Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 44 Қаулы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 5 қазанда тіркелді. Тіркеу N 924. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317   қаулысымен .
________________________________

      Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бірмезгілде бағалы қағаздардың эмиттенттері болып табылатын жағдайларды назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Қаулы етеді: 
      1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20   қаулысымен  бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 ақпанда 683 нөмірмен тіркелген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
      52-тармақта: 
      "акционерлік қоғамдар туралы" деген сөздерден кейін "." (нүкте) тыныс белгісі ";" (үтірлі нүкте) тыныс белгісімен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұнды 8) тармақшамен толықтырылсын: 
      "8) акцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасының заңдарына және осы бағалы қағаздардың эмиссия проспектісіне (шығарылым шарттарына) сәйкес брокер-дилердің өз бағалы қағаздарын сатып алуы." 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін)" Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.     

       Комиссияның Төрағасы
      Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады