1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар):
9-баптың 1-тармағының 32) тармақшасындағы "этил спиртiн сақтау және сату," деген сөздер алып тасталсын.
2. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндiрілуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "1,5" деген цифр "бiр жарым" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
"бөлшек сауда" және "өткiзу" деген сөздер тиiсiнше "бөлшек саудада өткiзу" және "сату" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бақылау-кассалық аппаратпен" деген сөздер "бақылау-кассалық машинамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада ", тағамдық емес шикiзаттан", "сондай-ақ коньяктiк және жүзiмдiк спирттер" деген сөздер алып тасталып, "тазарту жолымен" деген сөздерден кейiн ", шарап материалынан төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен және тағамдық емес шикiзаттан өзге де жолмен" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) фирмалық арнаулы дүкен - сауда залымен жабдықталған, фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақталған және өзiнiң алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткiзуге арналған стационарлық үй-жай;";
мынадай мазмұндағы 14)-19) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) мемлекет меншiгiне өткен этил спиртi немесе алкоголь өнiмi - сот шешiмi негiзінде тәркiленген, мемлекет меншiгiне өтеусiз өткен, мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендiк режимiнде ресiмделген этил спирті немесе алкоголь өнiмi;
15) пластикалық ыдыс - полиэтилен полистирол және өзге полимерлiк материал негiзiндегi тұтыну ыдысы;
16) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тағам сақтайтын полимерлік материалдан жасалған аралас полимерлік материалдардан дайындалған тұтыну ыдысы;
17) есепке алу-бақылау таңбасы - қажетті қорғау дәрежесi бар, алкоголь өнiмінің айналымын есепке алу және бақылауды жүзеге асыру мақсатымен оны (сырадан басқасын) бiрдейлендiруге арналған арнайы бiржолғы жапсырма;
18) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тағам сақтайтын материалмен қапталған арнаулы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;
19) тұтыну ыдысы - тұтынушыға алкоголь өнiмiмен қоса келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс өз функциясын атқармайтын және Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы орталық атқарушы органы пайдалануға рұқсат еткен материалдардан жасалған ыдыс.";
2) 5-бапта:
1-тармақтың 10) тармақшасындағы "өңделген" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы "38-45%, 50% және 56%" деген цифрлар "отыз сегiз - қырық бес процент, елу процент және елу алты процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "12-60%", "30%-тен 60%-ке дейiнгі" және "12%-тен 30%-ке дейiнгі" деген сөздер тиiсiнше "он екi - алпыс процент", "отыз проценттен алпыс процентке дейiнгi" және "он eкi проценттен отыз процентке дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ "физикалық байыту арқылы" деген сөздерден кейiн ", қажет болған ретте қантты және лимон қышқылын пайдалана отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтағы "тағамдық дәмдi-хош иiсті қоспаларды (химиялық қоспадан басқа)" деген сөздер ", қантты, этил спиртін" деген сөздермен ауыстырылсын;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Шарап ішімдіктері - негiзiн табиғи жүзiм, жемiс шарап материалдары немесе олардың концентраттары құрайтын, қант, емен концентраты, тағамдық дәмдi-хош иiсті табиғи қоспалар, бояғыштар мен су қосылған, этил спиртi мен күшейтілген шарап материалдары қосылмаған, күштiлiгi он екі проценттен аспайтын алкогольді ішiмдiктер.
12. Шарап материалы - ашытылған немесе ашытуды тоқтата тұру тәсiлiне қарамастан ашытылу процесiндегi, құрамында этил спиртінің бір жарым проценттен астам мөлшерлiк үлесi бар, шарап дайындауға немесе араластыруға арналған жүзiм сөлi, жемiс-жидек шырыны";
13-тармақ мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде өзгермейдi;
16-тармақтағы "30%" деген цифр "отыз процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтағы "30%" деген цифр "отыз проценттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
2-тармақ "жасайды" деген сөзден кейiн "және бекiтедi" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта "сырадан" деген сөз "қос тотықты көмiртекпен қанықтырылғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) акциздік алым таңбаларынсыз және есепке алу-бақылау таңбаларынсыз өткiзуге;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) алкоголь өнiмiн (сыра мен құрамында он екi проценттен аз көлемдегi этил спирті бар әлсiз алкоголь сусындарынан басқа) қаңылтыр ыдыстарда, аралас полимер ыдыстарда, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткізуге;";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Этил спиртi мен алкоголь өнімі айналымының тәртiбін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
5) 10-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакция жазылсын:
"1. Этил спиртiнiң импорты жасап шығаруға этил спиртi пайдаланылатын алкоголь өнiмi өндiруге арналған лицензия болған кезде, этил спиртiнiң импортына берiлетiн лицензия бойынша жүзеге асырылады.
Шарап материалының импорты жасап шығаруға шарап материалы пайдаланылатын алкоголь өнiмiн өндiруге арналған лицензия болған кезде, шарап материалының импортына берiлетін лицензия бойынша жүзеге асырылады.
Алкоголь өнiмiнiң импорты алкоголь өнiмiнiң импортына берiлетiн лицензия бойынша және алкоголь өнiмiн өндiруге не алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме саудада өткiзуге арналған лицензиялары болған кезде жүзеге асырылады.
2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.
Алкоголь өнімін өндiруге, алкоголь өнiмін (сырадан басқа) сақтауға, көтерме саудада өткiзуге арналған лицензиялардың болуы алкоголь өнімiнің экспортына құқық бередi.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады.";
6) 11-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Этил спиртін сақтаудың және өткiзудің тәртiбi
мен шарттары";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Этил спиртін сақтау мен өткiзу этил спиртiн өндiруге лицензия болғанда ғана өндiрушiнiң қойма жайларынан жүзеге асырылады.";
мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Этил спиртiн сақтау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
7) 12-бапта:
тақырыбындағы "көтерме саудамен" деген сөздер алып тасталсын;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өндiрушi алкоголь өнiмiн фирмалық арнаулы дүкендер арқылы және алкоголь өнiмдерiн сақтауға және көтерме саудада өткiзуге лицензиясы бар тұлғаларға өткiзуге құқылы.
2. Импорттаушылар және алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтауға, көтерме саудада өткiзуге арналған лицензиясы бар тұлғалар алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге арналған тиiстi лицензиясы бар тұлғаларға ғана алкоголь өнiмiн өткiзуге құқылы.";
3-тармақ алып тасталсын;
8) 15-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "уәкілеттi орган" деген сөздердiң алдынан "этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiне және импортына - " деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "алкоголь өнімiнiң бөлшек саудасы үшiн" деген сөздер "алкоголь өнiмін (сырадан басқа) сақтауға және көтерме саудада өткiзуге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) бөлшек саудада өткiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы тармақта белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмаса этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.
Алкоголь өнiмiн өндiруге арналған лицензия этил спиртiн сақтауға, өздерi шығарған алкоголь өнiмiн сақтауға және фирмалық арнаулы дүкендер арқылы өткiзуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн сақтау мен көтерме саудада өткiзуге лицензиясы бар адамдарға көтерме саудада өткiзуге құқық бередi.";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақта:
3) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткiзу;";
9) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа сақтауға, көтерме саудада өткiзуге лицензия алу үшiн бiлiктiлік талаптарына сәйкестігін анықтау тұрғысынан тұлғаларды тексерудi шарт негiзiнде уәкiлеттi органның арнаулы мемлекеттiк кәсiпорындары ғана жүргiзедi.";
10) 19-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацтағы "этил спиртін сақтау мен өткiзуге, алкоголь өнiмiн сақтауға және өткiзуге" деген сөздер "алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге," деген сөздермен ауыстырылсын;
9) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіргенде, алкоголь өнiмiн сақтағанда, көтерме және бөлшек саудада өткiзгенде;";
"14) осы Заңның 15-бабының 6-тармағы көзделген қызмет түрлерiне лицензиясы жоқ тұлғалардан этил спирті мен алкоголь өнiмiн сатып алғанда алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұру себебiн көрсете отырып тоқтата тұруға құқылы.";
11) 20-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацтағы "сақтау мен өткiзуге" деген сөздер "алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге," деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "жәйттер жойылмаған" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, "жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылып алынуы мүмкін." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) лицензиат бір жыл iшiнде бұрын лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылып алынуы мүмкiн.";
12) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекет меншiгiне өткен этил спиртi мен алкоголь өнiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ережелерге сәйкес пайдаланылады немесе жойылады.".