Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 шілдеде N 841 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар  Жарлығына  және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127  қаулысына  сәйкес бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген, Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы ережеде:
      5-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      "Лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде бір жолғы лицензиялық алым енгізеді".
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады