Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесi мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 1 наурыз N 160-ІІ

      1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат):
      1) 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнің төлем қабiлетiн растауы болып табылады.";
      2) 9-баптың екiншi бөлiгi "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970204_

Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат):
     24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен 
толықтырылсын:
     "3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен 
Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауды 
табыс етпеген адамдарға;".
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады