Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережені бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 16 тамыздағы N 256 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 894. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 223 қаулысымен.

      Кредиттік серіктестіктер қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ереже Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Шарипов С.П.) Банктік қадағалау департаментімен бірлесіп (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
      3. Банктік қадғалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін екі апта мерзімде осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына осы қаулыны және бекітілген ережені кредиттік серіктестіктерге жіберуді міндеттей отырып жіберетін болсын.
      4. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.) кредиттік серіктестіктердің пруденциалдық нормативтерін есептеуді автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        1999 жылғы 16 тамыздағы
                                        N 256 қаулысымен бекітілген

Кредиттік серіктестіктерге арналған
пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті
басқа да нормалар мен лимиттер туралы
Ереже

     Осы Ереже банк заңдарына сәйкес жасалды және кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілейді.

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Кредиттік серіктестіктер қызметінің жалпы талаптарын, кредиттік серіктестіктер қызметінің құрылу және тоқтатылу тәртібін, олар жүргізетін банк операциялары және олардың қызметіндегі реттеу және бақылау ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) арнаулы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      2. Ұлттық Банк кредиттік серіктестіктердің осы Ережемен белгіленген пруденциалдық нормативтерін және басқа да сақталуға міндетті нормалары мен лимиттерін бақылап отырады.
      3. Кредиттік серіктестіктер пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді, осы Ережедегі арнайы келісілген жадғайларды қоспағанда келесі есеп беретін әр айдың бірінші күніне берілген деректерге есептейді.
      Ұлттық Банк қажет болған кезде пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді күн сайын қадағалау мақсатында кредиттік серіктестікті міндеттеуге құқылы.
      4. Кредиттік серіктестік осы Ереженің N 1 қосымшасында белгіленген нысан бойынша пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттер туралы Ұлттық Банкке ай сайын есеп берiлiп отырған айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей есеп беріп отырады.
      Ескерту: 4-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 435 қаулысымен .
      5. Кредиттік серіктестік Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар жарлығына сәйкес берілетін есептің дұрыстығына толық жауап береді.
      6. Кредиттік серіктестік акционерлердің меншік акцияларын номинал бағадан төмен емес, сондай-ақ осы сатып алу кез келген пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерің бұзылуына әкеліп соқпайтын жағдайларда ғана сатып ала алады.    

2-тарау. Пруденциалдық нормативтер

      7. Ұлттық Банк кредиттік серіктестіктер сақтауға міндетті мынадай пруденциалдық нормативтерді белгілейді:
      меншік капиталының ең аз мөлшері;
      левераж коэффициенті;
      бір заемшы үшін тәукелдің ең жоғары мөлшері;
      кредиттік серіктестіктермен ерекше қатынасы бар барлық заемшылар үшін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
      өтімділік коэффициенті.
      8. Левераж коэффициентін есептеу үшін қолданылатын меншік капиталы (МКкт) мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
      а) хабарланған шеңберде төленген жарғылық капиталы (3001 есепшот плюс 3025 есепшоты минус 3002, 3003, 3026, 3027);
      б) қосымша капитал (3101 есепшот);
      в) өткен жылдардың таза кіріс есебінен жасалған қорлар, резервтер, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (35106 3580 есепшот);
      г) ағымдағы жылдың кірісінің өткен жылғы шығыстан асып кетуі (3599 есепшоты);
      д) қайта бағалау бойынша резервтер (3540, 3561, 3581, 3585
есепшоттары);
      минус:
      ж) материалдық емес активтер (1659 есепшот минус 1699 есепшоты);
      з) өткен жылдардың шығындары (3580 есепшот);
      и) ағымдағы жылдың шығысының ағымдағы жылғы кірістен асып кетуі (3599 есепшоты);
      Кредиттік серіктестіктің меншік капиталының ең аз мөлшерін Ұлттық Банктің Басқармасы белгілейді.
      Ескерту: 8-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі     

              Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 435

               V991047_   қаулысымен.

     9. Левераж коэффициенті (PN1) кредиттік серіктестіктің меншік

капиталының оның таза активтер сомасына қатысы ретінде есептеледі. Левераж

коэффициентінің мәні 0,2-ден кем болмауы тиіс.

    

     PN1 =  МКкт

           ------

             ТА

    

     мұндағы МКкт - кредиттік серіктестіктің меншік капиталы;

     ТА - осы тармаққа сәйкес есептелетін кредиттік серіктестіктің таза

активтері;


      Кредиттiк серiктестiктiң таза активтерi (ТА) есептелген сыйақыларды (мүдделердi) (1705 және 1715 есепшоттарын алып тастағанда 1700 тобының есепшоттары) және төлемдер бойынша есеп айырысу сомаларын шегерiп тастағандағы баланстық есепке сәйкес кредиттiк серiктестiктiң барлық активтерiнiң сомасы ретiнде есептеледi.
      Ескерту: 9-тармақтың соңғы азат жолы жаңа редакцияда жазылды - ҚР
               Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 435
               V991047_  қаулысымен.
      10. "Бір заемшы" деген терминді кредиттік серіктестіктің алдындағы кез келген міндеттемелер, оның ішінде несие, овердравт, вексель, факторинг, форфейтинг, лизинг, жедел депозит немесе кредиттік серіктестіктің болашақта кредит беруге қабылдаған міндеттемесі (ағымдағы айдың және соңғы 2 айдың ішінде) бойынша борышқор (дебитор) болып табылатын әрбір жеке тұлға немесе заңды тұлға деп түсіну қажет:
      а) борышқорлардың бірі ірі қатысушы (акционерлік қоғамда немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікте), толық серігі (командиттік серіктестікте), басқаның қатысушсы болып саналса, не аффилирленген тұлға болып саналса;
      б) борышқорлар сонымен қатар олардың ірі қатысушы да (акционерлік қоғамда немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікте), толық серігі (командиттік серіктестікте) де, басқаның қатысушысы да болып саналса, не аффилирленген тұлға болып саналса;
      в) борышқорлардың бірі басқаға пайдалануға өзінің кредиттік серіктестіктен алған қаражатын кредитке алғаны жөнінде дәлел болған жағдайда; не олар кредиттік серіктестіктен алған қаражатын кредиттік серіктестіктің борышқоры болып саналмайтын сол үшінші адамға пайдалануға кредитке бірлесіп немесе жеке-жеке берген болса;
      г) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 1-тармағында белгіленгендей, мұндай борышқорлар, оның ішінде лауазымды адамның бірі қаржылық мүдде жөнінде бір-бірімен өзара байланысты болса;
      д) бірлескен қызмет туралы бір-бірімен өзара байланысты екі немесе одан да көп борышқорлар болса.
      Кредиттік серіктестіктің бір заемшысына тәуекел мөлшері (Р) кредит серіктестігінің бір заемшысының несие, овердрафт, вексель, факторинг, форфейтинг, мерзімі депозит және қаржы лизингі бойынша жиынтық қарызы плюс кредит тәуекелін әкелетін (құжаттамамен ресімделген, ағымдағы және одан кейінгі екі ай ішінде туындаған) осы заемшыға банктің баланстан тыс міндеттемелерінің сомасы, минус осы кредиттік серіктестік депозитіндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды, аффилирленген қымбат металдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктерін, сондай-ақ тізбесін Ұлттық Банк Басқармасы бекітетін, кез келген рейтинг агенттігінің "А" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және/немесе жеке рейтингі бар банктер мен қаржы ұйымдарының кепілдемесі заемшының міндеттемелері бойынша ақша түрінде қамтамасыз ету сомасы есептеледі.
      Несие беру, овердрафт, факторинг, форфейтинг, лизинг, векселді есепке алу кезінде бір заемшыға міндеттемелердің жалпы көлемі осы ережеде белгіленген шектеу шегінде болса, бірақ артынша кредиттік серіктестіктің меншік капиталының деңгейінің төмендеуіне байланысты көрсетілген шектеулер жоғарылатылса, кредиттік серіктестік бұндай факті жөнінде тез арада Ұлттық

Банкке хабарлауға тиіс.

     11. Кредиттік серіктестіктің меншік капиталына оның міндеттемелері

бойынша тәуекел (тәуекелдің ең жоғары мөлшері) мөлшерінің бір заемшыға

қатынасы 0,25-ден аспауы тиіс.

     12. Кредиттік серіктестіктермен ерекше қатынасы бар барлық заемшылар

бойынша тәуекел сомасы РN3, кредиттік серіктестіктің меншік капиталының

мөлшерінен аспауы тиіс.

     13. Өтімділік коэффициентіне жататындар:

     ағымдағы өтімділік коэффициенті (РN4);

     жалпы өтімділік коэффициенті (РN5).

     14. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (PN4) өтімділік активтерінің

талап ету міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі.

    

     PN4 = ӨА

          ----

           М

    

     мұндағы: ӨА - өтімділік активтері: (1001, 1002, 1003, 1050, 1051,

1151, 1152, 1153, 1154, 1155 есепшоттары);

     М - талап ету міндеттемелері (2203, 2211 есепшоттары), сондай-ақ

2229, 2552, 2870 есепшоттары, талап ету сомасына қатысты 2850 есепшоттары

тобы. 

      Ескерту: 14-тармақтың үшінші, төртінші азат жолдары жаңа редакцияда 

               жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының

               1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 435  V991047_   қаулысымен.

     15. Жалпы өтімділік коэффицинеті (PN5) өтімділік активтерінің таза

активтерге қатынасы ретінде есептеледі. Жалпы өтімділік коэффициентінің

мәні 0,25-тен аспауы тиіс.

    

     PN5 = ӨА

          ----

           ТА

    

     мұнда: ӨА - осы Ереженің 15-тармағына сәйкес есептелген өтімділік

активтері;

     ТА - осы Ереженің 10-тармағына сәйкес есептелген таза активтер.


      16. Кредиттік серіктестіктер өтімділікті бақылау мақсатында активтер мен міндеттемелер мерзімдерінің салыстыру кестесін жасайды (N 2 қосымша), сонымен бірге әр актив (міндеттеме) үшін ең аз мерзім береді, кредиттік серіктестік осы мерзім бойынша дебиторлар мен корреспонденттерден міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқы бар (кредиттік серіктестіктің кредиторлары мен депозиторлары кредиттік серіктестіктен міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқы бар).

     Егер кредиттік серіктестіктің өз кредиторлары мен дебиторларының

алдында мерзімі өткен міндеттемесі болатын болса, ондай кредиттік

серіктестік өтімділік коэффициенттерінің есептік мәніне қарамастан

өтімділік нормативтерін орындамаған деп саналады.

    

     3-тарау. Кредиттік серіктестіктер сақтауға міндетті нормалар

              мен лимиттер

    

     17. Ұлттық Банк кредиттік серіктестіктер сақтауға міндетті мынадай

нормалар мен лимиттерді белгілейді:

     резерв капиталының ең аз мөлшері;

     бланк кредиттері бойынша бір заемшы үшін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

     меншік акцияларын кепілге беру жөнінде шектеу қою (жарғылық

капиталдың

үлесі).


      18. Кредиттік серіктестіктің резерв капиталының ең аз мөлшері Ұлттық Банктің арнайы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиісті жіктеуге жатпайтын активтер сомасынан процентпен үлесін ала отырып белгіленеді. Резерв капиталының ең аз мөлшерін есептеу үшін процентпен үлес көлемін Ұлттық Банктің Басқармасы белгілейді.
      19. Бланк кредиттері бойынша бір заемшы үшін тәуекелдің ең жоғары мөлшері 0,1-ден аспауы тиіс.
      Кредиттік серіктестік заемшының банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын банктерден және ұйымдардан алған заем қаражаты

көлемін қоспағанда осы заемшының активтерінің орташа жылдық құнынан

аспайтын жалпы сомаға бір заемшыға бланк кредитін беруге құқы жоқ.

Заемшының активтерінің орташа жылдық құны есеп беретін жылдың басынан осы

кредитті алған күнге дейінгі кезең үшін есептеледі.

     20. Осы кредиттің міндеттемелері бойынша кредиттік серіктестіктің

қатысушысы болып табылатын кредиттік серіктестіктің қатысушысы (акционері)

10 %-тен артық акцияны (жарғылық капиталдың үлесі) кепіл ретінде беруге

құқығы жоқ.

    

     4-тарау. Қорытынды жағдайлар

    

     21. Ұлттық Банк жекелеген кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалдық

нормативтердің және басқа да нормалар мен лимиттерді есептеудің басқа да

тәртібін ерекше жағдайларда белгілеуге құқығы бар.

     22. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының

заңдарымен реттеледі.

    

     Қазақстан Ұлттық

     Банкінің Төрағасы

    

                          Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық

                          нормативтер және сақталуға міндетті басқа да

                          нормалар мен лимиттер туралы ережеге

                          N 1 қосымша

    

                Пруденциалдық нормативтер туралы

                             Есеп

    

                ________________________________

                (кредиттік серіктестіктің атауы)

     

                1999 "___" ______ жағдай бойынша

    

     1. PN1 левераж коэффициентін есептеу, мұндағы

     PN1 = МКкт/ТА (0,2 кем емес)

     PN1 = ___/___ = _______

     Нормативті сақтау: ИӘ/ЖОҚ

         

     2. PN2 бір заемшыға тәуекелдің мөлшерін есептеу, мұндағы

     PN2 = Р1 (МКкт-дан 0,2 кем емес)

     PN2 = ___

     Р1 = Заемшының атауы және _____ мың теңге берілген және өтелмеген

кредиттің сомасы

     Нормативті сақтау: ИӘ/ЖОҚ

    

     3. PN3 кредиттік серіктестіктермен ерекше қатынасы бар барлық

заемшылар бойынша тәуекел сомасын есептеу, мұнда

     PN3 = Р2 (МКкт кем емес)

     PN3 = ___

     Р2 = кредиттік серіктестіктермен ерекше қатынасы бар барлық адамдарға

берілген және өтелген кредиттердің жалпы

     мөлшері ________ мың теңге.

     Нормативті сақтау: ИӘ/ЖОҚ

    

     4. PN4 кредиттік серіктестіктің ағымдағы өтімділік коэффициентін

есептеу, мұндағы

     PN4 = ӨА/М (0,2 кем емес)

     PN4 = ___/___ = _______

     Нормативті сақтау: ИӘ/ЖОҚ

    

     5. PN5 жалпы өтімділік коэффициентін есептеу, мұндағы

     PN5 = ӨА/ТА (0,2 кем емес)

     PN5 = ___/___ = _______

     Нормативті сақтау: ИӘ/ЖОҚ

    

     6. PL1 Кредиттік серіктестіктің бланк кредиті бойынша бір заемшыға

тәуекелдің мөлшері, мұнда

     PL1 = Р/МКкт (0,2 кем емес)

     PL1 = ___/___ = _______

     Нормативті сақтау: ИӘ/ЖОҚ

     7. PL2 Кредиттік серіктестіктің кепілге қабылдаған акцияларының

(жарғылық капиталының үлесі) мөлшері, мұнда

     PL2 = ЖК/Кепіл (0,1 кем емес)

     PL2 = ____

     Нормативті сақтау: ИӘ/ЖОҚ

     Басқарманың Төрағасы(директоры)       _____________   (қолы)

     Бас бухгалтер                         _____________   (қолы)

     Атқарушы                              _____________   (қолы)         

           

     телефон_____________

                          

         

                          Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық

                          нормативтер және сақталуға міндетті басқа да

                          нормалар мен лимиттер туралы ережеге

                          N 2 қосымша

    

          Кредиттік серіктестіктердің активтері мен міндеттемелері

                    мерзімдерінің салыстыру кестесі

    

                    "____" _____________ ж.

                                                          мың теңге

------------------------------------------------------------------------- 

  

Мерзімі  !Талап ету!2 күннен!8 күннен!1 айдан!3 айдан!6 айдан! Жиынтығы

         !бойынша  !7 күнге !1 айға  !3 айға !6 айға !астам  !

         !         !дейін   !дейін   !дейін  !дейін  !       !

------------------------------------------------------------------------- 

  

ӨА

------------------------------------------------------------------------- 

  

М

------------------------------------------------------------------------- 

  

ӨА-М

------------------------------------------------------------------------- 

  

ӨА/М

------------------------------------------------------------------------- 

  

     

                                        

    

    

     Оқығандар:

          Омарбекова А.Т.

          Икебаева Ә.Ж.

                       

    

                

    

     

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады