Жекеше нотариустың мөрі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 наурызда тіркелді. Тіркеу N 702. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 309 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.08.31 № 309 (оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 22-бабының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында  Бұйырамын:
      1. Жекеше нотариустың өз мөрінің нобайы мен сипаттамасы бекітілсін (1, 2-қосымшалар). 
      2. Аумақтық әділет органдары үстіміздегі жылдың 30 наурызына дейін жекеше нотариустердің Әділет министрлігінің бейнесі бар мөрлерін тегі, аты, әкесінің аты, нотариаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензияның нөмірі мен берілген күні көрсетілген жеке мөрмен ауыстыру жөнінде ұйымдық-техникалық шараларды жүзеге асырсын. Осы мақсатта: 
      1) жекеше нотариустың өз мөрлерін дайындауға арналған тапсырыс мөрлерді дайындау кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарға бір орталықтан орналастырылсын; 
      2) жекеше нотариустың мөрін дайындау қоса беріліп отырған нобайға және сипаттамаға сәйкес жүргізілсін; 
      3) жекеше нотариустерге жаңа мөрлерді беру нөмірленген, бауланған және әділет органдарының мөрімен бекітілген арнайы ашылған журналға қол қойдыру арқылы жүргізілсін; 
      4) 1999 жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бейнесі бар жекеше нотариустың мөрлері алынсын және белгіленген тәртіппен жойылсын;
      5) жекеше нотариустың мөрлерін ауыстыру мәселесі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325   бұйрығымен .
      3. "Жекеше нотариустың мөрінің нобайы мен уақытша ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 25 мамырдағы N 61 Бұйрықтың 1-тармағының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет Вице-Министрі М.Қ. Уәйісовке жүктелсін.     

       Министр

                                                   1-қосымша

               Жеке нотариустың жекеше мөрінің нобайы
               (Мөр нобайын қағаздағы нұсқадан қараңыз)

      2- қосымша

Жекеше нотариустың өз мөрінің
сипаттамасы

      Жекеше нотариустың өз мөрі (бұдан әрі - мөр) арнайы жабдықта дайындалуға, оны дайындауға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуге және дайындау сапасының жоғарылығымен, жасап алудан қорғалуымен, шыдамдлығымен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталуға тиіс. 
      Мөрдің диаметрі 40 мм болуға тиіс. 
      Жекеше нотариустың мөрінің мәтіні "нотариус" деген сөзден, нотариустың тегінен, атынан, әкесінің атынан, сондай-ақ лицензияның нөмірі мен берілген күнінен тұрады. Жекеше нотариустың өз мөріндегі барлық жазулардың мазмұны N 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады. 
      Мөрдің мәтінінде үш шеңбер бейнеленеді. 
      Бірінші (сыртқы) шеңбердің сызығының қалыңдығы 0,5 мм. 
      Екінші шеңбердің сызығының қалыңдығы 0,2 мм. Екінші шеңбердің ішінде төменде "нотариус" деген сөз және жоғарыда нотариустың тегі, аты және әкесінің аты орналасуға тиіс.
      Қалыңдығы 1,6 мм үшінші шеңбер айналдыра жазылған ұсақ қаріптен жасалады және "нотариус" деген сөзден тұрады.
      Үшінші шеңбердің ішінде, ортада, мына мазмұндағы мәтін болуға тиіс:
      "N 0000 лицензия. ______ жылғы ___________ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі  берген".
      "Нотариус" және "N 0000 лицензия" деген жазулардың беті қара бояумен толтырылуға тиіс.
      Бояу нүктелерінің нысаны шеңбер, эллипс, шаршы және т.б. түрде болуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады