Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыру тәртібі және мөлшері туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 25 желтоқсан N 442. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1052. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 ~V021921 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы" U952475_ Заң күші бар Жарлығының 37-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшін (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) сақтандыру резервтеріне аударудың мынадай нормативтері белгіленсін:
      1) сақтандырудың өмірді сақтандырудан басқа, ерікті түрлері бойынша - сақтандыру төлемдерінің нақты түскен сомасының 75 процентінен кем емес;
      2) тарифтері заңмен белгіленген сақтандырудың өмірді сақтандырудан басқа міндетті түрлері бойынша - міндетті сақтандырудың осы түріне заңда белгіленген сақтандыру төлемдері сомасының 75 процентінен кем емес;
      3) тарифтері заңмен белгіленбеген сақтандырудың өмірді сақтандырудан басқа міндетті түрлері бойынша - сақтандыру төлемдерінің нақты түскен сомасының 75 процентінен кем емес;
      4) өмірді сақтандыру бойынша - сақтандыру төлемдерінің нақты түскен сомасының 100 проценті.
      2. Сақтандыру резервтері сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру түрлерінің әрқайсысы бойынша жеке құралады.
      3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру резервтерінің қажетті мөлшерін әр айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша айына кем дегенде бір рет есептеп, түзетіп отырады.
      4. Сақтандыру ұйымы өз міндеттемелерін қайта сақтандырған кезде сақтандыру резервтерін тек осы қаулының 1-тармағында белгіленген мөлшердегі міндеттемелердің қалған сомасы бойынша қалыптастыратын болады.
      5. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне және 
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
     6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
     
     Ұлттық Банкі
      Төрағасы
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады