1. Заңның мемлекеттiк тiлдегi тақырыбында және бүкiл мәтiнi бойынша "Терiс пиғылды", "терiс пиғылды" деген сөздер "Жосықсыз", "жосықсыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-бап мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
контрафактық өнiм - нарықтық қатынастардың жекелеген субъектiлерiнiң жосықсыз бәсеке және тұтынушыларды адасушылыққа салу мақсатында шығарған өнiмi;".
3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, мемлекеттiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының тауар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) рыноктарында еркiн бәсекенi шектейтiн және жоятын шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.".
4. 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Нарықтық қатынастар субъектiлерiне бәсекенi жоюға немесе шектеуге, сондай-ақ ұқсас қызмет түрлерiмен айналысатын нарықтық қатынастар субъектiлерiнiң қызметiне кемсiтушiлiк жағдайлар туғызуға бағытталған iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.".
5. 5-бапта:
6) тармақшадағы "мен сапасы" деген сөздер ", сапасы және бағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) демпингтiк бағаларды пайдалану арқылы бәсекеде артықшылыққа қол жеткiзу;".
6. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Осы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк мынадай негiздер бойынша:
1) уәкiлеттi органның осы Заңның талаптарына сәйкес берiлген нұсқамаларын орындаудан жалтарғаны үшiн;
2) уәкiлеттi органға құжаттарды, анықтама материалдарды және басқа ақпаратты, сондай-ақ жазбаша түсiнiктемелердi бермегенi немесе көрiнеу қате немесе жалған мәлiметтердi бергенi үшiн. Анықтама материалдарды және басқа ақпаратты беру мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi және ол 15 күннен аспауға тиiс;
3) осы Заңның 5-бабында көзделген iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жасағаны үшiн;
4) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары лауазымды адамдарының бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға жағдай жасайтын iс-әрекеттердi жасағаны үшiн айыппұл түрiнде туындайды.
2. Осы Заңды бұзған жағдайда нарықтық қатынастардың субъектiлерi, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiн басқару органдары және олардың лауазымды адамдары:
1) уәкiлеттi органның нұсқамаларына сәйкес жосықсыз бәсеке фактiсi бойынша тәртiп бұзушылықты тоқтатуға, бәсекенi жоюға немесе шектеуге бағытталған келiсiмдi (келiсiлген iс-әрекеттердi) бұзуға немесе өзгертуге және нұсқамада көзделген өзге де iс-әрекеттердi орындауға;
2) жосықсыз бәсеке салдарынан келтiрiлген залалды (зиянды) заңдарда белгiленген тәртiппен өтеуге;
3) жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты және заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен айыппұлды мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi. Жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты аудару мүмкiн болмаған жағдайда, құқыққа қарсы iс-әрекет кезеңiнде алынған, бiрақ осындай iс-әрекеттер анықталған жыл алдындағы соңғы есептiк жылдағыдан аспайтындай табыс мемлекеттiк бюджетке алып қойылады.".
7. 7-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша "оның зардаптарын жою туралы" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты мемлекеттiк бюджетке аудару туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның зардаптарын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған табысты мемлекеттiк бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде заңды тұлғаға немесе жеке кәсiпкерге, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген зиянды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактық деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнуге;";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Осы Заңды бұзушылықты жою туралы нарықтық қатынастар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына енгiзiлген нұсқамалар, егер мұндай нұсқамаларға заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым берiлмеген болса, орындау үшiн мiндеттi болып табылады.". Қазақстан Республикасының Президентi Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.