Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 3-қыркүйектегі N 1089 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 8 қараша N 1351 Бұйрық. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қосымшаға сәйкес кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын...
    

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнiң     
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 471 бұйрығына қосымша  

Күші жойылған кейбiр нормативтiк
құқықтық актiлер тiзбесi

     9. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1089 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 8 қарашадағы N 1351 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 991 болып тiркелген)...

-----------------------------------

     Алкоголь өнімін акциздік төлем маркілерімен таңбалау және акциздік төлем маркілерінің қозғалысына бақылау жасау, сондай-ақ акциздердің бюджетке уақтылы және толық түсу процесін жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
     1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1089 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
     1) "арақтар" сөзінің атауын "алкоголь өнімі" сөзімен алмастырылсын;
     2) 1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
     "1. Отандық өндірістің алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциздік төлем маркілерінде пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтарын келесідей етіп белгілеу тағайындалсын:
     0 л - 0,24 л;
     0,25 л;
     0,26 л және одан артығырақ.";
     3) 1-1. тармағы келесі мазмұнмен толықтырылсын:
     "1-1. Акциздік төлем маркілерінде пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтарын таңбалау белгіленсін:
     арақтар үшін 1999 жылдың 6 қыркүйегінен;
     күшті алкогольді ішімдіктер үшін 2000 жылдың 10 қаңтарынан.";
     4) 2 тармақта:
     "1999 жылдың 6-қыркүйегі" сөзі "осы бұйрықтың 1-1 тармағында көрсетілген мерзімдерде" сөзімен алмастырылсын";
     "арақтар" сөзі "алкоголь өнімдері" сөзімен алмастырылсын;
     5) 3-тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
     "пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтары көрсетілген акциздік төлем маркілерін алу үшін облыстар, Алматы және Астана қалаларының Салық комитеттерінен түсетін тапсырыстарды жинау қамтамасыз етілсін:
     арақтар үшін 1999 жылдың қыркүйек-желтоқсанына,
     күшті алкогольді ішімдіктер үшін 2000 жылға;".
     2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Әділет департаменті (К.А.Райханова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
     3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік министрлігінің Әкімшілік департаменті (С.К.Елшібеков) осы бұйрықты Салық полициясы комитетінің, Кеден комитетінің, Алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша Салық комитеттерінің бірінші басшыларына жеткізілсін.
     4. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.     

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады