1-бап. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-бапта:
12) тармақша 15) тармақша болып есептелiп, "ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау" деген сөздер "мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;
13) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;";
2) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.";
2-тармақ "қызметкерлер" деген сөзден кейiн ", қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 17-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда оған олардың мәнi түсiндiрiлетiн бап берiледi. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiде немесе қолданысқа бұрын енгiзiлген бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.";
5) 21-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi "жағдайда" деген сөзден кейiн ", енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемесiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Нормативтiк құқықтық aктi мәтiнiнiң мазмұнына нормативтiк құқықтық актi мәтiнi мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.";
7) 30-баптың 2-тармағында:
екiншi бөлiктегi "ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауды" деген сөздер "мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "жариялауды" деген сөздiң алдынан "ресми" деген сөзбен толықтырылсын;
8) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебi
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң қағазға басылған және электронды түрдегi, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiбередi.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктер мен басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.".