БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын...
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 471 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбiр нормативтiк
құқықтық актiлер тiзбесi
8. "Отандық өндiрiстегi алкоголь өнiмi акциздiк алым маркiлерiмен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1089 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 896 болып тiркелген)...
-----------------------------------
Ескерту: Өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 1351 Бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №"Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін акциздік алым маркілерімен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 P991251_ қаулымен бекітілген акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін акциздік алым маркілерімен таңбалаудың тәртібіне сәйкес, акциз алым маркілерінің қозғалысын бақылауға алу мақсатында, бюджетке акциздердің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету үшін бұйырамын:
1. Отандық өндірістің алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциздік төлем маркілерінде пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтарын келесідей етіп белгілеу тағайындалсын:
0 л - 0,24 л;
0,25 л;
0,26 л және одан артығырақ.<*>
Ескерту: Бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 1351 Бұйрығымен .
1-1. Акциздік төлем маркілерінде пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтарын таңбалау белгіленсін:
арақтар үшін 1999 жылдың 6 қыркүйегінен;
күшті алкогольді ішімдіктер үшін 2000 жылдың 10 қаңтарынан.<*>
Ескерту: Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 1351 Бұйрығымен .
2. Осы бұйрықтың 1-1 тармағында көрсетілген мерзімдерде пайдаланылмаған, ыдыстарының градациясы белгіленбеген 1999 жылғы үлгідегі акциздік алым маркілері, отандық үлгідегі алкоголь өнімінің 0,26 литр және одан жоғары көлмедегі ыдыстарына пайдалануға жатқызуға болады. Отандық өндірістегі алкоголь өнімінің 1999 жылдың 6 қыркүйегіне дейін пайдаланылмаған, ыдыстарының градациясы белгіленбеген, 1999 жылғы үлгідегі акциздік алым маркілері 0,26 литр және одан төмен көлемдегі ыдыстарға желімделгендер кедергісіз сатылуға жатады.<*>
Ескерту: Бұйрықтың 2-тармағы өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 1351 Бұйрығымен .
3. ҚР МКМ-нің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөнінегі комитеті:
пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтары көрсетілген акциздік төлем маркілерін алу үшін облыстар, Алматы және Астана қалаларының Салық комитеттерінен түсетін тапсырыстарды жинау қамтамасыз етілсін:
арақтар үшін 1999 жылдың қыркүйек-желтоқсанына,
күшті алкогольді ішімдіктер үшін 2000 жылға;<*>
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасына тұтыну ыдысының көлемі көрсетіліп, араққа акциздік алым маркілерін дайындауға тапсырыс беру керек.
Ескерту: Бұйрықтың 3-тармағының екінші азат жолы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 1351 Бұйрығымен .
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Заң департаменті (Райханова К.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Әкімшілік департаменті (Елшібеков С.К.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық полициясы Комитеті, Кеден комитеті, Алкоголь өнімі өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының салық комитеттерінің бірінші басшыларына жеткізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс вице-Министрі - А.А.Бектасовқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Министр