"Тендер өткізу ережесі туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 1999 жылғы 6 қаңтар N 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 26.01.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 675. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 520 бұйрығымен.

------------------ Бұйрықтан үзінді-----------------

      Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мемлекеттік қорының балансына бұрын берілген борыштарды талап ету құқығын шегіндіру (сату) жөніндегі іс-шаралардың "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ толық аяқталуына байланысты: 
      1. "Тендер өткізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 1999 жылғы 6 қаңтардағы N 2 бұйрығының( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 26 қаңтарды N 675 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын...

      Министр

_______________________________      

      "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы N 1332  P981332_  1998 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында бұйырамын: 
      1. "Борышты талап ету құқығын беру шартын жасасу тендерін өткізу ережесі" бекітілсін.
      2. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамы бір апта мерзім ішінде керекті құжаттарды дайындап, "Борышты талап ету құқығын беру шартын жасасу тендерін өткізу ережесі" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуге берсін.     

      Министр

Борышты талап ету құқығын беру шартын
жасасу тендерін өткізу тәртібі
Ережесі

Жалпы ереже

      1. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) борышты талап ету құқығын беру шартын жасасу тендерін өткізу тәртібі осы ережеде қарастырылған. 
      2. Тендер өткізу мақсаты - талаптары алдын-ала қарастырылған борышты талап ету құқығын беру шартын жасасу.
      3. Тендерге Қазақстан Республикасы заңдары негізінде құрылған және осы ереженің талаптарына сәйкес тиісті түрде тіркеуден өткен Қазақстан және шетел мекемелері (бұдан әрі - Қатысушылар) қатысады.

Тендер комиссиясының құрамы

      4. Қор құрамы келесі мекемелердің қызметкерлерінен тұратын тендер комиссиясын құрады:
      Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі;
      "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамы;
      Тендер комиссиясының төрағасы болып "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының қызметкері тағайындалады.
      5. Тендер комиссиясы:
      Қойылған талап бойынша тендер өткізу мағлұматтарын жариялауды ұйымдастырады;
      Жұмыс тәртібін жасайды және бекітеді;
      Керекті жағдайда консультациялық фирмаларды кірістіреді;
      Тендер комиссиясына қажетті құжаттарды қабылдап, сол бойда тіркеу, құжаттарда жіберілген кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жою туралы тендерге қатысушыларды хабарландыру;
      Өтініш берушіні тендерге қатысуын немесе қатыспайтын себебін жазбаша түрде хабарлайды;
      Тендер жеңімпазын анықтайды;
      Тендер шешімі туралы протоколға қол қояды.     

Тендер өткізу дайындығы

      6. Қор тендер өткізу шешімін қабылдайды, тендер жеңімпазына борышты талап ету шартын жасау тәртібін ұсынады және қабылдайды.

Тендерге Қатысушыларға қойылатын талаптар

      7. Тендерге Қатысушыларды тіркеу хабарландыру берген күннен басталады да тендер өткізу уақытына 1 күн қалғанда тоқтатылады.
      8. Тендерге Қатысушы ретінде тіркелу үшін келесі құжаттар тапсырылуы тиісті:
      Тендерге қатысу туралы өтініш;
      Қатысушының құқығын дәлелдейтін құжат;
      Нотариус арқылы бекітілген құрылтайлық құжат және мемлекеттік тіркеу куәлігі;
      Келесі жағдайлар қарастырылған Тендерге Қатысушылар меморандумы:
      Борышты өндіріп алу жолдары қаралған бағдарламаның жалпы сипаттамасы;
      Тендерге Қатысушылардың профессионалдық қабілеті;
      Бағдарламы этаптары және оның орындалуының дәлелдемесі;
      Ұсынылған бағдарламаның ақшалай қайтарылымының есебі;
      Тендерге Қатысушының соңғы 2 жыл балансы (N1 форма) және қаражат көрсеткіштері (N2 форма) отчеттары;
      Негізгі финанс көрсеткіштері отчеттары (N1-ф формасы);
      Осы ережемен толық танысқандығы туралы тиісті түрде жазылған қолхат.
      9. Тендерге қатысуға өтініш берген мекемелер туралы мағлұматтар жариялауға жатпайды.
      10. Тендерге Қатысушының құқығы:
      Тендер өткізу мерзімінен 3 күн бұрын жазбаша хабарландыру беру арқылы өзінің берген өтінішін қайтарып алуға;
      тендерге қатысуға келісім бермеген жағдайда тендер комиссиясынан себептері көрсетілген жазбаша түсініктеме алуға.

Тендер өткізу тәртібі мен талаптары

      11. Тендерге қатысушылар саны үшеуден артық болған жағдайда тендер өткізіледі.
      12. Борышты талап ету шартын жасау тендері тендерге қатысушылардың борышты өндіріп алу шартын орындауда алатын сыйақысын төмендету арқылы өткізіледі.
      13. Тендерді тендер комиссиясы өткізеді. Тендер өткізу тәртібі мен талаптарды хабарландыру арқылы басталады.
      14. Шарт бойынша сауда тендер комиссиясының шешімімен қойылған алғашқы сыйақының мөлшерін хабарлаудан басталады.
      15. Тендерге қатысушылар шартты қандай сыйақы мөлшерінде орындайтындарын өздеріне берілген нөмірлерін көтеру арқылы ауызша 
хабарлайды. Сыйақы мөлшерін өзгерту 2 адамнан кем болмауы тиіс. Ең аз сыйақы мөлшеріне келісім берген тендерге Қатысушы тендердің жеңімпазы аталады.
      16. Шешім тендер комиссиясының басым көпшілігі мақұлдаған жағдайда ғана қабылданады.
      17. Тендер комиссиясының шешімі туралы протокол толтырылады. Протоколға тендер комиссиясының құрамы, төрағасы және тендер жеңімпазы қолдарын қояды. Әрбір комиссия мүшесі тендер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда жазбаша түсініктеме жазып протоколға тіркейді. 
      18. Тендер шешімі қабылданған жағдайда немесе тендер комиссиясы жеңімпазды анықтамаған жағдайда, тендер комиссиясына тендер өткізу тәртібіне және талаптарына өзгерту енгізу туралы ұсыныстар беру арқылы Қор жаңа тендер хабарлауға толық құқығы бар. 
      19. Тендер комиссиясының шешімі негізінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының төрағасы тендер жеңімпазымен борышты талап ету құқығын беру шартына қол қояды. Бұл шарт Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігімен бекітіледі және Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келісіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады