Орта білім мекемелер жүйесін облыстық бюджетке ауыстыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің шешімі 1999 жылғы 15 қарашадағы N 351 Ақмола облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 24 желтоқсанда N 32 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 28.02.2006 № 1  (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып түлектерінің орта білім алуын қамтамасыз ету, Ақмола облысының орта білім жүйесін дамыту мен сақтау мақсатында облыс әкімі шешім етті:
      1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі орта кәсіптік білім мекемелері облыстық бюджетке ауыстырылсын:
      1.1 Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар:
      - Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі;
      - Көкшетау қ. политехникалық колледжі;
      - Көкшетау қ. мәдениет колледжі;
      - Щучье қ. Бурабай агро-техникалық колледжі;
      - Зеренді ауданының Чаглинка ауылының ауыл шаруашылық колледжі;
      - Қатаркөл ауыл шаруашылық колледжі;
      - Щучье ауданының гуманитарлық-техникалық колледжі.
 
      Ескерту. 1 тармақтың 1.1 тармақшасына өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімінің 2000.19.01. N 420 және 2000.29.02. N 447 шешімдерімен. V00B090_ V00В091_
 
      2. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық "Бурабай агро-техникалық колледжі" кәсіпорны экология және орман шаруашылығы колледжі болып қайта құрылсын.
      3. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар мемлекеттік коммуналды қазыналық "Ақмола экология және орман шаруашылығы" кәсіпорны құрылсын.
      4. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі білім мекемелері облыстық бюджетке ауыстырылсын:
      - қазақ мектеп-интернаты (Көкшетау қ.);
      - № 20 даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат.
      5. Қайта құрылған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құжаттарында қажетті өзгерістер енгізілсін.
      6. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) және облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық бюджетке ауыстырылған мемлекеттік білім мекемелері мен мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорындарды қаржыландырсын.
      7. Облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) облыстық бюджеттен қаржыланатын білім мекемелерінің оқу үдерісінің бақылаушысы, кадр және әдістемелік жақтарын қамтамасыз етудің уәкілді органы болып бекітілсін.
      8. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Жалмағанбетоваға жүктелсін.
 
      Облыс әкімі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады