"Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі туралы" N 46 нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 маусымда тіркелді. Тіркеу N 803. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      40. Әлеуметтiк салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң N 46 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 5 мамырдағы N 457 V990803_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
             "Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі туралы"
               N 46 V990717_ нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар
                              енгізу туралы
 
      1-тармақтың екiншi абзацында "жеке балансы мен банк шоттары бар олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың екiншi абзацында "осы Нұсқаудың 1-тармағына сәйкес салықты төлеушiлер болып танылмайтын" деген сөздер "тиiстi бюджеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: екiншi абзацта екiншi сөйлем алып тасталсын; мынадай редакциядағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын: "Табыс салығы салынатын жалақы аударымдарынан құралған кәсiподақ бюджетiнiң қаражатынан төленетiн кәсiподақ мүшелерi алатын еңбекақы қорына енгiзiлмейдi. Еңбекақы қорына енгiзiлетiн төлемдер тiзбесi осы Нұсқауға N 5 қосымшада келтiрiлген.". 4-тармақта: 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) заңды тұлғалар ұстап қалатын зейнетақы жинақтаушы қорларына жеке адамдардың (қызметкерлердің) мiндеттi зейнетақы жарналары;";
      6-тармақта:
      а) тармақшасының үшiншi абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын:
      "е) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке адамдар әрбiр шетелдiк маман үшiн бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ай сайын және әрбiр шетелдiк жұмысшы үшiн он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ай сайын. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заң күшiне енген сәтте Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан немесе осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. "Шетелдiк азаматтардың құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң азаматтығына жататынын дәлелдеген адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдiк азаматтар болып танылады."
      Мынадай мазмұндағы 6а және 6б тармақшаларымен толықтырылсын:
      "6а. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп, уақытша еңбекке жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы, бала тууы кезiнде, жерлеу жөнiндегi жұмыс берушiлер есептеген сомалардың асырылуы нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын еңбекақы қорының 1,5 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне есептеледi.
      6б. Мемлекеттiк мекемелердің есептi кезеңдегi әлеуметтiк салыққа есептелген сомасы еңбекақы қорының 1,5 процентi шегiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы, жүктегi мен босануы жөнiндегi осы есептi кезеңдегi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген сомаға азайтылады.";
      7-тармақта "6" және "6а" цифрлары тиiсiнше "2" және "3" цифрларымен ауыстырылсын;
      10-тармақта "7" цифры "4а" цифрымен ауыстырылсын;
      11-тармақта "8" цифры "4" цифрымен ауыстырылсын;
      16-тармақта "100" цифры "50" цифрымен ауыстырылсын;
      1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
                                                        ҚР МКМ-нің
                                                        N 46 Нұсқауына
                                                        N 1 қосымша
 
            Филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған
       құрылымдық бөлiмшелерi үшiн заңды тұлғалардың әлеуметтiк
                       салықты төлеу тәртiбi
 
      1. "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24.04. N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 104-8 бабына сәйкес басқа аймақтардың аумағында орналасқан өзiнің филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - құрылымдық бөлiмшелер) үшiн заңды тұлғалар әлеуметтiк салықты төлеудi олардың орналасқан жерiндегi тиiстi бюджетке жүзеге асырады.
      Құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төленуi тиiс әлеуметтiк салықтың сомалары есептi кезеңдегi әрбiр құрылымдық бөлiмшенiң Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қорының сомасы шегерiлген көрсеткiштiң үлес салмағы ескерiлiп есептеледі, Жарлықтың 104-7 бабына сәйкес оларға және шетелдiк мамандар мен шетелдiк жұмысшылардың еңбекақы қорына әлеуметтiк салық есептелмейдi.
      Бiр аумақтық салық комитетiнде есепте тұратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар осындай құрылымдық бөлiмшелерi үшiн тиiстi бюджетке құрылымдық бөлiмшелердiң қосылған көрсеткiштерi негiзiнде есептелген әлеуметтiк салықтың бiрыңғай сомасын төлейдi.
      Заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төлеуi тиiс салық сомалары заңды тұлғаның басты ұйымы осы Нұсқауға 1а қосымшада белгiленген нысанда жүргiзетiн құрылымдық бөлiмшелерi бөлiгiнде әлеуметтiк салықтың сомаларын есептеу негiзiнде айқындалады.
      Әлеуметтiк салықтың сомаларын төлеудi заңды тұлғаның басты ұйымы әлеуметтiк салықтың сомаларын есептеу мәлiметтерi негiзiнде тiкелей өзiнiң банк шотынан жүргiзедi немесе өзiнің құрылымдық бөлiмшелерiне жүктейдi.
      Құрылымдық бөлiмшелерi бөлiгiнде әлеуметтiк салықтың сомаларын есептеу заңды тұлғаның басты ұйымы тiркелген жерiндегi салық органына әлеуметтiк салық бойынша декларациясымен бiр мезгiлде тапсырылуы тиiс.
      Мұның өзiнде, заңды тұлғаның басты ұйымы тiркелген жерiндегi салық органы басшысының қолы қойылып, мөрiмен куәландырылған есептеу көшiрмесi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi тiркелген жердегi аумақтық салық органдарына есептi кезең үшiн әлеуметтiк салық бойынша декларациясын тапсыруға белгiленген мерзiмде тапсырылады.
 
              Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi бөлiгінде әлеуметтiк салықтың сомаларын есептеу мысалы А заңды тұлғасының құрылымы басты басқару ұйымы мен үш филиалдан тұрады. А заңды тұлғасы 1999 жылғы наурыз үшiн төлеуi тиiс әлеуметтiк салықтың сомасы 400 мың теңге құрады. А заңды тұлғасының басты ұйымы өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төлеуi тиiс әлеуметтік салықтың сомаларын айқындау үшiн мынадай есептеу жүргiзедi: --------------------------------------------------------------------------- Заңды тұлға !ҚР азаматтарының! Шетелдік !Барлығы ! 4-топта ! Құрылымдық мен оның !салық салынатын !мамандар !ЕАҚ, мың!белгіленген!бөлімшелер құрылымдық !Еңбекақы қоры, !мен шетел-!теңге ! ЕАҚ-ның!төлеуі бөлімшелері !мың теңге !дік жұмыс-!(2+3топ)!үлес салма-!тиіс салық ! !шылардың ! !ғы, жалпы !сомасы, мың ! !Еңбекақы ! !сомасы % !теңге ! !қоры, мың ! ! ! ! !теңге ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 --------------------------------------------------------------------------- Басты ұйым ! 800,0 ! 200,0 ! 1000,0 ! 50 % !400,0х50%= ! ! ! ! !200,0 --------------------------------------------------------------------------- N 1 филиал ! 500,0 ! ! 500,0 ! 25 % !400,0х25%= ! ! ! ! !100,0 --------------------------------------------------------------------------- N 2 филиал ! 250,0 ! 50,0 ! 300,0 ! 15 % !400,0х15%= ! ! ! ! !60,0 --------------------------------------------------------------------------- N 3 филиал ! 180,0 ! 20,0 ! 200,0 ! 10 % !400,0х10%= ! ! ! ! !40,0 --------------------------------------------------------------------------- Жиынтығы ! 1730,0 ! 270,0 ! 2000,0 ! 100 % !400,0 --------------------------------------------------------------------------- Жоғарыда айтылғанындай, егер заңды тұлғаның бір аумақтық салық органында есепте тұратын құрылымдық бөлімшелері бар болса, осы аймақтың бюджетіне төленуі тиіс салық сомасын есептеу осы құрылымдық бөлімшелер. Егер А заңды тұлғасының N 2 және N 3 филиалдары бір аумақтық салық органында есепте тұратын болса, жоғарыда келтірілген мысалдағы құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салықты есептеу. --------------------------------------------------------------------------- Заңды тұлға !ҚР азаматтарының! Шетелдік !Барлығы ! 4-топта ! Құрылымдық мен оның !салық салынатын !мамандар !ЕАҚ, мың!белгіленген!бөлімшелер құрылымдық !Еңбекақы қоры, !мен шетел-!теңге ! ЕАҚ-ның!төлеуі бөлімшелері !мың теңге !дік жұмыс-!(2+3топ)!үлес салма-!тиіс салық ! !шылардың ! !ғы, жалпы !сомасы, мың ! !Еңбекақы ! !сомасы % !теңге ! !қоры, мың ! ! ! ! !теңге ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 --------------------------------------------------------------------------- Басты ұйым ! 800,0 ! 200,0 ! 1000,0 ! 50 % !400,0х50%= ! ! ! ! !200,0 --------------------------------------------------------------------------- N 1 филиал ! 500,0 ! ! 500,0 ! 25 % !400,0х25%= ! ! ! ! !100,0 --------------------------------------------------------------------------- N 2, 3 !250,0+180,0= !50,0+20,0=!430,0+ ! 25 % !400,0х25%= филиалдар !430,0 !70,0 !70,0= ! !100,0 ! ! !500,0 ! ! --------------------------------------------------------------------------- Жиынтығы ! 1730,0 ! 270,0 ! 2000,0 ! 100 % !400,0 ---------------------------------------------------------------------------
      2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері әлеуметтiк салық бойынша бюджетпен дербес есеп айырысуды жүргiзе алады.
      Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды дербес жүргiзуге құқық алса, олар заңды тұлға басшысының қолы қойылып, мөрмен куәландырылған одан бастап бюджетпен есеп айырысуды дербес жүргiзетiн айды көрсетiп, өзi тiркелген жердiң салық органына және басты ұйымның тiркелген жерi бойынша салық органына растайтын құжатты тапсыруы тиiс.
      Аталған құжат тиiстi салық органдарына одан бастап құрылымдық бөлiмше бюджетпен есеп айырысуды дербес жүргiзетiн кезең үшiн әлеуметтiк салық бойынша декларацияны тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн көрсетiлiп, тиiстi салық органдарына тапсырылуы тиiс.
      Заңды тұлғаның бюджетпен есеп айырысуды дербес жүргiзетiн құрылымдық бөлiмшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеуi мен төлеуi осы Нұсқауда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Мұның өзiнде, осындай құрылымдық бөлiмшелер әлеуметтiк салық бойынша декларацияны өзi тiркелген жердiң салық органына осы Нұсқауда белгiленген мерзiмде тапсыруы тиiс.
      Әлеуметтiк салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды дербес жүргiзу құқығын құрылымдық бөлiмшеге берген шешiмнiң күшi жойылса, заңды тұлға басты ұйым орналасқан жердегi салық органы мен тиiстi құрылымдық бөлiмшеге хабарлап, онда осындай шешiм қабылданған есептi кезең үшiн декларация тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн заңды тұлғаның басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған растайтын құжатты тапсыруы тиiс.
      Заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң әлеуметтiк салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды дербес жүргiзу құқығының күшiн жойған сәттен бастап әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiлуi тиiс.
      3. Тоқсан сайын әлеуметтiк салық бойынша декларацияны тапсыру кезiнде заңды тұлғаның басты ұйымы олар тiркелген жердегi салық органы басшысының қолы қойылып, мөрмен куәландырылған құрылымдық бөлiмшелердiң әлеуметтiк салық бойынша есеп айырысуын салыстыру актілерiн өзi тiркелген жердің салық органына тиiсiнше 15 сәуiрге, 15 шiлдеге, 15 қазанға, 15 қаңтарға дейiн тапсыруы тиiс. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салықтың дұрыс есептелiп, сондай-ақ толық және уақтылы төленуiн бақылау құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жердегi салық органдарына жүктеледi. Мынадай редакциядағы 1А қосымшамен толықтырылсын: ҚР МКМ-нің N 46 Нұсқауына N 1А қосымша Заңды ұйымның атауы __________________ СТТН _____________________________ Мекен-жайы, телефоны _________________ Ауданы _______ Қала, облысы ______ Банк _________________________________ Банк шоты ________________________ Салық органының атауы ________________ Салық органының мекен-жайы _______ Заңды ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне шаққанда әлеуметтік салық сомасының есебі Мың теңге --------------------------------------------------------------------------- N! Бас ұйымның ! Бас ұйымның ! Тіркеу орны! Қызметкерлердің! Салық ! және заңды ! және заңды ! бойынша ! еңбегіне ақы !есептелмейтін !тұлғаның !тұлғаның !аумақтық !төлеу қоры !төлемдер !құрылымдық !құрылымдық !салық !(шетел мамандары!(Жарлықтың !бөлімшелерінің!бөлімшелерінің!органдарының!мен шетел !104-7 бабының !атауы !мекен-жайы мен!атауы мен !жұмысшыларынан !3-тармағы) ! !телефоны !мекен-жайы !басқа ! --------------------------------------------------------------------------- А! Б ! В ! Г ! Д ! Е --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- !Заңды тұлға ! ! ! ! !бойынша ! ! ! ! !барлығы ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- (таблицаның жалғасы) --------------------------------------------------------------------------- Еңбекке ақы !Шетел маманда-!Еңбекке ақы !И бағанында !Төлеуге төлеудің салық !ры мен шетел !төлеу қоры, !белгіленген !жататын салынатын қоры !жұмысшыларының!барлығы (Ж !ЕАТҚ-ның үлес !салық (Д бағанасы - !еңбегіне ақы !бағаны + З !салмағы, жалпы !сомасы Е бағанасы) !төлеу қоры !бағаны) !сомасы % ! --------------------------------------------------------------------------- Ж ! З ! И ! К ! Л --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! 100% ! --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Салық органы Біз осы ведомоста келтірілген мәліметтердің нақтылығы мен толықтығы үшін заң алдында жауап береміз Басшы ________________ ___________________ (аты-жөні) (қолы) Заңды тұлғаларға Бас бухгалтер ___________ ___________________ салық салу бөлімінің (аты-жөні) (қолы) бастығы _________________ (күні, қолы) 2, 2а, 3, 4, 6, 6А, 8-қосымшалар алып тасталсын; Мынадай мазмұндағы 2-қосымшамен толықтырылсын: "ҚР МКМ-нің N 46 Нұсқауына N 2 қосымша _________________ үшін әлеуметтік салық бойынша Декларация Салық төлеушінің атауы ____________________________________ СТТН _______________, мекен-жайы, телефоны ________________ Ауданы _____________, қаласы, облысы ______________________ Банк _______________, банк шоты ___________________________ Қызметкерлер саны _____ адам, соның ішінде шетел мамандары ____ адам шетел жұмысшылары ______ адам, АЕК _______ тг. --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш ! Төлеушінің ! ! деректері ! ! бойынша --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 --------------------------------------------------------------------------- 1. !Еңбекке ақы төлеу қоры ! --------------------------------------------------------------------------- 2. !Әлеуметтік салық есептелмейтін төлемдер ! --------------------------------------------------------------------------- 3. !Еңбекке ақы төлеудің салық салынатын қоры (1 жол - 2 жол) ! --------------------------------------------------------------------------- 4. !Салық ставкасы, % ! --------------------------------------------------------------------------- 5. !Еңбекке ақы төлеудің салық салынатын қорынан әлеуметтік ! !салық сомасы (3 жол х 4 жол) ! --------------------------------------------------------------------------- 6. !Төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы ! --------------------------------------------------------------------------- 7. !Есепті айдың ЕАТҚ-нан 1,5 проценті (1 жол х 1,5%) ! --------------------------------------------------------------------------- 8. !Есепті айдың басында МӘСҚ-қа есептеліп бөлінген сомадан ! !МӘСҚ-тан төленіп келген есептелген жәрдемақылар ! !сомаларынан артығы (Декларацияның өткен ай үшін 10 жолынан! !ауыстырылған) ! --------------------------------------------------------------------------- 9. !N 46 Нұсқаудың 6а-тармағына сәйкес есепті айда салық төлеу! !есебіне есептелетін МӘСҚ-қа есептеліп бөлінген сомадан ! !МӘСҚ-тан төленіп келген есептелген жәрдемақылар сомаларынан !артығы (7 және 8-жолдардың ең аз көлемі көрсетіледі) ! --------------------------------------------------------------------------- 10.!Келесі есепті кезеңге ауыстырылатын МӘСҚ-қа есептеліп ! !бөлінген сомадан МӘСҚ-тан төленіп келген есептелген ! !жәрдемақылар сомаларынан артығы (8 жол - 9 жол) ! --------------------------------------------------------------------------- 11.!Уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша ! !есепті кезеңде есептелген жәрдемақылар көлемі* ! --------------------------------------------------------------------------- 12.!Салықты азайтуға жатқызылатын жәрдемақылар көлемі (7 және ! !8-жолдардың ең аз көлемі ретінде) ! --------------------------------------------------------------------------- 13.!Төленетін барлық әлеуметтік салық (5 жол + 6 жол - 9 жол -! !12 жол) ! --------------------------------------------------------------------------- *Декларацияның 11 және 12 жолдарын мемлекеттік мекемелер толтырады. Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Салық органы Біз осы Декларацияда келтірілген мәліметтердің нақтылығы мен толықтығы үшін заң алдында жауап береміз Басшы _____________ _________________ Салық органы бөлімінің (аты-жөні) (қолы) бастығы Бас бухгалтер _____________ _____________ ______________________ (аты-жөні) (қолы) (қолы, күні) Күні _______________ мөр орны" Мынадай мазмұндағы 3-қосымшамен толықтырылсын: "ҚР МКМ-нің N 46 Нұсқауына N 3 қосымша ______________ үшін әлеуметтік салық бойынша Декларация Салық төлеушінің атауы _________________________________ СТТН _____________, мекен-жайы, телефоны _______________ Ауданы ___________, қаласы, облысы _____________________ Банк _____________, банк шоты __________________________ Қызметкерлер саны_____ адам, соның ішінде шетел мамандары _____ адам шетел жұмысшылары ___________ адам, АЕК ________ тг. --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш ! Төлеушінің ! ! деректері ! ! бойынша --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 --------------------------------------------------------------------------- 1. !Қазақстан Республикасы азаматтары-қызметкерлері үшін ! !төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы ! --------------------------------------------------------------------------- 2. !Шетел мамандары және шетел қызметкерлері үшін төлеуге ! !жататын әлеуметтік салық сомасы ! --------------------------------------------------------------------------- 3. !Есепті кезеңдегі салық салынатын айлық кіріс ! --------------------------------------------------------------------------- 4. !Салық ставкасы (5%) ! --------------------------------------------------------------------------- 5. !Салық салынатын кірістен салық сомасы (3 жол х 4 жол) ! --------------------------------------------------------------------------- 6. !Төленетін әлеуметтік салық сомасы (1 жол + 2 жол + 5 жол) ! --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Салық органы Біз осы Декларацияда келтірілген мәліметтердің нақтылығы мен толықтығы үшін заң алдында жауап береміз Басшы ________________ ______________ Салық органы бөлімінің (аты-жөні) (қолы) бастығы Бас бухгалтер ___________ _____________ ______________________ (аты-жөні) (қолы) (қолы, күні) Күні ______________ мөр орны" Мынадай редакциядағы 4-қосымшамен толықтырылсын: "ҚР МКМ-нің N 46 Нұсқауына N 4 қосымша _______________ үшін жинақтама зейнеткерлік қорға міндетті зейнетқорлық жарналар бойынша Есеп ведомосы Төлеушінің атауы ________________ СТТН ____________________ Мекен-жайы, телефоны ____________ Банк және банк шоттары ________ --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш ! Еңбекке ақы төлеу қоры бойынша ! ! берешек* ! !------------------------------------ ! !Салық салынатын ! Салық салынатын ! !10% !20% --------------------------------------------------------------------------- А ! Б ! В ! Г --------------------------------------------------------------------------- 1.!Есепті кезең басына ! ! --------------------------------------------------------------------------- 2.!Есепті кезеңі ішінде есептелді ! ! --------------------------------------------------------------------------- 3.!ЕАТҚ бойынша өтелген берешек ! ! --------------------------------------------------------------------------- 4.!Зейнеткерлік жарналар төленді ! ! --------------------------------------------------------------------------- 5.!Есепті кезең соңына ! ! --------------------------------------------------------------------------- (таблицаның жалғасы) --------------------------------------------------------------------------- Төлеуге жататын міндетті зейнеткерлік ! Өтелген ЕАТҚ бойынша төлеуге жарналар ! жататын жарналар --------------------------------------!------------------------------------ 10 % ставка ! 20 % ставка !10 % ставка ! 20 % ставка бойынша ! бойынша !бойынша ! бойынша --------------------------------------------------------------------------- Д ! Е ! Ж ! З --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Салық қызметінің органы Біз осы ведомоста келтірілген мәліметтердің нақтылғы мен толықтығы үшін заң алдында жауап береміз Басшы __________ ______ Салық органының бастығы ___________ (аты-жөні) (қолы) (күні, қолы) Бас бухгалтер __________ ______ Заңды тұлғалардың кірістеріне (аты-жөні) (қолы) салық салу бөлімінің бастығы __________ (күні, қолы) Күні __________ Мөр орны ____________________
      * В және Г бағандары бойынша ҚР Үкіметінің 15.03.1999 ж. N 245 P990245_ қаулысымен бекітілген, Міндетті зейнеткерлік жарналарды жинақтама зейнеткерлік қорға ұстау мен аударудың Ережелеріне сәйкес жарналар есептелмейтін (еңбекке ақы төлеудің салық салынатын қоры) төлемдерді қоспағанда қызметкерлердің кірістері көрсетіледі.
 
      Ескерту.
      1. "Есепті кезең басына" деген 1-жол бойынша:
      - В бағаны бойынша жарналар 10 % ставка бойынша есептелетін есепті кезең басына қызметкерлердің кірістері бойынша жұмыс берушінің берешегі көрсетіледі;
      - Г бағаны бойынша жарналар 20 % ставка бойынша есептелетін есепті кезең басына қызметкерлердің кірістері бойынша жұмыс берушінің берешегі көрсетіледі;
      - Д бағаны бойынша 10 % ставка бойынша кезең басына есептелген жарналардың жалпы көлемі көрсетіледі;
      - Е бағаны бойынша 20 % ставка бойынша кезең басына есептелген жарналардың жалпы көлемі көрсетіледі;
      - Ж бағаны бойынша кірістің төленген сомалары бойынша төлеуге жататын, 10 % ставка бойынша есептелген, есепті кезең басындағы жарналар бойынша берешек көрсетіледі; ол былай айқындалады: Д бағаны - (В бағаны х 10%);
      - З бағаны бойынша кірістің төленген сомалары бойынша төлеуге жататын, 20 % ставка бойынша есептелген, есепті кезең басындағы жарналар бойынша берешек көрсетіледі; ол былай айқандылады: Е бағаны - (Г бағаны х 20%);
      2. "Есепті кезең ішінде есептелді" деген 2-жол бойынша:
      - В және Г бағандары бойынша жарналар тиісінше 10 және 20 процент ставкалармен есептелетін, қызметкерлерге есепті кезең ішінде есептелген кірістер көрсетіледі;
      - Д және Е бағандары бойынша В және Г бағандарында көрсетілген кірістер бойынша тиісінше 10 және 20 процент ставкалармен есептелген зейнетақылық жарналар көрсетіледі;
      3. "ЕАТҚ бойынша өтелген берешек" деген 3-жол бойынша:
      - В және Г бағандары бойынша жұмыс берушінің есепті кезең ішінде қызметкерге төлеген кірістері көрсетіледі;
      - Ж бағаны бойынша жинақтама зейнетақы қорларына енгізуге жататын және В бағанында (В бағаны х 10%) көрсетілген, қызметкерлерге төленген кірістер бойынша 10 ставкасымен есептелген зейнетақылық жарналар көрсетіледі;
      - З бағаны бойынша жинақтама зейнетақы қорларына енгізуге жататын және Г бағанында (Г бағаны х 20%) көрсетілген, қызметкерлерге төленген кірістер бойынша 20 ставкасымен есептелген зейнетақылық жарналар көрсетіледі;
      4. "Зейнеткерлік жарналар төленді" деген 4-жол бойынша:
      - Д және Е бағандары бойынша есепті кезең ішінде енгізілген міндетті зейнетақылық жарналар сомалары қолданылатын 10 және 20 процент ставкалар бойынша жіктеп көрсетіледі;
      5. "Есепті кезең соңына" деген 5-жол бойынша:
      - В бағаны бойынша жарналар 10% ставка бойынша есептелетін, қызметкерлердің есепті кезең соңына кірістері бойынша жұмыс берушінің берешегі көрсетіледі (1 жол + 2 жол - 3 жол);
      - Г бағаны бойынша жарналар 20% ставка бойынша есептелетін, қызметкерлердің есепті кезең соңына кірістері бойынша жұмыс берушінің берешегі көрсетіледі (1 жол + 2 жол - 3 жол);
      - Д бағаны бойынша 10% бойынша есептелген, есепті кезең соңына жарналардың жалпы сомасы көрсетіледі;
      - Е бағаны бойынша 20% ставка бойынша есептелген, есепті кезең соңына жарналардың жалпы сомасы көрсетіледі;
      - Ж бағаны бойынша 10% ставкамен есептелген, қызметкерлер кірісінің іс жүзінде төленген сомалары бойынша төлеуге жататын есепті кезеңнің соңына жарналар бойынша жұмыс берушінің берешегі көрсетіледі (Д бағаны - (В бағаны х 10%) немесе (Ж бағаны 1 жол + Ж бағаны 3 жол - Д бағаны 4 жол);
      - З бағаны бойынша 20% ставкамен есептелген, қызметкерлер кірісінің іс жүзінде төленген сомалары бойынша төлеуге жататын есепті кезеңнің соңына жарналар бойынша жұмыс берушінің берешегі көрсетіледі (Е бағаны - (Г бағаны х 20%) немесе (З бағаны 1 жол + З бағаны 3 жол - З бағаны 4 жол). 7-қосымшада "ҚР МКМ Салық комитетінің N 46 Нұсқауына 7-қосымша" деген тақырып "ҚР МКМ-нің N 46 нұсқауына 4А қосымша" деп жазылсын. Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады