Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің Бұйрығымен бекітілген 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Ережесіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 24 тамыз N 66. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 914.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254 "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Z980254_ Заңына және Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 Z980213_ "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкестендіру мақсатында,
      бұйырамын:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 V990913_ бұйрығымен бекітілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ережелер жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу процедурасын белгілейді және заңдарға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады".
      2. 1 бөлім 1-1 тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "Осы Ережелер қызметі міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуде, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес басқа органдармен немесе өзге тәртіпте жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу кезінде таралмайды".
      3. 2-бөлім алып тасталсын.
      4. 5-тармақ алып тасталсын.
      5. 6-тармақта: "меншік" деген сөз алып тасталсын.
      6. 5-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Объектілер және тіркеу орны".
      7. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әділет министрлігі тіркеу органдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу реестріндегі тіркеу объектісі, кепілі заң актілеріне сәйкес өзге тәртіпте жүргізілетін (тіркелетін), міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерінен басқа, осы Ережелермен бекітілген, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілі болып табылады.".
      8. 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте тіркелетін жылжымалы мүлік 
кепілі:
     1) Кепіл жөнінде шарт жасасқан жақ талабы немесе кепіл жағдайы 
көрсетілген өзге шарт бойынша;
     2) Егерде кепіл жөнінде шарт немесе кепіл жағдайы көрсетілген 
өзге шарт бойынша кепілдікте тұрған мүлікті келесі кепілге беруге
(қайта кепілдікке) беруге тыйым салынған болса тіркеледі.
     Осы Ережелермен бекітілген тәртіпте тіркелетін жылжымалы мүлік 
кепілін тіркеу:
     1) Кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, заңды тұлғаның тіркелген 
орны бойынша;
     2) Егерде кепіл беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер 
болған жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
     9. 11-тармақ алып тасталсын.
     10. 18-тармақ алып тасталсын.
     11. 24-тармақта: тармақшалар араб саны және жақшамен белгіленсін.
     
     Қазақстан Республикасының
     Әділет Министрі
     
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады