Облыста көмірді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімі 1998 жылғы 2 мамырдағы N 102а Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 23 маусымда N 26 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      Бюджеттiк мекемелердiң қажеттiлiктерi, жеңiлдiктердi пайдаланатын жекелеген азаматтарды қамтамасыз ету үшiн отын сатып алудың шығындарын кемiту, бюджеттiк қаржылар мен бюджеттен тыс қорларды тиiмдi жұмсау мақсаттарында, осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Заңның, 1998 жылғы 25 ақпандағы N 141 P980141_ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
      1. 1998-1999 жылдардағы жылыту кезеңiне мемлекеттiк мекемелер үшiн /денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет және спорт, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес жеңiлдiктердi пайдаланатын азаматтар санаттарына/ мемлекеттiк отын сатып алу өткiзiлсiн.
      2. 1 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттiк тұтынушылары үшiн мемлекеттiк отын /көмiр/ сатып алу жөнiндегi конкурс /тендер/ ұйымдастырудың және өткiзудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
      3. 2 қосымшаға сәйкес конкурстық /тендерлiк/ комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
      4. Орындауға бақылау жасау тендерлiк комиссия төрағасы, облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсiн.
 
        Облыс әкiмi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады