Ескерту. Күші жойылды - ҚР мұнай және газ министрлігінің 2011.01.11 № 4 Бұйырығымен.
"Қазақстан Республикасының теңiздегi және iшкi су қоймаларындағы мұнай операцияларымен байланысты теңiз ғылыми зерттеулер жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 693 қараңыз.P101244 Қаулысына, "Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларындағы мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 105 Қаулысына қараңыз.P101245 және "Мұнайдың төгiлуiнiң алдын алу және оған ден қою жөнiндегi ұлттық жоспарды әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 876 Қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Мұнайгаз саласы бойынша мына нормативтiк-техникалық құжаттар бекiтiлсiн және iске қосылсын:
- Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi;
- Теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын өткiзу кезiнде құрылыс жүргiзудiң техникалық ережелерi.
2. Теңiз мұнай операцияларымен айналысатын барлық кәсіпорындар қайтадан енгiзiлген нормативтiк-техникалық құжаттарды (НТҚ) басшылыққа алсын және орындайтын болсын.
3. Мұнай және газ департаментi (Бозымбаев К.А.) Хаглер Баи Сервисез (келiсiм бойынша) консалтингiлiк компаниясымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңды тiркелуiн қамтамасыз етсiн, сондай-ақ НТҚ-ды көбейту мен таратуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мұнай және газ департаментiне (К.А. Бозымбаев) жүктелсiн.
Министр
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия
және сауда министрлігі
Қазақстан республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында
мұнай операцияларын жүргізу кезінде құрылыстарды салудың
техникалық ережелері
РНД.................99
Астана қаласы, 1999
Осы Ережелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қантардағы N 105 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 39 бұйрығы бойынша құрылған жұмыс тобы әзірлеген.
Орындаушылар:
Хаглер Баи Консалтинг Сервисез компаниясының (Hagler Bailly Sеrviсеs, Inс), Қазақстан Мұнай Ассоциациясының (Kazakhstan Petroleum Аssосiаtiоn), "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының қатысуымен және Американ халықаралық дамыту жөніндегі агенттігінің көмегімен (USAID) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агнеттігі, "Қазақстанкаспийшельф" АҚ.
1. Жалпы бөлім
1. Негiзгi терминдер мен анықтамалар
Осы "Қазақстан Республикасының теңiзiнде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде құрылыстарды салудың техникалық ережелерде" (бұдан әрi - Ережелер деп аталады) қолданылатын терминдер мен анықтамалар мынаны бiлдiредi:
Iшкi су айдындары: көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жер бетiндегi су ресурстары (2)*.
Лауазымдық нұсқаулық: маманның (қызметкердiң) лауазымдық функциялары мен жауапкершiлiгi белгiленетiн кәсiпорын басшылығы бекiткен құжат.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм-шарттар жасасу және оны атқару жөнiндегi құзыреттi орган (бұдан әрi - Құзыреттi орган): Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiленген тәртiпке сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге келiсiм-шарттар жасасуға және оны атқаруға тiкелей байланысты құқықтарды беретiн мемлекеттiк орган (1).
Келiсiм-шарттық аумақ: мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген және географиялық координаттармен белгiленген аумақ (2).
Теңiз: судың жоғарғы бетi және қалыңдығы, Каспий және Арал теңiздерiнiң негiзгi жағалаулық сызығынан бастап Қазақстан Республикасының шегiндегi оның бүкiл ұзына бойындағы Қазақстан Республикасы мен жағалаулық мемлекеттердiң арасындағы келiсiмдердiң негiзiнде белгiленген оның сыртқы теңiз шекараларына дейiнгi түбiнiң үстiңгi бетi (2).
________________________
* Жақшада 7-тарауда көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң нөмiрлерi көрсетiлген.
Мұнай операциялары: барлауға, өндiруге және онымен мұнайды сақтаудың және оны құбыр желiсi көлiгiмен айдаудың бiрыңғай технологиялық циклымен байланысты барлық жұмысты бiлдiредi (2).
Нормативтiк құқықтық акт: Референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды өзгеретiн, тоқтатылатын немесе олардың әрекетi тоқтатыла тұратын құқықтық актiлердi айқындайтын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат (5).
Қоршаған орта: табиғат объектiлерiнiң, оның iшiнде тiрi, сондай-ақ жансыз, атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар және өсiмдiк дүниесiн қоса алғандағы табиғат ресурстарының жиынтығы, сондай-ақ олардың өзара iс-әрекетiндегi ауа-райы (13).
Оператор: Мердiгердiң (Мердiгерлердiң) келiсiм-шарт аумағында жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу үшiн құратын заңды тұлғасы.
Мердiгер: "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Құзыреттi органмен келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушы (2).
Іздестiру жұмыстары: мұнай мен газдың тың кен орындарын тапқанға дейiн келiсiм-шарттық аумақта жүргізiлетiн мұнай операциялары.
Практикада қолданымдылық: өзiн басым немесе жақсы көрсеткен технология, жұмысты ұйымдастырудың және өндiрiстiң тәжiрибесi.
Барлау жұмыстары: мұнай мен газдың анықталған тың қорын айқындау мақсатында келiсiм-шарттық аумақта жүргiзiлетiн мұнай операциялары.
Кен орындарын игеру: мұнай мен газды алуға және өткiзуге тiкелей байланысты жұмыстардың барлық түрi.
Құрылыс: мұнай мен газды iздестiру, барлау мен әзiрлеу кезiнде тiкелей пайдаланылатын барлық тұғырлар (стационарлық немесе жылжымалы), бұрғылау қондырғылары, скважиналары, өндiру қондырғылары, мұнай-газ желiлерi, жасанды аралдар, арналар, бөгеттер, ғимараттар, жолдар.
Стандарт: стандарттау объектiсiне нормалардың, ережелердiң, талаптардың кешенiн белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi құжат.
Қосалқы мердiгер: Операторға белгiлi бiр қызметтер көрсетуге өзiмен келiсiм немесе шарт жасалған заңды тұлға.
2. Жалпы ережелер
2.1. Теңiзде және iшкi су айдындарында құрылыстың кез келген түрiн жобалау, салу, техникалық қызмет көрсету, тоқтату және жою жөнiндегi барлық жұмыс осы "Қазақстан Республикасының теңiзiнде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу кезiнде құрылыстарды салудың техникалық ережелерге" және осы мәселелерге қатысы бар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Осы ережелердiң талаптары меншiк нысаны мен шыққан елiне қарамастан, теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзетiн барлық ұйымдар мен кәсiпорындарға қолданылады.
2.2. Осы ережелер Мердiгерлер мен компаниялар - Операторлардың (бұдан әрi - "Оператор") жұмыстарының тәртiбi мен жүргiзу тәсiлдерiне қойылатын негiзгi талаптарды қамтиды.
2.3. Мердiгер осы Ережелер талаптарының сақталмағандығы үшiн белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.
2.4. Осы Ережелерге өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды энергетика, индустрия және сауда саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды жүзеге асыратын, (4) осы Ережелердi бекiткен орталық атқарушы орган, немесе жұмысты қауiпсiз жүргiзу бөлiгiнде мүдделi бақылаушы және қадағалаушы органдардың келiсiмi бойынша оның құқықтық мұрагерлерi енгiзедi, ол барлық Мердiгерлер мен Операторлардың назарына жеткiзiледi.
2.5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда немесе келiсiмдерде осы Ережелерден өзгеше нормалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың немесе келiсiмдердiң ережелерi қолданылады.
2.6. Егер мемлекеттiк органның уәкілеттi өкiлi Операторға операцияларды осы Ережелерде және ҚР қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiнде айтылмаған осы мәселелерге қатысы бар және осы Ережелерге қайшы келмейтiн, осы Ережелер бекiтiлгенге дейiн анағұрлым жоғары немесе тиiстi деңгейде қабылданған тәртiпке сәйкес жүргiзуге ұйғарымдама берсе, оның салдары үшiн (яғни қауiпсiздiк тұрғысында да, сондай-ақ қаржылық тұрғыда да) жауапкершiлiк (әкiмшiлiк және қаржы) уәкiлеттi өкiлi ұйғарымдама берген мемлекеттiк органға жүктеледi.
2.7. Оператор өзiнiң бөлiмшелерi үшiн осы Ережелердiң талаптарын жаттанды тәптiштеуге бағытталған нұсқаулықтарды әзiрлеу мен енгiзуге құқығы бар, ал нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген жағдайда бұған мiндеттi.
2.8. Құрылыстарды жобалауды, салуды, техникалық қызмет көрсетудi, тоқтату мен жоюды белгiленген тәртiппен (17, 18, 26) қызметтiң тиiстi түрiне мемлекеттiк лицензия алған заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
2.9. Жұмыстардың жобалары осы Ережелердiң талаптарына сәйкес жасалуы, белгiленген тәртiппен (6,9, 12,15, 16,27) бақылаушы органдармен келiсiлуi және оны Құзыреттi орган мен Мердiгер (Оператор) бекiтуi тиiс.
2.10. Барлық қолданылатын техникалық құралдардың, жабдықтың, конструкциялардың, приборлардың, материалдардың белгiленген үлгiдегi (19-21) төлқұжаты немесе сертификаты болуы және жұмыстың шарттары мен мақсатына, қолданылып жүрген нормаларға стандарттар мен ережелерге жауап беруi және төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органмен келiсiлген тiзбе мен тәртiпке сәйкес тiркеуден өтуi тиiс.
2.11. Жұмыстарды жобалау кезiнде шетелдiк немесе халықаралық стандарттар қолданылған жағдайда, олар Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен тiркеуден өтуi тиiс (10).
2.12. Оператордың Құзыреттi органмен келiсiп жұмыстардың жобасына өзгерiстердi қоршаған ортаға әсердiң сипатын қолданылып жүрген әдiстемелерге, техникалық құралдарға, жабдықтарға, конструкцияларға, материалдарға елеулi өзгерiстер жүргiзiлмей және жұмыс iстеушiлер мен тұрғындардың денсаулығына тәуекелдi ұлғайтпайтын жағдайда ғана тиiстi шешiмдердi ресiмдей отырып енгiзуге құқығы бар. Басқа жағдайларда енгiзiлетiн өзгерiстер сондай-ақ тиiстi бақылаушы және қадағалаушы органдармен келiсiлуi тиiс.
2.13. Оператор жобалық шешiмдерге өзгерiстердi егер бекiтiлген жобалық жұмыстарды Оператордың өзгерiстер енгiзу құқығы айтылған жағдайда ғана төтенше жағдайларда енгiзе алады.
1. Орталық және жергілiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi мен
функциялары
3.1. Өкiлеттiктер мен функциялардың (15, 16) белгiленген бөлiнісiне сәйкес орталық және атқарушы органдар Оператордан қажеттi ақпаратты берудi талап етуге, Операторлар орындайтын мұнай операцияларына инспекциялар жүргiзуге құқығы бар. Себептер жойылғанға дейiн, егер олар жұмыстардың жобасынан және осы ережелерден елеулi ауытқумен, қызметкерлердiң денсаулығына, тұрғындарға, қоршаған ортаға, мүлiкке, мұнай мен газдың жатқан жерiне, орындалатын жұмыстардың сапасын төмендете отырып елеулi залал келтiрiп (немесе залал келтiру қаупi) жүргiзiлетiн болса, нақты учаскелерде кез келген жұмысты тоқтата алады.
3.2. Орталық және атқарушы органдар Операторларға мұнай операцияларын ұйымдастыруға, талап етiлетiн келiсулер мен рұқсаттарды алуға тиiстi жәрдем көрсетедi.
2. Жұмыстарды жобалаудың тәртiбi мен шарттары
4.1. Құрылыс объектiлерiн жобалаудың немесе құрылыстарды қайта жаңартудың алдында қолданылып жүрген талаптарға сәйкес инженерлiк зерттеулер (инженерлiк-гидрографикалық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық, экологиялық) зерттеулер жүргiзiледi (11) Оператор зерттеу процесiнде алынған материалдар мен мәлiметтердiң толық болуы мен кәмiлдiгiне жауапкершiлiкте болады.
4.2. Инженерлiк зерттеулердi жүргiзу үшiн Құзыреттi орган бекiтетiн олардың жобалары жасалады. Инженерлiк зерттеулердiң нәтижелерi Құзыреттi органға берiледi және жұмыстардың жобаларында қабылданатын шешiмдердi негiздеу үшiн пайдаланылады және олар жұмыстарды жобалауды, оның қауiпсiздiгi мен сапалы жүруiн ұйымдастыру үшiн жеткiлiктi болуы тиiс.
4.3. Келiсiм-шарттық аумақтарда жоспарланатын мұнай операцияларының сатылары бойынша, жекелеген құрылымдарда немесе кен орындарында мынадай тиiстi жобалар жасалады:
- Мұнай мен газды iздестiру жобасы,
- Мұнай мен газды барлау жобасы,
- Мұнай мен газдың кен орындарын игеру жобасы.
Аталған жобаларға жұмыстардың көзделген кезеңiнiң негiздемесi, оларды жүргiзудiң тәртiбi, құрылысты салу үшiн жоспарланған техникалар мен жабдықтардың сипаттамалары, күтiлетiн нәтижелерi, сондай-ақ жұмыстарды Қауiпсiз жүргiзудi ұйымдастыру, қоршаған ортаны, жер қойнауын қорғау мәселелерi айтылатын бөлiмдер кiредi.
4.4. Кен орындарын игерудi жобалау белгiленген тәртiппен жүргiзiледi (12).
4.5. Қосымша құрылыстарды салуға және пайдалануға (мұнай кәсiпшiлiгінiң құрылыстары, жүзетiн бұрғылау қондырғылары және т.б.) жеке жобалар әзiрленедi. Мұндай жобалардың құрамы кен орындарын iздеу, барлау немесе игеру жобаларымен салыстырғанда қарапайым болуы және тек ерекшелiктi өзгерiстер мен тиiстi органдармен келiсiм бойынша толықтыруларды ғана бiлдiруi мүмкiн.
4.6. Мемлекеттiк күрделi салымды немесе инвестицияларды талап ететiн, кейiн оларды мемлекет өтейтiн iрi және күрделi кәсiпорындарды, құрылыстарды салуды жоспарлау сатысында қабылданатын негiзгi техникалық шешiмдердiң, сондай-ақ объектiлердiң құрылысын жобалау, салу және кейiн пайдалану үшiн қажеттi деректер мен көрсеткiштердiң орындылығының техникалық-экономикалық негiздемелерi (ТЭН) жасалынады. Мұндай жағдайларда олардың негiзiнде iрi және күрделi кәсiпорындарға, құрылыстарға арналған құрылыс жобалары (жұмыс құжаттамасы) жасалады.
5. Мұнай мен газды iздеу мен барлау жобаларының
мiндеттi құрамы
5.1. Жалпы түсiндiрме жазба. Жобаны әзiрлеуге арналған негiздеме, көзделген жұмыстардың мақсаты мен жалпы сипаттамасы, жобаның бастамашылары мен әзiрлеушiлерi туралы мәлiметтер, қажеттi лицензиялардың болуы. Жобаның мемлекеттiк нормаларға, қағидаларға, стандарттарға, негiзгi деректерге және мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келiсiм-шартқа сәйкестiгiн растау.
5.2. Жұмыстардың орналасқан жерi, табиғат-климаттық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары. Елдi-мекендердiң, тұрғындардың құрамы мен қызметi, өнеркәсiп салалары, мұнай-газ желiлерi, темiр жол және автомобиль жолдары, әуежайлар, теңiз және өзен порттары, байланыс түрлерi туралы, жобалау үшiн қажет немесе оларға көзделген жұмыстар әсер етуi мүмкiн табиғат және климаттық жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және т.б. туралы мәлiметтер. Шолу картасы қоса берiледi.
5.3. Қоршаған орта жай-күйiнiң сипаттамасы
Белгiленген тәртiппен әзiрленедi (15).
5.4. Алаңдардың геологиялық құрылысы (орналасқан жерi) және жұмыстарды мәселе етiп қоюдың негiздемесi. Геологиялық-геофизикалық зерттелуi, жобаланған жұмыстарды негiздеу тұрғысынан нәтижелерi, сапасы мен олардың бағалануы. Тектоникалық жағдайы, кенiштiң құрылымы мен литологиялық-стратиграфикалық қысқаша сипаттамасы. Анықталған мұнай-газ көлемi және болашағы, кенiштiң гидрогеологиялық сипаттамасы, көзделген жұмыстардың геологиялық мiндеттері, сейсмикалық тұрғыда орналасқан жерлердiң негiздемесi, скважиналар мен олардың тереңдiгi, бұрғылаудың кезектiлiгi. Скважиналарды жүргiзудiң геологиялық жағдайлары, қаттылық санаты және жыныстардың абразивтiлiгi, қабаттық қысым және температура, гидроажыраудың қысымы, мүмкін қиындықтар (төгiлу, ұңғының тарылуы, жұтылу, рапоның көрiнуi және тағы басқалар) тектоникалық схема, геологиялық-геофизикалық кенiштiң жиынтығы, бейiнi, карталары және басқалар қоса берiледi.
5.5. Құрылыстың жоспары және жұмыстарды жүргiзу
5.5.1. Жалпы талаптар. Негiзгi сызбаларды қоса бере отырып үйлердiң, ғимараттардың, коммуникациялардың, инженерлiк желiлердiң, техниканың, жабдықтардың, приборлардың, материалдардың, конструкциялардың үлгiлерiн орналастыру мен таңдаудың жоспарын негiздеу. Технологиялық мұқтаждықтар үшiн ресурстардың негiзгi түрлерiне қажеттілiк, жұмыс iстейтiндердiң санының және кәсiптiк-бiлiктiк құрамының есебi, жұмыстарды басқару. Құрылыс пен жұмысты жүргiзудiң тәртiбi, технологиялық процестердiң принциптi схемасы.
5.5.2. 5.5.1-тармақта көрсетiлген басқа жер сейсмологиялық-барлау жұмыстарын жоспарлау кезiнде мынадай деректер енгiзiлуi тиiс:
- Дала жұмыстарына арналған көлiк құралдары өңдеулер мен өзгертулер жұмыстар базасы; жабдық пен аппаратура;
- Жабдықтарды жұмылдыру және жұмылдырудан алу.
5.5.3. 5.5.1-тармақта көрсетiлгендерден басқа тұғырлардың, жасанды аралдардың құрылысын жоспарлау кезiнде сондай-ақ мынадай деректер енгiзiлуi тиiс:
Материалдар мен құрылыстың әдiстерiн сипаттау, сызбалар, пайдалану мерзiмi туралы ақпарат және жұмыс жүктемесiнiң есебi, сапа стандарттары, сапаны бақылаудың тәртiбi, тексерудiң әдiстерi мен ауқымы. Дайын конструкцияларды қолданған жағдайда жоспарланып отырған жұмыс жүктемесi конструкциясының шыдас беретiндiгiн-бермейтiндiгiн айқындау үшiн мұның алдындағы оларды пайдалану мен жүктеме ескерiлуi тиiс. Егер объект уақытша пайдалану үшiн салынатын жағдайда оны монтаждан алу жөнiндегi жоспарланған жұмыстар енгiзiлуi тиiс.
5.5.4. 5.5.1. тармақта көрсетiлгендерден басқа скважиналардың құрылысын жоспарлау кезiнде сондай-ақ мынадай деректер енгiзiлуi тиiс:
5.5.4.1. Бұрғылау қондырғысы. Бұрғылау қондырғысының және оның негiзiнiң үлгiсiн таңдау алуды негiздеу. Монтаждаудың тәсiлдерi, жабдықтың орналасуының схемасы және оның қысқаша сипаттамасы. Бұрғылау қондырғысын жұмылдыру мен жұмылдырудан алудың жоспары.
5.5.4.2. Скважинаның конструкциясы және бұрғылау ерiтiндiсi.
Скважинаның конструкциясы геологиялық-геофизикалық зерттеулердi жүргiзудi, егер мiндетiнде болса, пласттарды тиiмдi пайдалануды, жер қойнауын сенiмдi қорғауды және авариялардың ең төменгi тәуекелiн қамтамасыз етуi тиiс. Скважиналардың диаметрiн, обсадты трубаларды және түсу тереңдiгiн негiздеу. Бұрғылау ерітiндiсi өнiмдi пластты сапалық ашуды және авариялардың төмен тәуекелiмен бұрғылауды қамтамасыз етуi тиiс. Бұрғылау және түсiру-көтеру операциялары кезiнде ерiтiндiнiң жұмсалу көлемiн, ерiтiндiнiң запастағы көлемiн, ерiтiндiдегi күкiрт сутегiсiн бейтараптандыруды, ерiтiндiдегi және ерiтiндiден оның мүмкiн бөлiнуi учаскелерiнде газдың ұсталуын тiркеудi және жабдықты желдету жүйелерiмен жандандыруды ұдайы есепке алуды көздеу керек. Бұрғылау аралықтары бойынша параметрлер, бақылаудың кезеңдiлiгі. Ерiтiндiнi әзiрлеу және оның бұрғылауға ең аз сапасын дайындау үшiн қажеттi материалдардың есебi.
5.5.4.3. Бұрғылау колоннасын жинақтау және бұрғылау режимi. Қажеттi бұрғылау құралын және бұрғылау аралықтары бойынша бұрғылаудың параметрлерiн негiздеу және есептеу.
5.5.4.4. Геологиялық-геофизикалық зерттеулер, қыртысты алу және пласттарды сынақтан өткiзу. Іздестiру скважиналарына арналған зерттеулердiң көлемi кенiштi литологиялық-стратиграфикалық бөлшектеудi, бүкiл кенiш бойынша коллекторларды байытудың сипатын айқындауды, бүкiл кенiштiң радиоактивтiлiгiн, температурасын зерттеудi, осы аймақта бұрын зерделенбеген жер қыртыстарының қасиеттерiн зерделеудi қамтамасыз етуi тиiс. Зерттеудiң iздестiру және барлау скважиналары бойынша зерттеулер алаңның геологиялық құрылысы, коллекторлық қасиеттерi мен өнiмдi көкжиектердiң пластты флюидтерiнiң қасиеттерi туралы пікiр үшiн, сондай-ақ мұнай мен газдың запасын есептеуді дайындау үшiн жеткiлiктi болуы тиiс. Обсадты колонналарды, скважиналардың ұңғыларының траекториясын цементтеудiң сапасын айқындау жөнiндегi зерттеулер және скважиналарды жүргiзу немесе кенiштiң сейсмикалық-акустикалық жағдайларын нақтылаудың технологиялық мұқтаждықтары үшiн қажеттi басқа да зерттеулердi көздеуi тиiс.
5.5.4.5. Скважиналарды бекiту бағдарламасы. Берiктiгi бойынша колонна үшiн обсадты колонналар мен цементтi қабықтар авариялық жағдайлар кезiнде барынша күтiлетiн қысымға төтеп беруi, бұрғылау ерiтiндiсiнiң колоннадан тыс церкуляциялануына, пластаралық ағуларға және грифондардың пайда болмауына жол бермеуi, коррозиялық әсер етулерге орнықты болуы тиiс. Обсадты колонналар мен цементтеудiң, қажеттi материалдардың санының есебi жүргiзiледi.
5.5.4.6. Шығарып тастауларға қарсы жабдық және сағаны байлап тастаудың схемасы және обсадты колонналардың герметикалығын сынау. Нақты геологиялық жағдайларға, бұрғылау станогының үлгiсiне, жергiлiктi жердiң жағдайларына байланысты схема жасалады және төтенше жағдайларды қадағалау органдарымен келiсiлген үлгiлiк схеманың негiзiнде сағаны бекiту үшiн қажеттi жабдықты таңдап алу және герметикалығына сынақ жүргiзудiң әдiстерiн негiздеу (қысым, сұйықтың тығыздығы, деңгейдiң төмендеуi) жүргiзіледі.
5.5.4.7. Қондырылған скважинада жер қабатын сынау. Сынауға арналған трубалардың, перфорация әдiстерiнiң, ағып шығудың есебi, байлап тастаудың схемасы және гидродинамикалық зерттеулер. Мұнай мен газды жинауға немесе жағуға арналған құрылғылар.
5.5.4.8. Құрылысты аяқтаған соң скважинаны жою, тоқтатып тастау немесе беру жөнiндегi жұмыстардың бағдарламасы. Скважиналарды жою мен тоқтатып тастау жөнiндегi жұмыстар пластаралық ағып шығуларға жол бермеу және пластты флюидтардың жер бетiне шығуына жол бермеу мақсатында жер қабатын берiк бекiтудi қамтамасыз етуi тиiс. Жойылатын скважиналардың сағалары түпкi орныққан жерiнен төмен кесiледi. Жойылатын және тоқтатылатын скважиналардың сағалары қажеттi тиек арматурасымен және қорғаныш құрылғылармен жабдықталады.
5.5.4.9. Мемлекеттiк-техникалық қамтамасыз ету. Материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен шарттары берiледi, көлiк қозғалысының маршруттары мен кезеңдiлiгi белгіленедi.
5.5. "Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар", "Тәуекелдi талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жоспары", "Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсердi бағалау", "Табиғатты пайдаланғаны үшiн және төтенше жағдайлар кезiнде қоршаған ортаға немесе объектiлерге мүмкiн болатын залал үшiн төлемдердiң есебi" және "Мониторинг бағдарламасы" бөлiмдерi белгіленген тәртiппен әзiрленедi (15 және 16).
5.6. Күтiлетiн нәтижелер. Мұнай мен газдың күтiлетiн запастарының есебi, көзделген жұмыстардың шығындары мен тиiмдiлiгiн бағалау.
6. Жұмысты жүргiзуге қойылатын талаптар
6.1. Мердiгер мыналарды қоса алғанда Оператор мен қосалқы мердiгерлер орындайтын барлық жұмыс үшiн жауапкершiлiкте болады:
- Мұнай операцияларын қауiпсiз жүргiзу;
- Мемлекеттiк органдарға белгiленген есептi уақтылы және толық ұсыну;
- бекiтiлген жобалар мен технологиялық регламентке сәйкес Құрылыстарды салу, техникалық қызмет көрсету, тоқтатып қою және жою;
- Өзгерген геологиялық және басқа да жағдайларға байланысты жобалық шешiмдердi түзетуге дер уақытында ұсыныстар жасау;
- Белгiленген құжаттаманы жүргiзу;
- Пайдаланылуы қоршаған ортаға барынша аз әсер ететiн озық технологияларды пайдалану.
6.2. Оператор жұмыстың басталуы алдында белгiленген тәртiппен ресiмделген мыналарға ие болуы тиiс: жауапты басшыны тағайындау туралы шешiм; персоналды оқыту туралы және жұмысқа жiберу туралы деректер; барлық қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулығы белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалар мен технологиялық регламенттер қажеттi рұқсаттар (15); денсаулықты және еңбектi, қоршаған орта мен қауiпсiздiктi қорғауды басқару жүйесi; еңбектi және бүкiл жабдық пен тетiктердi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтар; жабдық пен материалдарға арналған сертификаттар мен техникалық паспорттар; құрылысты пайдалануға қабылдау актiсi және олар мемлекеттiк органдардың инспекциясы үшiн жол жетiмдi болуы тиiс.
6.3. Нақты объектiлерде жұмыстарды бастау, оларды белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұру немесе тоқтату Мердiгердiң немесе Оператордың шешiмдерiне сәйкес жүргiзiледi. Бақылаушы органдардың объектiдегi жұмыстарды белгiленген тәртiпке сәйкес тоқтатуға немесе тоқтата тұруға ұйғарымдама беруге құқығы бар (15-16).
6.4. Жекелеген операцияларды жүргiзуге арналған технологиялық регламенттердi энергетика, индустрия және сауда саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекiтедi. Оларда жобадағыға қарағанда жұмыстарды жүргізудiң әдiстемесi мен тәртiбi мейлiнше егжей-тегжейлi сипатталады. Регламенттер үлгілік немесе жекелiк болуы мүмкiн. Ең аз қажеттi регламенттердiң тiзбесi:
- Инженерлiк зерттеулер;
- Жер асты негiздерiнiң, жасанды аралдар мен каналдарының құрылысы;
- Стационарлық тұғырлардың құрылысы;
- Жүзбелi бұрғылау қондырғыларын орнату;
- Бұрғылау ерiтiндiлерiн дайындау және олардың сапасын тексеру;
- Скважиналардың ұңғысын дайындау, түсiру, цементтеу, обсадты колонналардың цементтелу сапасын тексеру;
- Сағаны жабдықтау обсадты колонналарды герметикалығын сынау және шығарып тастауға қарсы жабдықты пайдалану - төтенше жағдайларды қадағалау органдарымен келiсiлген;
- Жер қыртысын алу, тасымалдау, зерделеу және сақтау;
- Скважинадағы аварияны жою;
- Төтенше жағдайларды қадағалау органдарымен келiсiлген мұнай-газ көрiнiстерiн және ашық мұнай-газ фонтандарын жою;
- Қоршаған ортаны қорғау органдарымен келiсiлген мұнай ағуларын тазалау;
- Скважинада геологиялық-геофизикалық зерттеулер және нәтижелердi өңдеу;
- Перфорация, ағуды шығару, интенсификация және скважинаны сынау;
- Төтенше жағдайларды қадағалаушы органдармен келiсiлген скважиналарды тоқтатып тастау;
- Скважиналарды тиiстi тампонажбен және қоршаған ортаны қорғау органдарына және төтенше жағдайларды қадағалаушы органдарға хабарлай отырып жоюдың тәртiбi.
6.5. Салынуы аяқталған құрылыстарды пайдалануға қабылдаудың тәртiбi (скважиналарды қоспағанда).
6.5.1. Салынуы аяқталған құрылыстар пайдалануға Оператор құратын және Құзыретi органның (Төрағаның), Оператордың, жобаның авторларының, қосалқы мердiгерлiк құрылыс және пайдалану ұйымдарының, мемлекеттiк қадағалау мен бақылау органдарының өкiлдерiнен тұратын комиссия қабылдау актiсiне қол қойған соң берiледi. Қабылдау комиссияларының құрамы объектiнiң сипатына байланысты болады және оны Құзыреттi орган айқындайды.
6.5.2. Қабылдау комиссиялары:
- Еңбектi және бүкiл жабдық пен тетiктердi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтардың, сертификаттардың, техникалық паспорттардың немесе қолданылған материалдардың, конструкциялардың, детальдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын басқа да құжаттардың бар-жоғын тексередi;
- Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне жауапты адамдар жасаған жобаларға орындалған жұмыстардың сәйкестiгi туралы есептердi немесе атқару құжаттарын (сызбаларды, жасырын жұмыстарға арналған актiлердi және басқаларды) зерделейдi;
- Жерасты жұмыстарын куәландыру туралы жекелеген құрастырмаларды аралық қабылдау туралы, монтаждалған жабдықтарды, технологиялық труба желiлерiн, электр торабтарын, жылыту, желдету, дабыл беру, байланыс жарылыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн құрылғыларды, найзағайдан қорғануды және басқаларды жеке сынаулар туралы актiлермен танысады. Ескертпе: жабдықтар мен құрылғыларды сынауға мемлекеттiк бақылаушы органдардың тиiстi өкiлдерi шақырылады;
- Орын алған кемшiлiктердi жоюға ұйғарымдар беруге құқығы бар. Объект жобалық шешiмдерге толық сәйкес болған жағдайда құрылыстарды пайдалануға қабылдау туралы актiлерге қол қояды. Ескертпе: барлық жоғарыда көрсетiлген құжаттар мен актiлер құрылыстардың пайдаланылуы аяқталғанға дейiн сақталуы тиiс.
6.6. Оператор сипаттамалары, сипаттары мен жұмыстың нәтижелерi, актiлердiң, шешiмдер мен есептердiң көшiрмелерi енгiзiлетiн скважиналар мен құрылыстың басқа да түрлерiнiң iсiн жүргiзуге мiндеттi. Iстi жүргiзудiң тәртiбi, актiлер мен есептердiң сандары Құзыреттi органмен келiсiледi. Скважиналар мен құрылыстардың iстерi олар жойылғанға дейiн сақталуы тиiс, ал олар бойынша негiзгi мәлiметтер, олардың тiзбесi Құзыреттi органмен келiсiледi. Келiсiм-шарттық аумақта жұмыстар аяқталғанға дейiн сақталады және мемлекеттiк органдардың инспекциялары үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
6.7. Барлық құрылыстар және орнатылған жабдық, приборлар мен техникалық құралдар Оператор бекiткен өздерiнiң пайдаланылуы мен жөнделуi бойынша нұсқаулықтарға сәйкес мерзiм сайын тексеруден, техникалық қызмет көрсету мен бақылаулық сынаудан өтуi тиiс, ал жүргiзiлген жұмыстар тиiстi құжатта тiркелiнуi керек.
6.8. Обсадты колонналарды түсiру және цементтеу. Обсадты колонналардың герметикалығын сынау шығарып тастауға қарсы жабдық пен оқшауланған көпiрлер, скважинадағы объектiлердi сынауға Оператор тиiстi актiлер жасайды.
6.9. Скважиналардың iстерiнде бұрғылау ерiтiндiсiнiң параметрлерi мен компоненттерi бойынша, бұрғылау аспабы жинақталуы бойынша деректермен бiрге, бұрғылау режимi, геологиялық-геофизикалық жұмыстардың әдiстерi, көлемдерi мен нәтижелерi, аварияларды жоюдың сипаттамасы, скважиналарды тоқтатып қою және жою жөнiндегi қиындықтар мен орындалған жұмыстар есептерде көрiнiс табуы тиiс, ал осы Ережелердiң талаптарына сәйкес жасалған актiлердiң көшiрмелерi сақталады.
6.10. Өндiрiстiң тоқтауына әкеп соққан барлық авариялар, қиыншылықтар мен оқиғалар немесе қызметкердiң 1 тәулiктен астам уақытша еңбек қабiлетсiздiгiн тудырған және жұмыс қабiлетiн жоғалтусыз да, сондай-ақ жұмыс қабылетiн жоғалтатын да аса ауыр кәсiптiк сырқаттары мен кәсiптiк уланулары тиiстi актiде ресiмдей отырып есепке алынуға және тексерiлуге жатады. Бақытсыз жағдайлар мен iрi аварияларды есепке алу мен тексеру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi (13-14). Нәтижесiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiп тумаған, жабдықтардың, машиналардың немесе тетiктердiң бұзылып-бүлiнуi болмаған аварияларды, қиыншылықтар мен оқиғаларды есепке алу мен тексеру Оператор белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
6.11. Скважиналар өздерi бойынша мұнай мен газды өндiруге беру үшiн жою немесе дайындық жұмыстары бойынша iстердi қоса алғанда, жұмыстың жобасында көзделген барлық жұмыстар орындалған кезде құрылыс аяқталған деп саналады. Скважиналардың құрылысын салудың аяқталғаны туралы актiнi Оператор жасайды, оны Құзыреттi орган бекiтедi.
6.12. Құрылысы аяқталған скважиналарды өндiрудi күтуi бойынша және құрылысы аяқталмаған скважиналарды ауа-райының немесе техникалық себептер бойынша уақытша тоқтатып қою Оператордың шешiмi бойынша жүргiзiледi. Скважиналарды тоқтатып қою жөнiнде жұмыстар белгіленген тәртiппен (23-24) және жобаға немесе технологиялық регламентке сәйкес жүргiзiледi.
6.13. Кез келген скважиналарды жою, егер скважина өзiнiң мiндетiн орындаған, өнiмдi көкжиектер табылмаған немесе табылған көкжиектер ұтымсыз деп саналған жағдайда Оператордың немесе Мердiгердiң шешiмi бойынша Құзыреттi органмен консультация жасалған соң белгiленген тәртiппен жүргiзiлуi тиiс (25). Құрылысы аяқталмаған скважиналарды авариялардың салдарынан немесе геологиялық немесе техникалық себептер бойынша қиыншылықтардың салдарынан жою Құзыреттi орган осындай авария мен қиыншылық болғандығы туралы хабарлаған соң жүргiзiледi. Егер скважинаны жоюды кешіктiру кен орнының болашақтағы өнiмдiлiгiне қатер төндiрсе немесе адамдардың денсаулығына немесе қауiпсiздiгiне қатер төндiрсе Оператор тәуекелдi төмендету үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануы және Құзыреттi органға осындай жағдайды келесi тексеру жүргiзу кезiнде көмегi болатын жағдайды түзеу уақытында пайдаланылған барлық ресiмдердi тiркеудi жүргiзуi тиiс.
6.14. Скважиналарды жою жобаларға немесе технологиялық регламенттерге сәйкес орындалған жұмыстар туралы бiрлескен актiлерге қол қоятын қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларды қадағалау органдарының өкiлдерi қатыстырыла отырып жүргiзiледi. Скважиналарды жою туралы актiлердi Құзыреттi орган бекiтедi.
6.15. Тоқтатып қойылған скважиналар мен жойылған скважиналарды келiсiм-шарттық аумақтан Қазақстан Республикасына қайта бергенге дейiн оның жай-күйi мен мониторингiнiң жүргiзiлуi үшiн Оператор жауаптылықта болады.
6.16. Келiсiм-шарттық аумақтан Қазақстан Республикасына бергеннен кейiн жойылған скважиналардың мониторингiн қоршаған ортаны қорғау органдары жүргiзедi. Жойылған скважиналардан көрiнiстер табылған жағдайда жөндеу-изоляциялау жұмыстарың энергетика, индустрия және сауда саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және жүзеге асыруды iске асыратын орталық атқарушы орган жүргiзедi.
6.17. Құрылыстарды (скважиналардан басқа) тоқтатып қою мен жою жобаларға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау органдары өкiлдерiнiң қатысуымен тиiстi актiлер ресiмделiп жүргiзiледi.
6.18. Оператор денсаулық пен еңбектi, қоршаған орта мен қауiпсiздiктi қорғау (ДЕҚҚҚ) мәселелерi бойынша iстi жүргiзуге мiндеттi. Онда белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген бағдарламалар, хаттамалар, шешiмдер, есептер мен өндiрiстiк бақылаудың нәтижелерi тiркелiнуi тиiс. Барлық құжаттар мемлекеттiк органдардың инспекциясына қол жетiмдi болуы керек.
6.19. Оператор облыстардың тиiстi жергiлiктi әкiмшiлiктерiне келiсiм-шарттық аумақтың шегiнде салынған немесе жойылған құрылыстардың орналасқан жерi жөнiнде және қысқаша сипаттамасы жөнiнде мәлiметтердi беруге мiндеттi.
6.20. Құрылыстар келiсiм-шарттық аумақтан тысқарыда салынған жағдайда Оператор жергiлiктi атқарушы органдардан су қорының жерiне бөлiк алуы тиiс.
7. Осы Ережелердiң мәтiнiнде сiлтеме жасалған құжаттардың тiзiмi
1. ҚР жер пайдаланушылармен келiсiм-шарттарды жасасу және атқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Құзыреттi органы туралы ереже. ҚР Үкiметiнiң 27.05.96 ж., N 646 P960646_ қаулысымен бекiтiлген. ДБ N 5580
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" U952350_ Заң күшi бар Жарлығы 28.06.95 ж., ДБ 5629
3. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР 15.07.97 ж. Z970160_ Заңы. ДБ N 8035
4. ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ереже. ҚР Үкiметiнiң 22.07.98 ж., N 686 P980686_ қаулысымен бекiтiлген.
5. "Нормативтiк-құқықтық актiлер туралы" ҚР 24.03.98 ж., Заңы.
6. "Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" ҚР 27.01.96 ж., Заңы.
7. ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi туралы ереже. ҚР Үкiметiнiң 17.11.97ж., N 1593 P971593_ қаулысымен бекiтiлген.
8. Қазақстан Республикасының Су кодексi K933000_ 31.03.93 ж., N 2061-ХII ДБ N 5632.
9. ҚР мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдардың, бөгеттердiң, құрылыстар мен қондырғылардың құрылысына және пайдалануға рұқсаттар берудiң тәртiбi мен шарттары туралы ереже. ҚР Үкiметiнiң 1996 ж. N 772 P960772_ қаулысымен бекiтiлген. ДБ N 5519.
10. ҚР халықаралық, аймақтық және шетелдердiң ұлттық стандарттарын қолданудың тәртiбi. ҚР ҮҚ 50.1.21-96. ДБ N 6016
11. Континенталдық шельфтегi инженерлiк зерттеулер. СССР Газөнеркәсiпминi, 1985 ж., ВСН 51.2-84. ДБ N 2149
12. Қазақстан Республикасында мұнай және газ кен орындарын игерудiң бiрыңғай тәртiбi. 1996 ж., ДБ N 5524
13. ҚР Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Тау-кен қадағалау комитетiнiң бақылауындағы кәсiпорындар мен объектiлерде бақытсыз жағдайларға апарып соқтырған аварияларды тексеру мен есепке алудың техникалық нұсқаулығы. 1994 ж., РД 03-01-95 ДБ N 8637
14. Өндiрiсте еңбекшiлердiң бақытсыз жағдайлары мен өзге де денсаулығының бүлiнуiн тексеру мен есепке алу туралы ереже. 1994 ж., ДБ N 5545
15. Қазақстан Республикасының теңiзiнде, жағалаулық аймағында және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жобалау мен жүргiзу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк нормаларын сақтау жөнiндегi нұсқаулық. ЭИСМ, 1998 ж.
16. Қазақстан Республикасының теңiзiнде және су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi. ЭИСМ, 1998 ж.
17. Лицензиялар, оның iшiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне патент беруге уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесi. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 ж. 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына 1-қосымша, N 1894. ДБ N 5604
18. Санитарлық-экологиялық және тау-кен қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 ж. 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына 1-қосымша, N 1894 P951894_ . ДБ N 5604
19. Адамдардың өмiрi, денсаулығы, азаматтардың мүлкi мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн стандарттардың немесе өзге де нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiне мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдердiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 1112 P971112_ қаулысымен бекiтiлген. ДБ N 8306
20. ҚР аумағына мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдердi (тауарларды) әкелудiң тәртiбi. Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 ж. 4 шiлдедегi N 175-П бұйрығы. ДБ N 8307
21. Өнiмге сертификаттау жүргiзудiң тәртiбi. ҚР Ст 3.4-94 ҚР МСС. ДБ 8308
22. Шетелдiк сертификаттарды тануың тәртiбi. РД 50 ҚР 3.3-94 ҚР МСС. ДБ 8309
23. Тiрек, параметрлiк, iздестiру, барлау, мұнай және газ скважиналарын уақытша тоқтатып қоюдың тәртiбi туралы ереже. ҚР Мұнайгазөнеркәсiпминi, Геологияминi, Таукентқадағалаукомы, Экоресурсминi, Қаржыминi, 1995 ж.
24. Мұнай, газ кен орындарындағы, газдың жерасты қоймаларындағы (ГЖҚ) және термальды сулардың кен орнындағы скважиналарды тоқтатып қоюдың тәртiбi туралы ереже. ҚР Мұнайгазөнеркәсiпминi, Геологияминi, Таукенқадағалаукомы, Экоресурсминi, Қаржыминi, 1995 ж.
25. Мұнай, газ және басқа да скважиналарды жоюдың және шығындарды олардың құрылысына есептеудiң тәртiбi туралы ереже. ҚР Мұнайгазөнеркәсiпминi, Геологияминi, Таукентқадағалаукомы, Экоресурсминi, Қаржыминi, 1995 ж.
26. "Авариялық-құтқару қызметтерi мен құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы N 87-1 Z970087_ Заңы ҚРЗ.
27. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы ереже. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068 P971068_ қаулысы.
* Ескерту: Қазақстан Мұнай Ассоциациясы (ҚМА) мүшелерiнiң осы құжатты әзiрлеуге қатысуы, ҚМА тарапынан-ұйым ретiнде де, оның жекелеген мүшелерiнiң тарапынан да осы құжатта бар әр ережемен толық келiсуiн бiлдiрмейдi. Солай дей тұра Қазақстан Мұнай Ассоциациясы Қазақстанның теңiз аумақтарын барлауды және игерудi уақтылы жүргізу және нормативтiк негiздi қамтамасыз ету мақсатында және келешектегi түрлендiрулер мен нормативтiк реттеудi жетiлдiру базасын жасау үшiн осы құжатты қабылдауды ұсынады.
Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі
су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу
кезіндегі қауіпсіздік ережелері
РНД.................99
Астана қаласы, 1999
Осы Ережелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 105 P970105_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 39 бұйрығы бойынша құрылған жұмыс тобы әзірлеген.
Орындаушылар:
Хаглер Баи Консалтинг Сервисез компаниясының (Hagler Bailly Sеrviсеs, Inс), Қазақстан Мұнай Ассоциациясының (Kazakhstan Petroleum Аssосiаtiоn), "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының қатысуымен және Американ халықаралық дамыту жөніндегі агенттігінің көмегімен (USAID) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, "Қазақстанкаспийшельф" АҚ.
1. Жалпы бөлім
1.1. Ережелердi енгiзу және олардың қолданылу аясы
Қазақстан Республикасының теңiзiндегi және iшкi су айдындарында мұнай және газ кен орындарын iздеумен, барлаумен және зерделеумен байланысты барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының теңiзiнде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi (бұдаң әрi "Ережелер" деп аталады) мен Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк техникаға қатысы бар қолданылып жүрген заңдарына, тәртiптерiне, ережелерi мен стандарттарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс. Ережелер теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзетiн, меншiк нысандарына, қаржыландыру көздерi мен тиесiлi елiне қарамастан барлық ұйымдар мен компаниялар орындауға мiндеттi болып табылады.
Қазiргi бар нормативтiк-техникалық құжаттарының жекелеген ережелерi осы Ережелерге қайшы келген жағдайда, Ережелер қолдануға басым құқығы бар.
Ережелерде теңiз сейсмикалық барлау және жарылыс жұмыстарын жүргiзу, сондай-ақ жерасты мұнайгаз құбырларын, электр берiлiсi мен байланыс кабельдерiн төсеу және пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасының талаптары қаралмайды, өйткенi олар Ережелердiң мәтiнi бойынша сiлтеме жасалатын басқа ҒТҚ-мен қамтылған. Көрсетiлген ҒТҚ-дың тiзбесi Қосымшада келтiрiлген.
1.2. Жалпы ережелер
Осы Ережелер жұмыстардың қауiпсiз жағдайларын жасауға қажет ең аз талаптарды белгiлейдi, Мердiгердiң iс-қимылы аса қауiпсiз процедураларға, әдiстерге, технологияларға және халықаралық теңiз мұнай индустриясында қабылданған жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi ұйымдастыру тәжiрибесiне негiзделсе, тәсiлдердi және оларға қол жеткiзу жолдарын таңдау жөнiндегi бастамасын шектемеуге тиiс.
Егер Мердiгер қауiпсiздiктiң мақсаттарына қол жеткiзудiң басқалардың орнына жақсырақ жолдарын ұсынбаса, ең аз талаптар орындалуға мiндеттi болып табылады.
Ережелер қауiпсiздiк жөнiндегi сыртқы инспекциялар мен аудиттердi жүргiзу үшiн негiз ретiнде қаралуы тиiс.
Бақылаушы органның уәкiлеттi өкiлi Мердiгерге операцияларды Ережелерде ескерiлмеген және теңiз мұнай операцияларын қауiпсiз ұйымдастырудың халықаралық практикасында қабылданған рәсiмдерге қайшы келетiн тәртiпке сәйкес жүргiзудi жүктесе, қауiпсiздiк үшiн жауапкершiлiк ұйғарымды берген бақылаушы органға жүктеледi.
Барлық халықаралық, аймақтық және шетел стандарттары Қазақстан Республикасының аумағында олар Қазақстан Республикасының стандарттау органдары тиiстi рәсiмдер қабылдағаннан кейiн қолданылуы мүмкiн. (1). Ережелердi жазу кезiнде пайдаланылған халықаралық стандарттардың бөлiгi Ережелерде келтiрiлген.
Егер еңбектi қорғау саласындағы халықаралық нормалар, стандарттар мен келiсiмдерде қазақстандықтарға қарағанда қауiпсiздiк техникасын қамтамасыз етудiң одан жоғары талаптарын көздессе Мердiгер халықаралық талаптарды сақтауға тиiс.
1.3. Анықтамалар мен терминология
Осы қосымшаларда мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:
Уақытша пана: өрт, жарылыс немесе уытты газ тастауы сияқты төтенше жағдайлардан паналау немесе қорғану үшiн, ұйымдастырылған көшiрудiң басына дейiн қажет уақыттың қысқа аралығына арналған орын.
Келiсiм-шарттық аумақ: Мердiгерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген жер телiмi.
Бақылаушы органдар: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауiпсiздiк техникасы, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау мәселелерiнде бақылаушы, қадағалау және инспекторлық өкiлеттiктер берiлген мемлекеттiк органдар. Мұнда және одан әрi мәтiн бойынша: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi; Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi; Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi; Денсаулық сақтау және спорт министрлiгi; Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi; Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi; Ауыл шаруашылығы министрлiгi, сондай-ақ көрсетiлген ведомстволардың облыстық органдары, департаменттерi мен өкiлдiктерi түсiнiледi, бiрақ осымен шектелмейдi. Ведомстволардың атауларының өзгеру мүмкiндiгiне байланысты, олар ресми атауларын келтiрусiз айтылатын болады. Мысалы, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық уәкiлеттi орган ретiнде аталатын болады.
Ең аз талаптар: Мердiгер жұмыстардың қандай да бiр түрiн жүзеге асыру кезiнде проблеманы шешудiң балама нұсқасын қолдану үшiн орындауға немесе назарға алуға мiндеттi ең аз талаптардың тiзбесi немесе ұсынымдар.
Мiндеттi мiндеттер: Жұмыстардың қандай да бiр түрiн жүзеге асыру кезiнде қол жеткiзу қажет қауiпсiздiк мақсаттары.
______________________________
1 Жақшада 1-қосымшада келтiрiлген нормативтiк-құқықтық актiлердiң реттiк нөмiрлерi көрсетiлген
От жұмыстары: Дәнекерлеу, кесу, күйдiру және қайрау сияқты жұмыстармен шектелмей, бiрақ оларды қоса алғанда ашық жалынды немесе тұтануға әкеп соқтыратын жеткiлiктi қуатты ұшқын пайдаланылатын қызметтiң барлық түрлерi.
Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспары: Теңiз мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде Мердiгердiң қауiпсiздiктiң қандай рәсiмдерiн таңдайтынын түсiндiретiн техникалық жобаның бөлiгi немесе қосымшасы.
Мердiгер: Құзыреттi органмен келiсiм-шарт жасасқан және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келiсiм-шарттық аумақта жұмыстар жүргiзуге лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы.
Iс жүзiндегi: тәуiр немесе өзiн жақсы жағынан көрсеткен тәжiрибе немесе технологиялық операция.
Жұмыс тiлi: теңiз объектiсiнде құжаттама жүргiзiлетiн ағылшын тiлi. Қазақ және орыс түсiнiсу үшiн пайдаланылуға мiндеттi.
Ескерту дабылдары/қауiпсiздiк белгiлерi: Барлық ескерту дабылдары/ қауiпсiздiк белгілерi қолданылып жүрген талаптарға сәйкес және графикалық немесе объектiде пайдаланылатын жұмыс тiлiнде бейнеленуi тиiс.
Құрылғылар: мұнай мен газ кен орындарын iздеу, барлау және зерделеу кезiнде пайдаланылатын барлық платформалар, стационарлық немесе жылжымалы, бұрғылау қондырғылары, скважиналар, труба құбырлары, жасанды аралдар, арналар, дамбалар, үйлер мен басқа да өндiрiстiк объектiлер.
Персонал тұрақты болатын құрылғылар (адамдар басқаратын) - жедел персонал тәулiгiне 24 сағат, аптасына жетi күн кезекте болуға тиiс құрылғылар. Жұмыстар жарты күн жүргізiлетiн құрылғылар кiрмейдi.
Стандарт: жұмыс нәтижелерiнiң талап етiлетiн өлшемдерiн айқындайтын дербес бақылаушы орган анықтайтын жалпы қабылданған норма немесе сапа.
1.4. Мердiгердiң құқықтары, мiндеттемелерi мен жауапкершілігі
1.4.1. Мердiгер:
- өзiнiң күшiмен немесе көмекшi мердiгердi тарта отырып келiсiм-шарттық немесе басқа да аудандарда мұнай мен газды барлауды және/немесе өндiруге арналған келiсiм-шарт бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу;
- қауiпсiздiк жөнiнде белгiленген құжаттамалар жүргiзу және көмекшi мердiгерлердiң жұмыстарын қосқанда, барлық жұмыстар бойынша мемлекеттiк органдарға белгiленген есеп табыс ету;
- мемлекеттiк бақылаушы органдардың инспекция жұмысын үйлестiру мен жәрдемдесу және заңды ұйғарымдарды белгiленген мерзiмдерде орындау үшiн жауапты.
1.4.2. Әр теңiз объектiсiнде Мердiгер жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу және бақылаушы органдардың инспекциялар жүргiзу кезiндегi жұмысты үйлестiру үшiн жауапты өзiнiң өкiлiн тағайындауға тиiс.
1.4.3. Мердiгер бақылаушы органдардың инспекторларын ауа райының жағдайларын, көлiктiң болуын және персоналдың, инспекторлардың және жүргізiлетiн жұмыстардың қауіпсiздiгін қамтамасыз етудi ескере отырып, оларды инспекцияланатын объектiге бөгетсiз кiргiзуге немесе жеткiзуге мiндеттi.
1.4.4. Мердiгер Ережелер талаптарының сақталуы үшiн жауапты. Егер Ережелерде қойылған мiндеттерге қол жеткiзудiң нақты тәсiлдерi жазылмаса, Мердiгер озық инженерлiк тәжiрибенi, қазiргi бар технологиялардың аса қауiпсiз және тиiмдiсiн пайдалана отырып Ережелердiң мақсаттарына сәйкес iс-қимыл жасауға тиiс.
1.4.5. Мердiгер барлық операцияларды аса қауiпсiз және бiлiктi тәсiлмен жүргiзуге және персоналдың, қоршаған орта мен мүлiктiң денсаулығы мен өмiрiн қорғау мақсатында жабдықтарды қауiпсiз жағдайда ұстауға тиiс.
1.4.6. Мердiгер бақылау, оларды құрту және жою мақсаттарында қауiптердiң алдын алудың барлық қажеттi шараларын қабылдауға тиiс.
1.4.7. Мердiгер бақылаушы органның талабы бойынша белгiленген жағдайларда өзiнiң нұсқауларын әзiрлеуге және оларды енгізуге, сондай-ақ, Мердiгер осы туралы бақылаушы орындарды хабардар еткен жағдайда, осы Ережелердiң талаптарын жетiлдiруге және егжей-тегжейлеуге бағытталған жаңа немесе балама әдiстердi, рәсiмдердi, жабдықтарды немесе технологияларды енгiзуге құқылы.
1.4.8. Теңiз құрылғысын пайдалануға беруге жоспарланған iске қосуына дейiн 30 күн бұрын Мердiгер осы туралы мемлекеттiң энергетика, индустрия және сауда саласындағы Орталық атқарушы органын хабардар етiп бақылаушы органдар мен жергiлiктi атқарушы өкiметтiң өкiлдерiнен объектiнi пайдалануға қабылдау жөнiнде комиссия құрады. Мердiгер өзiнiң iске қосу алдындағы аудитiн жүргiзу кезiнде осы комиссияның жұмысына жәрдемдесуге мiндеттi.
1.4.9. Оператор техникалық қадағалау органдарымен келiсу үшiн скважиналар, жасанды аралдар, коммуникациялар салудың техникалық жобаларын, кен орнын зерделеудiң технологиялық схемаларын, игерудiң жобаларын табыс етудi қамтамасыз етуге тиiс.
1.5. Денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды
басқару жүйесi туралы ереже
1.5.1. Мердiгер келiсiм-шарттық аумақтағы жұмыстар басталғанға дейiн Денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн (ДЕҚОҚ
БЖ) әзiрлеуге және/немесе ол болуға тиiс, онда Мердiгердiң ДЕҚОҚ саласындағы саясаты айқындалады; тәуекелдердiң бағасы берiлдi және оларды кемiту жөнiндегi шаралар ұсынылады; әдеттегi жағдайлар мен авариялық жағдайларда ДЕҚОҚ жөнiндегi қызметкерлердiң мiндеттерi бөлiнедi; құжаттамаларды жүргiзу мен бақылауды жүзеге асыру тәртiбi ұсынылады; аудиттер жүргiзу жоспарланады; түзету және жақсарту жөнiндегi жұмыстар мен шаралар нәтижелерiнiң талдауы бойынша ұсыныстар берiледi; денсаулық жағдайына қойылатын талаптар айқындалады; персоналдың медициналық тексерiстерiнiң кезеңдiлiгi мен түрлерi тәртiптеледi; ДЕҚОҚ бойынша оқыту, нұсқаулықтар өткiзу және бiлiм тексеру бағдарламалары белгiленедi; сондай-ақ басқа да мәселелер көтерiледi.
1.5.2. Мердiгердiң ДЕҚОҚ бойынша саясаты жариялануға жатады, яғни, онымен танысуға ынта бiлдiрген кез-келгенге қол жеткiзiлуге тиiс.
1.5.3. Персонал басқаратын жұмыстар объектiлерiнде Мердiгерде орындалатын жұмыстар бойынша жобалардың көшiрмелерi, технологиялық тәртiптер, ережелер мен нұсқаулар, жабдықтардың барлық түрлерiне арналған сертификаттар мен оларды сынау жөнiндегi нұсқаулар, оның iшiнде жабдықты қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша тексеру туралы, профилактикалық техникалық күтiм, жекелеген мамандықтар мен жұмыстардың жекелеген түрлерiне арналған еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулар; жабдық пен тетiктердi пайдалану және жөндеу жөнiндегi нұсқаулар, объектiнiң қауiпсiздiгiне қатысты басқа да құжаттар болуға тиiс.
1.6. Жұмыстарды тоқтата тұру
1.6.1. Бақылаушы органдар өз құзыретiнiң шектерiнде, егер Мердiгер осы Ережелердiң талаптарын орындамай, персоналдың немесе халықтың денсаулығына елеулi залал, не қоршаған ортаға, мүлiкке немесе жер қойнауына зиян келтiрсе, не осындай залалдың немесе зиянның нақты қаупi болса, объектiлердегi жұмыстарды уақытша тоқтата тұруы немесе толықтай тыйым салуы мүмкiн.
1.6.2. Егер бақылаушы органдар жоғарыда көрсетiлген тараулар бойынша жұмыстарды тоқтатса, олар Мердiгерден:
1) тоқтата тұрудың себебi болған қауiптiң дәрежесiн бағалау үшiн жұмыс учаскесiн арнайы зерделеудi, сондай-ақ болуы мүмкiн залалды бағалауды;
2) осы қауiптi жою жөнiнде шаралар қолдануды;
3) Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудiң жаңартылған жоспарын табыс етудi талап етуi мүмкiн.
1.6.3. Салдарларды жою жөнiндегi балама шараларды таңдаған кезде, жоюдан түсетiн немесе денсаулыққа зиянды, не өмiрге, мүлiкке немесе қоршаған ортаға қауiптi кемiту тиiмдiлiгiн қажеттi шараларды жүргiзуге арналған шығындардың орындылығы мен салыстырмалығын басшылыққа алу қажет.
1.7. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспары
1.7.1. Мердiгер Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық орган мен басқа бақылаушы органдарға Мердiгер мұнай операцияларын жүзеге асырған кезде орындайтын нақты шаралар мен қауiпсiздi рәсiмдерi егжей-тегжейлi жазылған Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспары бар Техникалық жоспарды табыс етуге тиiс. Мұндай жоспар ретiнде Мердiгер үшiн әдеттегiдей форматта ("Safety case" немесе "Safety manual") орындалған қазiргi бар құжаттар немесе осы Ережелердiң негiзiнде дайындалған құжат пайдаланылуы мүмкiн.
1.7.2. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында Мердiгердiң барлық төтенше жағдайларға немесе өлiм мен ауыр жарақаттарға әкеп соқтыратын кез-келген қайғылы оқиғаларға, сондай-ақ мұнай мен газдың және химиялық заттардың елеулi жайылуы мен тастауларына жауапты шаралары жазылуға тиiс төтенше жағдайларға арналған тараудың болуы мiндеттi шарттардың бiрi болып табылады. Тарауда ашық басқарылмайтын фонтандау жағдайында бiтейтiн скважинаны бұрғылау туралы, бұрғылау қондырғысы бұзылған кездегi iс-қимылдар туралы, мұнай мен газды алдын-ала дайындау жөнiндегi жабдықтағы өрт пен жарылыс кезiндегi және көмекшi теңiз көлiк құралдарындағы авариялар кезiндегi туралы iс-қимылдар осылар қолданылуы мүмкiн жағдайлар немесе оқиғалар үшiн ережелер болуға тиiс.
1.7.3. Мердiгер бақылаушы органның сұратуы бойынша Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында сiлтеме жасалған барлық стандарттар мен рәсiмдердi қарауға табыс етуге тиiс.
1.8. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарын табыс ету және келiсу
рәсiмдерiне қойылатын жалпы талаптар
1.8.1. Мердiгер барлау, игеру және өндiру жөнiндегi қызметтi бақылаушы органмен келiсiлген Техникалық жоспар мен Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзуге тиiс.
1.8.2. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудiң ұсынылып отырған жоспары Мердiгерге тиесiлi бiр немесе одан астам келiсiм-шарттық аумаққа қолданылуы мүмкiн.
1.8.3. Мердiгер техникалық жоба мен ОВОС құрамында Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарын бақылаушы органдарға табыс етедi.
1.8.4. Бақылаушы органдар Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарын заңдарда белгiленген мерзiмдерде: 1) Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарын бекiтуге немесе 2) Мердiгерден осы Ережелердiң немесе техникалық ережелердiң шарттарына сәйкес келмейтiн жоспарды өзгертуге талап етуге немесе 3) Егер Мердiгер оны 2-тармаққа сәйкес келтiрмесе, Жоспарды бекiтуден бас тартуға тиiс.
1.8.5. Бақылаушы органдар Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарын бекiтуден бас тарту себептерiн немесе Жоспарды өзгерту талабы туралы Мердiгердi жазбаша хабардар етуге тиiс.
1.8.6. Мердiгер Бақылаушы органдарға жаңа жоспар ретiнде Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарын екiншi қайтара табыс етуi мүмкiн. Ұсынылатын өзгерiстерге қатысты ақпаратты табыс ету қажет. Бақылаушы органдар екiншi қайтара табыс етiлген күннен бастап 30 күн iшiнде екiншi қайтара табыс етiлген жоспарды бекiтуге, бекiтуден бас тартуға немесе өзгертудi талап етуге тиiс.
1.8.7. Егер Жоспарды табыс еткен немесе екiншi қайтара табыс еткен күннен бастап 30 күн iшiнде бақылаушы органдар жауап бермесе, жоспар бекiтiлген болып саналады.
1.9. Қайғылы жағдайлар немесе оқиғалар туралы хабарлау
1.9.1. Мердiгер, мүмкiндiгiнше, дереу, бiрақ 24 сағаттан кешiктiрмей Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органға өлiмге, топтық жарақаттануға немесе шүбәсiз мүгедектiкке әкеп соқтырған барлық елеулi оқиғалар туралы хабарлауға және белгiленген тәртiпке сәйкес тексерулер жүргiзудi ұйымдастыруға тиiс (2).
1.9.2. Халыққа, қоршаған табиғи ортаға, басқа да теңiз немесе жағалаудағы объектiлерге нақты қауiп төндiретiн, не болуы мүмкiн қауiп әкелетiн авария, өрт, жарылыс, ашық фонтан, газ тастауы, мұнайдың жайылуы, кемелердiң соқтығысуы сияқты барлық төтенше жағдайлар туралы туындаған немесе анықталған сәттен бастап 1 сағаттан кешiктiрмей қазiргi бар тәртiпке сәйкес дереу хабарлау қажет (3). Мемлекеттiк басқарудың басқа да тиiстi органдарын хабардар ету Төтенше жағдайлар саласындағы орталық атқарушы органның мiндетi болып табылады.
1.9.3. Теңiз кемелерi, гидротехникалық құрылыстар тартылған немесе теңiзбен тасымалдау кезiнде болған авариялар туралы Кеме қауiпсiздiгiнiң бас инспекциясы мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар саласындағы орталық атқарушы органды белгiленген тәртiпке сәйкес хабардар ету қажет (4).
1.9.4. Мердiгер қайғылы оқиға, төтенше жағдай қаупi туындағаны туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар саласындағы орталық атқарушы органның тиiстi аумақтық немесе жергiлiктi органына (инспекциясына) жiбередi, ол өзiнiң орталық аппараты мен мемлекеттiк өкiметтiң жергiлiктi атқарушы органдарын хабардар етедi.
1.9.5. Мердiгерге тиесiлi құрылыста жол берiлген төтенше оқиға нәтижесiнде қоршаған табиғи ортаға, халыққа, мемлекеттiк меншiкке (мүлiкке) немесе үшiншi тарапқа елеулi залал келтiрiлсе, мұндай оқиғаны тексерудi Мердiгердiң өкiлi қатысуымен, арнайы тағайындалған мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады.
1.9.6. Мердiгер жол берген төтенше оқиғаның нәтижесiнде Мердiгердiң ғана меншiгiне залал келтiрiлсе, мұндай оқиғаны тексерудi Мердiгер жүзеге асырады.
1.10. Жазалау шаралары мен айыппұл санкциялары
Егер Бақылаушы органдар, қолда бар фактiлердi негiзге алып, Қазақстан Республикасының теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi ережелердiң негiзгi ережелерiн бұзу орын алғаны мүмкiн екендiгін немесе бұл бұзушылық фактiсi туралы хабарлағаннан кейiнде және осы бұзушылықты жою үшiн белгіленген қолайлы мерзiм аяқталғанға дейiн жалғасқаны, немесе осы бұзушылық персоналдың немесе халықтың денсаулығына, зиян, мүлiкке, қоршаған ортаға немесе пайдалы қазбалардың кен орнына залал келтiру қаупiн бiлдiретiнiн айқындайды. Бақылаушы органдар осы авария жөнiнде тексерудi бастауы мүмкiн.
Бақылаушы органдар фактілердi зерделегеннен кейiн Ережелердiң тиiстi ережелерiн бұзғанына айып тағып тарапты жазбаша хабардар етуге тиiс.
Бақылаушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айыппұл санкцияларын белгiлеу жөнiндегi қазiргi бар стандарттарға сәйкес келетiн әкiмшiлiк жаза шығаруы мүмкiн.
Бұзушылық жасағаны үшiн айыпталатын тарап аварияны тексеру кезiнде пайдаланылған барлық түсiнiктердi зерделеуге және барлық фактiлердiң көшiрмелерiн алуға құқылы.
Бұзушылық жасағаны үшiн айыпталатын тарапты бұзушылық туралы қорытынды жасалғанға дейiн Бақылаушы органда тыңдалуға құқығы бар.
Бұзушылық жасағаны туралы хабарлама алған күннен бастап, 30 күн iшiнде, айыпталатын тарап Бақылаушы органға даулы мәселелер егжей-тегжейлi жазылған тыңдаулар өткiзу туралы жазбаша өтiнiштi немесе тыңдаулардың орнына жазбаша дәлелдер табыс етуi немесе хабарламада көрсетiлген айыппұлды төлеуi мүмкiн.
1.12. Шағымдану
Бақылаушы органның шешiмiне фактiлер немесе дәлелдер қоса берiлген шағым, егер Мердiгер мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң арасындағы тиiстi келiсiмдерде тек басқа арбитраждық соттар айтылмаса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Арбитраждық сотына ҚР қолданылып жүрген заңдарына сәйкес берiлуге тиiс.
1.13. Әкiмшiлiк жаза
Қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк актiлердiң талаптарын бұзғаны үшiн лауазымды адамдар мен қызметкерлерге әкiмшiлiк жаза қолдану ҚР заңдарында белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
Егер Мердiгер Бақылаушы органның шешiмiне ҚР-ының сот органдарына шағымданса, әкiмшiлiк айыппұлдарды төлеу Жоғарғы арбитраждық сот берiлген шағым бойынша шешiм шығарғанға дейiн жүргiзiлмеуге тиiс.
II Бөлім. Қауіпсіздік техникасы
2. Персоналға қойылатын талаптар
2.1. Жауапты лауазымды адам
Мiндеттi тапсырмалар
2.1.1. Мердiгер теңiз құрылысындағы барлық операциялардың қауiпсiздiгi үшiн және персоналдың қауiпсiздiгi үшiн жауапты, лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi бiлiктiлiгі мен тәжiрибесi бар адамды (Теңiз құрылысының директорын немесе менеджердi) тағайындауға тиiс.
2.1.2. Құрылыста операциялар жүргiзу үшiн жауапты, сондай-ақ қауiпсiздiк үшiн жауап беретiн лауазымды адамды (атқаратын қызметi, аты-жөнi, байланыс телефоны) белгiлеу Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында көрсетiлуi тиiс.
2.1.3. Мердiгер операцияларды жүргiзудiң әртүрлi кезеңдерiнде және әртүрлi жағдайларда тек бiр жауапты лауазымды адам ғана соңғы шешiмдi қабылдау үшiн Директор мен ұтқыр теңiз құрылысы Капитанының жауапкершiлiгі мен өкiлеттiктерiн анық шектеуге тиiс.
2.2.1. Мердiгер жұмыс туралы тиiстi ақпарат алу, жабдықтарды дұрыс және қауіпсiз пайдалану, операцияларды жүргізудiң тәсілдерi мен әдiстерi жөнiндегi өзiнiң функцияларын орындау үшiн персоналдың оқуын қамтамасыз етуге тиiс.
2.2.2. Объектiге жаңадан келген персонал мен келушiлер объектiде болған кездегi қауiпсiздiк талаптарымен, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде қолдану қажет iс-қимылдармен танысу үшiн нұсқаулықтан өтуге тиiс.
2.2.3. Мердiгер қауiпсiздік және денсаулықты қорғау, сондай-ақ жабдықтарды қауiпсiз пайдалану мақсаттарында сақтау қажет қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi ережелердi белгiлейтiн әр жұмыс орнына арналған жазбаша нұсқаулар әзiрлеуге тиiс.
2.2.4. Мердiгер барлық қызметкерлердiң қауiпсiздiк және денсаулықты қорғау ережелерi бойынша жұмыс тiлiндегi кешендi нұсқаулармен таныстырылуын қамтамасыз етуге тиiс. Мердiгер жазбаша нұсқаулардың көшiрмесiн әр қызметкерге қол қойғызып беруге және олардың нұсқауларды бiлуiн тексеруге мiндеттi.
2.2.5. Теңiз құрылыстарында жұмыс iстейтiн персоналда, оның жеке жарамдылығын және теңiзде тiрi қалудың iс жүзiндегi дағдыларын бiлуiн дәлелдейтiн тиiстi сертификат-рұқсаты болуға тиiс. Алдын-ала және кезеңдi медициналық тексерулер ҚР Денсаулық министрлiгiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы бұйрығына сәйкес жүргiзiледi.
3. Қорғау және құтқару құралдары
Мiндеттi тапсырмалар
3.1. Мердiгер объектiнi, теңiз объектiсiнiң бортындағы персоналды денсаулық пен өмiрге төнуi мүмкiн залалдан қорғауға арналған жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшiн мiндеттi.
3.2. Объектiде жұмыс iстейтiн персонал жұмыстың жағдайларына, өзiнiң тағайындалуы мен қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес келетiн қажеттi ЖҚҚ-ымен қамтамасыз етiлуге мiндеттi. Персонал ЖҚҚ-ымен дұрыс пайдалану бiлуi және олардың сақталуы үшiн жауапты болуға тиiс.
3.3. Барлық құтқару жабдық нәрселерi мен жабдықтарды жобалау, салу, орнату және техникалық қызмет көрсету Қазақстанда танылған халықаралық стандарттарға немесе олардың баламаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
Ең аз талаптар
3.4. ЖҚҚ бүлiнуден қорғалуы және оңай қол жететiн жерде орналасуы тиiс. ЖҚҚ басты, аяқ-қолды, көздi, құлақты қорғауды қамтамасыз етуге тиiс. Арнайы жұмыс киiмi суықтан және дымқылдан сақтауға тиiс. Уытты газдар пайда болуы мүмкiн объектiлерде ЖҚҚ кешенiне демалатын аппараттар қоса берiлуi тиiс.
3.5. Оларды пайдалану көзделген климаттық және ауа-райы жағдайларына сәйкес келетiн объектiден көшiру және суда құтқарудың осындай құралдары болуға тиiс. Жабдық нәрселерiнде арқандар, арқан аулар, дауыл-таптар, суға киетiн костюмдер, жилеттер, дөңгелектер, плоттар, толықтай саңылаусыз құтқару мотоботтары (ТСМ), құтқару қайықтары мен қажет болғанда мұз жағдайларында құтқаруға арналған амфибиялар.
3.6. Құтқарудың жеке құралдарының саны (құтқару жилеттерi мен суға киетiн костюмдер) объектiдегi барлық адамдарды (жататын үй-жайлар мен көшiру кезiндегi жиналу пунктiндегi штаттық жиынтық бойынша) бiруақытта құтқару үшiн қажет саннан екi есе артуға тиiс.
3.7. Тұрғын үй-жайларда сақталатын ең аз жеке авариялық-құтқару жиынтығы суға киетiн костюмнен, құтқару жилетiнен (немесе жүзетiн гидрокостюмнен), түтiнге қарсы капюшоннан, отқа төзiмдi қолғап пен қолшамнан тұрады.
3.8. Суда ұжымдық құтқару құралдарының саны (ТСМ, плоттар) объектіде тұрақты болатын адамдардың штаттық санынан 50%-ке артық болуға тиiс. Егер ТСМ-дың бiрi қандай да бiр себептермен түзiк емес немесе көшiру үшiн жарамсыз болса, басқа ТСМ-да барлық персоналды құтқару үшiн жеткiлiктi орын саны болуға тиiс. Әр қызметкер немесе келушi көшiру кезiндегi өзiнiң жиналу пунктiн және ұжымдық құтқару құралын бiлуге тиiс.
3.9. Теңiзде жүзетiн құралдар тәулiктiң кез-келген уақытында пайдалану кезiнде көрiнетiн ашық (қызғылт сары немесе қызыл) түстерге боялуы тиiс, мұның өзiнде рацияны және анықтаудың басқа құралдарын қоса алғанда, олар персонал құтқарушылардың назарын әртүрлi тәсiлдермен аудару үшiн жабдықталуы тиiс. Егер жұмыстарды мұзбен жабылатын теңiзде өткiзу жоспарланса, құтқару кемесi персоналды мұз жағдайларында құтқаруды қамтамасыз етуге тиiс.
3.10. Үй-жайдан тысқарыдағы әр қызметкерге қажет ТСМ-ың ең аз жиынтығы мынадан тұрады: 1) каскiден (шлемнен); 2) тұмсығы мен сiрiсi металдан жасалған аяқ киiмнен; 3) ұшқыннан қорғайтын комбинезоннан; 4) перчаткадан немесе қолғаптан, 5) қажет жағдайда - қорғаныс көзілдіріктен, құлаққа киетін аспаптан және өзін-өзі құтқарғыштан (газдан қүтқарғыштан) тұрады.
3.11. Құтқару және қорғаныс жабдықтарының тiзбесi Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында көрсетiлген.
3.12. Қорғаныс құралдары (арқандар, плоттар, суға киетiн костюмдер, жилеттер және т.б.) ұдайы тексерiлуге және түзiктiгiн тексеруге жатады. Тексерiлгеннен кейiн қорғаныс құралдарына келесi сынақтың мерзiмдерi туралы белгi (таңба, мөртаңба) қойылуға тиiс.
4. Медициналық қамтамасыз ету
Мiндеттi тапсырмалар
4.1. Персонал тұрақты түрде болуды талап ететiн теңiз объектiлерiнде персоналдың санына сәйкес келетiн бiрiншi медициналық көмек көрсету жөнiндегi медициналық пункттер құрылуға тиіс.
4.2. Медициналық пункттер тиiстi жабдықпен, құралдармен және дәрi-дәрмекпен жарақтандырылуға тиiс.
4.3. Мердiгер персоналды медициналық көшiру жөнiндегi рәсiмдерi болуы және оларды кезең-кезеңмен пысықтауға тиiс.
Ең аз талаптар
4.4. Медициналық пункт тiкұшақ алаңына және/немесе су көлiгiмен көшiру орнына мейлiнше жақын орналасуы және зембiлдермен және зардап шеккендi немесе ауруды қауiпсiз тасымалдау үшiн қажет басқа құралдармен жабдықталуға тиiс.
4.5. Мердiгердiң жұмыстарды немесе iшкi рәсiмдердi қауiпсiз жүргiзу жоспарында зардап шеккенге бiрiншi минуттарда дәрiгерге дейiнгi және көшiру кезеңi iшiнде (тұрақтандыру) көмек көрсету жөнiндегi ұсынымдар болуға тиiс.
4.6. Мердiгер теңiз объектiсiн алғашқы медициналық көмектiң аптечкаларының жеткiлiктi санымен қамтамасыз етуге тиiс. Теңiз объектiсiнде бiруақытта алғашқы медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ бiлiктi дәрiгердiң басшылығымен емдеудi немесе медициналық көшiрудi жүргiзе алатын бiрнеше адам болуға тиiс.
4.7. Саны 50 адамнан астам персонал тұрақты болатын алыс теңiз объектiлерiнде бортта штаттық медициналық қызметкер, сондай-ақ оңалту және тұрақтандыру жөнiндегi медициналық жабдық (көмекпен демалдыратын оттегiнiң запасы, дифибриллятор бар аппарат және басқа) болуға тиiс.
4.8. Құрылыста көз жуу станциясы болуы және ол көзді бөтен денелермен жарақаттаудың жоғары мүмкiндiгi бар жерлерде орналасуы тиiс.
5. Өндірістік объектілерге қойылатын талаптар
5.1. Объектiнiң орналасуы
Мiндеттi тапсырмалар
5.1.1. Салынуға жататын әр теңiз объектiсi үшiн құрылыстың және құрылыстың пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында теңiз түбiнiң учаскесiн толық геотехникалық зерделеудi жүргiзу қажет.
5.1.2. Учаскенi зерделеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: труба құбырларының, кабельдiң және басқа да объектiлердiң болуы немесе болмауын, сондай-ақ қауiпсiздiктiң жоспарланған дәрежесiне сәйкес құрылысты жобалау үшiн қажет теңiз түбiнiң жағдайы туралы сенiмдi инженерлiк-геологиялық деректер жинау.
5.1.3. Объектiнiң навигациялық жолдардан, әсiресе, гаваньге кiре берiстен тыс орналасуын қамтамасыз ету.
5.2. Қауiпсiздiк аймақтары
Мiндеттi тапсырмалар
5.2.1. Бұрғылау және өндiру үшiн арналған бiр теңiз құрылысының "қауiпсiздiк аймағы" осы Ережелермен құрылыстың сыртқы шетiнен 500 метр қашықтықта сызылатын шекара шектерiнде объектiнiң айналасында орналасқан аумақ ретiнде айқындалады.
5.2.2. Жерасты теңiз труба құбырлары үшiн қауiпсiздiк аймағы труба құбыры бiлiгiнiң екi жағынан 500 м шектерiнде белгiленедi.
5.2.3. Бөтен кемелерге теңiз объектiсiнiң қауiпсiздiк аймақтарының шектерiне кiруге тыйым салынады. Теңiз мұнай операцияларын қолдайтын теңiз және әуе кемелерi бортында персонал тұрақты болатын теңiз құрылысын өзiнiң қауiпсiздiк аймағына кiру ниетi бары туралы хабарлауға және құрылыстың Директорынан осыған тиiстi рұқсат алуға тиiс.
5.2.4. Теңiз кемелерiне жерасты труба құбырларының қауiпсiздiк аймақтары, теңiз скважиналарының сағасында және мұнай мен газ өндiру үшiн пайдаланылатын басқа да жерасты теңiз құрылыстарының шектерiнде якорьге тұруға, тралмен, түптi тереңдету жұмыстарымен және түптен балық аулаумен айналысуға тыйым салынады.
5.2.5. Мердiгер теңiз объектiсiнiң дәл координаталарын көрсете отырып, орналасқан жерiн алдың-ала Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери-теңiз флотының басқармасына және порт өкiметтерiне хабарлауға тиiс.
5.3. Платформалар мен құрылыстар
Мiндеттi тапсырмалар
5.3.1. Құрылысты және оның негізгi құраластарын жобалау, өндiру, орнату және техникалық қызмет көрсету жоспарланған мақсаттарға сондай-ақ пайдалану кезiнде құрылымдық тұтастықты қамтамасыз етуге тиiс.
5.3.2. Мердiгер, аймаққа тарихи тән гидрографиялық, метеорологиялық, мұз және сейсмикалық немесе тектоникалық жағдайларды қоса алғанда, объект орналасқан табиғи жағдайларда болатын кез-келген күтiлетiн естi әрекеттерде объектiнiң және оның құраластарының барабар жұмысын қамтамасыз етуге тиiс.
5.3.3. Мердiгер объектiнi және оның негiзгi құраластарын жобалау, өндiру, орнату және техникалық қызмет көрсету халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге тиiс (5).
5.3.4. Мердiгердiң платформалар мен басқа да құрылыстарды салу және пайдалану жөнiндегi қызметi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген талаптарға сәйкес болуға тиiс (6,25, 26).
5.3.5. Мұнай мен газды барлау және өндiру үшiн арналған жүзетiн теңiз қондырғылары: баржалар, теңiз платформалары, кемелер мен кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жабдықтар транспорт, коммуникациялар және туризм саласындағы Орталық атқарушы органның Теңiз Регистрiнде куәландiруге жатады.
5.3.6. Жүзетiн қондырғыларда орнатылған мұнай мен газды бұрғылауға және өндiруге арналған технологиялық жабдық Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органға бағынады.
5.4. Өндiрiстiк үй-жайлар мен жұмыс орындарына
қойылатын талаптар
Мiндеттi тапсырмалар
5.4.1. Барлық жұмыс орындарын жобалау, салу және техникалық қызмет көрсету барлық қызметкерлердiң қауiпсiздiгi мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
5.4.2. Персонал тұрғын үй-жайлардан тыс қажеттi жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етiлуге және қауiпсiздiк техникасының ережелерiн оқудан өтуге тиiс.
Ең аз талаптар
5.4.3. Жұмыс орындары персонал олармен қауiпсiз пайдалана алатындай, сондай-ақ төтенше жағдайларда олардан жылдам және қауiпсiз шыға алатындай етiп ұйымдастырылуы тиiс.
5.4.4. Персоналдың жұмыс орындары үй-жайлардан тыс орналасса, олар жағымсыз ауа-райының жағдайларынан қорғалуы тиiс.
5.4.5. Жұмыс орындары шамадан тыс шудан немесе газ, бу немесе шаң сияқты сыртқы әсерлерден қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
5.4.6. Температурасы 70 градустан асатын кез-келген ыстық металл беттер жылу оқшаулайтын материалмен қорғалуы немесе жабылуы тиiс.
5.4.7. Жұмыс учаскелерiндегi төсеулердiң берiктiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолдану қажет. Жұмыс учаскелерiндегi еден тайғақ болмауы және құлауға және жарақаттануға әкеп соқтыратын шығыңқы жерлерi немесе еңiстерi болмауға тиiс. Басты жарақаттануға әкеп соқтыруға қауiп төндiретiн төмен салбырап тұратын конструкциялар ашық түске боялуы тиiс.
5.4.8. Еден деңгейiнен 1 метрден астам биiктiктегi жұмыс алаңдары темiр қоршаулармен қоршалуы тиiс. Барлық сатылар темiр қоршаулармен жабдықталуы тиiс. Сатылар мен басқыштардың еңiсi мен енi, сондай-ақ олардың жабуы мен қоршаулары қауiпсiздiктiң қазiргi бар талаптарына жауап беруге тиiс.
5.4.9. Есiктер үй-жайдан көшiру пунктiне қарай бағыттағы қозғалыс бойынша немесе екi жаққа ысырылуы тиiс.
5.4.10. Қауiптi аймақтарда өрт пен жарылыстан қорғау үшiн арнайы шынылар (металл сыммен нығайтылған) пайдаланылуы тиiс.
5.4.11. Қауiптi газдардың әсерi болуы мүмкiн жұмыс орындары мәжбүрлi желдетумен жабдықталуға тиiс.
5.4.12. Әдеттегi жағдайларда газдану тұтану шоғырына дейiн көтерiлуi ықтимал жұмыс орындарында жарық түсiру жарылыстан сақтандырылған қолдануда болуға тиiс.
5.4.13. Қауiптi учаскелер графикалық түрде немесе осы құрылыста пайдаланылатын жұмыс тiлiнде анық және түсiнiктi етiп белгiленуi тиiс.
5.5. Платформалар мен құрылғыларды жинау, тасымалдау,
пайдалану, жөндеу және бөлшектеу
Мiндеттi тапсырмалар
5.5.1. Құрылғыларды жобалауды, жасауды, монтаждауды және пайдалануды тиiстi лицензиялары бар ұйымдар жүзеге асыруы және объект орналасқан ауданның табиғи жағдайларын ескере отырып бұрғылау және/немесе өндiру жүргiзген кезде құрылымдық тұтастыққа кепiлдiк беруге тиiс.
5.5.2. Мердiгер 1) көтеру және нығайту; 2) түсiру және бастапқы ағызу; 3) жүзу кезiндегi жинау; 4) буксирлеу; 5) iске қосу және тiк көтеру; 6) суға түсiру; 7) тiректердi орнату; сияқты жұмыстарды жүргізу кезiнде теңiз мұнай операциялары үшiн пайдаланылатын құрылғылардың құрылымдық берiктiгiн әлсiретуге жол бермеу, қорытынды монтаждан кейiнгi барлық құрылыстың құрылымдық бiріктiгi мен тұтастығы үшiн барлық қажеттi шараларды қамтамасыз етуге тиiс.
5.5.3. Теңiз операцияларын жүргiзу кезiнде пайдаланылатын барлық объектiлердiң құрылымдық параметрлерi халықаралық стандарттарға және практикаға сәйкес жүйелi тексеруге және техникалық қызмет көрсетуге жатуға тиiс.
5.5.4. Мердiгер барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн учаскенi қалпына келтiруге немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi атқарушы органмен келiсілген жоспарға сәйкес басқа да шараларды жүргiзуге тиiс.
Ең аз талаптар
5.5.5. Мердiгер әр объект бойынша инспекторлық тексерулер жүргiзуге және олардың түрi (көзбен шолу, электр магниттiк, ультрадыбыстық немесе басқадай) мен дәрежесiн көрсете отырып жазу, сондай-ақ олар қажет болған болса жүргiзілген жөндеу жұмыстары, объектiнiң жалпы құрылымдық жағдайы туралы жазбалар жасауға тиiс. Тексерулер болуы мүмкiн кезде Мердiгер көрсетiлген жазбалар сақталатын орынды көрсетуге тиiс.
5.5.6. Бұрғылау немесе мұнай кәсiпшiлiгi құрылғысын жеткiзудiң/жинаудың егжей-тегжейлi жоспарын дайындау қажет, ол техникалық жоспардың негiзгi бөлiгi болып табылады. Жоспарда: жеткiзу бағдарламасы; метеорологиялық болжамдар; объект орналасқан жердегi теңiз түбiн зерделеу; теңiз операцияларының барысында объектiге жеткiзу жоспарланған жүктердiң түрi, мөлшерi мен салмағы; якорьдiң үлгiсi мен эксперименттiк керу және/немесе балластың дизайны; байланыс функциялары; төтенше жағдайлардағы мiндеттер мен iс-қимылдар жоспары болуға тиiс.
5.5.7. Теңiз объектiсiнiң бортынан тыс биiктiктегi жұмыста монтаж бесiктер мен сақтандыру құралдары көзделуi тиiс. Көрсетiлген жұмыстарды құтқару жилеттерiнде, тәулiктiң жарық уақытында, қолайлы ауа-райы жағдайында және құтқару кемесi болғанда орындауға жол берiледi.
5.6. Тиеу-түсiру жұмыстары. Крандар
Мiндеттi тапсырмалар
5.6.1. Теңiзде орнатылатын немесе теңiз құрылыстарында қосалқы жұмыстарды жүргiзу үшiн және теңiз операцияларын жүргiзу кезiнде пайдаланылатын барлық крандар белгiленген мақсаттарға және қауiпсiздiк техникасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
5.6.2. Теңiзде орнатылатын немесе теңiз құрылыстарында қосалқы жұмыстарды жүргізу үшiн және теңiз операцияларын жүргізу кезiнде пайдаланылатын барлық крандарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету халықаралық стандарттарға немесе олардың баламаларына және Қазақстан Республикасында қазiргi бар стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
5.6.3. Тиеу-түсiру жұмыстары үшiн пайдаланылатын қондырғылар мен тетiктердiң сертификаттары болуға және олар Теңiз Регистрiнiң талаптарына сәйкес тiркеуден өтуге тиiс. Бұл пневматикалық лебедкалардың арқандарына, шынжырларға, күршектерге, строптарға, тесiктерге, шынжырлы көтергiштерге және т.б.қатысты.
Ең аз талаптар
5.6.4. Мердiгер көтергiш құрылғыларды, олардың профилактикасын, краншылардың бiлiктiлiгiн тексеру туралы бекiтiлген стандарттарға сәйкес жазуларды Қазақстан Республикасының аумағында көтергiш құрылғылдарды пайдаланудың бүкiл кезеңi iшiнде сақтауға тиiс.
5.6.5. Мердiгер жүктердi көтеру жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқауларды әзiрлеуге және оларды Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарына енгiзуге тиiс. Осындай нұсқаулардың негiзгi мәнi арқандардың жағдайын бақылау мен оларды iрiктеу рәсiмдерi, сондай-ақ стропальщиктердiң жұмыстары және олардың кранның операторымен өзара iс-қимыл жасауы болып табылуға тиiс.
5.6.6. Тиеу-түсiру жұмыстары аяқталғаннан кейiн крандардың жебесi алынып тасталуы немесе тiк ұшақтың жұмысына кедергi болмайтындай етiп орналасуға тиiс.
5.6.7. Мердiгерде адамдарды кранның және тасымалдаудың осындай тәсiлi пайдаланылса, себеттiң көмегiмен кеме бортынан теңiз объектiсiнiң бортына (және керi) қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi нұсқау болуға тиiс.
5.7. Тұрғын үй және санитарлық-тұрмыс үй-жайлары
Мiндеттi тапсырмалар
5.7.1. Персоналдың тұрақты болуы талап етiлетiн барлық құрылыстар тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз етiледi. Ресонал кезең-кезеңмен болатын құрылыстарда жағымсыз ауа-райы немесе көлiк құралдары түзiк болмау жағдайына келушiлердiң санына сәйкес пана болуға тиiс.
5.7.2. Құрылыстағы үй-жайлар санитариялық-гигиеналық талаптарға жауап беруге және өндiрiстiк учаскелерден неғұрлым алыс орналасуға тиiс. Жарылыста, өртте немесе газдануда персоналды қорғау үшiн уақытша баспана болуға тиiс. Уақытша пана құрылыстың бөлiгi болуы немесе одан бөлек орналасуы мүмкiн.
5.7.3. Құрылыстағы уақытша баспананың үй-жайы көшiру үшiн Қажет уақытқа жарылыстың әсерiнен, түтiн мен газ кiруден, өрттің таралуынан тиiсiнше қорғалуы тиiс.
Ең аз талаптар
5.7.4. Тұрғын үй-жайлар, жабдықтар жұмыстың қауiптi учаскелерiнен, скважиналардың сағасынан, бұрғылау ерiтiндiлерiн өңдеу жүйелерiнен, двигательдерден, насостардан, мұнай мен ЖЖМ бар сыйымдылықтардан неғұрлым алыс орналасуға тиiс.
5.7.5. Тұрғын үй-жайлар мен уақытша баспана дайындауды және қысыммен жұмыс iстейтiн басқа мұнай кәсiпшiлiгi жабдығының (сепараторлар, жылу алмастырғыштар, компрессорлар, өнiм өткiзгiштер) мұнай мен газды тасымалдаудың процессорлық блогынан неғұрлым алыс орналасуға тиiс. Тұрғын үй-жайлардан негiзгi авариялық шығатын жол процессорлық блоктың қарама қарсы жағында орналасуға тиiс.
5.7.6. Тұрғын үй блогының (кешеннiң) әр тұрғын қабаты ең кемiнде екi жеке шығатын есiкпен және көшiру жолымен жабдықталуға тиiс. Шығатын есiктердiң бiрi үйдiң ықтимал өрттен немесе жарылыстан ең қорғалған жағында орналасуға тиiс.
5.7.7. Объектiдегi тұрғын үй-жайларда уақытша персонал үшiн запас орынды ескере отырып, орналастыру жоспарланған адам санына сәйкес жатын орын болуға тиiс.
5.7.8. Персонал кiретiн тамақ блогының iрi габариттi мұздатқыш үй-жайлар мен мұздатқыш қондырғылардың мұздатқыш камераларының iшiнде сыртқы, iштен берiлетiн дабыл берумен және жарықты қолмен қосатын қосқышпен кедергiсiз ашуға мүмкiндiк беретiн есiктерi болуы тиiс.
6. Қауіп-қатерлерді кеміту және төтенше жағдайлардың алдын
алу жөніндегі шаралар
6.1. Механикалық қауiп-қатерлер
Мiндеттi тапсырмалар
6.1.1. Объектiде орнатылған немесе пайдаланылатын барлық жабдықтар, құралдар, труба құбырлары, сыйымдылықтар мен өзге де өндiрiстiк жабдықтар белгiленген мiндеттерге сәйкес келуге және олардың сертификаттары болуға тиiс.
6.1.2. Объектiде орнатылған немесе пайдаланылатын барлық жабдықтар, құралдар, труба құбырлары, сыйымдылықтар мен өзге де өндiрiстiк жабдықтарды жобалау, салу, орнату және техникалық қызмет көрсету республикалық немесе халықаралық қолданылып жүрген стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
Ең аз талаптар
6.1.3. Тетiктер мен жабдықтардың ашық қозғалатын және айналатын бөлiктерi үнемi және қолданбалы болатын жерде қоршаулары, орамалары немесе экрандары болуға тиiс.
6.2. Электр қауiп-қатерлерi
Мiндеттi тапсырмалар
6.2.1. Барлық электр жабдықтары жоспарланған мақсаттарға сәйкес келуге тиiс, бұл ретте оны жобалау, өндiру, орнату және техникалық қызмет көрсету республикалық немесе халықаралық қолданылып жүрген стандарттарға немесе олардың баламаларына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс. Техникалық қызмет көрсету қауiптi газ қоспаларының тұтану және жарылу қаупiн кемiту үшiн жүзеге асырылуы тиiс.
6.2.2. Құрылыстың қауiптi аймақ ретiнде белгiленген учаскелерiнде орналасқан электр жабдықтары осы Ережелердiң 6.9-тармағына сәйкес жарылыстан сақтандырылып орындалуы тиiс.
6.2.3. Электр жүйелерiн пайдалануды жоғары кернеулi жұмысқа рұқсаты бар бiлiктi персонал жүргiзуге тиiс.
Ең аз талаптар
6.2.4. Бұрғылау мұнарасы қажет жерлерде найзағайдан қорғалуға тиiс.
6.2.5. Электр қондырығыларына қызмет көрсететiн техникалық персонал тиiстi диэлектр құралымен және екiұдайлы оқшауланған және тiзбектi жерге ажыратқыш кабельдерi бар диэлектрлiк орындаудағы ЖҚҚ-ымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.3. "Жұмыс жүргiзуге рұқсат беру" жүйесi
Мiндеттi тапсырмалар
6.3.1. Мердiгер "Жұмыс жүргiзуге рұқсат беру" (Рұқсат) жүйесiн енгiзуге тиiс, онда тиiстi уәкiлеттi адам (адамдар) қызметтiң қауiптi немесе стандартты емес түрлерiне рұқсат беруi талап етiледi.
6.3.2. Рұқсат жүйесi қысыммен жұмыс iстейтiн түбектерге қызмет көрсетуден, от жұмыстарынан, электротехникалық жұмыстардан, шектеулi кеңiстiктегі операциялардан және радиоактивтi, улы және жарылғыш заттармен жұмыстан тұратын қызметтiң стандартты немесе қауiптi түрлерiн жүргiзу кезiнде қолдану қажет алдын ала шараларды жазып тиiстi рұқсат (наряд-рұқсат) алуды қамтамасыз етедi.
6.3.3. Рұқсат жүйесi ең кемiнде:
- қажеттi алдын ала шаралар қолданылғаны дәлелдене отырып теңiз құрылысындағы қауiпсiздiк үшiн жауап беретiн адамның қолымен расталған, жазбаша және әр қызметкер үшiн қол жеткiзiлетiн жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы ақпарат болуға;
- жұмыстарды тiкелей орындаушы немесе жұмыстардың қандай да бiр түрiн жүргiзу үшiн жауап беретiн адам, оның жұмысты жүргiзудiң қауiпсiздiктiң барлық рәсiмдерi мен әдiстерiн түсiнгенiн растауға;
- жұмыстарды санкциясыз жүргiзудiң немесе бөтен персоналдың кiруiнiң алдын алу үшiн кiлттеу немесе белгiлеу рәсiмдерiн көздеуге;
- жаңа ауысым немесе вахта келгенде жұмыстың ағымдағы жағдайын көрсетуге тиiс.
6.3.4. Барлық жедел персонал "қауiптi жұмыстарды жүргiзу үшiн рұқсат" жүйесiнде жұмыс iстеуге оқытылуы тиiс.
6.3.5. Рұқсат тәртiбi Мердiгердiң жұмыс рәсiмдерiнде айқындалуы және Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарына келiсуге табыс етiлетiн Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарына енгiзiлуге тиiс.
6.4. Мониторинг және авариялық дабыл беру
Мiндеттi тапсырмалар
6.4.1. От (жалын, температура көтерiлген немесе түтiн) пайда болған жағдайда мәлiмдеу және шаралар қолдану жүйесiн құру, дабыл көтеру және тиiстi шаралар қолдану қажет.
6.4.2. Мониторинг жүргiзу мен тұтанатын және уытты газдардың (көмiрсутегiнiң болуы ықтимал) пайда болуын аңғару үшiн газды табу жүйесiн орнату, дабыл көтеру және тиiстi шаралар қолдану қажет.
6.4.3. Өрттен қорғайтын автоматтық қорғау жүйелерiн жобалауды, монтаждау мен техникалық қызмет көрсетудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар ұйымдар атқарады, жабдық сертификатталған болады.
Ең аз талаптар
6.4.4. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында белгіленгендей от, газдың уытты газдардың жану қаупi және жарылу қаупi бар шоғырлануы мәлiм болғанда дабыл көтеру және тиiстi шаралар қолдану қажет.
6.4.5. Өрттi және уытты газдарды табу жүйелерi барлық адамдарды қауiп туралы ескерту үшiн дыбыспен дабыл берудiң (аса шулы учаскелерде көзбен шолуды) автоматты және қол құрылғыларымен жабдықталуға тиiс.
6.4.6. Мердiгерде табу, дабыл беру және бақылаудың ұқсас функциялары жүйелерiнiң ажыратылуының алдын алатын мониторинг жүйесi болуға тиiс, оның өз кезегiнде, егер осындай ажырату болғанда да әрекет жасап персоналға хабарлауға мүмкiндiгi болуға тиiс.
6.4.7. Табудың барлық жүйелерi электр қорегiнiң негiзгi және авариялық жүйесi қатардан шыққан кезде Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында көрсетiлген авариялық аккумуляторлардан жұмыс iстеу кезiндегi, олардың техникалық сипаттамаларында көзделген уақыт iшiнде мониторингтi қамтамасыз етуге тиiс.
6.4.8. Дыбыспен және көзбен шолумен дабыл берудiң барлық жүйелерi анық және алдын ала белгiлер, өртке арналып жеке, уытты газдар пайда болуына және платформадан көшiруге дайындалу жөнiндегi белгiлер, сондай-ақ, егер ондай белгі қолданылса, "Адам борт сыртында" деген белгі жасауға тиiс.
6.4.9. Көшiруге дайындалу жөнiндегi белгiнi жағдайларға байланысты және Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарының төтенше жағдайлардағы iс-қимылдарға арналған тарауында көрсетiлген Мердiгердiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес теңiз құрылысының Директоры (Менеджерi) немесе Капитаны тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн қолмен бередi.
6.4.10. Өрттi және уытты газдарды табу жүйелерi газдың тұтану немесе шығу кезеңiнде табу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
6.4.11. Авариялық дабыл берудi қосуға арналған механикалық құрылғылар тиiстi оңай қол жеткiзiлетiн, жұмыс аймағынан шығатын жерде орнатылуы тиiс.
6.5. Авариялық электр жабдықтар
Мiндеттi тапсырмалар
6.5.1. Теңiз құрылысында авариялық электрмен жабдықтау жүйесi құрылуға тиiс, ол электр энергиясын берудiң негiзгi жүйесi қатардан шыққан жағдайда автоматты түрде қосылып негiзгi функцияларды қамтамасыз ете алады. Жұмыстарды Қауiпсiз жүргiзу жоспарында авариялық қамтамасыз ету дизайнының техникалық сипаттамасы мен персоналды көшiру үшiн қажет жүйелi ұзақтығы көрсетiлуi тиiс.
Ең аз талаптар
6.5.2. Авариялық қамтамасыз ету қызмет көрсететiн негiзгi жүйелер авариялық жарық беруден, байланыс құралдарынан, навигациялық аспаптардан, газ бен өрттiң мониторингi жүйесiнен, ӘҚҚ-дан, өрттi басу жүйесiнен, скважинаны бақылау жүйесiнен, жүк көтеретiн жабдықтардан, сүңгуiрдiң қауiпсiздiгi жүйесiнен және қысқы кезеңде авариялық жылыту жүйесiнен тұруға тиiс.
6.5.3. Ең кемiнде айына бiр рет авариялық электрмен жабдықтау және авариялық аккумулятолардың жүйесiн тексеру қажет, бұл ретте нәтижелер борттық вахталық журналда тiркелуге тиiс.
6.5.4. Авариялық электрмен жабдықтау жүйесi электр энергиясын берудiң негiзгi жүйесiнен, сондай-ақ жарылыс және өрт болуы ықтимал жерден неғұрлым алыс болуға және отынды дербес бере алуға тиiс.
6.5.5. Теңiз құрылысы электр энергиясын берудiң негiзгi және авариялық жүйесi қатардан шыққан жағдайда автоматты режимде жұмыс iстей алатын авариялық аккумуляторларды қосуға тиiс.
6.5.6. Авариялық аккумуляторлардың Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу Жоспарында көзделген және персоналды көшiру үшiн қажет уақыттан кем болуға тиiс емес уақыт iшiнде өрт пен газ, көзбен шолу және дабыл беруiнің дыбыс жүйелерiн, байланыстың негiзгi құралдары мен авариялық жарық беру жүйелерiнiң мониторинг жүйелерiн энергиямен жабдықтау үшiн жеткiлiктi қуаты болуға тиiс.
6.6. Жаттығу дабылы
Мiндеттi тапсырмалар
6.6.1. Мердiгер тиiстi персоналға болуы ықтимал авариялық жағдайларға байланысты жаттығу дабылдарын әзiрлеуге, енгiзуге және үнемi iс жүзiнде қолдануға тиiс. Жаттығу дабылдары скважинадан тастаулардың алдын алу, авариялық көшiру, борт сыртындағы адамдарды құтқару, медициналық көшiру, сондай-ақ нақты жағдайға және жүргiзiлетiн жұмыстардың түрiне байланысты өртпен және мұнайдың жайылуымен күрес жөнiндегі іс-қимылдарды пысықтаудан тұрады, бiрақ осымен ғана шектелмеуге тиiс.
6.6.2. Авариялық жабдықтарды пайдаланумен бiрге, оны дұрыс пайдаланып және қолданып өзге функцияларды орындауға мiндеттi персоналды жаттықтыру қажет.
Ең аз талаптар
6.6.3. Авариялық жағдайлардағы iс-қимылдарды әрбiр пысықтау, ең кемiнде, жүйенiң мәлiм емес ақауынан немесе қолдау жүйелерiнiң жұмысын тексеру үшiн команданың негiзгi мүшесiнiң болмауына негiзделуi тиiс.
6.7. Метеорологиялық болжам
Мiндеттi тапсырмалар
6.7.1. Мердiгер операциялар ауданындағы ауа-райы туралы ақпаратты жинауға және тiркеуге тиiс, ол үшiн теңiз объектiлерi метеорологиялық деректердi жинауға арналған тиiстi аспаптармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.7.2. Теңiз объектiсi онда тұрақты тұратын персоналмен бiрге жағадағы тиiстi метеорологиялық қызметтерден ауа-райының қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамымен, дауыл және басқа да жағымсыз ауа-райының жағдайлары туралы ескертулермен ұдайы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Ең аз талаптар
6.7.3. Мердiгер жиналған метеорологиялық деректердi метеорологиялық ақпарат жинау үшiн жауапты тиiстi мемлекеттiк органға оның өтiнiшi бойынша және осы деректер жиналған нысанда табыс етуге тиiс.
6.8. Жағымсыз метеорологиялық жағдайлар кезiндегі iс-қимылдардың
үлгілiк тәртiбi
Мiндеттi тапсырмалар
6.8.1. Мердiгер жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн операциялар жүргiзiлетiн жерге тән жағымсыз ауа-райы кезiндегi iс-қимылдардың негiзгi бағыттары мен жоспарын әзiрлеп Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу Жоспарына енгiзуге тиiс.
Ең аз талаптар
6.8.2. Жағымсыз ауа-райы кезiндегi iс-қимылдар жоспары мына шаралардан тұруға тиiс, олардың көмегiмен Мердiгер:
1) персоналдың денсаулығы мен қауiпсiздiгiне қауiптi азайтатын болады;
2) объектi мен оның құраластарына дауыл келтiретiн залалды кемiтетiн болады;
3) қоршаған ортаны ластаудың мүмкiндiгiн кемiтетiн болады.
6.9. Қауiптi аймақтар мен электр жабдықтарына қойылатын талаптар
6.9.1. Көмiрсутегi газдарының кезеңдi болуы әдеттегi технологиялық процеспен байланысты (қауiптiң 1-аймағы), сондай-ақ тұтанатын газдардың авариялық шығудың нәтижесiнде пайда болуы ықтимал аймақтар да (қауiптiң 2-аймағы) осы Ережелерде "қауiптi" деп жiктелетiн аймақтар болып табылады.
6.9.2. қауiптiң 1-аймағына:
- скважинаның орталығынан еденде 10 метрге радиуспен сызылатын, жоғары 5 м және бұрғылаудың еденiнен он метр төмен жалғасатын;
- бұрғылау ерiтiндiсi айналатын ашық жүйенiң 5 метрге радиусы бойынша барлық бағыттағы аймақ;
- өндiру платформаларында қысыммен жұмыс iстейтiн процессорлық жабдықтан барлық жаққа 15 метр радиустағы аймақ;
- жарылу қаупi бар газдың қоспасы жиналуы мүмкiн кез-келген жабық үй- жай жатады.
6.9.3. 2-аймақ деп құрамында тұтанатын газдар бар жарылу қаупi бар шоғырлануыға дейiн өсуi мүмкiн теңiз құрылысының қалған учаскелерi түсiнiледi.
6.9.4. 1-аймақ ретiнде жiктелетiн аймақ шектерiнде мұнайгаз өнеркәсiбiнiң қажетiне шығарылатын және жарылу қаупi бар атмосфераларда қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ететiн электр жабдықтары мен ДВС пайдаланылуы және олар мына талаптарға сәйкес келуi тиiс:
- Электр генераторлары, жарық беру аспаптары мен басқа да стационарлық және жылжымалы электр жабдықтары ҚР қазiргi бар стандарттарына немесе халықаралық стандарттарға, не олардың баламаларына сәйкес жарылыстан сақтандырылып орындалуға тиiс;
- 1-қауiптi аймақтың шектерiнде орналасқан ДВС пен газ турбиналары саңылаусыз үлгідегi және отқа төзiмдi материалдардан жасалған газ өтпейтiн бөлiктерде орналасуға тиiс. Бөлiктер 2 немесе қауiпсiз емес аймақ ретiнде жiктелуге тиiс. Ауа алынатын және жiберілетiн жерлер қауiптi аймақтан тыс орналасуға тиiс;
- жарылыстан сақтандырылған орындаудағы төмен вольттi бақылау-өлшеу аспаптары мен байланыс құралдары қауiптi аймақтарда пайдаланылуы мүмкiн;
- жұмыс аймағының ауасында тұтанатын шоғырлану болған жағдайда ұшқын тұтанбау үшiн электр қорегi мардымсыз болуға тиiс.
6.9.5. 2-қауiптi аймақта орналасқан электр жабдығы мұнайгаз өнеркәсiбiнiң қажетi үшiн шығарылатын электр аппараттарына арналған қазiргi бар стандарттардың талаптарына жауап беруге тиiс, олар пайдалану кезiнде ұшқынданбауға немесе газ-ауа қоспаларының жарылуы үшiн жеткiлiктi ыстық беттерi болмауға тиiс.
6.10. Теңiздегi өрт пен жарылыстың алдын алу,
оларды табу және күресу тәртiбi
Мiндеттi тапсырмалар
6.10.1. Мердiгер жанатын немесе жарылу қаупi бар заттардың бақылаусыз тастауының, сондай-ақ өрттер мен жарылыстардың алдың алу үшiн барлық мүмкiн шараларды қазiргi бар талаптарға сәйкес қолдануға тиiс.
6.10.2. Мердiгер тұтанатын, жанатын немесе жарылатын заттарды, оларды сақтау үшiн арналған жабдықтардан тыс жинақталуының алдын алуға тиiс.
Ең аз талаптар
6.10.3. Теңiз құрылысының персонал тұрақты болатын бортында өрт кезiнде жиналатын пункт ұйымдастырылуы, ал теңiз құрылысының әрбiр мүшесi өрт немесе өрт жаттығуларының кезiндегi өзiнiң iс-қимылдарын бiлуге тиiс.
6.10.4. Әр объектi үшiн өрт сөндiрудiң жоспары әзiрленiп және ол ұдайы болуға тиiс. Өрт сөндiру жоспарының көшiрмесi жиналу пунктiнде болуға тиiс.
6.10.5. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында барлық персоналдың iс-қимылы, сондай-ақ авариялық жағдайларда, атап айтқанда, өрт кезiндегi өрт командасының әрбiр мүшесiнiң мiндеттерi жазылуға тиiс.
6.10.6. Шылымды тек шылым тартатын аймақтар ретiнде айқын белгiленген орындарда ғана рұқсат етiлуi мүмкiн.
6.10.7. Әр объект үшiн от жұмыстарына рұқсат рәсiмдерi болуы және қолданылуы тиiс.
6.10.8. Тұрғын үй және жұмыс үй-жайларының екiден кем емес шығатын есiктерi болуға тиiс.
6.10.9. Тұтанатын газдар жиналуы ықтимал жабық жұмыс үй-жайлары жұмыстың әдеттегi жағдайларында тұтану және/немесе жарылуға қауiптi шоғырлануыда жиналуының алдын алу үшiн жеткiлiктi қуаты бар соратын желдеткiштермен жабдықталуға тиiс. Желдеткiш тесiктер өрт жапқыштармен жабдықталуға тиiс.
6.10.10. ДВС, газ турбиналары, желдеткiш жүйелерi мен басқа да электр жабдықтары үшiн газдың авариялық шығу жағдайына жедел тоқтату мүмкiндiгiн көздеу тиiс.
6.10.11. Қысыммен жұмыс iстейтiн мұнай кәсiпшiлігінiң процессорлық жабдығы авариялық шығу жағдайына авариялық бекiту және қысымды төмендету жүйесiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.10.12. Тұтанатын заттарды сақтау үшiн арнайы шкафтар көзделуге тиiс, олар үшiн белгiленген учаскелер бөлiнедi және өрт қауiпсiздiгiнiң қосымша шаралары көзделедi. Өзiнен-өзi тұтануы мүмкiн май сiңген ескi-құсқылар мен басқа да материалдарды сақтау өртенбейтiн контейнерлерде жүзеге асырылуға тиiс.
6.10.13. Өрт қауiп-қатерi жоғары жерлерде өрт дабыл беру жүйесiне қосылған автоматтық детекторлар орнатылуға тиiс.
6.10.14. Теңiз құрылыстары персонал тұрақты болатын теңiз объектiлерiнде өртпен күресуге арналған өрт насостарымен, өрт арналарымен, су себетiн шлангпен және бранспойтпен жабдықталуға тиiс.
6.10.15. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспары бiр насос қатардан шыққанда қалғандары судың шығыны мен қысымын есепке алып, суды өрт су құбырына берудi қамтамасыз етуiн ескере отырып, өрт насостарының санын белгiлеуге тиiс.
6.10.16. Кезекшi кеме насосының қуаты суды құрылыстың жоғарғы палубасына дейiн берудi жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi болуға тиiс.
6.10.17. Объект көрiнетiн және қол жететiн жерлерде орналасқан жылжымалы өрт сөндiргiштердiң жеткiлiктi санымен жабдықталуға тиiс. Өртсөндiргiштер дереу пайдалану үшiн дайын және тұтану ықтималдығының сыныбына сәйкес болуға тиiс.
6.10.18. Объектіде ең кемiнде құрылысқа қарама-қарсы және тұтанудың ықтимал көздерiнен алыс учаскелерінде орналасқан қолмен демалдыру аппараттарын қоса алғанда, өрт жабдығының, құралдары мен аммунициялар бар екi өрт шкафы болуға тиiс.
6.10.19. 6.9.2-тармақпен белгiленген қауiптi аймақта орналасқан кез-келген электр жабдығы жарылыстан сақтандырылған орындауда, ең кемiнде ҚР қолданылып жүрген стандарттарға (8) және электр жабдығының жарылыс қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға (В-1, В-1r, В-а) немесе IЕС халықаралық электртехникалық комиссиясының, СЕNЕLЕС Стандарттау жөнiндегi европалық қауымдастықтың стандарттарына сәйкес орындалуға тиiс. ДВС пен жылыту жабдықтарының тұтанатын газдармен жанасқан кезде тұтануы немесе жарылуы мүмкiн ыстық оқшауланбаған беттерi болмауға тиiс.
6.10.20. Қалған электр жабдықтары ҚР қолданылып жүрген стандарттарына (жарылыс қауiпсiздiгiнiң сыныбы В-1б) немесе халықаралық стандарттарға ("n қорғаныс түрi") сәйкес ұшқыннан сақтандырылып орындалуға тиiс.
6.10.21. 1-қауiптi аймақта соққыда ұшқын пайда болмайтын мысталған слесарлық құрал пайдаланылуы тиiс.
6.10.22. Өрт сөндiрудiң автоматты жүйелерiн оларды пайдалану ережелерiне сәйкес болатындай етiп жобалау, орнату және пайдалану қажет.
6.10.23. Теңiз құрылыстары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында автоматты өрт сөндiру жүйелерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.10.24. Персонал болатын құрылыстардағы өрт сөндiру жүйелерi Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарында белгiленген қажеттi қорғанысты өндiрiстiк жабдық орнатылған барлық учаскелерде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда қамтамасыз етуге тиiс.
6.10.25. Өрт сөндiру жүйелерi пайдаланылуы оңай, өрт сөндiруге арналған тиiстi агенттермен толтырылған, оттан және ауа-райының жағдайларының әсерiнен қорғалған, оларды жылдам пайдалануға мүмкiндiк беретiн оңай алынатын жерлерде орналасқан қолға ұстайтын және жылжымалы өрт сөндiргiштердiң тиiстi санымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.10.26. Өрт командасы жылу радиясының әсерiнен, түтiннен және өрттерде болатын басқа да қауiптi әсерлерден қорғау мүмкiндiгi бар арнайы ЖҚҚ-ымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.11. Көшiру тәртiбi
Мiндеттi тапсырмалар
6.11.1. Мердiгер әртүрлi авариялық жағдайларда қолданылатын Авариялық көшiру жоспарын әзiрлеп енгiзуге тиiс.
6.11.2. Мердiгерде бiр көлiк құралының болмауын ескере отырып авариялық жағдайда персоналды қондырғыдан көшiрудi қамтамасыз ету үшiн ықтимал көлiк құралдары болуға тиiс. Персоналды уақытша баспанамен қорғауға арналған жобада көзделген мерзiмдерде, сондай-ақ объектiнiң жұмысы көзделетiн табиғи жағдайларда көшiрудi қамтамасыз етуге тиiс. Қажет кезде мұзға қауiпсiз көшiру үшiн құралдар көзделуге тиiс.
Ең аз талаптар
6.11.3. Авариялық көшiру жоспарында көшiру жолдары мен жиналу орны, түгендеу тәртiбi, сондай-ақ авариялық жағдайлардағы әрбiр адамның негізгi мiндеттерiн жазу көзделген.
6.11.4. Құрылыста көшiру кезiндегi бағытты көрсететiн көшу схемасы мен белгiлер iлiнуi тиiс.
6.11.5. Авариялық көшiру жоспарында төтенше оқиғалар жағдайында теңiзде көшiрудiң тәртiбi анық және түсiнiктi жазылуға тиiс.
6.11.6. Уақытша баспана адамдарды борттағы адамдарды өрттiң, температураның көтерiлгенiнен, уытты газдардан, сондай-ақ мүмкiндiгiнше жарылыстың салдарынан қорғауға тиiс. Уақытша баспанаға және одан көшiру жолдары өрт пен жоғары температурадан қорғалуы тиiс, бұл ретте олар төтенше оқиғаның барлық кезеңiнде ашық болуын қамтамасыз етiлуге тиiс.
6.11.7. Қондырғы бiрде-бiр авария көпфункционалды құралдар мен көшiру маршруттарының, сондай-ақ жиналудың қауiпсiз пункттерiнiң көмегiмен қауiпсiз жиналу мен көшiруге кедергi болмайтындай етiп салынуы және жұмыс iстеуi тиiс.
6.11.8. Адамдар тұрақты тұратын теңiз объектiсінде өрт туындаған кезде қолдауды қамтамасыз ету үшiн кезекшi кеме су айдағыштар суды объектiнiң жоғары палубасына беруiн және су бүркеуiнiң болуын қамтамасыз ететiн өрт жабдықтарымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Кеме көшiрiлетiн персоналды бортқа қабылдауға мүмкiндiк және алғашқы көмек көрсету үшiн жабдығы болу болуы тиiс. Кез-келген ауа-райы жағдайларында барлық персоналды, уақытша баспананың болу ұзақтылығы үшiн дизайнмен көзделген уақыт iшiнде көшiру үшiн мүмкiндiк болуға тиiс.
6.12. Байланыс құралдары
Мiндеттi тапсырмалар
6.12.1. Теңiз қондырғысы мен Мердiгердiң жағадағы қолдау қызметтерi арасындағы байланыс үшiн персонал басқаратын тұрақты жұмыс iстейтiн және сенiмдi байланыс құралдары болуға тиiс.
6.12.2. Мердiгер радиожиiлiктi пайдалану үшiн Көлiк және коммуникациялар саласындағы орталық атқарушы органнан тиiстi рұқсат алуға тиiс.
Ең аз талаптар
6.12.3. Байланыстың барлық құралдары оны пайдалану жағдайларында ұдайы және сенiмдi байланысты қамтамасыз етуге тиiс. Атмосфералық жағдайлар әсер ететiн жүйелерiн, осындай әсер өтпейтiн байланыстың балама жүйелерi болған жағдайда пайдалануға жол берiледi.
6.12.4. Персонал тұрақты болатын теңiз қондырғысында және жағадағы қосалқы қызметтерде теңiз және авариялық тұрақты жұмыс iстейтiн байланыс арналарының тәулiктiк мониторингi жүзеге асырылуы тиiс.
6.12.5. Тiк ұшақ алаңдарымен жабдықталған теңiз қондырғыларда теңiз кемелерiн қамтамасыз етуге арналған радиомаяктар болуға тиiс.
6.12.6. Теңiз операцияларын қолдау үшiн пайдаланылатын теңiз және әуе кемелерi радиомаяктан белгi қабылдайтын тиiстi қабылдағыштармен жабдықталуға тиiс.
6.12.7. Персонал тұрақты болатын объектiде барлық қызметкерлермен байланыс үшiн дауыс зорайтқыш байланыс жүйесi орнатылуы тиiс.
6.12.8. Барлық байланыс құралдары өзiнiң мақсатына сәйкес болуға, мұның өзiнде оларды жобалау, орнату, пайдалану және техникалық қызмет көрсету қолданылып жүрген республикалық немесе халықаралық стандарттарға немесе олардың баламалардың сәйкес болуға тиiс.
7.0. Геофизикалық операциялар
7.1. Сейсмикалық барлау
Мiндеттi тапсырмалар
Сейсмикалық барлау жөнiндегi барлық операциялар белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiлуге тиiс (9), (10).
7.2. Каротаждық жұмыстар
Мiндеттi тапсырмалар
7.2.1. Өнiмдi қабатты ашқан скважинадағы каротаждық кабельдiң көмегiмен жүргiзiлетiн барлық операциялар ең кемiнде бiр сальниктiк клапаны бар лубрикаторды пайдалана отырып жүргiзiлуге тиiс.
7.2.2. Лубрикатор скважинаның сағасында күтiлетiн барынша көп қысымға престелуге тиiс.
7.2.3. Геофизикалық зерттеулер үшiн пайдаланылатын радиоактивтiк материалдарды сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
7.2.4. Радиоактивтiк көздермен тек радиоактивтiк көздермен жұмыс iстеуге рұқсаты бар бiлiктi персонал ғана жұмыс iстей алады, мұның өзiнде алдын ала және бақылаудың тиiстi шаралары қолданылуы тиiс.
7.2.5. Барлық радиоактивтiк материалдар пайдаланылмаған кезде арнайы қорғалған, жеке тұратын, саңылаусыз және батпайтын контейнерлерде сақталуға тиiс.
7.3. Скважиналардағы жарылыс жұмыстары мен перфорациялау
Мiндеттi тапсырмалар
7.3.1. Жарылыс материалдары пайдаланылатын барлық операциялар "Жұмыстарды жүргiзуге рұқсат" жүйесiне сәйкес орындалуға тиiс.
7.3.2. Жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. (11).
7.3.3. Мердiгер жарылғыш заттарды пайдаланылатын қызметтiң барлық түрлерiне Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарының бөлiгi болып табылатын рәсiмдер (нұсқаулар) әзiрленуi тиiс.
Ең аз талаптар
7.3.4. Жарылғыш заттар мен детонаторларды тасымалдауды және сақтауды жеке контейнерлерде жүзеге асыру қажет.
7.3.5. Жарылғыш заттармен және тиiстi жабдықтармен де арнайы оқытылған персонал ғана жұмыс iстей алады.
7.3.6. Колонналарды перфорациялау жөнiндегi жұмыстарды өндiру фонтанға қарсы қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып жүргiзiлуге тиiс. Пластқа депрессиямен бiрге перфорациялау белгiленген және тиiстi қысымға престелген фонтандық арматурада және сағасын тиiстi түрде байлағанда жол берiледi. ӘҚҚ-ыны немесе перфоторлық ысырманы және лубрикаторды пайдаланып, репрессиямен бiрге перфорациялауға жол берiледi. Кез-келген жағдайда скважинаны басуға, бiрақ скважинаның көлемiнен 2 еседен кем емес бұрғылау ерiтiндiсiнiң запасы болуға тиiс.
7.3.7. Арнайы алаңдарда орнатылған жылжымалы контейнерлерде ату-жарылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде теңiз қондырғысында жарылғыш заттарды уақытша сақтауға жол берiледi. Алаң елеулi өрт жағдайына контейнерлердi теңiзге авариялық тастау үшiн арнайы құралмен жабдықталуы тиiс.
8.0. Скважинаны бұрғылау, аяқтау жөніндегі операциялар
мен техникалық қызмет көрсету
8.1. Жалпы талаптар
Мiндеттi тапсырмалар
8.1.1. Мұнаралар, мачталар, мұнара астындағы негiздер мен тиiстi жабдықтар өзiнiң мiндеттерiне сәйкес болуға және тау-кен техникалық қадағалау мен төтенше жағдайлардың жергiлiктi органында тiркелуге тиiс (28). Жабдықты таңдау, жобалау, орнату пайдалану мен техникалық қызмет көрсету ол пайдалану барысында душар болатын ықтимал жүктемеге сәйкес болатындай етiп жүзеге асырылуы тиiс.
8.1.2. Мердiгер скважиналарды жоспарланған бұрғылау/жөндеу операцияларын жүргiзуге құрылыстың даярлығы туралы ақпаратты Ережелердiң 1.4.8-тармағына сәйкес атқарушы органның жергiлiктi органына табыс етуге мiндеттi.
Ең аз талаптар
8.1.3. Мұнаралар, мачталар, мұнара астындағы негiздер мен тиiстi жабдықтар жылдың белгiленген уақыты мен операцияларды жүргізу орны үшiн теңiз, метеорологиялық және мұз жағдайларына шыдауы тиiс.
8.1.4. Скважиналарды бұрғылау/жөндеу үшiн қондырғылар мен тиiстi жабдықтарды платформаға немесе бiр платформада бiр скважинадан екiншiсiне дейiн жылжыту қауіпсiз тәсiлмен жүргiзілуге тиіс. Көмiрсутегiнiң фонтандық өндiруi жүргiзiлiп жатқан бiр учаскеде орналасқан барлық скважиналардың аузы олардың үстiнен жүк жылжытудан қорғалуы тиiс.
8.1.5. Барлық бұрғылау скважиналарындағы бұрғылаушының басқару пультi лебедканың, бұрғылаушының автоматтық кiлттiң (БАК) және көтерiлген сыналары кезiнде ротордың кездейсоқ қосылуының алдын алу жөнiндегi қондырғымен жабдықталуы тиiс.
8.1.6. Бұрғылау ерiтiндiсiнiң желiсi, қадауша, шланг пен жетекшi труба насостың барынша көп ықтимал жұмыс қысымына престеумен сыналады. Бұрғылау насосында насостың двигателiн автоматты түрде ажырату қондырғысы мен жұмыс қысымымен 10%-15%-ке асатын айдайтын қысым өскен кезде әрекет ететін қысымды автоматты түрде төмендетудiң алдын алатын қондырғы болуға тиiс.
8.2. Түсiру-көтеру операциялары (ТКО)
Мiндеттi тапсырмалар
8.2.1. Мердiгер ТКО жүргiзу кезiндегi қауiпсiз жұмыстың: бұрғылау трубаларын көпiршелерден бұрғылаудың еденiне (және керi), бұрғылау шырақтарының шам қойғыштардан беру (және керi), пневматикалық және механикалық кiлттердiң көмегiмен бұрандалы қоспаларды нығайту және босату және басқа да жұмыстардың, сондай-ақ ТКО-ын шектеулi көруге мүмкiншiлiк жағдайларында, қатты жел немесе аяз кезiнде және басқа да қолайсыз ауа-райы жағдайларында жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлеуге тиiс.
Ең аз талаптар
8.2.2. Скважина бұрғылауға арналған барлық қондырғылар кронблокка таль блогының кiруiнiң алдын алатын (кiруге қарсы қондырғы) және мұнараға немесе таль жүйесiне жүктеменi шектеушi қондырғымен жабдықталуға тиiс. Кiруге қарсы қондырғыны тексеру апта сайын, сондай-ақ түсiру-көтеру операциялары (ТКО) алдында жүргiзу қажет.
8.2.3. Мұнай-газ-су көрiнуiнiң алдын алу үшiн бұрғылау трубаларының колонналарын көтеру Бұрғылау бағдарламасына (технологиялық тәртiпке) сәйкес жүргiзiледi.
8.2.4. Мұнараның шам қойғышына орнатылатын бұрғылау трубаларының шырақтары құлаудан сақтандыру қажет. Шырақтар ұзындығының 0,75 метр айырмасында жоғарыдағы жұмысшының жылжымалы бесiгi пайдаланылуы тиiс. Жоғарыдағы жұмысшыға монтаждық белдiксiз жұмыс iстеуге тыйым салынады.
8.2.5. Көтергiш жабдықты (таль блогын, iлгек-блокты, строптарды, таль арқанын, элеваторларды, спайдарлердi және т.б.) профилактикалық тексеру ең кемiнде айына бiр рет және жасаушы зауыттың пайдалану жөнiндегi нұсқауына сәйкес жүргiзiлуге тиiс және тексерудiң қорытындылары журналға енгiзiлуге тиiс.
8.2.6. Тальдiң арқаны ТКО-ының саны мен iлгекке түсетiн жүктемеге байланысты кезең-кезеңмен созылуға тиiс. Таль арқанын қайта жарақтандыру кезеңдiлiгi таль жүйесi жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
8.3. Авариялық ажырату жүйелерi
Ең аз талаптар
8.3.1. Бұрғылау қондырғыларында бұрғылау пультiнiң немесе скважинаға қызмет көрсету жөнiндегi оператордың станциясының жанында, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда авариялық есiктердiң жанында электр жабдықтары мен ДВС-iн авариялық ажырату жүйесi орнатылуға тиiс.
8.3.2. Қауiптi аймақта орнатылған дизель агрегаттары, олар айналымдардың жол берiлген санынан асқан жағдайда двигательдi автоматты ажыратуға арналған құрылғымен жарақтандырылуы тиiс.
8.4. Тастауға қарсы жабдықтар жүйесi мен оның құраластары
Мiндеттi тапсырмалар
8.4.1. Бұрғылау, айдау, техникалық қызмет көрсету және скважиналарды жөндеу кезiндегi ашық фонтандаудың алдын алу үшiн халықаралық стандарттарға жауап беретiн (12) тастауға қарсы (ТҚЖ) жабдық орнатылуға тиiс. Кигiзбе колонна кондукторды цементтегеннен кейiн ТҚЖ скважинаны тиiмдi бақылай алатындай етiп скважинаны сенiмдi нығайтуға тиiс.
8.4.2. Кондукторды цементтегенге және ТҚЖ орнатқанға дейiн метан газының бақылаусыз тастауын болдырмау үшiн шағын тереңдiкте бұрғылау кезiнде сағаға орнатылатын ауытқушы пайдаланылуы тиiс.
8.4.3. ТҚЖ скважинадағы басым геологиялық-техникалық ережелерге сәйкес болуы тиiс.
Ең аз талаптар
8.4.4. ТҚЖ-ыны тым төмен немесе жоғары қабаттық қысым сияқты белгiлi немесе күтiлетiн қабаттық жағдайларды, күкiрттi сутектiң және басқалардың болуын ескере отырып Скважинаны бұрғылау жобасы белгiленедi.
8.4.5. Бұрғылауды, жөндеудi және скважинаға қызмет көрсетудi жүргiзетiн персоналдың, олардың скважинаны бақылау және ТҚЖ-ымен жұмыс iстеу тәжiрибесi болуын растайтын сертификаттары болуға және әр екi жыл сайын қайта дайындықтан өтуге тиiс. Сертификаттау халықаралық нормалар бойынша өтуге тиiс.
8.4.6. Бұрғылау жабдығының бастапқы монтажынан кейiн және цемент көпiрлерiн бұрғылаудан бұрын кигiзбе колонналардың саңылаусыздығын тексеру және ТҚЖ-ының әр торабын қысыммен престеп тексеру қажет, ол бұрғылау жобасына, ТҚЖ-ының технологиялық тәртiптерi мен паспорттық сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. Қысыммен сынау құжатпен ресiмделедi және сынаулардың нәтижелерi бақылау үшiн Мердiгерде скважинаны салудың барлық кезеңi iшiнде ықтимал тексерулер үшiн сақталады. Фланец қоспаларының саңылаусыздығы ТҚЖ-ын әр монтаждаған сайын қысыммен тексерiледi.
8.4.7. Әр ТКО аяқталғаннан кейiн ТҚЖ көзбен шолып (сырттан қарау) және функционалды (ашып-жауып) тексерiледi. Мұндай тексеру тәулiгiне бер реттен артық емес жүргiзiледi. Тексеру нәтижелерi вахталық журналға енгiзiледi.
8.4.8. ТҚЖ ең кемiнде мыналардан тұрады:
Жерүстi ТҚЖ: труба қыстырмалары бар екi превентордан, бiр әмбебап превентордан (ӘП), тұйық (қиятын) қыстырмалардан және екi гидравликалық ысырмадан, керi және шарлы клапаны бар бағыттаушы трубадан тұрады.
Егер әртүрлi диаметрдегi трубалардан бұрғылау колоннасы қолданылған жағдайда, жоғарыда аталған жабдықтарға бiр превентордың қуысына монтаждалған әртүрлi диаметрдегi немесе ең үлкен және ең шағын бұрғылау колоннасы үшiн екi қыстырма превенторлардан тұратын труба қыстырмалары қосылады.
Жерасты ТҚЖ: жоғарыда аталған жерасты құрылғыларына екiұдай басқарылатын, оның iшiнде автоматтықтан тұрады.
Күрделi географиялық жағдайларда бұрғыланатын скважиналар үшiн (Н 2 S және АВПД қолданылып жүрген талаптарға сәйкес қиятын қыстырмалары бар превентор көзделуге тиiс (13).
8.4.9. ТҚЖ сөндiретiн және дросселдейтiн қырлармен байланады, олар өз кезегiнде жұмыс қысымына престелуге тиiс.
8.4.10. ТҚЖ-ының дистанциялық басқарудың көмекшi пультi ТҚЖ-ын басқару жөнiндегi бұрғылаушының пультiне қосымшаға түзiк жағдайда және көрiнетiн, оңай қол жететiн жерде орналасуы тиiс.
8.4.11. Бұрғылау орнының еденi астында орнатылған қыстырма превенторлардың қолмен жабатын штурвалдары металл қалқандармен жабдықталуға тиiс.
8.5. Бұрғылау ерiтiндiсiн өңдеу
Мiндеттi тапсырмалар
8.5.1. Мердiгер бұрғылау ерiтiндiсiн өңдеу, өндiру және айналу жөнiндегi тәртiптердi әзiрлеуге тиiс, олар өзiнiң реологиялық қасиеттерi бойынша күтiлетiн жерүстi және қабаттағы жағдайларға сәйкес тұрақты бұрғылау ерiтiндiсiн алуға мүмкiндiк беруге тиiс.
8.5.2. Бұрғылау ерiтiндiсiнiң жүйесi ағынды судардың және бұрғылау шламының жүйесiмен бiрге тұйық болуға, ол қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына жауап беруге тиiс.
Ең аз талаптар
8.5.3. Бұрғылау ерiтiндiсiнiң дегазаторы бұрғылау басталғанға дейiн бұрғылау ерiтiндiсiнiң айналу жүйесiнде орнатылуға және скважинаны бұрғылау барысында пайдаланылуы тиiс.
8.5.4. Мердiгер бұрғылаудың барлық кезеңiнде бұрғылау ерiтiндiсiнiң параметрлерiн өлшеу үшiн тиiстi бақылау-өлшеу жабдықтарымен қамтамасыз етуге тиiс. Бұрғылау ерiтiндiсiнiң талдаулары тиiстi халықаралық стандарттармен танылған қазiргi бар әдiстемелерге және технологиялық тәртiптерге сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
8.5.5. Мердiгер бұрғылау қондырғысының алаңында орнатылған индикаторлары бар бұрғылау ерiтiндiсiнiң мониторингi үшiн тиiстi жабдық орнатуға тиiс, ол көзбен шолу және дыбыспен дабыл беру жүйелерi бар ерiтiндi мөлшерiнiң өзгеруiн айқындауға арналған бұрғылау ерiтiндiсiнiң индикаторынан, бұрғылау кезiнде бұрғылау ерiтiндiсiнде ерiтiлген газдардың құрамына бақылау жасайтын, көзбен шолу және дыбыспен дабыл беру жүйелерiмен жарақтандырылған газанализаторлары тұруға тиiс.
8.5.6. Қауiптi шоғырлануда газ жиналуы мүмкiн айналым жүйесiнiң учаскелерi желдетiлуi және газ өлшеу құрылғыларымен жарақтандырылуы тиiс.
8.5.7. Күкiрттiсутектiң болуы күтiлсе, Н 2 S-ының жабдыққа әрекетiн төмендету үшiн бұрғылау бағдарламасы ингибиторлардың, жұтқыштардың, дегазаторлардың және басқа химиялық реагенттер мен құрылғылардың пайдаланылуын көздеуге тиiс.
8.5.8. Мұнай негiзiндегi ингибирленген, эмульсиялық ерiтiндiлердi пайдалану кезiнде жұмыс орындарын ластаудың және ауа ортасының газданудың алдын алу жөнiндегi шаралар қолданылуы тиiс. Жұмыс аймағының ауасындағы күкiрттiсутектiң жиынтық шоғырлануы 300 мг/с3-тен кем болмауға тиiс.
8.6. Жаттығу дабылдары
Мiндеттi тапсырмалар
8.6.1. Жаттығуға қатысатын персонал кез-келген төтенше жағдайларға тез және дұрыс әрекет етуге дайын болуға тиiс. Әр штаттан тыс жағдайдың алдындағы нұсқаулық әр жаттығатын командамен жүргiзiлуге тиiс.
8.6.2. Жаттығу дабылдары ең кемiнде аптасына бiр рет әр топ үшiн жүргiзiлуге тиiс.
8.6.3. Жаттығу дабылдарын жүргiзу кезiнде нақты жағдайға мүмкiндiгiнше жақын болуға тиiс тастаулардың алдын алуды пысықтау қажет, бiрақ олардың кестесi мен тәртiбi әдеттегi технологиялық процестi жүргiзуге кедергi болмауға немесе оны өзгертпеуге тиiс.
8.6.4. Жаттығу дабылдарының нәтижелерiн персоналмен талқылау қажет. Жаттығулардың нәтижелерi бұрғылау жөнiндегi жылсайынғы есепке енгiзiлуге тиiс.
8.7. Скважиналарды консервациялау және жою
Скважиналарды консервациялау және жою жөнiндегi жұмыстар Скважиналарды салуға арналған техникалық жобаға және Қазақстан Республикасының теңiзiнде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi құрылыстың техникалық ережелерiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
8.8. Радиоактивтiк көздердi жою
Мiндеттi тапсырмалар
8.8.1. Мердiгер скважинада радиоактивтiк көзi бар аспапты жоғалтқаны туралы оны iздеу және алу жөнiндегi әрекет басталғанға дейiн тиiстi бақылаушы органдарын хабардар етуге тиiс. Мердiгер көздi табу және алу үшiн барлық күшiн салуға тиiс.
8.8.2. Радиоактивтiк көз техникалық себептермен алынбауы мүмкiн скважина оқпанының бөлiгi көз механикалық түрде бұзылуы мен бұрғылау ерiтiндiсi мен қабаттық флюидтi радиоактивтiк ластаудың алдын алу мақсатында қалған оқпаннан сенiмдi түрде оқшаулануы тиiс.
9.1. Скважиналарды сынау, қарқындату
9.1.1. Скважиналарды сынау кезiнде қолданылатын барлық жабдық тағайындалуына сәйкес келуге және жоспарланған пайдалану үшiн сертификатталған болуға тиiс.
9.1.2. Құрамында күкiрттiсутек бар скважиналарды сынау кезiнде скважинаны сынау жөнiндегi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы оларды бастамастан 2 тәулiк бұрын тиiстi жергілiктi бақылаушы орындарды хабардар ету қажет.
9.1.3. Мердiгер скважинаның кигiзiлген және кигiзiлмеген оқпандарын сынау кезiндегi өзi әзiрлеген қауiпсiздiк нұсқауларын сақтауы тиiс, олар Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi жоспардың ажырамас бөлiгi болып табылады.
9.1.4. Қабатты сынаушымен немесе колоннаны перфорациялап, кейiннен құйылуды болдырумен скважинаны iске қосу тәулiктiң жарық уақытында жүргiзiлуге тиiс. Құйылуға арналған зерттеулердiң қалған бөлiгi жеткiлiктi табиғи жарық болғанда тәулiктiң қараңғы уақытында жүргiзiлуi мүмкiн.
9.1.5. Сынау жөнiндегi операциялар "Жұмыс жүргiзуге рұқсат беру" жүйесiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
Ең аз талаптар
9.1.6. Сағадағы жабдықтар (ТҚЖ немесе тиектi арматура), манифольдi блок, штуцер батареясы, лақтыру желiлерi, сепараторлар мен басқа элементтер сағадағы күтiлетiн қысымға престелуге тиiс.
9.1.7. Фонтандаған скважинаның жұмысын бақылау үшiн құбыр сыртындағы және құбырдағы кеңiстiкте манометрлер, сондай-ақ қабаттық флюидтiң шығынын көрсететiн аспаптар орнатылуға тиiс.
9.1.8. Қатты аяздар кезiнде сағадағы кигiзулерге мұз қатпау үшiн жоғары тепературада қататын немесе газконденсат скважиналарының өнiмiнде су жоғары кезде мұнай өндiруде скважиналарды жылыту бумен немесе ыстық сумен жүргiзiлуге тиiс.
9.2. Қарқындату
Мiндеттi тапсырмалар
9.2.1. Қарқындату жөнiндегi операциялар (гидроайыру, қышқылмен өңдеу) кезiнде пайдаланылатын барлық жабдық белгiленген мiндеттерге сәйкес болуға және жоспарланған пайдалану үшiн сертификатталған болуға тиiс.
9.2.2. Қысыммен жұмыс iстейтiн барлық жабдық жоспарланған жұмыстар үшiн күтiлетiн жұмыс қысымынан асатын барынша көп қысымға тексерiлуi тиiс.
9.2.3. Қарқындату жөнiндегi барлық операциялар "Жұмыс жүргiзуге рұқсат беру" жүйесiне сәйкес жүргізiлуге тиiс.
9.3. Айдайтын скважиналар
Мiндеттi тапсырмалар
9.3.1. Айдайтын скважиналар Жобаға сәйкес кигiзбе трубалардың колонналарымен кигiзiлуi және цементтелуi тиiс.
9.3.2. Скважинаның сағасы скважинаның колоннадан тыс кеңiстiгi үшiн қысымды реттеу ысырмаларымен жарақтандырылуға тиiс.
9.3.3. Мердiгер айдалатын қысым мен әр айдалатын скважинаның айдау дебитiне ең кемiнде ай сайын бақылау және тиiстi жазба жүргiзуге тиiс.
10. Мұнай мен газды өндiру процесi және жабдыққа қойылатын талаптар
Мiндеттi тапсырмалар
10.1. Мердiгер өндiру үшiн қажет жабдықты жобалауды, орнатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетудi, сондай-ақ оны пайдалану және адамдар мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгі мен қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында көзделген табиғи жағдайларда оны сынауды қамтамасыз етуге тиiс. Жарылу қаупi аса жоғары газ қоспалары жиналуы мүмкiн технологиялық процестер үшiн жарылуға қауiптi ортаның және жұмыстың барлық режимiнде процесс параметрлерiнiң жол берiлетiн мағыналарының тәртiппен көзделгеннен ауытқу кезiндегi басқа да авариялық жағдайлардың пайда болуының алдын алатын және қауiпсiз тоқтату мен процестi қауiпсiз жағдайға көшiрудi қамтамасыз ететiн авариялық қорғаныстың автоматтық жүйелерi көзделуге тиiс.
10.2. Қауiпсiздiктiң жерасты құрылғылары
Мiндеттi тапсырмалар
10.2.1. Табиғи фонтандану учаскелерiнде орнатылған лифт трубаларының барлық колонналары төтенше оқиғалар туындаған кезде фонтандануды тоқтататын қауiпсiздiктiң тереңдiктегi автоматтық құрылғыларымен жарақтандырылуға тиiс.
10.2.2. Клапандар скважинада өндiрiлетiн сұйықтармен газдардың түрлерiне сәйкес келуге және олардың жұмыс қысымы скважинаны тоқтату кезiндегi сағадағы көзделген қысымнан жоғары болуға тиiс.
Ең аз талаптар
10.2.3. Қауiпсiздiктiң жерасты құрылғылары:
1) жердiң үстiнен реттелетiн қауiпсiздiк клапанынан; 2) тереңдiктегi автоматты қауiпсiздiк клапанынан; 3) айдайтын скважиналарда керi ағынның алдын алатын айдайтын клапаннан тұруы мүмкiн.
10.2.4. Мердiгер қауiпсiздiктiң жерасты құрылғыларын жобалау, орнату пайдалану және техникалық қызмет көрсету қазiргi бар республикалық немесе халықаралық стандарттарға немесе олардың баламаларына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге тиiс.
10.3. Қауiпсiздiктiң жерүстi құрылғылары
Мiндеттi тапсырмалар
10.3.1. Сепараторларды, тазартқыштарды, компрессорларды, коллекторларды және труба құбырларын қоса алғанда барлық өндiрiстiк қондырғылар белгіленген мiндеттерге және қауiпсiздiктiң негiзгi ережелерiне сәйкес жобалануы және пайдаланылуы тиiс.
Ең аз талаптар
10.3.2. Қысыммен немесе отпен жанасу кезiнде жұмыс iстейтiн барлық түбектердi қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар мен түбектер үшiн қабылданған қолданылып жүрген республикалық немесе халықаралық стандарттарға сәйкес жобалау, орнату, сертификаттау және техникалық қызмет көрсетудi жүргiзу қажет.
10.3.3. Қысымды тастау клапандарын жобалау, орнату және оларға техникалық қызмет көрсету қолданылып жүрген республикалық немесе халықаралық стандарттарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
10.3.4. Скважинаның сағасынан бiрiншi сақтандырғыш клапанға дейiнгi жетекшi манифольд скважинаның басындағы сағадағы қысымға сәйкес келуге тиiс. Адамдар бар объектiде орналасқан манифольдiдегi ағып кетудi табу үшiн қауiпсiздiктiң тереңдiктегi және сағадағы клапандарын жабуды реттейтiн газ детекторлары пайдаланылуы тиiс.
10.4. Өндiру кезiндегi қауiпсiздiк жүйелер. Сынау және тiркеу
Міндетті тапсырмалар
10.4.1. Негiзгi жұмыс параметрлерi мен жұмыстың алдыңғы нәтижелерiне сәйкес қысымды төмендетудiң клапандары мен сақтандырғыш жүйелерiн ұдайы тексерудi жүргiзу қажет.
Ең аз талаптар
10.4.2. Мердiгер қауiпсiздiктің әрбiр белгiленген жерасты және жерүстi құрылғысын сынау туралы жазбаларды қазiргi бар жағдайларды қоса алғанда оларды пайдаланудың барлық кезеңi iшiнде сақтауға тиiс.
11.0. Бастапқы шикiзат пен материалдарға қойылатын талаптар
Мiндеттi тапсырмалар
11.1. Мердiгер, олар пайдаланылатын тиiстi табиғи және өзге де жағдайларға сәйкес берiлетiн материалдарды пайдалануға тиiс.
Ең аз талаптар
11.2. Скважиналарды бұрғылау, аяқтау, күрделi жөндеу және өндiру кезiнде пайдаланылатын барлық труба материалдарын жобалауды, өндiрудi, техникалық қызмет көрсетудi және сынауды белгiленген тәртiппен жүзеге асыру қажет.
11.3. Материалдармен жұмыс iстеу, тасымалдау және сақтау тәртiбi
Мiндеттi тапсырмалар
11.3.1. Бұрғылау ерiтiндiсi, қосымшалар және өзге де химиялық немесе зиян заттар сияқты бұрғылау материалдарын пайдаланатын персонал жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу, осы материалдарды орналастыру жөнiнде нұсқау алуы тиiс. Персонал ықтимал қауiп туралы бiлуге және оның қажеттi ЖҚҚ болуға тиiс.
Ең аз талаптар
11.3.2. Зиян химиялық заттар өзге химиялық заттардан сондай-ақ бiр-бiрiнен бөлiнуге (тұтану қаупi) тиiс.
11.3.3. Қауiптi учаскелерде немесе олардың маңында тиiстi зиян жағдайларды көрсететiн графикалық түрде немесе жұмыс тілiнде орындалған ескертетiн белгiлер iлiнуге тиiс.
11.3.4. Газ баллондарын тасымалдау көтергiш құралдар ретiнде сертификаттауға және тексеруге жататын арнайы себеттердiң, арбашалардың немесе контейнерлердiң көмегiмен жүзеге асырылады.
11.3.5. Жанатын және сұйық газ бар баллондарды сақтау күн мен жаңбырдан сақтандырылған ашық учаскелерде жүргiзiледi.
11.3.6. Пайдаланылатын баллондардан басқа қысылған жанатын газ бар баллондар (пропан, ацителен және т.б.) оттегiнен бөлек сақталуға тиiс. Сақтау үшiн шарбақталған контейнерлер пайдаланылады, онда газ бар баллондар тiк қалыпта орналастырылады.
11.3.7. Адамдар тұрақты болатын кез-келген объектiде алғашқы медициналық пунктте объектiде пайдаланылатын барлық қауiптi химиялық заттардың тiзбесi, сондай-ақ терiге, көзге және ас қорыту және демалу органдарына түскен кезде оларды бейтараптандыру үшiн дәрi-дәрмектер болуға тиiс.
11.3.8. Мердiгер бұрғылау қондырғысының палубасына труба материалдары мен өзге де жабдықтарды жеткiзу кезiндегi қауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеуге тиiс, ол Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi жоспарға кiруге тиiс.
12. Суасты өндiрiстiк жабдық пен труба құбырларын салу,
пайдалану, жөндеу және бөлшектеу
Мiндеттi тапсырмалар
12.1. Суасты труба құбырларын салу, пайдалану, жөндеу және бөлшектеу белгiленген тәртiппен жүзеге асырылуға тиiс.
13. Тасымалдау
13.1. Мұзбен тасымалдау
Мiндеттi тапсырмалар
13.1.1. Мердiгер мұзбен тасымалдау үшiн қауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеуге және мұзбен тасымалдау үшiн оның тиiстi қауiпсiз жабдықтары болуға тиiс.
13.2. Теңiз тасымалдары
Мiндеттi тапсырмалар
13.2.1. Теңiз тасымалдарына байланысты барлық операциялар ҚР Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Теңiз және өзен регистрымен реттелетiн Қазақстан Республикасының теңiз тасымалдары жөнiндегi ережелерi мен тәртiптерiне сәйкес келуге тиiс.
Ең аз талаптар
13.2.2. Мердiгер теңiз тасмалдарының қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулар әзiрлеуге, онда персонал мен жүктердi тасу тәртiбi, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiндегi iс-қимылдар тәртiбi жазылуға тиiс.
13.2.3. Теңiз объектiсi көмекшi көлiк кемелерiн байлау үшiн айлақпен және персоналды қауiпсiз отырғызу немесе көшiру үшiн жоғары палубаға жететiн басқыштармен жабдықталуға тиiс.
13.3. Әуе тасымалдары
Мiндеттi тапсырмалар
13.3.1. Тiк ұшақпен және өзге де тасымалдармен байланысты барлық операциялар Көлiк, байланыс және коммуникациялар министрлiгi реттейтiн Қазақстан Республикасының тiк ұшақпен тасу жөнiндегi ережелерi мен тәртiптерiне сәйкес келуге тиiс.
Ең аз талаптар
13.3.2. Мердiгер Тiк ұшақпен тасымалдауға байланысты операциялардың жоспарын әзiрлеуге және енгiзуге тиiс. Осы жоспарда персоналдың жұмысы мен материалдарды берудiң тәртiбi, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiндегi iс-қимыл тәртiбi жазылуға тиiс.
13.3.3. Теңiз қондырғысына немесе одан тiк ұшақпен тасылатын барлық персонал қауiпсiздiк ережелерi бойынша ұшу алдындағы нұсқаулықтан өтуге тиiс.
13.3.4. Тiк ұшақтан су астына түсуге iс жүзiнде жаттығу теңiз объектiсiнде жұмыс iстейтiн персонал үшiн теңiзде тiрi қалу жөнiндегi оқу бағдарламасының бөлiгi болуға тиiс.
13.3.5. Мердiгер адамдар тұрақты болатын қондырғыдағы тiк ұшақ алаңында жақсы жаттықтырылған және жарақтандырылған өрт командасының болуын қамтамасыз етуге тиiс, мұның өзiнде осы команданың өрт костюмiн киген бiр мүшесi әр ұшу және қону кезiнде болуға тиiс. Көбiктi өрт сөндiргiш дереу пайдалану үшiн дайын болуға тиiс.
13.3.6. Адамдар тұрақты болатын теңiз қондырғысына тiкұшақтың қонуы мен ұшуы тiкұшақты отырғызу жөнiндегi диспетчердiң басшылығымен жүзеге асырылуға тиiс.
14.0. Сүңгуір жұмыстары
Мiндеттi тапсырмалар
14.1. Барлық сүңгуiр жұмыстары белгiленген тәртiппен жүргiзілуге тиiс (16).
14.2. Мердiгерде сүңгуiрлiк дистанциялық басқарылатын жабдықпен байланысты жұмыстардың жоспары болуға тиiс, ол Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жоспарына енгiзiлуге тиiс. Осы жоспарда суға түсу операциялары барысында персоналдың және жабдықтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн тәртiп жазылуға тиiс.
14.3. Барлық сүңгуiр жұмыстары "Жұмыс жүргiзуге рұқсат беру" жүйесiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
15. Күкiрттi сутек
Мiндеттi тапсырмалар
15.1. Күкiрттi сутек күтiлетiн құрылыстарда Мердiгер Н 2 S-пен жұмыс кезiндегi қауiпсiздiк жөнiндегi профилактикалық шаралар мен нұсқаулардың жоспарын әзiрлеуге және онда болуға тиiс, Жоспарда барлық қажеттi сақтық шаралары, сондай-ақ Н 2 S уытты әсерiнен қорғау және жабдықтар мен қоршаған ортаға күкiрттi сутектiң агрессивтi әсерiн кемiту үшiн қолданылатын шаралар айқын белгiленедi.
15.2. Осы тараудың талаптары өнiмiнде күкiрттi сутек бар скважиналарды салу және жөндеу кезiндегi кез-келген жұмыстарға да, сондай-ақ алаңдардағы оның болуы күтiлетiн бұрғылау жұмыстарына қолданылады.
15.3. Н 2 S-пен жұмыс кезiндегi профилактикалық шаралардың жоспары
15.3.1. Мердiгер әзiрлеген Н 2 S жұмыс кезiндегi профилактикалық шаралардың жоспарына қауiпсiздiк рәсiмдерi, жабдықтар, жаттығу және iс жүзiндегi сабақтар кiредi.
15.3.2. Күкiрттi сутектiң көп шығуына байланысты төтенше оқиға туындаған жағдайда оқиғадан кейiнгi бiр сағат iшiнде Төтенше жағдайлар жөнiндегi бақылаушы органдарды хабардар ету қажет.
15.3.3. Жұмыс аймағының ауасындағы Н 2 S шоғырлануын айқындау қажет, одан асып 3 мг/текше метрше тең ПДҚ-дан асқанда әрекет жасаудың және қорғаныс жабдықтарын пайдаланудың барабар шараларын қолдану қажет.
15.4. Н 2 S-тiң әсерiне шалдығатын жабдық
15.4.1. Егер күкiрттi сутектiң болуы күтiлетiн болса, Мердiгердiң коррозияға төзiмдi орындаудағы сульфидтi шытынаудың алдын алатын ТҚЖ, сағалық және басқа технологиялық жабдықтары мен трубалары болуға тиiс.
15.4.2. Қондырғыда автоматты тұтанғышпен жарақтандырылған шырақты желi немесе ұдайы қосылған жанарғысы болуға тиiс.
15.5. Н 2 S-тiң мониторингi
Негiзгi тапсырмалар
15.5.1. Объектiде Н 2 S-тiң мониторингi мен табу жүйесi болуға тиiс, ол ауадағы күкiрттi сутектiң шоғырлануы 0,5 ПДК жеткенде бүкiл объект бойынша дыбысты және көзбен шолатын белгi бередi.
Ең аз талаптар
15.5.2. Күкiрттi сутектiң болуы күтiлетiн объектiде ең кемiнде ТҚЖ науамен қосатын құндақта, дiрiлдек елеуiште, бұрғылау ерiтiндiсiн тасымалдау және сақтау учаскелерiнде, бұрғылаушының пультiнде, желдеткiш жүйесi үшiн ауа жинайтын учаскесiнде, сондай-ақ газ шығуы ықтимал саға жабдықтарының, манифольдтердiң, қысыммен жұмыс iстейтiн процессорлық жабдықтардан орналасқан Н 2 S-тiң станционарлық датчиктерi болуға тиiс. Басқа нашар желдетiлетiн немесе жабық учаскелердегi жұмыс кезiнде персонал Н 2 S-тiң жылжымалы газанализаторлармен қамтамасыз етілуге тиiс.
15.5.3. Объектiде Н 2 S-тi табудың негізгі жүйесi қатардан шыққан жағдайда пайдаланылуға дайын H 2 S-ті табу жөнiндегi жылжымалы аспаптар болуға тиiс. Н 2 S-тiң шоғырлануы 50 ПДК-ден асатын сұйықты өңдеу жөнiндегi учаскелерде жұмыс iстейтiн персоналда көмiрсутегi газдардың немесе күкiрттi сутектiң шоғырлануы газ қоспасының жарылыс шоғырлануынан ең аз мағынасынан 20%-ке жақындаған кезде дыбыспен және жарықпен белгi беретiн жеке датчиктерi болуға тиiс.
15.6. Н 2 S-тен қорғанудың жеке құралдары
Мiндеттi тапсырмалар
15.6.1. Газдану жағдайларында жұмыс iстеуге тиiс барлық адамдар (күкiрттi сутектiң шоғырланудың деңгейi ПДК-ден асқанда) ауа жiберетiн шлангтi противогаздарда немесе демалу аппараттарында жұмыс iстеуге тиiс.
Ең аз талаптар
15.6.2. Скважинаның өнiмiнiң құрамында күкiрттi сутек бар объектіде жұмыс iстейтiн барлық персонал баллондарда қысымды ауа бар, персоналдың газданған аймақтан шығуы үшiн қажет, жұмыстың ұзақтылығы есептелген, өзiн-өзi құтқару демалу аппаратурасының жиынымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Персоналға сақал өсiруге тыйым салынады, бет тегiс қырылуы тиiс.
15.6.3. Күкiрттi сутекпен газдану жағдайларындағы жұмысты жалғастыру қажеттiгi болған жағдайда ауаны тұрақты түрде берiп тұруды қамтамасыз ету үшiн ауа коллекторларының, шлангтердің және маскалардың жүйесi болуға тиiс.
15.6.4. Н 2 S-пен жұмыс кезiндегi сақтық шараларына сәйкес көшiруге арналған барлық көмекшi кемелерде (теңiз кемелерi, тiк ұшақтар және т.б.) адамдарды орналастыру және ауаны тиiстi түрде қауiпсiз беру үшiн бөлiгi болуы тиiс. Көшiру кезiнде палубада жұмыс iстеуге мәжбүр персоналда демалу аппараттары да болуға тиiс.
15.6.5. Объектiде мыналардан тұратын қосымша қорғану жабдықтары 1) противогаз киген кезде қатынаста болу үшiн боры бар сынып тақталары; 2) анемометрлер; 3) сиреналар; 4) реанимациялық бөлiм; 5) құтқару арқандары мен байланатын қауiпсiздiк белдiктерi де болуға тиiс.
15.7. Н 2 S бар учаскелерде жүргiзiлетiн операциялар
Мiндеттi тапсырмалар
15.7.1. Бұрғылау учаскелерiнде Н 2 S шоғырланудың деңгейiнiң тұрақты мониторингi жүргiзiлуге, ал қорғаныс демалу аппараттары 1) құралды көтеру жүргiзiлгенде; 2) бұрғылау ерiтiндiсiн айналдыру жүргiзiлгенде; 3) цементтеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзілген кезде; 4) каротаждық жұмыстар мен перфорация өткiзiлгенде; 5) скважинаны сынау жүргiзiлгенде 30 секунд iшiнде пайдалануға дайын болуға тиiс.
1-қосымша
Ережелердiң мәтiнiнде сiлтеме келтiрiлген
нормативтiк-техникалық құжаттардың тiзiмi
1. Қазақстан Республикасында халықаралық, аймақтық және шет елдердiң ұлттық стандарттарын қолдану тәртiбi туралы. ПР РК 50.1.21-96
2. "Қайғылы жағдайларды тексеру және оның есебi туралы ереже..." ҚР Министрлер Кабинетiнiң 15.12.94, N 1414 P941414_ .
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды хабарлау мен мемлекеттiк есебiн жүзеге асыру тәртiбi туралы. Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 7 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының iшкi кеме жүзетiн жолдарындағы көлiк оқиғаларын жiктеу, тексеру және оның есебi туралы ереженi бекiту туралы. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1995 жылғы 26 шiлдедегi N 151 бұйрығы.
5. Стандарттау жөнiндегi Халықаралық Ұйым, N 13819-1 құжат, Мұнайгаз өндiрушi өнеркәсiп - Теңiз құрылыстары - 1-бөлiм: Жалпы талаптар, 1996. (ДВ N 8177).
6. Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдар, дамбалар мен құрылыстар және қондырғылар салу және оларды пайдалануға рұқсат беру тәртiбi мен жағдайлары туралы ережелер. 1996 жылғы 24 маусымдағы N 772 P960772_ қаулы.
7. Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым N 137 Б құжат Мұнай және газ өнеркәсiбi - Теңiз платформаларының жүйелерi - Өрттер мен жарылыстарды бақылау және шектеу үшiн функционалды талаптар мен ұсыныстар, 1996 (ДВ N 8178)
8. Мұнай өнеркәсiбiндегi қауiпсiздiк ережелерi, 1995
9. Теңiз геофизикалық жұмыстарды жүргiзу кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi (ҚР Таукенқадағалаукомы, 1995)
10. Теңiз сейсмикалық зерттеулердi жүргiзу кезiнде жарылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқау (ҚР Таукенқадағалаукомы, 1996.).
11. Жарылыс жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережелерi. (ЖЖҚБЕ), Таукенқадағалаукомы, 1994.
12. Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым, N 10418 құжат, Мұнайгаз өнеркәсiбi - Теңiз пайдалану платформалары - Қауiпсiздiктiң саға жүйелерiн талдау, жобалау, орнату және сынау, 1993 (ДВ N 81179).
13. Құрамында күкiрттi сутек және басқа да зиян және агрессивтiк заттар бар кен орындарында скважиналар салу кезiнде газмұнай көрiнудiң және ашық фонтандардың алдын алу жөнiндегi уақытша нұсқау. 1988
14. Мұнай және газ скважиналарын жою тәртiбi туралы ереже (02.06.95 N 63/121-п).
15. Мұнай операцияларына жататын жерасты труба құбырларын, электр берiлiсi мен байланыстың жерасты желiлерiн салу, төсеу, пайдалану және жөндеу кезiнде қауiпсiздiк техникасы мен қоршаған ортаны қорғау ережелерi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 732 қаулысы.
16. Сүңгуiр жұмыстарында еңбек қауiпсiздiгiнiң бiрыңғай ережелерi 1.06.062-94
17. Жүзетiн бұрғылау қондырғыларына арналған санитарлық ережелер 1.06.061-94
18. Мұнай өнеркәсібiне арналған санитарлық ережелер 1.06.061-94.
19. Теңiз флотының кемелерiндегi жасанды жарықтың нормалары.
20. 12.1.003-83 - ГОСТ "Шудан қорғану құралдары мен әдiстерi"
21. 2874-82-ГОСТ "Ауыз су. Гигиена талаптары мен сапасын бақылау"
22. Кемелерден ластаудың алдың алу жөнiндегi халықаралық конвенция (МАРПОЛ-73-78)
23. Қазақстан Республикасының су кодексi K933000_ , 1993 жылғы 31 наурыз
24. "Еңбекшiлердi жұмыс орындарында ауаның ластануы, шу мен дiрiл әкеп соқтыратын кәсiби қауiп-қатерден қорғау туралы" Халықаралық Еңбек Конвенциясын бекiту туралы (ХЕҚ) 1977 жылғы N 148 Қазақстан Республикасының заңы.
25. "Лицензиялау туралы" Z952200_ Қазақстан Республикасының Заңы
26. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Z960019_ ҚР заңы
27. "Авариялық-құтқару қызметтерi мен құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы.
28. ҚР Yкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068 P971068_ қаулысымен бекiтiлген "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекциялар туралы ереже"
* Ескерту: Қазақстан Мұнай Ассоциациясы (ҚМА) мүшелерiнiң осы құжатты әзiрлеуге қатысуы, ҚМА тарапынан-ұйым ретiнде де, оның жекелеген мүшелерiнiң тарапынан да осы құжатта бар әр ережемен толық келiсуiн бiлдiрмейдi. Солай дей тұра Қазақстан Мұнай Ассоциациясы Қазақстанның теңiз аумақтарын барлауды және игерудi уақтылы жүргiзу және нормативтiк негiздi қамтамасыз ету мақсатында және келешектегi түрлендiрулер мен нормативтiк реттеудi жетiлдiру базасын жасау үшiн осы құжатты қабылдауды ұсынады.