Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.
Үзінді:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның
27-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. ........ .
2. ........ .
3. ........ .
4. ........ .
5. ........ .
6. ........ .
7. ........ .
8. ........ .
9. ........ .
10. ........ .
11. ........ .
12. ........ .
13. "Мемлекеттік мекемелерде олардың мемлекеттік сатып алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауы жөнінде тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 217 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 834 болып тіркелді).
14. ........ .
15. ........ .
16. ........ .
17. ........ .
18. ........ .
19. ........ .
20. ........ .
21. ........ .
22. ........ .
23. ........ .
24. ........ .
25. ........ .
26. ........ .
27. ........ .
28. ........ ."
_____________________________________
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы"
Z970163_
Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігін құру туралы" Жарлығы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы Ереже негізінде және мемлекеттік сатып алудың нормативтік құқықтық негізін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. 1999 жылғы 15 сәуірде N 36 бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 сәуірде N 742
V990742_
болып тіркелген Мемлекеттік мекемелерде олардың мемлекеттік сатып алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауы жөнінде тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулыққа келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 4-ші тармақтың алтыншы абзацында", сонымен қатар осы шарттардың
орындалуын" деген сөздер алып тасталсын;
2) 15-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын.
2. Мемлекеттік сатып алудың методологиясы мен оған бақылау жасау
басқармасы (Бақашев Е.Қ.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге жіберсін.
Төраға м.а.
Оқығандар:
Умбетова А.М.
Нарбаев Е.А.