Осы Заң Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiн мерекелеуге байланысты iзгiлiк принциптерi басшылыққа алына отырып қабылданды.
1-бап. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшiн сотталғандар:
1) кәмелетке толмағандар;
2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында I және II топтардағы мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктi әйелдер;
3) I және II топтардағы мүгедектер;
4) зейнет жасына жеткен әйелдер мен ер адамдар жазадан босатылсын.
2-бап. Осы Заңның 1-бабының қолданылу аясына жатпайтын, ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшiн сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн өтеген болса, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан босатылсын.
3-бап. Осы Заңның 1-бабында аталған, ауыр қылмыстар үшiн сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн өтеген болса, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан босатылсын.
4-бап. Осы Заңның 1, 2, 3-баптарының қолданылу аясына жатпайтын, ауыр қылмыстар үшiн бiрiншi рет бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын өтеген болса, жазадан босатылсын.
5-бап. Осы Заңның 1, 2, 3, 4-баптарының қолданылу аясына жатпайтын, бас бостандығынан айыруға сотталған, осы Заңның 19-бабында белгiленген рақымшылық жасау актiсiн орындау кезеңiнде жазаны өтеп болуына бiр жылдан аз уақыт қалған адамдар жазадан босатылсын.
6-бап. Осы Заңның қолданылу аясына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63-бабы қолданыла отырып, сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза белгіленiп, сотталғандар;
2) бас бостандығынан айыруға сотталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабына сәйкес сот үкiмiнiң орындалуы кейiнге қалдырылған жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер;
3) әскери қызметке шақырудан жалтарған әскери мiндеттiлер және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасаған әскери қызметшiлер, егер осы Заң қолданысқа енгізiлгеннен кейiн алты айдан кешiкпей таяу жердегi жергiліктi әскери басқару органдарына, әскери-тергеу органдарына, әскери прокуратура немесе әскери полиция органдарына кiнәсiн мойындап келген жағдайда;
4) егер бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза негiзгi жаза түрiнде қолданылған болса, жазаның осы түрлерiне сотталған адамдар жатады.
7-бап. Осы Заңның 1, 2, 3, 4, 5, 6-баптарының негiзiнде жазадан босатуға жатпайтын, бас бостандығынан айыруға:
1) ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшiн сотталған;
2) егер тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемінде жартысын өтеген болса, ауыр қылмыстар үшін сотталған;
3) егер тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн өтеген болса, аса ауыр қылмыстар үшiн сотталған адамдардың жазасының өтелмеген бөлiгiнiң жартысы қысқартылсын.
8-бап. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған, олар үшiн бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iс қозғаудан бас тартылсын және барлық қылмыстық iстер мен соттарда қаралмаған iстердi жүргiзу тоқтатылсын.
9-бап. Мынадай болып белгiленсiн:
1) осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында аталған адамдарға қылмыс жасаған кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдар жатады;
2) осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында аталған адамдарға ата-ана құқығынан айырылмаған және осы Заң қолданысқа енгiзілетiн күнге он сегiз жасқа толмаған балалары, соның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа алған балалары бар не жасына қарамастан I және II топтардағы мүгедек балалары бар әйелдер, осы Заң қолданысқа енгiзiлетiн күнге жүктiлiк жағдайында болған әйелдер жатады;
3) осы Заңның 1-бабының 3) тармақшасында аталған адамдарға осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен I және II топтардағы мүгедектер деп танылған адамдар жатады;
4) осы Заңның 1-бабының 4) тармақшасында аталған адамдарға осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнет жасына жеткен әйелдер мен еркектер жатады. Бұл адамдардың туған күнi мен айын растайтын құжаттар болмаған кезде мұндай адамдар деп 1947 жылғы 1 қаңтарға дейiн туған әйелдер мен 1942 жылғы 1 қаңтарға дейiн туған ер адамдар есептелуi керек.
10-бап. Осы Заңның күшi:
1) сот үкiмi бойынша аса қауiптi рецидивистер деп танылған, сондай-ақ қауiптi не аса қауiптi деп танылған қылмыстарды қайталап жасаған;
2) өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айырумен ауыстырылып сотталған, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру тағайындалып сотталған;
3) осы Заңның 7-бабының 3) тармақшасында аталған адамдардан басқа, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн сотталған;
4) осы Заңның 1-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталғаннан басқа, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдар;
5) бұрынғы сотталғандығы заңнамада белгiленген тәртiппен өтелген немесе алып тасталған адамдарды қоспағанда, бұрын рақымшылық немесе кешiрiм жасалып, қайтадан қасақана қылмыс жасаған;
6) осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қысастықпен бұзушылар деп танылған немесе жазасын өтеу кезiнде қасақана қылмыстар жасаған;
7) Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнде көзделген мынадай қылмыстар: Отанға опасыздық (50-бап); шпиондық (51-бап); террорлық акт (52-бап); шет мемлекеттiң өкiлiне қарсы террорлық акт (53-бап); диверсия (54-бап); зиянкестiк (55-бап); соғысты насихаттау (57-бап); ұлттық, нәсілдiк тең құқықтылықты және азаматтардың дiнге көзқарасына қарай олардың тең құқықтылығын бұзу (60-баптың үшiншi бөлiгi); жалдамалылық (62-2-баптың екiншi бөлiгi); бандитизм (63-бап); еңбекпен түзеу мекемелерiнiң жұмысына iрiткi салатын әрекеттер (63-1-бап); қылмыстық топты не қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастыру немесе басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (63-2-баптың екiншi бөлiгi); контрабанда (64-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); жаппай тәртiпсiздiк (65-бап); жылжымалы темiр жол составын, әуе, теңiз немесе өзен кемелерiн айдап әкету не басып алу (72-1-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); жасанды ақшаны немесе бағалы қағазды қолдан жасау немесе өткiзу (73-баптың екiншi бөлiгi); ұрлық (76-баптың үшiншi бөлiгi); тонау (76-1-баптың үшiншi бөлiгi); шабуыл жасап тонау (76-2-бап); алаяқтық (76-3-баптың үшiншi бөлiгi); бөгде мүлiктi меншiктену немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын терiс пайдаланып қиянат жасау жолымен талан-таражға салу (76-4-баптың үшiншi бөлiгi); қорқытып алу (76-7-баптың үшiншi бөлiгi); бөгде мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру (82-бап); қасақана кiсi өлтiру (88-бап); дененi ауыр дәрежеде қасақана жарақаттау (93-баптың екiншi бөлiгi); басқа адамды көрiнеу ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру және ЖҚТБ ауруын жұқтыру (100-1-баптың екiншi бөлiгi); әйелдi зорлау (101-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); еркек пен еркектiң жыныс қатынасын жасасуы (104-баптың екiншi бөлiгi); адамды кепiлге алу және кепілдiкте ұстау (115-1-бап); адам ұрлау (116-бап); пара алу (146-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); iшкi iстер органдары қызметкерiнiң, халық жасақшысының, анықтама жүргiзушi адамның, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе халық заседателiнiң өмiрiне қастық әрекет (173-1-бап); куәнi, жәбiрленушiнi, сарапшыны немесе аудармашыны өтiрiк жауап беруге сатып алу немесе зорлау (187-1-баптың үшiншi бөлiгi); көрiнеу әдiлетсiз үкiм, шешiм, ұйғарым немесе қаулы шығару (191-баптың екiншi бөлiгi); анықтама жүргiзушi адамға, тергеушiге, прокурорға, судьяға немесе халық заседательдерiне қатысты қауiп төндiру (191-2-бап); еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнің талаптарына қасақана бағынбау (199-2-баптың екiншi бөлiгi); бұзақылық (200-баптың екiншi бөлiгi); атылатын қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе жарылғыш заттарды ұрлау (203-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); есiрткi заттарды ұрлау (213-1-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); есiрткi заттарын қолдануға азғыру (213-2-баптың екiншi бөлiгi); есiрткi заттарды заңсыз жасау, алу, сақтау, тасу, жiберу немесе өткiзу (214-баптың үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерi); притон ұстау және жеңгетайлық (215-1-баптың бесiншi бөлiгi); көлiк құралдарын айдап әкету (221-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); бағынбау (225-баптың "в" тармағы); бұйрықты орындамау (226-баптың "в" тармағы); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызмет мiндеттерiн бұзуға зорлау (227-баптың "б" және "в" тармақтары); бастықты қорқыту (228-баптың "в" тармағы); бастыққа зорлық әрекеттер жасау (229-баптың "б" тармағы); бiр-бiрiне бағынбайтын әскери қызметшiлердің өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерiн бұзуы (231-баптың "в" тармағы); бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету
(233-баптың "г" тармағы); дезертирлiк (234-баптың "б" және "г" тармақтары); ұрыс жағдайында бөлiмдi өз бетiмен тастап кету (235-бап); өзiнiң дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе басқа тәсiлмен әскери қызметтен бұлтару (236-баптың "б" тармағы); әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру (238-баптың "в" тармағы); қаруды, сондай-ақ айналасына аса қауiп төндiретiн заттар мен құралдарды қолдана бiлу ережесiн бұзу (238-1-баптың "в" тармағы); ұшу немесе оған дайындалу ережесiн бұзу (240-бап); кеме жүргiзу ережесiн бұзу (241-бап); қарауыл қызметiнiң жарғылық ережелерiн бұзу (242-баптың "е" тармағы); жауынгерлiк кезекшілiк атқару ережелерiн бұзу (244-баптың "в" және "г" тармақтары); соғыс құпиясын жариялау немесе соғыс құпиясы жазылған құжаттарды жоғалту (246-баптың "в" тармағы); билiктi терiс пайдалану, асыра пайдалану немесе оның әрекетсiздiгi (247-баптың "б" және "в" тармақтары); соғыс жүргiзу құралдарын жауға беру немесе тастап кету (248-бап); суға батып бара жатқан соғыс кемесiн тастап кету (249-бап); ұрыс алаңын өз еркiмен қалдыру немесе қаруды қолданудан бас тарту (250-бап); өз еркiмен тұтқынға берілу (251-бап); тонау (253-бап); соғыс жүрiп жатқан аудандағы халыққа зорлық жасау (254-бап); сондай-ақ Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 1995 жылғы 12 мамырға дейiнгi редакциясындағы: тонау (133-баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерi); шабуыл жасап тонау (134-бап); қорқыту арқылы талап ету (135-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру (141-баптың екiншi бөлiгi) үшiн сотталған;
8) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген мынадай қылмыстар: адам өлтiру (96-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (103-бап); азаптау (107-баптың екiншi бөлiгi); ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдарын немесе тiнiн алуға мәжбүр ету (113-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы ( 116-баптың үшiншi бөлiгi); зорлау (120-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану (121-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың үшiншi бөлiгi); адамдарды пайдалану үшiн азғырып-көндiру, сондай-ақ әкету және олардың транзитi (128-баптың үшiншi бөлiгi); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту (131-баптың төртiншi бөлiгi); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу (156-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату (158-бап); соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану (159-бап); геноцид (160-бап); экоцид (161-бап); жалдамалылық (162-бап); халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап); әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсілдiк немесе дiни араздықты қоздыру (164-баптың үшiншi бөлiгi); мемлекеттiк опасыздық (165-бап); шпионаж (166-бап); Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қастандық жасау (167-бап); билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы (168-бап); қарулы бүлiк (169-бап); диверсия (171-бап); жұмылдыруға шақырудан жалтару (174-баптың екiншi бөлiгi); ұрлық (175-баптың үшiншi бөлiгi); сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету (176-баптың үшiншi бөлiгi); алаяқтық (177-баптың үшiншi бөлiгi); тонау (178-баптың үшiншi бөлiгi); қарақшылық (179-бап); ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап); қорқытып алушылық (181-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерi); бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру (187-баптың үшiншi бөлiгi); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); экономикалық контрабанда (209-баптың үшiншi бөлiгi); терроризм (233-бап); терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру (233-1-бап); террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның қызметiне қатысу (233-2-бап); экстремизмдi немесе террористiк қызметтi қаржыландыру (233-3-бап); адамды кепiлге алу (234-бап); ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап); заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру (236-баптың бiрiншi бөлiгi); бандитизм (237-бап) үйлердi, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол составын айдап әкету, сонымен бiрдей қолға түсiру (239-бап); теңiз қарақшылығы (240-бап); жаппай тәртiпсiздiктер (241-баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерi); атом энергетикасы объектiлерiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу (244-баптың екiншi бөлiгi); радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248-баптың үшiншi бөлiгi); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы (250-баптың үшiншi бөлiгi); қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-баптың үшiншi бөлiгi); қаруды заңсыз жасау (252-баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерi); қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); бұзақылық (257-баптың үшiншi бөлiгi); есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға көндiру (261-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру (262-баптың екiншi бөлiгi); улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-баптың екiншi бөлiгi); көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-баптың үшінші бөлігі); қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану (307-баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерi); билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану (308-баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерi); пара алу (311-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану (321-баптың екiншi бөлiгi); сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғу (340-бап); сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi (341-баптың төртiншi бөлiгi); көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-баптың екiншi бөлiгi); көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-баптың үшiншi бөлiгi); көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару (350-баптың екiншi бөлiгі); көрiнеу жалған сөз жеткiзу (351-баптың үшiншi бөлiгi); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-баптың төртiншi бөлiгi); бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-баптың екiншi бөлiгi); қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң талаптарына қасақана бағынбау (360-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң қалыпты қызметiнiң тәртiбiн бұзу (361-бап); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-баптың үшiншi және бесiншi бөлiктерi); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету (368-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi (369-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу (370-баптың үшiншi бөлiгi); бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету ( 372-баптың бесiншi және алтыншы бөлiктерi); қашқындық (373-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); жауынгерлiк кезекшілiктi атқарудың ережелерiн бұзу (375-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық ережелерiн бұзу (377-баптың екiншi бөлiгi); билiктi терiс пайдалану, билiктiң асыра қолданылуы немесе әрекетсiздiгi (380-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi); құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету (382-баптың екiншi бөлiгi); жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап); тұтқынға өз еркiмен берілу (384-бап); тонаушылық (385-бап); әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту (386-баптың үшiншi бөлiгi); ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу (392-бап); кеме жүргiзу ережелерiн бұзу (393-бап) үшiн сотталған және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарға қолданылмайды.
Осы баптың 7) және 8) тармақшалары осы Заңның 5-бабында аталған адамдарға қолданылмайды.
11-бап. Осы Заңның 1-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталған адамдарға қатысты рақымшылық жасауды қолдануға олардың мәртебесiн растайтын құжаттардың болуы мiндеттi.
12-бап. Осы Заңның 2, 3, 4, 7-баптарында көзделген жаза мерзiмiнiң бөлiгiн өтеу осы Заң қолданысқа енгiзiлетiн күнге есептелетiн болып белгіленсiн.
13-бап. Қылмыстар жиынтығы болған жағдайда, егер қылмыстардың бiреуi осы Заңның қолданылу аясына жатпаса, рақымшылық жасау қолданылмайды.
14-бап. Егер осы Заң қолданысқа енгiзiлетiн күнге қосымша жаза орындалмаған болса, рақымшылық жасау қолданылатын адамдар негiзгi жазадан да, қосымша жазадан да босатылады.
15-бап. Осы Заң қылмыстық жауаптылығы жаңа қылмыстық заңмен (қылмыс құрамын қылмыстық сипаттан арылту) жойылған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандығы алып тасталмаған немесе өтелмеген адамдарға қолданылады.
Осы Заңның 1, 2, 3-баптарында аталған адамдарға рақымшылық жасауды қолдану кезiнде оларды жазадан босатумен бiр мезгілде сотталғандығы алып тасталады. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн жазасын өтеген немесе одан әрi өтеуден босатылған, аталған адамдар санатынан ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшiн бұрынғы сотталғандығы алып тасталады.
16-бап. Осы Заңды орындау:
1) бас бостандығынан айыру орындарында отырған сотталғандарға қатысты - жазаны орындайтын органдар мен мекемелерге;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 41-бабына сәйкес белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабына сәйкес түзеу жұмыстары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 45-бабына сәйкес бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеп жүргендерге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63-бабына сәйкес шартты түрде сотталғандарға, сондай-ақ үкiмдерiнiң орындалуы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабына сәйкес кейiнге қалдырылған адамдарға қатысты - жазаны орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларына;
3) қылмыстары туралы iстерi мен материалдары анықтау және алдын ала тергеу органдарының iс жүргiзуiнде жатқан адамдарға қатысты - осы органдарға;
4) әскери қызмет бойынша шектеуге немесе тәртiптiк әскери бөлiмдерде ұстауға сотталған әскери қызметшiлерге қатысты - әскери бөлiмдердiң командирлерiне;
5) мыналарға:
қылмыстары туралы iстерi мен материалдары соттардың iс жүргiзуiнде жатқан және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қаралмаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстары туралы iстерi қаралған, бiрақ үкiмдерi заңды күшiне енбеген адамдарға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабына сәйкес түзеу жұмыстары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 41-бабына сәйкес белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгілi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 45-бабына сәйкес бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеп жүргендерге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстiң 63-бабына сәйкес шартты түрде сотталғандарға, сондай-ақ үкiмдерiнiң орындалуы Қылмыстық кодекстің 72-бабына сәйкес кейінге қалдырылған адамдарға қатысты - соттарға жүктелсін. Соттар материалдарды сотталғанның жазаны өтеу орны бойынша қоғамнан оқшауламай қарайды;
егер осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн айыппұл өндiрiп алынбаса, негiзгi жаза түрiнде айыппұл тағайындалған (рақымшылық жасауды үкiм шығарған сот қолданады) адамдарға;
жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарға және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылған (рақымшылық жасауды сол адам есепте тұратын аумақтағы сот қолданады) адамдарға қатысты - соттарға жүктелсiн.
17-бап. Осы Заңды қолдану уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) прокурор санкция берген қаулысы негiзiнде, сондай-ақ сот қаулысының негiзiнде жүргiзіледi.
Соттар осы Заңды қолданған кезде прокурордың қатысуы мiндеттi. Түзеу мекемесi бастығының, қылмыстық-атқару инспекциясы бастығының немесе тәртiптiк әскери бөлiм мен гауптвахта командирiнiң қаулысына:
1) көтермелеулер мен жазалаулар туралы анықтама;
2) сотталған адамның жеке iсi;
3) рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселенi шешуге қажеттi басқа да құжаттар қоса тiркеледi.
Жазаны өтеу уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына прокурор санкция берген не соттың рақымшылық жасау актiсiн қолдану туралы қаулысы заңды күшiне енген күнiнен бастап тоқтатылады.
18-бап. Өзiне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкiн адам оған қарсы болған жағдайда, рақымшылық жасау қолданылмайды.
19-бап. 16-бапта аталған органдар осы Заңның орындалуын ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай iшiнде қамтамасыз етсiн.
20-бап. Қазақстан Республикасының соттары соттаған, бiрақ жазасын оның шегiнен тыс жерлерде өтеп жүрген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселенi Қазақстан Республикасының соттары Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар негiзiнде, аумағында сот үкiмiн орындау жүзеге асырылып жатқан мемлекеттiң құзыреттi органының ұсынуы бойынша шешедi.
Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық шарттар жасаспаған шет мемлекеттерден бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны одан әрi өтеу үшiн Қазақстан Республикасына берiлген адамдарға рақымшылық жасау ондай адамдарды берген мемлекеттердiң құзыреттi органдарының келiсiмiмен ғана қолданылады.
21-бап. Қазақстан Республикасының Yкiметi, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi:
1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және туған-туыстары мен жақын-жуықтары жоқ мүгедектер мен қарт адамдарды арнаулы интернат-үйлерге орналастыру;
2) босатылған кәмелетке толмағандарды ата-аналарының, қорғаншы және қамқоршы органдардың қадағалауына беру не қажет болған жағдайда оларды балалар үйлерiне, мектеп-интернаттарға немесе өзге де бiлiм беру ұйымдарына жiберу;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған туберкулезбен ауыратындардың емделуiн жалғастыруына бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
22-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi