"Басқарушы органдар лауазымды адамдарының болу және тексеру журналын" енгiзу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1998 жылғы 23 қазандағы № 823 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 28 желтоқсанда № 71 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Қызылорда облысы шағын кәсіпкерлікті құруды жандандыру және оның экономикалық дамуының мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту және оны дамытуды жандандыру шаралары туралы" Жарлығын, сондай-ақ "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне бостандық құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын орындау жолында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Басқарушы органдардың өз бастамасы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді үш жылда бір реттен жиі болдырмау мақсатында, Заңдар актілерінде тікелей көзделген жағдайда ғана салық органдарының тексеруін қоспағанда, қосымшаға сәйкес "лауазымды адамдардың болу және тексеру журналы" енгізілсін, оны толтырмай кәсіпкер тексеруге жібермеуге құқы бар.

      2. Аудан мен қала әкімдері "Лауазымды адамдардың болу және тексеру журналын" дайындауды және оны шағын кәсіпкерлер субъектілеріне тегін таратуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау департаментіне (Т.Сүлейменов) жүктелсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады