Тиісті сайлау комиссияларының жаңа құрамын құрған кезде әкімнің ұсынысына саяси партия өкілін енгізудің Тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 8 шілде N 12/203. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі "1999 жылғы Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарын сайлаудағы сайлау комиссиялары туралы" қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
     1. Қоса тіркеліп отырған тиісті сайлау комиссияларының жаңа құрамын құрған кезде әкімнің ұсынысына саяси партия өкілін енгізудің Тәртібі бекітілсін.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     төрайымы

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы

Қазақстан Республикасы        
Орталық сайлау комиссиясының      
1999 жылғы 8 шілде N 12/203       
қаулысымен бекітілген          

Тиісті сайлау комиссияларының жаңа құрамын құрған
кезде әкімнің ұсынысына саяси партия өкілін енгізудің
Тәртібі      

      1. Әкім тиісті сайлау комиссиясына жаңа сайлау комиссиясын құру жөніндегі ұсыныстар жасаған кезде саяси партиялардың пікірін ескереді. 
      2. Сайлау комиссиясының құрамы жөніндегі әкімнің ұсынысына саяси партияның бір өкілі енгізіледі. 
      3. Ұсыныстың дайындалуы жөнінде әкім әкімшілік-аумақтық бірліктегі тиісті сайлау комиссиясына жұмыс істеуге бір өкіл ұсынуға құқы бар саяси партиялардың барлығын хабардар етеді. 
      4. Әкімнің ұсынысына енгізу үшін саяси партияның өкілін таңдау жеребе өткізу арқылы жүзеге асырылады. 
      5. Жеребені әкім немесе ол сенім көрсеткен адам өткізеді. 
      6. Жеребе өткізудің төмендегідей реті белгіленеді: 
      1) Түсі мен көлемі бірдей конверттерге саяси партиялар өкілдерінің тегі жазылған парақтар салынады. Бір конвертте тек бір саяси партияның атауы мен өкілдің тегі жазылады; 
      2) Конверт желімделіп, араластырылып қатысушылардың барлығына көрінетіндей жердегі үстелдің үстіне орналастырылады;
      3) Саяси партияның өкілі (өз таңдауы бойынша) үстелден кез-келген конвертті алады, ашып парақтағы жазуды жария етеді;
      4) Конвертте тегі жазылған адам саяси партияның өкілі ретінде әкімнің ұсынысына енгізіледі.
      7. Егер саяси партиялар заңмен белгіленген мерзімде өз өкілдерін ұсынбаса, онда әкім саяси партия өкілінің орнына өз қалауынша басқа кандидатураны ұсынуға хақылы.     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады