Бішкекте 1999 жылғы 15 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісім және Астанада 2001 жылғы 31 мамырда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметінің арасында Алматы-Бiшкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы КЕЛIСIМ <*> (2002 жылғы 17 шілдеде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 9, 62-құжат) КIРIСПЕ
Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi,
қол жеткiзiлген аймақтық және халықаралық сауданы дамыту үшiн Алматы-Бiшкек автомобиль жолының бойында орналасқан Ақжол-Шу (Қордай) шекара бекетiнде шекаралық өту туралы уағдаластықтарды және транзиттiк жол-көлiк келісiмдерiн негізге ала отырып,
шекарада оңтайлы, келiсiлген және өзара тиiмдi көлiк-коммуникация жүйесін дамытып, сақтауға ұмтыла отырып, екi ел арасындағы келiсiлген саудадан және көлiк кеңiстiгiнен өзара пайда табу мақсатында, халықаралық ұйымдардағы мүшелiгiне және халықаралық конвенцияларға қосылатындығына сүйене отырып, Уағдаласушы Тараптар арасында жолаушылардың, тауарлардың және теңдеме жүктің бiр қалыпты, тез және тиiмдi қозғалуына жәрдемдесудегi өз мiндеттемелерiн тани отырып, төмендегi туралы келiстi: ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап Анықтамалар Осы Келiсiмнің мақсаттары үшін пайдаланылатын анықтамалардың мағыналары мынадай:
"Келiсiм" - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келiсiм;
"тiркейтiн кеден қоймасы" - кеден билiк органдары тауарларды халықаралық транзитте уақытша сақтау үшiн бекiткен және осы органдар бақылайтын, баждары төленбеген тауарларды сақтауға арналған кеден қоймасы;
"шекара" - Алматы-Бiшкек автомобиль жолының бойында орналасқан Ақжол - Шу (Қордай) шекара өткелi;
"шекаралық бақылау аумағы" - шекара бекеттерiнің арасында немесе оларға жақын жерде орналасқан және шекаралық билiк органдары бақылайтын кiруге шектеулi аумақ;
"тасымалдаушы" - тауарларды, жолаушыларды немесе теңдеме жүкті халықаралық тасымалдауды орындауға уәкiлеттiк берілген заңды немесе жеке тұлға, сондай-ақ теңдеме жүкті жөнелтушiмен немесе жолаушымен тауарларды немесе жолаушыларды тасымалдауға өзi немесе оның атынан келiсiм-шарт жасалған тұлға;
"СМR" - соған сай 1956 жылғы Жүктердiң халықаралық жол тасымалы шарты туралы конвенцияға (ЖТШК) сәйкес тауар тасымалданатын, жол тауарларын сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты халықаралық тауар-көлiк жүк құжаты;
"тасымалдауға арналған келiсiм-шарт" - тасымалдаушы соған сәйкес бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына белгiленген ақы үшiн тауарды, жолаушыларды немесе теңдеме жүкті жеткiзiп беру міндеттемесiн өзіне алатын келiсiм-шарт;
"шекаралық жол қозғалысы" - Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi арқылы транзиттiк мақсаттағы жол қозғалысы;
"кедендiк бақылау" - Уағдаласушы Тараптардың кеден органдары кеден қызметiнiң iшкi кеден заңдарына және кеден органдары орындауға міндеттi халықаралық келiсiмдерге сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шаралар;
"iшкi заңдар" - Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында қолданылатын нормативтiк құқықтық актiлер;
"тауарлар" - тауарлар мен азық-түлiктiң, тiрi жануарларды қоса алғанда, кез келген түрi. Тауарлар буып-түйiлген немесе контейнерге, поддонға немесе тасымалдауға арналған ұқсас бұйымға бiрiктiрiлген жағдайда "тауар" терминiне осындай тасымалдауға арналған бұйымдар немесе теңдеме жүкті анықтаушы жеткiзіп беретiн бума да кiредi;
"бiр аялдама" - екi мемлекеттің қызметшiлерi шекарадан өтуi кезiнде қажеттi құжаттарды бiрлесiп өңдеу үшiн жағдай жасау;
"импорттық баждар және салықтар" - тауарларды импорттау кезiнде алынатын импорттық кеден баждары, алымдары және салықтар;
"iшкi жол қозғалысы" - тиеу немесе отырғызу Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жүргiзiлген тауарларды немесе жолаушыларды осы Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағының iшiнде түсiру үшiн тасымалдау;
"көлiк құралдары" - жолаушыларды, тауарларды немесе теңдеме жүкті, үстiнде орналастырылған жабдықты, контейнерлер мен көлiк жабдықтарының басқа түрлерiн қоса алғанда, тасымалдау үшiн пайдаланылатын кез келген құралды бiлдiредi;
"жолаушы" - өзi немесе оның атынан жасалған тасымалдау келiсiм-шартын орындау кезiнде оны тасымалдаушы ақысына немесе ақысыз тасымалдайтын кез келген жеке тұлға;
"рұқсат" - Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы берген құжат, соған сәйкес кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген көлiк құралына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына кiруге, шығуға немесе транзиттiк өтуге рұқсат немесе құқық берiледi;
"арнайы рұқсат" - Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы берген құжат, соған сәйкес осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының, сондай-ақ негізгі жүктерді тасымалдау кезiнде өтуiне рұқсат берiледi;
"жүк жөнелтушi" - өзі соның атынан немесе соның мүддесінде тасымалдаушымен, не болмаса өзі соның атынан немесе соның мүддесiнде тауарлар тасымалдауға арналған келiсiм-шартқа сәйкес тауарлар нақты жеткiзiп берілетiн кез келген тұлғамен келiсiм-шарт жасалған кез келген тұлға;
"ақысыз балама жол" - көлiк құралының техникалық көрсеткiштерi ақылы жолдан қалыспайтын, ақысыз басқа жолмен сол бағытта жүрiп өту мүмкiндiгiнiң болуы;
"ТIR конвенциясы" - 1975 жылғы U952275_ Халықаралық жүк тасымалдары туралы кедендiк конвенцияның шарттарына сәйкес тауарларды тасымалдау (МДП кiтапшасын қолданумен).
2-бап
Келiсiмнің мақсаттары мен міндеттерi
Осы Келiсiмнің негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi мыналар:
тауарлардың, теңдеме жүктің және жолаушылардың Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң тиiстi аумақтары бойынша және олардың арасында тиiмдi қозғалысы арқылы Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң арасында сауда жүргiзуге жәрдемдесу және мүмкіндік туғызу;
тауарлардың, теңдеме жүктің және жолаушылардың қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi арқылы өтуi сәтiнде және Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнің аумақтары арқылы транзиттiк қозғалыс уақытында орынсыз кiдірiстердi болдырмау;
Уағдаласушы Тараптардың төлемдердi заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жүргiзуге, сондай-ақ шекарада және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің аумақтарының ішіндегi бару пункттерінде кедендiк тазарту рәсімдерiнен өткенде кiдiрiске жол бермеуге бағытталған күштерiн бiрiктiру және үйлестiру;
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында және олардың
арасында халықаралық жол-көлiк қызметтерін көрсету үшiн қажеттi барлық құралдармен қамтамасыз ету; шекаралық жол өткелi және транзиттiк тасымалдар мәселелерiне арналған қажетті әкiмшілiк іс-шараларын келiсу; Келiсiм Тараптары арасында халықаралық жол-көлiк қызметтерінің бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытуды қолдау. 3-бап Келiсiмдi қолдану саласы
Осы Келiсiмнiң ережелерi, Қосымшаны қоса алғанда, Ақжол-Шу (Қордай) шекара бекетiнен және/немесе Алматы-Бішкек автомобиль жолынан басталатын және/немесе аяқталатын не болмаса жол бойындағы жол қозғалысына қатысты қолданылатын болады.
4-бап
Жол алымдары Тасымалдаушылар немесе олардың көлiк құралдары бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына жүзеге асыратын жолаушылар және жүк тасымалдарынан келешекте Алматы-Бішкек жолында алым алынатын болады және оларды қолдану Уағдаласушы Тараптар арасындағы консультациялар арқылы келiсiлетiн болады. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ 5-бап Жолды жобалау және оның техникалық сипаттамалары
Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бiшкек автомобиль жолын ұстауды, қалпына келтiрудi және қайта жаңартуды Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында қолданылатын Құрылыс нормалары мен ережелерiне (ҚНЕ) сәйкес жүзеге асыратын болады.
Уағдаласушы Тараптар автокөлiк қозғалысының қауiпсiздiгін жақсартуға және қолданылатын Құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қозғалыс құралдарын өткiзу санын көбейтуге бағытталған жалпы жобалауға, жол бетiне және Қордай асуы ақылы трассаның жоспарына қатысты Алматы-Бiшкек автомобиль жолын жетілдiруге қаражат бөлу үшiн күш салады.
6-бап
Шекара маңындағы құралдар
Уағдаласушы Тараптар шекара маңындағы бiрдей құралдардың және мыналарды қоса алғанда, қажеттi құрылыстардың болуын қамтамасыз етедi:
кедендiк шекаралық бақылау қызметшiлерi үшiн жұмыс бөлмелерi;
кеден, Көлiктiк бақылау комитетi, жол полициясы үшiн әкiмшiлiк бөлмелерi, сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай шекаралық күзеттің, денсаулық сақтау ұйымдарының, малдәрiгерлiк және санитарлық қызметтердің уақытша қызметшiлерi үшiн қосымша бөлмелер;
көлiк құралдарын қарауға арналған аспап-құралдар;
транзиттiк құжаттарды өңдеу уақытында көлiк құралдарының тұрағына арналған жеткiлiктi алаң;
жүк және жолаушылар көлiк құралдары үшiн жеке қозғалыс жолақтары;
кириллица және латын әрiптерiмен орындалған айқын жазулар;
шекара маңында қызмет көрсету құралдары көлiк құралдары мен тауарлар бiр орында қаралатындай, ал тауарларды қайталап қарауды, тиеудi және түсiрудi болдырмайтындай түрде орналастырылатын және ұйымдастырылатын шекаралық бақылаудың белгiленген аймақтарының ішінде орын алатын болады. Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекара маңындағы бақылау құралдарын бiрiктiруге және әрбiр бағытта "бiр аялдама" сызбасы бойынша құрамдастырылған шекаралық бақылау құруға күшiн бағыттайды. Жақын маңдағы
Жол полициясының бақылау бекеттерiн қосу мүмкiндiгi қаралатын болады. 7-бап Бақылау бекеттерi Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бішкек автомобиль жолындағы жол бақылау бекеттерiнiң санын азайту үшiн барлық қажеттi шараларды, сондай-ақ жол қозғалысын негiзсiз кiдiртудi қысқарту үшiн шекара өткелiнде кеден, полиция бекеттерiн және салмақ бақылау посттарын қосу жөнiндегi шараларды қабылдайды. 8-бап Тiркейтiн кеден қоймасында тауарларды сақтау
Уағдаласушы Тараптар тiркейтiн кеден қоймасында тауар сақтау жүйесiн енгiзiп, дамытуға, сондай-ақ кеден төлемдерi мен салықтарын төлегенге дейiн және кiретiн немесе шығатын соңғы кеден тазартуына дейiн транзиттiк импорт немесе экспорт тауарларын сақтауға арнап Алматы және Бiшкек маңында кеден құралдарын дамытуға барынша қолдау көрсететін болады.
Уағдаласушы Тараптар автомобиль көлiгi шекарадан өткенде және жол бойында қаралатын құжаттарды өңдеуді күту мерзiмін азайтуға бағытталған iс-шараларды анықтау үшiн жүктi тазартудың тиiстi рәсiмдерiмен танысатын болады. Бұған соңғы кеден тазартуынан өткенге дейiн тауарды сақтауға болатын, Кеден мақұлдаған қоймаларды немесе жарайтын басқа құрылыстарды кеңiнен пайдалану есебiнен көлiк құралдарын тез босатудың әлеуеттi мүмкiндiгi кiредi.
9-бап
Жол бойындағы қызмет көрсету объектiлерi
Уағдаласушы Тараптар жол бойында қазiргi заманғы бiрлескен
құрамдастырылған қызмет көрсету объектiлерiн құратын болады, ал оның құрамына мыналар кiредi: жоғары октанды және төмен октанды бензиндi, дизель отынын және май сататын автожанар-жағармай құю станциясы; дәмхана; қоғамдық тамақтану нүктелерi бар демалыс аймақтары (мотель, шайхана және т.б.); медициналық және санитарлық-тұрмыстық пункттер; коммуникация құралдары. Алматы-Бiшкек автомобиль жолының бойында тіпті болмағанда екі осындай құрылыс тұрғызылуы тиiс. Жол көлiк қызметiн көрсету шарттары 10-бап Жол қозғалысы ережелерi Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында күшi бар жол қозғалысы ережелерi өзiнiң мән-мағынасы жағынан 1968 жылғы Жол қозғалысы туралы конвенция және Жол белгiлерi мен сигналдары туралы конвенция ережелерiне сәйкес болуына кепiл беру үшiн тиiстi шаралар қабылдайтын болады. 11-бап Шекаралық және транзиттiк қозғалыстың қауiпсiздiгi
Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бiшкек автомобиль жолындағы шекара өткелi мен жолдың өн бойында қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау шараларын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайтын болады.
Уағдаласушы Тараптар ЖКО нәтижесінде зақымдалған көлiк құралдарының, жүктiң және т.б. жолдың жүріс бөлігінен әкетiп босатуына, сондай-ақ оларды күзетiлетін тұрақтарға немесе алаңдарға жеткiзуге көмектесу арқылы жол-көлiк оқиғасынан зардап шеккен тасымалдаушыларға жәрдем көрсету үшiн қажеттi шаралар қолданатын болады.
12-бап
Кеден бажы, салығы, басқа алымдар мен аударылатын сомалар
Уағдаласушы Тараптар мынадай тауар түрлерiн импорттық баж бен салықтардан босатуға келiсiм бередi:
келген көлiк құралының кәдiмгi жанармай багiндегi құюлы жанар-жағармай материалдары;
жолда жүру барысында көлiк құралдарын пайдалану үшiн қажеттi қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен құралдар;
Сонымен қатар Уағдаласушы Тараптар техникалық және жөндеу көлiк құралдарына уақытша кiруге рұқсат беруге келiседi. Бұған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына уақытша кiруге рұқсат алған көлiк құралдарының құрамына кiретiн немесе оларда қолданылған бөлшектер мен жабдықтарды ауыстыру сияқты жөндеу мен техникалық қызмет көрсету барысында қолданылатын қосалқы бөлшектер, агрегаттар мен жабдықтар кiредi.
13-бап
Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) беру
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң көлiк құралдарына өз мемлекетiнiң аумағында жүруiне қажеттi жанар-жағармай материалымен қамтамасыз ету құқығын беруге келiседi.
14-бап
Жүргiзушi куәлiктерiнің күшiн өзара тану Автобустар мен жүк автомашиналарының жүргiзушiлерiнде көлiк құралының санатына сәйкес келетін ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi және өзiнің жүргiзетiн көлiк құралының ұлттық тiркеу құжаттары болуы керек. Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары берген жүргiзушi куәлiгiн, көлiк құралдарына тiркеу құжаттары мен тіркелген көлік құралдарының нөмiрлiк белгiлерiн тануы тиiс. 15-бап Жолаушы және жүк құралдарының техникалық жағдайын бақылау Уағдаласушы Тараптар жолаушы мен жүк көлік құралдарының қозғалыс үшiн қауiпсiз техникалық жағдайда екенiне кепiлдiк беру үшiн техникалық жағдайына тиiстi бақылау орнатуға мiндеттенедi. 16-бап Моторлы көлік құралдары үшiн үшiншi тараптың пайдасына сақтандыру жүйесi Уағдаласушы Тараптар көлiктi және автотасымалдарды сақтандыру саласындағы өз аумағында күшi бар заң актiлерiн бiр нысанға келтiруге қажеттi шараларды қолданатын болады. 17-бап Филиалдар құру Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында шекарааралық және транзиттiк тасымал қызметін көрсететін көлiк компанияларына осындай қызмет көрсету мақсатында филиалдар құруға рұқсат бередi. Мұндай филиалдар құру iсi Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. 18-бап Көлiк қызметiн көрсету
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарапқа өз мемлекетiнiң аумағы бойынша немесе өз шекарасы арқылы транзиттiк қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттi жағдай жасайтын болады және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген көлiк құралдарына өз мемлекетiнiң аумағында шекарааралық және транзиттiк тасымал қызметiн көрсетуге рұқсат бередi.
Осы Келiсiмнiң шарттарын ұстана отырып, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарапқа өз мемлекетiнiң аумағы бойынша немесе өзiнiң шекарасы арқылы транзиттiк қозғалысты қамтамасыз етуге қажеттi жағдай жасайтын болады.
Егер қаралып отырған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысы транзиттiк тасымалдарға арналған рұқсат алмаған болса, Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң аумағында тiркелген көлiк құралдарына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы бойынша тауарлардың, жолаушылардың және жүктердің халықаралық тасымалын жүргiзуге тыйым салынатын болады.
19-бап
Көлiк құралдарын уақытша кiргiзу
Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында тiркелген көлiк құралдарына осы Келiсiмнiң 18-бабында анықталғанындай, олар iшкi көлiк тасымалдарымен айналыспайды деген шартпен, мерзiмiн шектеместен, заңды көлiк операцияларына байланысты өз мемлекетiнiң аумағында уақытша қалуға рұқсат бередi.
20-бап
Тасымалдар жасауға арналған рұқсат беру
Уағдаласушы Тараптар шекарааралық және транзиттiк тасымал жүргiзу барысында тауар, жолаушы және теңдеме жүк тасымалына шектеусiз және квотасыз рұқсат беруге қойылатын талаптарды келiседi және жеңiлдететiн болады.
Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағы ішінде Алматы-Бiшкек автомобиль жолы бойынша қозғалыс үшін Қосымшада қабылданған стандартты параметрлерден салмағы, көлемi немесе бiлiкке түсетiн жүктеме асып кеткен жағдайда, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарынан арнайы рұқсат алуы тиiс.
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында немесе олардың аумағы бойынша автобустармен жолаушыларды тасымалдау рұқсат негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс. Мұндай рұқсаттарды Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Жолаушылар мен багаждың халықаралық автомобиль тасымалы туралы Конвенцияның Z000038_ (Бiшкек, 9 қазан, 1997 жылғы) нұсқамаларына сәйкес беретiн болады.
Екiжақты автомобиль тасымалдары рұқсатсыз негiзде жүзеге асырылады. Транзиттiк автомобиль тасымалдары рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Рұқсаттарды Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бередi.
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына жүк әкелу немесе Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жүк алып өту, құзыреттi органдар өкiлдерiнің талабы бойынша көрсетiлетiн, шекарааралық және транзиттiк тасымалға арналған осы Келісімде анықталған құжаттар бойынша ғана жүзеге асырылатын болады.
КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
21-бап
Көлiк құралдарына қойылатын техникалық талаптар
Қалпына келтiрiлгеннен кейiн Алматы-Бішкек автомобиль жолымен шекарааралық және транзиттiк тасымал үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары көлемi, жүгiн қоса алғанда ең жоғарғы жалпы салмағы, бiлiкке түсетiн жүктеме және басқа параметрлері бойынша осы Келiсiмнің Қосымшасында анықталған техникалық талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында орналасқан басқа жолдарда ең жоғарғы көлем, салмақ және бiлiкке түсетiн жүктеме бойынша басқа техникалық талаптар белгiленуi мүмкiн.
Уағдаласушы Тараптар Алматы-Бiшкек автомобиль жолында Қосымшада анықталған параметрлерге сай келетiн, көлемiнен артық кеткен деп жiктелмейтiн көлiк құралдарының қозғалысына, оларды жеке қараусыз немесе көлемнен асқаны үшiн алым алусыз, рұқсат бередi.
Өлшемдерi Қосымшада анықталған рұқсат етiлетiн көлемнен артық кеткен көлiк құралы ең жоғарғы рұқсат етiлетін көлемнен асып кеткен (iрi көлемдi) деп жiктелетiн болады.
Жалпы салмағы немесе жүгімен, әйтпесе жүксiз бiлiкке түсетін жүктемесі Қосымшада анықталған рұқсат етiлетiн параметрден артық кеткен, көлiк құралдары ең жоғарғы рұқсат етiлетiн салмақтан асып кеткен (ауыр салмақты) деп есептелетiн болады.
22-бап
Ірi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
өтуi үшiн рұқсат беру
Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдары Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына әрбiр Уағдаласушы Тараптың тиiстi құзыреттi органы берген арнайы рұқсат бойынша ғана және осы рұқсатта анықталған шарттар негiзiнде өткiзiлетiн болады. Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарын өткiзу бекетi болып табылады.
Уағдаласушы Тараптар Қосымшада анықталған көлемнен асатын iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарын өткiзуге рұқсат берген жағдайда iшкi заңдарымен анықталған белгiленген алым алуына болады.
Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетiнiң аумағында артық мөлшерде жүк артқан көлiк құралының қозғалысына тиiстi бақылау енгiзедi, соның нәтижесiнде Қосымшада анықталған ең жоғарғы көлем, салмақ және бiлiкке түсетiн жүктеме мөлшерiнiң межесiнен асып кетпеуiн, мүмкiндiгiнше, қамтамасыз етуге әрекет етедi. Мұның бөлiнбейтiн жүктi тасымалдауға қатысы жоқ.
23-бап
Ауыр салмақты көлiк құралдарын бақылау
Уағдаласушы Тараптар Қосымшада анықталғандай, көлiк құралдарының салмағы жағынан, әйтпесе білікке түсетiн жүктеме жағынан артық жүк артылуын азайту үшiн төмендегi жолмен күш-жiгерiн жұмсайтын болады:
артық жүктi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп қарап айыппұл төлететiн тиiстi заңдарды қолдану және Қосымшада анықталған параметрлерге оның көрсеткіштерi сәйкес келгенге дейiн көлiк құралынан тауарды түсiру. Мұның осы Келiсiмнiң 22-бабына сәйкес арнайы рұқсат алған көлiк құралына қатысы жоқ;
Алматы-Бішкек автомобиль жолында және Қосымшада анықталғандай, ТМД елдерiнде қолданылатын халықаралық шектеулерге сәйкес кез келген басқа белгiленген жолдарда көлік құралдарының рұқсат етiлетiн салмағын шектеудi қолдану; және тәуекел факторын бағалауға мысалға, көзбен бақылау арқылы, әйтпесе құжаттағы хабарламаға негiзделген, талдап алып пайдалануға болатын, платформалық таразы мен бiлiкке түсетiн жүктемені өлшейтiн аспап тәрiздi тиеулi салмақты бақылау жүйесiн пайдалану. ЖАЛПЫ ШЕКАРА МАҢЫНДА ЖӘНЕ ТРАНЗИТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 24-бап Шекарааралық өткелде және жол бойында кеден бажынан тазартуды тездету
Уағдаласушы Тараптар мыналар үшiн Ақжол-Шу (Қордай) шекарасы арқылы немесе транзитпен өтетiн жүк ағынының қозғалысын қамтамасыз ету үшiн күштерiн жұмылдыруға кепiлдiк бередi:
Ақжол-Шу (Қордай) өткелiндегi аралық пункттерде заңмен көзделген нысандылықтардан тез өткiзу үшiн халықаралық көлiктi, сауда құжаттарын және жеңiлдетiлген рәсімдерді орындауда тиiстi тәжiрибесi бар арнайы дайындалған адам ресурстарымен қамтамасыз ету;
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң өткел аумағында орналасқан кәсiпорындарға қолайлы жұмыс режимін орнату;
көлiк және сауда құжаттарының бiркелкi нысанын қабылдау арқылы Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында тез және тиiмдi тауар транзитiне мүмкіндік туғызу;
шекарада тексеру кезінде және жөнелту-жеткізу пункттерінде тазарту барысында кiдiрту жағдайларын азайту үшiн шекарада және жол бойында тауар партияларын тексеруден туындайтын қауiптi бағалау рәсiмiн жүзеге асыруды қарастыру;
көлiк құралдарына қатысты құжаттама мен рәсiмдердi тасымалданатын тауардың құжатынан бөлектей отырып, шекарадан өтетiн және транзитпен қозғалатын жол көлiктерiн өткiзудi тездетуде ескеріп, қазiргi тазарту рәсiмдерін қарастыру;
екi рет тексеруден өткізу жағдайын болдырмау үшiн Уағдаласушы
Тараптардың тиiстi құзыреттi органдарының Ақжол-Шу (Қордай) өткелiндегi аралық пункттерде заңдарда көзделген бақылаудың барлық түрлерiн бiр мезгiлде өткiзудi қолдануды қарастыру; шекара бекеттерінде тауарды тіркеу мақсатында кедендiк тазартудың компьютерлiк жүйесiн енгiзу; және кеденге Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерi арасындағы саудаға жәрдемдесетiн және мүмкіндік туғызатын өзгерiстердi енгізуге көмектесу. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ МЕН РӘСIМДЕРI 25-бап Кеден рәсiмдерiн оңайлату және келiсу Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелi арқылы өтетін және өз мемлекеттерiнің аумағындағы көлiк құралдарының, тауарлардың, теңдеме жүк пен жолаушылардың кедендiк бақылауын оңайлату және келiсу жөнiнде шаралар қабылдайтын болады. 26-бап Iшкi заңдар Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң автомобиль көлiгi саласындағы iшкi заңдары шекара өткелi арқылы транзиттiк режимде өтетiн көлiкке осы Келiсiммен белгiленген шеңберде, бiрдей және кемсітусіз қолданылатын болады. 27-бап Халықаралық Конвенциялар
Осы Келiсiм мұндай конвенциялардың қатысушылары болып табылатын мемлекеттердің тасымалдаушылары арасында ғана дау туындаған жағдайда Келiсiмде жазылған талаптарға қатысты халықаралық конвенциялардың мiндеттi ережелерiн орындауға кедергi келтiрмейдi.
28-бап
Кеденнің транзиттiк жүйелерi
Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетiнің аумағы бойынша тауарлардың қозғалысы үшін тиісті Кеден Халықаралық Конвенцияларына сай жүк пен көлiк құралдары үшiн кеденнiң транзиттiк жүйесiн құрады.
Бір мезгілде ТIR Конвенциясымен (1975 жылғы) қамтылған Халықаралық Тауар Тасымалы туралы Кеден Конвенциясының тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияның ережелерiн толығымен сақтайтын болады. Осы Конвенцияның ережелерiн орындамаған Уағдаласушы Тарап мүмкiндігiнше оның шарттарын ұстануға және Конвенцияны барынша тезірек орындай бастауға келіседі.
29-бап
Кеден/сауданы үйлестiру
Уағдаласушы Тараптар Мемлекеттiк Кеден мен сауда ұйымдары және Қазақстанның ұлттық экспедиторлары қауымдастығы, Халықаралық автомобиль көлігі одағы және т.с. басқалармен арадағы байланысты жетiлдiре алатын, сауда мен көлiктi бiрлесе дамыту мүдделерiне кiретiн Кеден Үйлестiру комитеттерi тәрiздi мекемелердiң дамуына қолдау көрсететiн болады.
Уағдаласушы Тараптар заңсыз төлем алу қаупін төмендету және баждарды/салық мiндеттемелерiн азайту мақсатында баж салығы мен қосымша құн салығының мөлшерiн анықтайтын мемлекеттiк қызметкер мен импорттаушы тұлғаның немесе оның өкiлiнiң арасындағы тікелей iс-қимылды қысқарту амалдарын қарастырады. Құжаттаманы өңдеу мен тауарларды көріп-тексеру
рәсiмдерiн бөлу және автоматтандырылған жүйелердi пайдалану секiлдi балама жүйелер де қаралатын болады. 30-бап Оқыту Уағдаласушы Тараптар мемлекеттiк қызметкерлердi қазiргi заманғы кеден рәсімдерiне оқытып, оларды дәйектi пайдалануды қамтамасыз етедi. Оқу бағдарламасына мыналар енгiзiледi: ТIR Конвенциясы бойынша құжаттаманы өңдеу; қауiптi бағалау тәсiлiн пайдалану; көлiк құралдарын тексеру жүйесi; компьютерлiк технологиямен таныстыру. 31-бап Қауiптi бағалау тәсiлiн пайдалану
Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекарасында және тазарту
пункттерiнде жүк көлiгiн өңдеуден өткiзу үшiн қауiптi бағалау тәсiлiнiң тұжырымдамасын белгiлейдi. Бұл қауiп негiзiнде шекарадан өтетiн және жол бойында жүрген барлық көлiк құралдары үшiн алынған 5%-тен аспайтын көмескi таңдалған ставкасын қоса жүктерді өткізудің қазіргі халықаралық тәсiлдерiне негiзделеді. 32-бап Мөртабан басу iсін бақылау Уағдаласушы Тараптар кеден құжаттарына басылатын мөртабан санын - жұмыстық және бақылау - деген екi мөрге дейiн шектеп, қысқартуға ұмтылатын болады. 33-бап Кедендiк тазартудың автоматтандырылған жүйесi
Уағдаласушы Тараптар сауда жүйесiнiң дерекқорына тiкелей кіру байланысын пайдаланып, мәлiметтi сырттан тiкелей енгізу мүмкiндiгi бағдарламаланған және автоматты өңдеудiң тиісті халықаралық Стандартына сәйкес Кедендiк тазартудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзу үшiн техникалық аспектілер мен қаржылық талаптарды қарайтын болады.
Уағдаласушы Тараптар жүктi тiркеу және орталықтандырылған Кедендiк Тазартудың Автоматтандырылған жүйесiмен байланыс орнату мақсатында Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелiнде компьютер орнатуға қатысты техникалық аспектiлер мен қаржылық қажеттiлiктердi қарайтын болады.
34-бап
Кеден алымдарының жүйесi
Уағдаласушы Тараптардың кеден органдары тауар импорттаушы/экспорттаушы тұлғалармен немесе олардың өкiлдерiмен қолма-қол ақшалай есеп айырысу жайларының санын азайтуды ескере отырып, тікелей банкi мәмілелерiнің пайдасы үшiн өзiнiң алымдар жүйесiн қарайтын болады.
35-бап
Кедендiк iлеспе
Уағдаласушы Тараптар тасымалдау қаупi жоғары тауарлар халықаралық транзитпен өткенде өз мемлекетiнің аумағы арқылы транзитпен өту кезінде кедендiк айдауылдық iлеспе жүйесi бойынша кедендiк бақылауда қалуын талап етуге құқылы болады.
Кедендік iлеспе рәсiмдерiн қолдану талан-таражға түсуге немесе салық/баж төлеуден жалтаруға бейiм деп есептелетiн акциздi топ тауарларын қамтитын болады.
Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелiнде және
Алматы-Бiшкек автомобиль жолында транзиттiк қозғалыс барысында қисынсыз кiдiрiс болмайтындай көлемде iлеспенi жүзеге асыру үшiн тиiстi техникалық ресурстарды дайындауға келiседi. Уағдаласушы Тараптар iлеспе қызметтерді көрсету шығынының орнын толтыруға құқылы болады. Мұндай төлем есебiнiң негiзi ретiнде шекара маңындағы және транзиттiк саудаға әсер етуi мүмкiн деңгейлерде белгiленбейтiн, нақты шыққан шығын алынады. ҚҰЖАТТАМА МЕН РӘСIМДЕР 36-бап Құжаттарды бiр қалыпқа келтiру және оларды рецензиялау
Уағдаласушы Тараптар құжаттарды өңдеу және рәсiмдерден өту көп материалдық және уақыт шығынын талап ететiнiн, соның нәтижесiнде шекарааралық және транзиттік қозғалыстың тиiмдiлiгiне әсер етеді деп таниды, сондықтан бұл шығындар мен уақытша кідiрiсті ең аз мөлшерге төмендетуге келiседi.
Осы бағытқа сәйкес Уағдаласушы Тараптар:
шекарааралық және транзиттiк тасымалдар үшiн өту талап етілетін рәсiмдер мен нысандылықтарды мүмкiндiгiнше қысқартуға және құжат санын шектеуге;
сауда құжаттары жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының негiзгi ережелерiне сәйкес өз аумағында қолданылатын құжаттарды өзгертуге;
халықаралық саудада әдетте санын пайдаланылатын тауарлар кодтарының мүмкiндiгінше көп санын және сипаттамаларын келiсуге;
шекаралық және транзиттiк сауда үшiн белгiленген құжаттар мен
рәсiмдердiң қажеттiлiгi мен пайдалылығын оқтын-оқтын қайта қарап отыруға; артық немесе ешқандай айқын мақсаты жоқ деп бағаланған барлық құжаттар мен нысаншылдық талаптарды жоюға міндеттенеді. 37-бап Кедендiк тазарту стандарттары Уағдаласушы Тараптардың кеден органдары, егер құжаттамасы дұрыс, ал тауарлары дереу тексерiс үшін ашық болса ғана, құжаттарды тексерудiң барлық рәсiмдерiн аяқтауды және кедендiк тазартудан өтудi қамтамасыз ететiн қажеттi құжаттарды бергеннен бастап 24 сағат iшiнде тиiстi шараларды енгiзетiн болады. 38-бап Шекаралық транзиттiк құжаттар Уағдаласушы Тараптар жүк көлiгiнiң Ақжол-Шу (Қордай) шекара өткелiнен өтуi үшiн қойылатын мынадай ең кiшi талаптарға келiсiм бередi: - жүргiзушiлер үшiн жүргiзушi куәлiгi, төлқұжат немесе жеке куәлiгi; - көлiк құралы үшiн халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға арналған рұқсат; тiркеу құжаттары; арнайы рұқсат (қажет болғанда) - тауар үшiн жүк кеден декларациясы жүк құжаты; тауардың жеткiзiп берiлуін бақылау құжаты; ТIR-карнет (ТIR шарттарымен жүрген жағдайда); СМR Халықаралық тауар-көлiк жүкқұжаты (СМR шарттары бойынша жүрген жағдайда) рұқсат (егер тұрақты бағыттағы автобус болса немесе оқтын-оқтын бағыт автобусы үшiн балама өкiлеттi құжат).
Келiсiмнiң Тараптары Ақжол-Шу (Қордай) шекарасында осы құжаттарды тексерудiң өз рәсiмдерiн шекаралық бақылаумен шектеуге келiседi.
39-бап
Тауар мен көлiк құралдарының құжаттамасы
Уағдаласушы Тараптар шекарадан өтуге және көлiктiң транзиттiк өтуiне қатысты құжаттардың қазіргі талаптарын жүргiзушiден және оның көлiк құралынан және оларға тиесiлi тасымалданатын тауарларынан да талап етiлетiн құжаттардың қайта-қайта тексерiлетiндiгiн ескере отырып, тексеретiн болады. Бұл тексеру мыналарды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін тәсілдердi анықтау үшiн қажет:
кеден қадағалауындағы тауарларды түсiретiн көлiктi тез өткiзуге;
көлiк құралына тауар артулы тұрған кезде көп рет тексеретiн қазiргi жағдайдағы тексеру санын азайтуға;
тiркелген кеден қоймасын үдемелi пайдалануға; және
тартқышы жоқ ілеспесіз тiркемелерді тазартуға.
40-бап
Тасымалданатын жүктi қайта тиеу
Уағдаласушы Тараптар бiр Уағдаласушы Тараптың мемлекет аумағынан екiншiсiне ақырғы бөлу үшiн импортталатын жүктiң салмағына қатысты бар құжаттама мен рәсімдердi тексеретiн болады. Бұл шара халықаралық көлiк қызметiн аймақтық тиiмдi бөлу тұжырымдамасына қолдау көрсету мақсатында талап етілетін кедендiк құжаттама санын және жүкті қайта тиеу пунктіндегі
рәсімдерді қысқарту үшiн жасалады. 41-бап Екi жақты сауда Уағдаласушы Тараптар екi жақты саудаға қатысты, мұндай сауданы қолдау мақсатында бар құжаттама мен рәсiмдердi тексеретiн болады. Екi жақты сауданы жүзеге асыруға талап етiлетiн жалғыз құжат ретiнде Жүк Декларациясы мен Көлiк Жүкқұжатын қағазын пайдалану мүмкiндiгiн назарға алу керек. 42-бап Құжаттама мен рәсімдердiң өзгергенi туралы хабарлау Уағдаласушы Тараптар шекарадан өтуге немесе транзиттiк тасымалдауға қатысты белгіленетін, көзделген құжаттамаға немесе рәсiмдерге енгізiлетiн кез-келген қосымша талаптар немесе өзгерiстерге қатысты бiр-бiрiн алдын-ала хабардар ететiн болады. КЕЛIСIМНIҢ ШАРТТАРЫ 43-бап Мониторинг және Келiсiмдi іске асыру
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiм күшiне енген сәттен бастап 6 айдың iшiнде қосымша бюджет қаржысын тартпастан, шекара өткелi мен транзит мәселелерi бойынша мониторингтi, iске асыруды және үйлестiрудi қамтамасыз ететiн құрылымды құруға келісiм бередi. Бұл құрылымды екі келiсiмде де келтiрiлген транзиттiк тасымалдау қағидаттарын бiрiктiру мақсатында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi Негiзгi келiсiмі шеңберiнде құрылған Транзит-көлiк үйлестiру кеңесiнiң iшiнде шоғырландыру ұсынылады.
44-бап
Дауларды шешу
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша дау туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оны келiссөздер жүргiзу және консультациялар арқылы жолымен шешетiн болады.
Осы Келiсiмге екi тараптың өзара келiсуiмен жеке хаттамамен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
45-бап
Күшiне ену тәртiбi
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалған және Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша мәлiмдеме алынған күннен бастап күшiне енедi.
Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмнің күшi бар мерзiм iшiнде туындаған жағдайларды алдын ала реттеп, шығуынан дейiн кемiнде алты ай бұрын екiншi Уағдаласушы Тарапқа осы Келiсiмнiң күшiн жою туралы жазбаша мәлiмдеме жiберiп, осы Келiсiмнiң күшiн жоюы мүмкiн. 1999 жылғы 15 қарашада Бішкек қаласында екі түпнұсқалық данада қазақ, қырғыз, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Келісімді түсіндіру мақсаты үшін Тараптар орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Қосымша Көлiк құралының салмағы мен көлемi Анықтамалар Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн мынадай анықтамалар мен терминология қолданылады: "жүк машинасы" - жүк тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралы "тартқыш" - тiркеменi немесе жартылай тiркеменi сүйреуге арналған моторлы көлiк құралы "тiркеме" - тартқышпен немесе жүк машинасымен сүйретiлетiн жүк тасымалдауға арналған көлiк құралы
"жартылай тiркеме" - тартқышқа немесе жүк машинасына жалғанған тiркеме, оның бөлігi тура тартқыштың немесе жүк таситын машинаның үстiне орналасқан және сол құралға өз салмағының бiр бөлiгiн салады
"жүк машинасы-тiркеме" - жүк машинасы мен сүйретілетін тiркемеден тұратын қосылмалы көлiк құралы
"тартқыш-жартылай тiркеме" - тартқыш пен жартылай тiркемеден тұратын қосылмалы көлiк құралы
"автобус" - жолаушылар мен олардың теңдеме жүгiн тасылмалдауға арналған, жүргiзушi орнын қоса есептегенде 9-дан артық орны бар моторлы көлiк құралы
"жалғастырылған автобус" - бiр-бiрiне қосақталып жалғанған екi немесе одан көп иілмейтін бөлiктерден тұратын автобус, оның әрбiр бөлігiнде жолаушыларға арналған салоны бар, ал жолаушылар оның бiр бөлiгiнен екіншісіне оңай бара алады
"көлiк құралының көлемi" - көлiк құралының өлшемдерi (енi, биiктiгi және ұзындығы) "бөлiнбейтiн жүк" - көлiк құралымен тасымалдау барысында қосымша шығынсыз немесе тауарды бүлдiрiп алу қаупінсiз, оны (2 немесе одан көп) бөлшектеуге келмейтiн жүк "пневматикалық аспа жүйесi" - амортизация мiндетiн iшiндегi ауа атқаратын және 75% төмен емес амортизациялық әсерi бар аспа жүйесi Көлiк құралдарының ең үлкен көлемi Осы Келiсiмнiң 22-бабында көрсетiлген көлiк құралдарының ең үлкен көлемi мынадай параметрлерден аспауы тиiс: Ең үлкен ұзындық метрмен Жүк машиналары 12 Тiркемелер 12 Жалғанған тартқыштар (тартқыш + жартылай тiркеме) 18 Тiркемесi бар жүк машинасы (металл штангамен қосқанын бiрге алғанда) 20 Автобус 12 Жалғастырылған автобус 18 Ең үлкен енi метрмен Көлiк құралдарының барлық түрi 2,50 Ең үлкен биiктiгi метрмен Көлiк құралдарының барлық түрi 4,00 Өзара байланысты мәселелер
Жоғарыда келтiрiлген ең үлкен көлемдерге құрамына жүк немесе контейнер секiлдi кез-келген алынатын дене өлшемдері кiредi.
Барлық көлiк құралдарының қозғалыс кезiндегі сыртқы бұрылыс радиусы - 12,5 метр және ішкi радиусы - 5,3 метр болуы тиіс.
Көлiк құралы iзiнің бойлық білігінің параллелі бойынша, оның қаңқасының немесе жүргiзушi кабинасының артындағы платформадағы жүктің сыртқы алдыңғы нүктесінен бастап тiркеменiң қаңқасының сыртқы артқы нүктесiне дейiнгi өлшемнен сүйретушiнің артқы бөлiгi мен тiркеменiң алдыңғы бөлiгi арасындағы қашықтықты алып тастағандағы ең үлкен қашықтық 17 метрден аспауы тиіс.
Ескерту
Көлiк құралдарының барлық көрсетiлген ең үлкен көлем стандарттары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы нормативтік стандарттарына сәйкес келуi тиiс.
- Көлiк құралы iзiнiң бойлық білігінің (ұзындығы бойынша) параллелі бойынша, оның қаңқасының немесе жүргiзушi кабинасының артындағы платформадағы жүктің сыртқы алдыңғы нүктесiнен бастап жартылай тiркеменің денесiнің сыртқы артқы нүктесiне дейінгi ең үлкен қашықтық 16,4 метрден аспауы тиiс;
- Көлiк құралына тиелетін жүк көлiк құралының немесе тiркеменiң артқы
нүктесінің сыртына қарай 2,00 метрден аса шықпауы тиiс; - Жүк машинасының артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы білігi арасындағы қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс; - Жартылай тiркеменiң бекiтiлген құлыбы мен сол тiркеменiң алдыңғы бөлiгi арасындағы көлденең қашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс; - Көлік құралының ұзындығы ҰХС (Ұйымның халықаралық стандарттары) 612-1987 стандартының 6.1-параграфына сәйкес өлшенуi тиiс. Көлiк құралына орнатылған төмендегi аспаптар көлiк құралының ұзындығын өлшегенде есепке алынбауы тиiс: доңғалақ қанаты мен әйнек тазалайтын аспап; алдыңғы және бүйiрдегi таңбалау нөмiрлері; вулканизация аспаптары мен оны сақтайтын құралдар; шатырда бекiтiлген құралдар; электр жарық жүйесi; айналар мен артты қарайтын аспаптар; түтін түтiгi;
ысырманың және саты тіркелетін құрал үшін ілмектің, ұзындығы 200 мм аспайтын және өндiрушi белгілегендей, көлiк құралы салмағының рұқсат етілетін нормативінен аспайтындай етіп жасалған ұқсас басқа жабдықтар.
Көлiк құралының биiктiгi ҰХС 612-1987 стандартының 6.3-параграфына
сәйкес өлшенуi тиiс. Көлiк құралының биiктiгiн өлшеу барысында мынадай құралдар қосылмауы тиiс: көтерiлген жағдайдағы антенна-пантограф. Бiлiгiн көтеруге арналған құралы бар көлiк құралдарында осы құралдың әсерi есепке алынады, және - Көлiк құралының енi ҰХС 612-1967 стандартының 6.2-параграфына сәйкес өлшенуі тиiс. Көлiк құралының енiн өлшеу барысында мынадай құралдар қосылмауы тиiс: вулканизация аспаптары мен оны сақтайтын құралдар; шатырда бекiтiлген құралдар; доңғалақтың тозығын өлшейтiн аспап; доңғалақ қанаты; электр жарық аспаптары; платформаға бекiтiлген саты немесе көлiк құралының әрбір жағынан 10 мм-ден аспайтын мөлшерде шығып тұрған басқа ұқсас құралдар; артқа қарау айналары; доңғалақ қысымының көрсеткiшi; жиналмалы сатылар немесе баспалдақтар; жолдың бетiмен түйісу нүктесінен шығып тұрған доңғалақтың томпайған бетi. Көлiк құралының ең үлкен салмағы Осы Келiсiмнiң 22-бабында белгіленген көлiк құралының ең үлкен салмағы мынадай параметрлерден аспауы тиiс: Жүк машиналары (тоннамен) екi бiлiктi жүк машиналары 18 үш бiлiктi жүк машиналары 24 пневматикалық немесе балама аспалы жүйемен жабдықталған, үш бiлiктi және екі доңғалақ жиынтығы бар қозғалмалы білікті жүк машинасы 25 пневматикалық немесе балама аспалы жүйемен жабдықталған, төрт бiлiктi және екі доңғалақ жиынтығы бар қозғалмалы білікті жүк машинасы 32 Жалғастырылған көлiк құралының бөлігі болып табылатын көлiк құралдары (тоннамен) Екi бiлiктi тiркеме 18 Үш бiлiктi тiркеме 24 Құрамдастырылған көлiк құралдары (тоннамен) Екi бiлiктi тартқыш және бiлiктер мен жартылай тiркеме арасындағы қашықтық 1,3 метрден асатын, бiрақ 1,8 метрден кем болатын екi бiлiктi жартылай тiркемелер 36 Екi бiлiктi тартқыш және бiлiктерi мен жартылай тiркеме арасындағы қашықтық 1,8 метрден аспайтын екі бiлiктi жартылай тiркемелер 38 Екi бiлiктi тартқыш және үш бiлiктi жартылай тiркеме 38 Үш бiлiктi тартқыш және екi бiлiктi жартылай тiркеме 38 Үш бiлiктi тартқыш және үш бiлiктi жартылай тiркеме 38 Жоғарыда келтiрiлген құрамдастырымдарға сәйкес 18 т жүк машинасы мен 20 т жартылай тiркемеден құралатын көлiк құралдары, егер көлік құралының екi доңғалақтан құралған екi бiлiгi болса және пневматикалық немесе балама аспалы жүйемен жабдықталған болса, онда өз салмағын қосымша 2 тоннаға ұлғайтуына болады. Тiркемесi бар жүк машиналары тоннамен Екi бiлiктi жүк машинасы екi бiлiктi тiркемесiмен бiрге 36 Тiркемесi бар басқа жүк машиналары 38 Автобустар Екi бiлiктi автобус 18 Үш бiлiктi автобус 24 Бiрiккен үш бiлiктi автобус 28 Бiрiккен төрт бiлiктi автобус 28 Көлiк құралдарының бiлiгiне түсетiн ең үлкен жүктеме Көлiк құралдарының бiлiгiне түсетiн ең үлкен жүктеме осы Келiсiмнiң 22-бабында және мынадай параметрлерден аспауы тиiс: Жалғыз білiк тоннамен Жетексiз 10 Жетектi және екi доңғалақты 10 Қос білiк тоннамен Қос білік үшін, қос доңғалақты тiркемелер мен жартылай тiркемелердің, егер біліктерінің арасындағы қашықтық мынадай болса, бiлiкке түсетiн жүктеме қосындысынан аспауы тиiс: Қашықтығы 0,5 метрден артық, бiрақ 1 метрден кем 12 1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем 14 1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем 16 1,8 метр, немесе одан көп 18 Қос бiлiктi тiркемелер немесе бір доңғалақты жартылай тiркемелер, егер біліктерінің арасындағы қашықтық мынадай болса, бiлiкке түсетiн жүктеме қосындысынан аспауы тиiс: Қашықтығы 0,5 метрден артық, бiрақ 1 метрден аз 11 1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем 13 1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем 15 1,8 метр, немесе одан көп 17 Yш білiк Yш бiлiктi тiркемелер немесе екi доңғалақты жартылай тiркемелер, егер бiлiктерінің арасындағы қашықтық мынадай болса, бiлiкке түсетiн жүктеме қосындысынан аспауы тиiс: Қашықтығы 0,5 метрден артық, бiрақ 1 метрден кем 16,5 1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем 19,5 1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем 22,5 1,8 метр немесе одан көп 25,5 Yш бiлiктi тiркемелер немесе бiр доңғалақты жартылай тiркемелер, егер білiктерінің арасындағы қашықтық мынадай болса, бiлiкке түсетiн жүктеме қосындысынан аспауы тиiс: Қашықтығы 0,5 метрден артық, бiрақ 1 метрден кем 15,0 1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем 18,3 1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем 21,0 1,8 метр немесе одан көп 24,0 Басқа құрамдастырымдар Екi бiлiктi және екi доңғалақты жүк машиналары мен автобустар, егер білiктерінің арасындағы қашықтық мынадай болса, бiлiкке түсетiн жүктеме қосындысынан аспауы тиiс: Қашықтығы 0,5 метрден артық, бiрақ 1 метрден кем 12 1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем 14 1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем 16 1,8 метр немесе одан көп 18 1,8 метр немесе одан көп, бірақ пневматикалық немесе оған балама аспалы жүйесi бар 19 Екi бiлiктi және бiр доңғалақты жүк машиналары мен автобустар, егер бiлiктерінің арасындағы қашықтық мынадай болса, бiлiкке түсетiн жүктеме қосындысынан аспауы тиiс: Қашықтығы 1 метрден кем 11 1 метрден артық, бiрақ 1,3 метрден кем 13 1,3 метрден артық, бiрақ 1,8 метрден кем 15 Көлiк құралының жалпы салмағы үшін бiлiкке түсетiн жүктеме Жетектеушi бiлiктiң немесе біліктердің салмағы жүк машинасының немесе жалғанған көлiк құралының жалпы салмағының 25%-нен кем болмауы тиiс. 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі - "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы Алматы-Бішкек бағыты бойынша шекаралық өту туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 44-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің 12-бабы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Уағдаласушы Тараптар Ақжол-Шу (Қордай) шекаралық өту арқылы немесе Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруға, соның ішінде осы міндеттеме Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне жолдардың ақылы учаскелері бойынша жүру үшін, жолдарға техникалық қызмет көрсету үшін, экологиялық алымдар және рұқсат беруге байланысты алымдар үшін автокөлік құралдарынан алынатын алымдарға қатысты, осы Келісім күшіне енген күнге қолданылып жүрген және Уағдаласушы Тараптар үшін міндетті күші бар, ұқсас мәселелерді реттейтін, екі жақты және көп жақты халықаралық шарттардың ережелеріне қайшы келмейтін болады деген шартпен, көрсетілген транзиттік тасымалдарды кеден баждарынан, салықтардан, алымдардан босатуға жәрдемдесетін шараларды қабылдауға міндеттенеді".
Осы Хаттама көрсетілген Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді. Астана қаласында 2001 жылғы 31 мамырда қазақ, қырғыз, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды, мұның өзінде барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманы түсіндіру мақсатында Тараптар орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.