"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 29 наурыз N 41-II

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; 1999 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 30 шілде мен 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990440_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының инвестициялар мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990466_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы Z990485_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 21 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 23 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Z990492_ Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгізілсін:
      179-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын немесе қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне - заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған салықтар мен айыппұл санкцияларын төлеу

мерзімдері, осы Заңның 152-бабының ережелеріне қарамастан, өсім 
есептелмей, 3 жыл мерзімге ұзартылады. 
     Осы тармақтың ережесі акцизделетін тауарларды өндіретін және (немесе) 
импортқа шығаратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылмайды." 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Оқығандар: 
     Қасымбеков Б.А.
     Балабекова Г.Г. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады