Қостанай облысы Таран және Меңдіқара аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер жайында

Жаңартылған

Қостанай облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің міндетін атқарушысының (он тоғызыншы сессия) 1999 жылғы 2 шілдедегі шешімі. Қостанай облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 26 тамызда N 109 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының", "селоларының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының", "ауылдарының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңның 11 бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты және Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ :

      1. Таран ауданының Рассвет ауылдық округі таратылсын.
      2. Таран ауданында орталығы Таран ауылы болып, оның құрамына Таран ауылының барлық аумағын, сондай-ақ таратылатын Рассвет ауылдық округінің Воронеж және Орынбор ауылдарының аумақтарын қоса отырып, Таран ауылдық округі құрылсын.
      3. Таран ауданының Новоильин ауылдық округіне осы ауданның таратылатын Рассвет ауылдық округінің Увальное және Ленин ауылдарының аумақтары берілсін.
      4. Меңдіқара ауданының Ломоносов ауылдық округінің құрамына осы ауданның Қарақоға ауылдық округі Қаражар ауылының аумағы берілсін.

Сессия төрағасы  Н. Алашбаев

Қостанай облысы әкімінің
міндетін атқарушы В. Мейстер

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы  В. Семенова





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады