекеттері қалпына келтіріліп, жұмысы жандандырылсын.

      10. Облыстық ақпарат және коғамдық келісім басқармасына (А.Жұмабаев), облыстык денсаулық сақтау басқармасына. облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына (Е.Қуандыков):

      - барлық көпшілік ақпарат құралдары арқылы туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша кең ұғындыру науқанын бастасын;

      - халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық білімді кеңінен насихаттайтын дәрігер мамандарға эфирлік уақытты тегін бере отырып, тұрақты жүмыс істеуші айдар ашылсын.

      11. Бұл шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.

      Әкім Б. САПАРБАЕВ

  1998 жылғы "22" қазандағы
  облыс әкімінің № 821
  шешіміне № 1 қосымша

Туберкулезге қарсы күресу облыстық үйлестіру кеңесінің

ҚҰРАМЫ

      Н.Ерімбетов - облыс әкімінің орынбасары, төрағасы

      Б.Исмаханбетов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары

      Е.Қуандықов - облыстық санэпидемстанциясының бас дәрігері, төрағаның орынбасары

      Мүшелері:

      Б.Досманбетов - Қызылорда қаласының әкімі, арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесінің төрағасы

      Қ.Әжібеков - облыстық қаржы баскармасының бастығы

      Т.Рахимов - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы

      Ә.Мүсілімов - облыстық білім департаментінің бастығы

      Т.Пазылхаиров - облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері

      А.Жұмабаев - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы

      Н.Жолдасбаев - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы

  1998 жылғы "22" казандағы
  облыс әкімінің № 821
  шешіміне № 2 қосымша

Туберкулезбен күресу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

      1. Туберкулезбен күресу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылады (Бұдан әрі - кеңес).

      2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері жанынан туберкулезбен күресудің аудандық және қалалық кеңестері құрылады.

      3. Кеңес құрамына білім және ауыл шаруашылық департаменттері, облыстық денсаулық сақтау, ішкі істер, қаржы басқармалары, облыстық санитарлық-эпилемиологиялық станциясы және облыстық туберкулезге қарсы күресу диспансер өкілдері енеді.

      4. Туберкулезбен күресу бойынша кеңес:

      -туберкулезге қарсы күресуді ұйымдастыру мәселелері бойынша аудан, қала атқарушы органдарының, басқармалар мен мекемелердің жұмыстарын үйлестіруге қатысады;

      -денсаулық сактау, ауыл шаруашылығы, малдәрігерлік, ішкі істер және басқа мемлекеттік органдары басшыларының туберкулезге қарсы күресудің жағдайлары туралы өткізіліп жатқан іс-шараларын алдын ала тексеру арқылы ақпараттарын тыңдайды;

      -облыс әкімінің алдына туберкулезге карсы күресті жетілдіру бойынша нақтыланған ұсыныстарын қарауға ұсынады.

      5. Кеңес мәжілістері тоқсан сайын өткізіледі. Іс жоспарлары кеңес мәжілісінде бекітіледі.

      6. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады