Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 26.06.2000 N 246 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 "Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес, денсаулық сақтау саласын реформалаудың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылатын алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетудің сапасын жақсарту және отбасылық медицинаны дамыту мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Исмаханбетов):
- 1998-1999 ж.ж. "Денсаулық сақтау" функциональды тобына облыс бойынша бюджетте қаралған қаржы көлемінде облыстағы қазіргі аймақтық амбулаториялық-емханалық мекемелер негізінде зандық және қаржылық дербестігі бар отбасылық дәрігерлік және кеңес беру-диагностикалық емханалар жүйесін құрсын;
- жаңадан құрылатын отбасылық-дәрігерлік емханаларға жан басына шаққандағы принцип бойынша ішінара жеке қор ұстау өкілеттіктерін берсін;
- жаңадан құрылатын отбасылық-дәрігерлік емханаларды медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етуге шаралар қолдансын;
- курстық негізде келісім-шарт арқылы қабылдауды енгізсін;
- отбасылық дәрігерлік емханалар үшін медициналық кадрларды қайта дайындауды үздіксіз қамтамасыз етсін.
2. Облыстық әділет басқармасы (Т.Нәбиев) жаңадан құрылатын отбасылық дәрігерлік жәнс кеңес беру-диагностикалық емханаларын заңды тіркеуден өткізсін.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) денсаулық сақтаудың саласының 1999 жылғы бюджетін жасақтаган кезде тиісті өзгерістер енгізсін.
4. Мемлекеттік мүлік және жекешелендірудің облыстық аймақтық комитеті (С.Қалиев) жаңадан ұйымдастырылған отбасылық дәрігерлік емханаларға ғимараттар берсін.
5. Аудан және қала әкімдері, облыстық қаржы, денсаулық сақтау басқармалары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін аудандарда дербес денсаулық сақтау бөлімдерін құру мәселесін шешсін.
6. Аудан жәнс Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (А.Жұмабаев) ақпараттық-түсіндіру шаралары кешенін жүргізу және халықты отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға ерікті түрде тіркеу ңауқанын ұйымдастырсын.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.
Әкім | Б. САПАРБАЕВ |