Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 336 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 248-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жүйесiн айқындайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76 Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы
              органдары

      Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi – қаржы полициясы органдары) заңда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтауәкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi

      Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
      1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
      2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;
      3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттiк және құқықтық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76, 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-бап. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң
              құқықтық негiзi

      Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу
              және қызмет ету принциптерi

      Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76 Заңымен.

2-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТIНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76 Заңымен.

      5-бап. Қаржы полициясы органдарының жүйесi

      1. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.
      Қаржы полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн:
      1) мыналарды:
      орталық мемлекеттiк органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;
      2) оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.
      Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.
      3. Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.
      4. Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      6. Қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бар.
      Қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76 Заңымен.

      6-бап. Уәкiлеттi орган

      1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөнiндегi басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган:
      1) қаржы полициясының органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасына талдау жасайды;
      3) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын белгiлейдi, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
      4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;
      5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын іске асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
      8) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
      8-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;
      9) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      3. Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76, 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      7-бап. Уәкiлеттi органның басшысы

      1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      2. Басшы шешiмдердi өз өкiлеттiгi шегiнде дербес қабылдайды және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке өзi жауап бередi.
      3. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;
      2) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органның атынан өкiлдiк етедi;
      3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      5) өз өкiлеттiгi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттi түрде орындауына жататын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;
      7) Қазақстан Республикасының мiндеттi арнайы тексеруден өткен азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;
      8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан алқаның сан және жеке құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын әзiрлеу мен өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76 Заңымен.

3-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

      8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi

      1. Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:
      1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;
      2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;
      5) мыналарды:
      қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша адамдарды;
      жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;
      6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;
      7) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
      8) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау жөнiнде заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға;
      9) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға;
      10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер табыс етуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      11) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша тексеру жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      12) уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының сұрау салуы бойынша оңалту немесе банкроттық рәсімін жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
      2. Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 76, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Қаржы полициясы органдарының құқықтары

      1. Қаржы полициясының органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңда белгiленген тәртiппен:
      1) жалпы және арнайы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға;
      2) iс жүргiзуде жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға;
      3) iс жүргiзуде жатқан қылмыстық iстер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;
      4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан алуды жүргiзуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
      6) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге;
      7) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдануға;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру iсiн жүргiзудi талап етуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты 9-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 04.07.2014  № 233-VЗаңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргiзу барысында зерттеулер ұйымдастыруға;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      12) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.
      2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қару, оқ-дәрi, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезiнде бiлек күшiн, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

4-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ БIЛЕК КҮШIН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ ҚАРУ ҚОЛДАНУЫ

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ  ЖАҒДАЙЫ

      Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнің және
              өзге де жұмыскерлерінің еңбегiн құқықтық реттеу

      Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
      Қаржы полициясы органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

      14-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң
               арнаулы атақтары

      Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiледi. Қаржы полициясы органдарының арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органда, аумақтық бөлiмшелерде және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде соларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

  6-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI МЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРIН ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      23-бап. Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру
               және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      24-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң
               жауапкершiлiгi және олардың iс-әрекеттерiне
               шағым жасау құқығы

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

      Осы Заң, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-14-баптарды қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Об органах финансовой полиции Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 4 июля 2002 года N 336. Утратил силу Законом Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года № 248-V

      Сноска. Утратил силу Законом РК от 07.11.2014 № 248-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Вниманию пользователей!
      Для удобства пользования РЦПИ создано ОГЛАВЛЕНИЕ

      Настоящий Закон определяет правовой статус, задачи, принципы организации и деятельности, полномочия органов финансовой полиции, а также систему органов финансовой полиции Республики Казахстан.
      Сноска. В преамбулу внесены изменения - Законом РК от 8 июля 2005 г. № 76 (порядок введения в действие см.ст.2).

Глава 1. Общие положения 

      Статья 1. Органы финансовой полиции Республики Казахстан

      Органы финансовой полиции Республики Казахстан (далее – органы финансовой полиции) являются правоохранительным органом, осуществляющим деятельность, направленную на предупреждение, выявление, пресечение, раскрытие и расследование преступных и иных противоправных посягательств на права человека и гражданина, интересы общества и государства в сфере экономической и финансовой деятельности, борьбы с коррупцией путем проведения оперативно-розыскной деятельности, предварительного следствия и дознанияадминистративного производства в пределах их полномочий, установленных законом.
      Сноска. Статья 1 в редакции Закона РК от 13.02.2012 № 553-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 2. Задачи органов финансовой полиции

      Задачами органов финансовой полиции являются:
      1) обеспечение в пределах полномочий экономической безопасности государства, законных прав и интересов субъектов предпринимательской деятельности, общества и государства;
      2) предупреждение, выявление, пресечение, раскрытие и расследование экономических, финансовых и коррупционных преступлений и правонарушений;
      3) участие в разработке и реализации государственной и правовой политики в области борьбы с коррупцией и преступностью в сфере экономики;
      4) осуществление международного сотрудничества по вопросам, отнесенным к ведению органов финансовой полиции.
      Сноска. Статья 2 с изменениями, внесенными законами РК от 08.07.2005 № 76 (порядок введения в действие см.ст.2); от 06.01.2011 № 379-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 3. Правовая основа деятельности органов
                 финансовой полиции

      Правовую основу деятельности органов финансовой полиции составляют Конституция Республики Казахстан, настоящий Закон и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан.
      Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.
      Сноска. Статья 3 с изменением, внесенным Законом РК от 10.01.2011 № 383-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 4. Принципы организации и деятельности
                 органов финансовой полиции

      Деятельность органов финансовой полиции осуществляется на принципах законности, уважения и соблюдения прав и свобод, достоинства человека и гражданина, единства системы органов финансовой полиции, сочетания гласных и негласных форм деятельности и единоначалия, взаимодействия с правоохранительными и другими государственными органами, должностными лицами, организациями и гражданами.
      Сноска. В статью 4 внесены изменения - Законом РК от 8 июля 2005 г. № 76 (порядок введения в действие см.ст.2).

Глава 2. Система и организация деятельности органов
финансовой полиции

      Сноска. В заголовок внесены изменения - Законом РК от 8 июля 2005 г. № 76 (порядок введения в действие см.ст.2).

      Статья 5. Система органов финансовой полиции

      1. Финансовая полиция имеет единую централизованную систему с подчинением нижестоящих подразделений вышестоящим.
      Единую систему органов финансовой полиции составляют:
      1) органы финансовой полиции, включающие:
      центральный государственный орган (далее - уполномоченный орган);
      территориальные и специализированные органы финансовой полиции;
      2) учебные заведения и иные подведомственные учреждения.

      2. Территориальными органами финансовой полиции являются соответствующие подразделения финансовой полиции областей (города республиканского значения, столицы), а также межрегиональные, районные, городские, районные в городах подразделения финансовой полиции.
       Специализированными органами финансовой полиции являются соответствующие подразделения финансовой полиции на транспорте.

      3. Территориальные и специализированные органы финансовой полиции в пределах соответствующей административно-территориальной единицы осуществляют функции уполномоченного органа.

      4. Создание, реорганизация и ликвидация уполномоченного органа, его подразделений и учебных заведений, а также подведомственных учреждений, входящих в систему органов финансовой полиции, осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Особенности и порядок осуществления деятельности подведомственных учреждений, входящих в систему органов финансовой полиции, определяются законодательством Республики Казахстан.

      6. Органы финансовой полиции имеют знамя и символ.
      Описание знамени и символа органов финансовой полиции утверждается Президентом Республики Казахстан.
      Сноска. В статью 5 внесены изменения - Законом РК от 8 июля 2005 г. № 76 (порядок введения в действие см.ст.2).

      Статья 6. Уполномоченный орган

      1. Уполномоченный орган осуществляет в целях обеспечения экономической безопасности руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством, межотраслевую координацию и иные специальные исполнительные и разрешительные функции по предупреждению, выявлению, пресечению, раскрытию и расследованию экономических, финансовых и коррупционных преступлений и правонарушений.
      2. Уполномоченный орган:
      1) обеспечивает руководство, координацию и согласованность действий органов финансовой полиции и подведомственных учреждений по основным направлениям их деятельности;
      2) анализирует практику оперативно-розыскной, административной, следственной деятельности и дознания органов финансовой полиции;
      3) совершенствует формы и методы борьбы с экономическими, финансовыми и коррупционными преступлениями и правонарушениями, определяет стратегию и тактику оперативно-розыскной деятельности, вырабатывает и реализует меры по повышению эффективности деятельности органов финансовой полиции;
      4) контролирует работу подразделений органов финансовой полиции;
      5) взаимодействует с другими государственными органами по обеспечению экономической безопасности Республики Казахстан;
      6) организует подготовку специалистов и повышение квалификации кадров органов финансовой полиции;
      7) разрабатывает правовые, организационные и экономические механизмы реализации приоритетных направлений деятельности органов финансовой полиции;
      8) взаимодействует с соответствующими органами иностранных государств по вопросам борьбы с экономическими, финансовыми и коррупционными преступлениями и правонарушениями, в пределах своих полномочий участвует в деятельности международных организаций;
      8-1) совершенствует систему отчетности и оценки деятельности с приоритетом вопросов профилактики преступности, защиты конституционных прав и свобод граждан, интересов общества и государства, доверия со стороны населения, с определением механизмов внешней оценки, даваемой представительными органами и общественностью, с введением рейтинговой оценки уровня коррупции, а также устанавливает различные формы сотрудничества с институтами гражданского общества;
      9) принимает в пределах своих полномочий нормативные правовые акты;
      10) осуществляет иные функции, предусмотренные настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      3. Для рассмотрения основных вопросов деятельности уполномоченного органа, его подразделений, а также подведомственных учреждений при руководителе уполномоченного органа образуется коллегия, являющаяся консультативно-совещательным органом.
      Сноска. Статья 6 с изменениями, внесенными законами РК от 08.07.2005 № 76 (порядок введения в действие см. ст. 2); от 06.01.2011  № 379-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011); Конституционным Законом РК от 03.07.2013 № 121-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 7. Руководитель уполномоченного органа

      1. Руководитель уполномоченного органа и его заместители назначаются на должности и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      2. Руководитель самостоятелен в принятии решений в пределах своих полномочий и несет персональную ответственность за деятельность уполномоченного органа.
      3. Руководитель в соответствии с законодательством Республики Казахстан:
      1) осуществляет руководство уполномоченным органом;
      2) представляет уполномоченный орган во всех государственных органах и организациях;
      3) назначает на должность и освобождает от должности руководителей подразделений, учебных заведений и других подведомственных учреждений органов финансовой полиции;
      4) определяет права и обязанности своих заместителей, руководителей подразделений органов финансовой полиции, учебных заведений, а также других подведомственных учреждений;
      5) в пределах своих полномочий издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения органами финансовой полиции и подведомственными учреждениями;
      6) утверждает структуру подразделений и учебных заведений органов финансовой полиции в пределах лимита штатной численности, утвержденного Президентом Республики Казахстан, и положения о подразделениях и учебных заведениях органов финансовой полиции;
      7) принимает граждан Республики Казахстан, прошедших обязательную специальную проверку, в кадровый состав органов финансовой полиции, присваивает специальные звания;
      8) назначает и освобождает от должности сотрудников органов финансовой полиции;
      9) утверждает численный и персональный состав коллегии, как правило, из числа заместителей, руководителей подразделений и иных должностных лиц, а также определяет порядок подготовки и проведения заседаний коллегии;
      10) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. В статью 7 внесены изменения - Законом РК от 8 июля 2005 г. № 76 (порядок введения в действие см.ст.2).

Глава 3. Обязанности и права органов финансовой полиции

      Статья 8. Обязанности органов финансовой полиции

      1. Органы финансовой полиции в соответствии с поставленными перед ними задачами в пределах своих полномочий обязаны:
      1) принимать, регистрировать и рассматривать заявления и сообщения о совершенных или готовящихся преступлениях, своевременно принимать меры по их пресечению, раскрытию, задержанию лиц, их совершивших, и недопущению общественно опасных последствий;
      2) осуществлять дознание и предварительное следствие в порядке, предусмотренном уголовно-процессуальным законодательством Республики Казахстан;
      3) предупреждать, выявлять и пресекать административные правонарушения;
      Примечание РЦПИ!
      Подпункт 4) предусмотрен в редакции Закона РК от 04.07.2014 № 233-V (вводится в действие с 01.01.2015).
      4) обеспечивать выявление, предупреждение, пресечение и раскрытие преступлений путем осуществления оперативно-розыскных мероприятий, фиксации их результатов для использования в уголовном процессе, исполнять письменные поручения следователя и указания прокурора, а также постановления суда о проведении оперативно-розыскных мероприятий по уголовным делам, находящимся в их производстве;
      5) осуществлять розыск:
      лиц по уголовным делам и делам об административных правонарушениях, отнесенным к ведению органов финансовой полиции;
      ответчиков при неизвестности их местопребывания по искам, предъявленным в интересах государства по постановлению суда;
      6) принимать меры к обеспечению возмещения причиненного экономическими правонарушениями имущественного вреда;
      7) предупреждать, выявлять и пресекать экономические, финансовые и коррупционные преступления и правонарушения;
      8) принимать предусмотренные законодательными актами меры по государственной защите лиц, участвующих в уголовном процессе;
      9) хранить государственные и иные охраняемые законом секреты, а также другую информацию, полученную при исполнении возложенных задач;
      10) представлять по запросу уполномоченного органа по финансовому мониторингу сведения из собственных информационных систем в соответствии с законодательством Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма;
      Примечание РЦПИ!
      Подпункт 11) предусмотрен в редакции Закона РК от 04.07.2014 № 233-V (вводится в действие с 01.01.2015).
      11) представлять по запросам уполномоченного органа в области реабилитации и банкротства в рамках проведения проверок сведения и копии документов по находящимся в производстве материалам и уголовным делам, возбужденным в отношении должников, признанных в установленном законом порядке банкротом или в отношении которых применена реабилитационная процедура;
      Примечание РЦПИ!
      Подпункт 12) предусмотрен в редакции Закона РК от 04.07.2014 № 233-V (вводится в действие с 01.01.2015).
      12) представлять по запросам временного, банкротного или реабилитационного управляющих в рамках проведения процедуры реабилитации или банкротства сведения и копии документов по находящимся в производстве материалам и уголовным делам, возбужденным в отношении должников, признанных в установленном законом порядке банкротом или в отношении которых применена реабилитационная процедура.
      2. При нарушении сотрудниками прав и законных интересов граждан органы финансовой полиции обязаны восстановить нарушенные права, возместить причиненный ущерб, обеспечить привлечение виновных к ответственности.
      Сноска. Статья 8 с изменениями, внесенными законами РК от 08.07.2005 № 76 (порядок введения в действие см. ст. 2); от 28.08.2009 № 192-IV (вводится в действие с 08.03.2010); от 07.03.2014 № 177-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 10.06.2014 № 206-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Статья 9. Права органов финансовой полиции

      1. Органы финансовой полиции для выполнения возложенных на них задач в пределах полномочий и порядке, установленном законом, вправе:
      1) осуществлять общие и специальные оперативно-розыскные мероприятия;
      2) по имеющимся в производстве материалам и уголовным делам иметь доступ к документам, материалам, статистической информации и иным сведениям, а также требовать их представления от руководителей и других должностных лиц организаций, физических лиц, снимать с них копии, получать объяснения;
      3) по имеющимся в производстве уголовным делам подвергать приводу лиц, уклоняющихся от явки по вызову;
      4) изымать или производить выемку документов, товаров, предметов или иного имущества в соответствии с уголовно-процессуальным законодательством и законодательством об административных правонарушениях Республики Казахстан;
      5) использовать соответствующие изоляторы временного содержания, следственные изоляторы в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;
      6) конвоировать задержанных и лиц, заключенных под стражу;
      7) сотрудничать с соответствующими органами иностранных государств, международными организациями по вопросам, отнесенным к ведению органов финансовой полиции;
      8) составлять протоколы и рассматривать дела об административных правонарушениях, осуществлять административное задержание, а также применять другие меры, предусмотренные  законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;
      9) требовать производства ревизий, проверок, аудита и оценки от уполномоченных органов и должностных лиц в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;
      Примечание РЦПИ!
      Пункт 1 предусмотрено дополнить подпунктом 9-1) в соответствии с Законом РК от 04.07.2014 № 233-V (вводится в действие с 01.01.2015).
      Примечание РЦПИ!
      Подпункт 10) предусмотрен в редакции Закона РК от 04.07.2014 № 233-V (вводится в действие с 01.01.2015).
      10) создавать и использовать информационные системы, обеспечивающие решение возложенных на органы финансовой полиции задач, организовывать исследования в ходе предварительного следствия, дознания, производства по делам об административных правонарушениях в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      11) осуществлять научно-исследовательскую, учебную, издательскую деятельность в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      12) давать обязательные для исполнения предписания и представления физическим и юридическим лицам об устранении причин и условий, способствовавших совершению преступлений и иных правонарушений.
      2. Сотрудники органов финансовой полиции имеют право в установленном законодательством Республики Казахстан порядке хранить, носить и применять оружие, боеприпасы, специальные средства, а также при необходимости применять физическую силу, в том числе боевые приемы борьбы.
      Сноска. Статья 9 с изменением, внесенным Законом РК от 19.03.2010 № 258-IV.

Глава 4. Применение сотрудниками органов финансовой полиции физической силы, специальных средств и оружия

      Сноска. Глава 4 исключена Законом РК от 06.01.2011 № 379-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Глава 5. Правовое положение сотрудников
органов финансовой полиции

      Сноска. Глава 5 в редакции Закона РК от 06.01.2011 № 379-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 13. Правовое регулирование труда сотрудников и
                  иных работников органов финансовой полиции

      Трудовые отношения сотрудников органов финансовой полиции регулируются Трудовым кодексом Республики Казахстан с особенностями, предусмотренными Законом Республики Казахстан "О правоохранительной службе".
      Трудовые отношения иных работников органов финансовой полиции регулируются Трудовым кодексом Республики Казахстан и законодательством Республики Казахстан о государственной службе.

      Статья 14. Специальные звания сотрудников органов
                  финансовой полиции

      Сотрудникам органов финансовой полиции присваиваются специальные звания.
      Перечень должностных лиц органов финансовой полиции, которым присваиваются специальные звания, а также соответствующие им предельные специальные звания в центральном органе, территориальных подразделениях и подведомственных государственных учреждениях утверждаются Президентом Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 14 в редакции Закона РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Глава 6. Социальная защита сотрудников
и пенсионеров органов финансовой полиции

      Сноска. Глава 6 исключена Законом РК от 06.01.2011 № 379-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Глава 7. Заключительные переходные положения

      Статья 23. Финансирование и материально-техническое
                  обеспечение органов финансовой полиции

      Финансирование и материально-техническое обеспечение органов финансовой полиции осуществляются за счет бюджетных средств.
      Сноска. В статью 23 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. № 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.).

      Статья 24. Ответственность сотрудников органов финансовой
                  полиции и право обжалования их действий

      Сноска. Статья 24 исключена Законом РК от 06.01.2011 № 379-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 25. Введение в действие настоящего Закона

      Настоящий Закон вводится в действие со дня опубликования, за исключением статей 13-24, которые вводятся в действие с 1 января 2002 года.

     Президент
     Республики Казахстан