Қаржы-несие жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында жүргізілетін реформаларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының талаптарын өтеу есебіне қайтарылатын ақшадан (қосымшаға сәйкес):
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау" жабық акционерлік қоғамының 66 (алпыс алты) миллион теңге мөлшеріндегі жарғылық капиталын қалыптастыруды;
1998 және 1999 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігінде салынған қаражаттың бюджетке түсуін;
жоғарыда аталған шарттар орындалғаннан кейін, қалған ақшаның есебінен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және ұқсатумен байланысты мақсаттарға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайта инвестициялауды қамтамасыз етсін.
2.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. N 1334 қаулысымен. P991334_
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және "Ауыл шаруашылығын қаржылай жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, бір ай мерзім ішінде талап құқықтарын беру (сату) шартын жасасу құқығына тендер өткізудің тәртібін әзірлесін.
4. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына бұрын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттік қорының балансына берілген борышты талап ету құқығын конкурстық негізде беруді (сатуды) ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
24 желтоқсандағы
N 1332 қаулысына
қосымша
Заң актілері, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің|Сомасы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы N 651
P960651_ қаулысына сәйкес директивтік және орталықтандырылған
несиелер 5274,9
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1719 қаулысына сәйкес директивті және
орталықтандырылған несиелер 796,9
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 24 ақпандағы
N 1578 U941578_ Жарлығына сәйкес мерзімі 2004 жылға дейін
ұзартылған несиелер 1161,1
Қазақстан Республикасының 1996,1997 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес лизингтік қордың
берілген қаражаты 1378,1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 513
P970513_ және 1997 жылғы 29 мамырдағы N 901 Р970901_
қаулыларына сәйкес берілген комбайндар бойынша берешек 1613,3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 маусымдағы
N 938 P970938_ ; 1997 жылғы 21 шілдедегі N 1141 Р971141_
және 1997 жылғы 4 тамыздағы N1209 P971209_ қаулылары бойынша
берешек (Павлодар трактор зауыты) 300
Қазақстан Республикасының 1995, 1996, 1997 жылдардың
республикалық бюджеті туралы заңдарына сәйкес шаруа
қожалықтарын дамытуға 1995 жылдан 1997 жылдарға дейін берілген
несиелер 384
Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған республикалық
бюджет туралы Заңына сәйкес лизингтік негізде бөлінген қаражат 529,1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы N 901
P970901_ қаулысына сәйкес "БАСФ"(Германия) және "Зенека-
Өсімдіктерді қорғау"(Ұлыбритания) фирмаларына Алматы облысының
борыштарын өтеу 200,5
Павлодар трактор зауытына 1997 жылы аударылған қаражат 245
Барлығы 11882,9 _________________________________________________________________________