1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
128-бапта:
тақырыбындағы "азғырып-көндіру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әкету және олардың транзиті" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "әрекеттер" деген сөзден кейін ", сол сияқты адамдарды көрінеу жыныстық немесе өзгедей пайдалану үшін Қазақстаннан тыс жерлерге әкету немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне бара жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті