Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшін жауапкершілікті беру туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 315 Заңы

      Бішкекте 2000 жылғы 14 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшін жауапкершілікті беру туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы
Үкіметінің арасындағы әуе қозғалысын ұйымдастыру мен
басқару үшін жауапкершілікті беру туралы
Келісім   <*>

(2006 жылғы 13 наурызда күшіне енді - 
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2006 ж., N 3, 25-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
      - халықаралық әуе қатынасын дамытудың маңыздылығын тани отырып,
      - әуе қозғалысын басқарудың қазіргі бар құралдары мен қызметтерінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып,
      - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа ала отырып,
      мына төмендегілер жөнінде келісті:

  1-бап

      Осы Келісімді орындау мәселелеріндегі Тараптардың құзыретті органдары:
      - Қазақстан Республикасына қатысты - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
      - Қырғыз Республикасына қатысты - Қырғыз Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі болып табылады.
      Құзыретті органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бір-бірін тез арада хабардар етеді.

  2-бап

      Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық егемендігіне нұқсан келтірместен:
      - Бішкек әуеайлағы (Манас) ауданында 0-ден 6000 метрге дейінгі биіктіктерді қамтитын 43 02 34се 073 36 02шб, 43 34 20се 073 54 29шб, 43 22 18се 075 07 15шб, 42 50 00се 075 18 00шб географиялық координаттармен шектелген аудан үстіндегі, одан әрі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша 43 02 34се 073 36 02шб координаттары бар г.н. дейінгі әуе кеңістігінде ұшу кезінде маневрлер орындау мақсатында; 
      - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін әуе трассаларында, 0-ден 12100 м биіктіктерде, 42 40 00се 072 35 00шб, 42 47се 073 30 30шб географиялық координаттармен шектелген аудан үстіндегі, одан әрі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша 42 40 00се 072 35 00шб, координаттары бар г.н. дейінгі әуе кеңістігінде әуе қозғалысын басқару мақсатында әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшін жауапкершілікті Қырғыз Республикасының құзыретті органдарына береді.

  3-бап

      Қырғыз Республикасы өзінің ұлттық егемендігіне нұқсан келтірместен: 
      - Тараз (Әулие-Ата) әуеайлағы ауданында, 0-ден 4200 метрге дейінгі биіктіктерді қамтитын, 42 47 07се 071 41 44шб, 42 37 43се 071 36 17шб, 42 35 35се 071 26 23шб, 42 36 04се 071 10 34шб географиялық координаттармен шектелген аудан үстіндегі, одан әрі Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша 42 47 07се 071 41 44шб координаталары бар г.н. дейінгі әуе кеңістігінде ұшу кезінде маневрлер орындау мақсатында әуе қозғалысын басқару мен ұйымдастыру үшін жауапкершілікті Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына береді.

  4-бап

      Осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көрсетілмеген әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшін жауапкершілік аудандары уағдаласушы Тараптардың мемлекеттік шекарасына сәйкес бөлінеді.

  5-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көрсетілген аудандар шегінде, ұшу қауіпсіздігі мен әуе қозғалысын бұзушылық әуе кемелері экипаждарының немесе ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-қимыл жасаған Тараптар мемлекеттерінің заңды немесе жеке тұлғаларының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшін жауапты болады.

  6-бап

      Егер ведомстволық әуе кемелері екінші Тараптың әуе кеңістігінің белгіленген шекараларын кесіп өтпесе, Тараптар олардың ұшуына қатысты дербес шешім қабылдайды және ұшу шарттарын әзірлейді.

  7-бап

      Әуе қозғалысын ұйымдастыру мен басқару үшін өзіне жауапкершілік алған Тараптар техникалық және пайдалану тұрғысындағы пайымдаулармен шектеледі және осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көрсетілген әуе кеңістігін пайдаланатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелердің шегінен шықпайды.

  8-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көрсетілген аудандар шегінде әуе қозғалысын ұйымдастырады және басқарады, мұны екінші Тараптың талаптарына сәйкес жүргізеді, осы Келісімді іске асыру үшін қажет болатын құралдар мен қызметтерді пайдалану үшін жағдай жасайды және екінші Тараппен алдын ала кеңесусіз осындай құралдарды алып қоймайды немесе жаңғыртпайды.

  9-бап

      Органдары әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Тарапқа аэронавигациялық алымдар халықаралық нормаларға сәйкес, Тараптардың мемлекеттері белгілеген мөлшер мен тәртіп бойынша төленеді.

  10-бап

      Осы Келісімнің уағдаластықтарын іске асыру үшін жауапкершілік Тараптардың құзыретті органдарының басшыларына жүктеледі.

  11-бап

      Тараптардың ұлттық ережелері, сондай-ақ ХААҰ стандарттары мен ұсынымдары өзгерген әрбір жағдайда осы Келісім екі Тараптың қайта қарауына жатады. 
      Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жекелеген Хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

  12-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын кез келген дау Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының арасында тікелей келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешілетін болады.

  13-бап

      Әрбір Тарап кез келген уақытта дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы хабарлауы мүмкін. Мұндай жағдайда, Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап 12 ай өткен соң, егер осы кезең аяқталғанға дейін Келісімнің қолданысын тоқтату туралы аталған хабарлама Тараптардың өзара келісімі бойынша кері қайтарып алынбаса, тоқтатылады.

  14-бап

      Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылатын болады және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама күнінен бастап күшіне енеді.

      Бішкек қаласында 2000 жылғы 14 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

       Қазақстан Республикасының          Қырғыз Республикасының
            Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады