Қалалық қоғамдық көлікті пайдалану Тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХІІ сессиясының 1998 жылғы 30 қыркүйектегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1998 жылғы 18 қарашада N 27 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Мәслихатының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Мәслихатының 09.12.2004 N 96 шешімімен.

      1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4041 баптарына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңының 3 бабына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты

шешім қабылдады:

      1. Қалалық қоғамдық көлiктi пайдалану тәртiбi бекiтiлсiн, берiлiп отыр.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарды дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (Костин Ю.В.)

      I сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      ХХII сессиясының төрағасы       А.Әбішева

      I сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы            Ж.Төрегелдинов

I сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
1998 жылғы 30 қыркүйектегi
ХХII сессиясының шешiмiне
қосымша

Қалалық қоғамдық көлiктi пайдалану
ЕРЕЖЕСІ I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы "Қалалық көлiктi пайдалану" Ережесi (әрi қарай "Ереже") Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578-ХІІ "Жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдары туралы" және 1998 жылғы 1 шілдедегі N 258-1 "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы" заңдарына сәйкес қабылданды және:
      1) жолаушыларды тасымалдау үшiн жылжымалы көлiктердiң құрамын берудiң тәртiбi мен шарттары;
      2) қалалық жолаушылар көлiгi жүргiзушiлерiнiң жолаушыларды тасымалдау кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiн;
      3) жолаушылардың жол жүру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
      2. Осы Ереже жолаушыларға қызмет көрсетудi жақсартуға, көлiк қозғалысы және жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгiн арттыруға, қалалық жолаушылар көлiгiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.
      3. Қалалық қоғамдық көлік - бұл қалалық қатынасындағы трамвай, троллейбус, автобустар.

II. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНІҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ
ҚҮРАМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      4. Жолаушылар мен жүктердi тасымалдау келесi талаптарға сай келетiн көлiктермен жүзеге асырылуы тиiс:
      1) маршруттардағы пайдаланылатын көлік техникалық жағынан жарамды болуы тиiс;
      2) көлік құралының іші таза болуы тиіс.
      3) көлік құралы өрт сөндiргiш құралдармен арнайы башмактармен, медициналық дәрiлер салынған қораптармен жабдықталуы тиiс.
      5. Көлік ішінде баласы бар адамдарға, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, жүкті әйелдерге, қарттар мен кондуктордың орны белгіленуі тиіс.
      6. Көлік ішінде:
      1) маршрут сызбасы;
      2) жолаушылардың міндеттері мен құқықтарына қатысты "Ережеден" үзінді ілінуі тиіс.

III. ЖОЛАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      7. Жолаушы қалалық қоғамдық көлікте жүру кезінде мынандай құқықтарға ие:
      1) 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүре алады.
      2) 7-15 жастар аралығындағы балаларды өзімен бірге алып жүріп, оларға жеңілдігі бар жол жүру билеттерін алуға құқылы.
      3) Көлемі 60х40х20 см бір қол жүгін, сонымен бірге торларға салынған ұсақ үй жануарлары мен құстарын, бір жұп шаңғыны (қораптарға салынған немесе оралған), балалар шаңғыларын және арбаларын тегін алып жүре алады.
      4) Тарифке сәйкес бір жүк үшін ақы төлей отырып, салонның соңғы алаңында тұмсыққан кигізілген итті алып жүре алады.
      5) Аялдамада ("Талап-тілек" аялдамасы) кондукторға алдын ала ескертіп немесе түймені басып жүргізушіге белгі беру арқылы түсе алады.
      6) Өзі келе жатқан көліктің техникалық ақауына байланысты жүруін тоқтатқан жағдайда өзіндегі бір жолғы жол жүру билеті арқылы, нақ сондай келесі көлікке қосымша ақы төлеместен, жол жүруге құқылы.
      7) Заңда белгіленген тәртіп бойынша жүргізушінің тәртіп бұзушылығына шағым білдіре алады.

IV. ЖОЛАУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

      8. Жолаушы мынандай мiндеттердi орындауы тиiс:
      1) Өзi үшiн және қол жүгi үшiн ақы төлеуi және кондуктордан тиiстi билетiн алуы қажет.
      2) Кондукторға немесе жүргiзушiге тиiстi көлiкке арналған, ұзақ уақыт пайдаланатын жол жүру билетiн (жеңiлдiгi барлары - студенттiк, студенттiк билетiмен қоса) көрсетуi керек.
      3) Көлiктен түскенге дейiн өзiне және жүгiн алып жүруге арналған бiр жолғы жол жүру бақылау билетiн сақтауы тиiс.
      Бiр жолғы бақылау билетi жолдың ара қашықтығына қарамастан, бiр ғана бағытқа жүруге жарамды.

V. ЖОЛАУШЫҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН РЕТТЕР

      9. Қоғамдық көлiктi пайдалану кезiнде жолаушыға мынандай тыйым салынады:
      1) Өз аты-жөнi жазылған жүру билетiн басқа адамға пайдалануы үшiн беруге;
      2) Көлiкте шылым шегуге және салонның iшiн ластауға;
      3) Спирт iшiмдiктерiн iшуге және қоғамдық тәртiптi бұзуға;
      4) Көлiк iшiндегi есiк жанындағы тепкiшекте тұруға;
      5) Қозғалыс кезiнде көлiктiң iшiне кiруге және шығуға;
      6) Есiктердiң ашылуына және жабылуына кедергі келтіруіне;
      7) Көлiктiң iшкi жабдықтарын бүлдiруге;
      8) Жүктердi орындыққа қоюға және жарылу, жану қаупi бар, улайтын және адамның денесiн жыратын және кесетiн заттарды тиiсiнше дұрыстап орамайынша алып жүруге және қорапқа салынбаған қару-жарақтарды, көлемi 100х50х30 см-ден асатын үлкен жүктi, ұзындығы 190 см-ден асатын заттарды алып жүруге;
      9)жүкті отыратын орынға қоюға;
      10) Көлiк салонына лас киiмдермен кiруге;
      11) Жүргiзушiнi алаңдатуға тыйым салынады.

VI. ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГҮЗУШІЛЕРІНІҢ ҚҮҚЫҚТАРЫ

      10. Қоғамдық көлiк жүргiзушiлерi мынандай құқықтарға ие:
      Қоғамдық көлiкке үстiндегi кір киiмдерімен оны және жолаушыларды ластайтын жолаушыларды мінгізбеуге құқылы.

VІI. ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГҮЗУШІЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

      11. Қоғамдық көліктің жүргізушілерінің мінддетері:
      1) Жұмыс ауысымының барлық кезеңінде аялдама жасау пункттері арасындағы қозғалыс уақытын сақтауы тиіс.
      2) Әрбiр аялдаманың және одан кейін болатындардың аталуын қазақ және орыс тiлдерiнде хабарлауға, ал маршрут өзгерген жағдайда бұл туралы әрбiр аялдамада хабарлауға мiндеттi.
      3) Жолаушыларды маршруттың аялдамаларында ғана мiнгiзуге және түсiруге, аялдамаға баяу келуге, көлiк толық тоқтағанда ғана есiктердi ашуға тиiстi.
      4) Көлiк бұзылғанда немесе техникалық жағынан жарамсыз болып қалған жағдайда жүргізуші жұмысты тоқтатуға және жолаушыларды таяудағы аялдамада түсiруге мiндеттi.
      5) Жол үстiндегi қозғалыс кезiнде басқа адамдармен сөйлеспеуi тиiс.
      6) Жүргізуші көлік қозғалысының маршрутын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ.
      7) Жүргізуші мен кондуктор жолаушылармен мәдениетті болуы тиіс.

VІII. ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

      12. Қалалық жолаушылар көлiгiн пайдалану Ережесiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жолаушылар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекстiң 135, 136, 137-шi баптарына сәйкес жауапқа тартылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 04.04.2001 шешімімен.

      I сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      ХХII сессиясының төрағасы       А.Әбішева

      I сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы            Ж.Төрегелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады