Тауарларды кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату және тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдерін қолдану туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 25 қараша N 584-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 838. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен. ~V011444

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
      1. Бекітілсін:
      1) Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдеріндегі тауарларды кедендік ресімдеу тәртібі туралы Нұсқаулық (1 қосымша);
      2) ұқсату шарттары туралы міндеттемелердің нысаны (2 қосымша).
      2. Құқықтық қамсыздандыру басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру Бас басқармасы (М. Байбұлов) осы бұйрықтың жүзеге асуын қамтамасыз етсін.
      4. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Б. Жұмабаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға
                                              Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 584-Б бұйрығына 1 қосымша


        Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында
          ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату және
       тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс
        ұқсату кеден режимдерiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу
                        тәртiбi туралы

                     1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) сәйкес осы Нұсқаулық тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату, тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдерiне орналастырылатын тауарларды ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемелердi ресiмдеу тәртiбiн, ұқсату мерзiмдерiн айқындауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсату кеден режимiнің тауарлардың экспорты кеден режимiне өзгеруi кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбiн анықтайды.
      2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, тауарларды кеден бақылауында ұқсату, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимдерiне орналастырылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауы кеден iсi туралы Заңға және кеден iсi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.

             2. Ұқсату шарттары туралы мiндеттемелердi ресiмдеу
                тәртiбi

      3. Кеден iсi туралы Заңның 56, 62, 85 баптарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсату, кеден бақылауында ұқсату сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату үшiн кеден органына ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемелердi тапсыру қажет.
      4. Ұқсату шарттары туралы мiндеттеме тауарлардың ұқсатуын жүзеге асырушы тұлғамен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiмен (бұдан әрi - Кеден комитетi) белгiленген нысан бойынша, тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органына тапсырылады. Ұқсатудың шарттары туралы мiндеттеме екi данада толтырылады, оның бiреуi кеден органына тапсырылады және ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғаның және кеден органының мөрiмен куәландырылады.
      Ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемеге оның негiзiнде ұқсатудың мерзiмi және ұқсату өнiмiнің шығарылу саны анықталатын құжаттар қоса ұсынылады (тауарларды ұқсатуға шарт және басқалар).

             3. Қазақстан Республикасының кеден аумағында және
           Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсатуды
                    ұзарту және мерзiмдердi көбейту тәртiбi

      5. Ұқсату мерзiмiн ұқсатудың шарттары туралы мiндеттемеде көрсетілген тауарларды тасымалдау күнiнен бастап екi жыл шегiнде ұзарту кеден iсi туралы Заңның 57, 87 баптарына сәйкес жүргiзiледi.
      6. Ұқсату мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi табыс еткен тұлға ұқсатудың шектi мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей Кеден комитетiне еркiн нысандағы тиiстi өтiнiштi табыс етедi.
      Өтiнiшке:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық көбейтудің орындылығы туралы қорытындысы;
      2) тауарларды ұқсату кезiнде кеден заңдарының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын кеден органының ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің орындалуы туралы қорытындысы;
      3) ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің көшiрмесi қоса тiркеледi.
      7. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық көбейтудің орындылығы туралы қорытындысы еркiн нысанда ресiмделедi және онда ұқсатуды жүзеге асырушы тұлға, ұқсату туралы шарттың күнi мен нөмiрi, ұқсатылатын тауар, сондай-ақ ұқсатудың шектi мерзімін көбейту орынды кезең туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      8. Ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің орындалуы туралы кеден

органының қорытындысында мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
     1) ұқсату шарттары туралы мiндеттеменің табыс етiлуiн растайтын;
     2) ұқсату шартында көрсетiлген тауарлардың жалпы санына пайыздық 
қатынастағы ұқсату үшiн әкелiнген тауарлардың саны туралы;
     3) ұқсату шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген ұқсату өнiмдерiнің 
шығу санына пайыздық қатынастағы алынған ұқсату өнiмдерiнің саны туралы;
     4) ұқсату мерзiмiн екi жыл шегiнде ұзарту туралы;
     5) ұқсату өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу туралы;
     6) кеден ережелерiн бұзу фактiлерi туралы.
     9. Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық көбейтудi Қазақстан 
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің ұқсату 
мерзiмiн көбейтудің орындылығы туралы қорытындысының негiзiнде Кеден 
комитетi жүргiзедi.
     10. Ұқсату мерзiмiн көбейту туралы өтiнiштi қарастыру мерзiмi 
өтiнiштi алған күннен бастап он күннен аспауы тиiс.
     11. Ұқсату мерзiмiн көбейту туралы шешiм хат түрiнде ресімделедi және 
ұқсатуды жүзеге  асырушы тұлғаның және тауарларды ұқсату кезiнде кеден 
заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырушы кеден органының мекен-
жайына бағытталады.
     12. Ұқсату мерзiмiн кейiнгi көбейту осы Нұсқаулықтың 6-12 
тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
     13. Ұқсату мерзiмiн көбейтуге қарсылық бiлдiрген жағдайда ұқсату 
операцияларына түспеген тауарларды, және ұқсату өнiмдерiн кеден аумағында 
ұқсату кеден режимi кеден заңдарына сәйкес өзгертуге жатады.
     
            4. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн
                          алмастыру тәртiбi
     


      14. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн алмастыру ұқсату өнiмдерiн алмастырушы тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiне сәйкес жөндеу үшiн әкетiлген тауарлар қатысында ұқсас немесе бiртектi болатын шарт кезiнде рұқсат етiледi. Бұл кезде алмастырушы тауарлар жаңа, сондай-ақ қолданыста болған болуы мүмкiн.
      15. Егер мұндай жөндеу алынған өнiмге бастапқы өнiмдi жөнделген өнiмнен көп ерекшелейтiн болса тауарларды жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн алмастыруға жол берiлмейдi.
      16. Шарттың тиiстi ережелерi және тауарларды жөндеудi жүзеге асырушы кәсiпорынның кепiлдiк мiндеттемелерi ұқсату өнiмдерін алмастыру үшiн негiз болып табылады.
      17. Жөндеу кезiнде ұқсату өнiмдерiн алмастыратын тауарларды әкелу кеден баждарынан және салықтардан босату кеден iсi туралы Заңның 90-бабына сәйкес жүргiзiледi.

             5. Тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден
                режимiнiң өзгеруi кезiндегi тауарларды кедендiк
                         ресiмдеудiң тәртiбi

      18. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiнің тауарлардың экспорты кеден режимiне өзгертiлуi Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен тыс, ұқсатуға түспеген ұқсату өнімдерiн немесе тауарларды иелiгiнен айырған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл кезде кедендiк ресiмдеу кеден аумағынан тыс кеден режимiн ұқсатуға әкелiнген тауарлар қатысында экспорт кеден режимiне өзгерту жолымен жүргiзiледi.
      19. Кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiн экспорт кеден режимiне өзгерту үшiн:
      1) ұқсатуға тауарларды әкету кезiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген ұқсату туралы шарт;
      2) ұқсатуға түспеген тiркелген және Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен тыс әрекет етушi тұлғаға ұқсату өнiмдерiне немесе тауарларға меншiк құқығының (пайдалану немесе қожалық ету) ауысуын қарастыратын шарт негiз болып табылады.
      20. Кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiнің тауарлардың экспорты кеден режимiне өзгеруi кезiндегi кедендiк ресiмдеу ұқсатуға түспеген ұқсату өнiмдерiн немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелмей-ақ, тұлғаның өтiнiшi бойынша, осы Нұсқаулықтың 19-бабында көрсетiлген құжаттарды тапсырумен жүргiзiлуi мүмкiн.
      21. Тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiне сәйкес кеден аумағының шегiнен ертеректе әкетiлген тауарлардың экспорты кезiнде валюталық заңдылық саласындағы талаптар ұқсатуға түспеген ұқсату өнiмдерiне немесе тауарларға құқық меншiгiнің ауысуын (пайдалану немесе қожалық ету) қарастыратын шарттың шарттарын есепке ала отырып орындалады.
      22. Қазақстан Республикасының заңдарымен өткiзудің арнайы тәртiбi қарастырылған ұқсату өнiмдерiн қайтармаған кезде кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимінің экспорт кеден режимiне өзгеруi ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғаның Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды тапсыруы кезiнде жүргiзiледi.

             6. Ұқсату өнiмдерiн қайтармаған кезде әкетiлетiн кеден
                           баждарын төлеудiң тәртiбi

      23. Кеден аумағынан тыс ұқсату кеден режимiнің экспорты кеден режимiне өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағына ұқсату өнiмдерiн қайтармаған кезде кеден төлемдерi мен салықтар кеден iсi туралы Заңның Z952368_ 89-бабына сәйкес төленедi.

             7. Кеден заңдарының талаптарын сақтауды бақылау

      24. Тауарларды ұқсату кезiнде кеден заңдарының талаптарын сақтауды бақылауды ұқсатуға арналған тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзушi кеден органы жүзеге асырады.
      25. Ұқсатуға арналған тауарларды және ұқсату өнiмдерiн кедендiк

ресiмдеу түрлi кеден органдарында жүргiзiлген жағдайда ұқсату өнiмдерiн 
ресiмдеген кеден органы ұқсату шарттары туралы мiндеттемеде көрсетiлген 
кеден органын кеден мағлұмдамасының нөмiрiн көрсетумен жүргiзiлген 
кедендiк ресiмдеу туралы хабардар етуге мiндеттi.
     26. Кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан 
Республикасының кеден органдары кеден iсi туралы Заңның 209-бабына сәйкес 
тауарларды ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғаның қаржы және сыртқы экономикалық 
қызметiн тексерудi жүргiзуге құқылы.
     
                        8. Қорытынды ережелер
     
     27. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тауарларды 
ұқсату тәртiбiн бұзған тұлғалар кеден iсi туралы Заңға сәйкес кеден 
ережелерiн бұзғаны үшiн жауап бередi.



                                           Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің 1999 ж._________N бұйрығына 2 қосымша

                                        __________________________

(кеден органының атауы)


            Тауарларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден

            аумағынан тыс ұқсату, тауарларды кеден бақылауында
          ұқсату) кеден режимiнде ресiмделген тауарларды ұқсату
                       шарттары туралы мiндеттеме
     _____________________________________________________________________
               (тауарларды ұқсатуды жүзеге асырушы тұлға)
     _____________________________________________________________________
                  (ұқсату шартының күнi мен нөмiрi)
     _______________________________________________________________сәйкес
     тауарларды ұқсатуға мiндеттеледi.
     _____________________________________________________________________
     (тауарлардың атауы және олардың сыртқы экономикалық қызметтiң         
     Тауарлық номенклатурасына сәйкес классификациялық коды) 
     ұқсату өнiмдерiн алу мақсатымен 
     _____________________________________________________________________
     (ұқсату өнiмдерiнiң атауы және олардың сыртқы экономикалық қызметтiң  
     Тауарлық номенклатурасына сәйкес классификациялық коды)
     мынадай шарттарды сақтау кезiнде:
     ұқсату мерзiмi_______________________________________________________
     ұқсату өнiмдерiнің шығу саны_________________________________________
     _____________________________________________________________________
     
     Ұқсатуды жүзеге асырушы
     тұлға басшының аты-жөнi                  ___________________
                                                   (қолы)
     N___________________
     _____________________________________________________________________ 
              (кеден органының лауазымды тұлғасының қолы)  
     _____________________________________________________________________
     * Міндеттеменің нөмірі кеден мағлұмдамасын қабылдау кезінде кеден     
     органының лауазымды тұлғасымен беріледі және оның тіркеу нөміріне     
     сәйкес келеді.
     

     Оқығандар:
              Багарова Ж.А.
              Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады