Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне секьюритилендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 127 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат;
N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат;
N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 19 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 44-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлік "Құрылтайшы" деген сөздің алдынан "Арнайы қаржы компанияларынан," деген сөздермен толықтырылып, "Құрылтайшы" деген сөз кіші әріппен жазылсын;

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасында  көзделген тәртіппен жауап береді.";

      2) 45 және 49-баптардың 1-тармақтарының екінші бөліктерінде:
      "ұйымын" деген сөзден кейін ", арнайы қаржы компаниясын" деген сөздермен толықтырылсын;

      "және сақтандыру қызметі туралы заңдарда" деген сөздер ",  сақтандыру қызметі  және  секьюритилендіру  туралы заңнамада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 50-баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде:
      "құрамына" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне бередi.";

      4) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "мүлік" деген сөзден кейін "(Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 91-баптың 3-тармағы "үшiншi тұлғалардың кепілдіктерімен қамтамасыз етілген" деген сөздерден кейін ", бөлінген активтермен қамтамасыз етілген" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      мынадай мазмұндағы 738-1-баппен толықтырылсын:

      "738-1-бап. Секьюритилендіру кезінде ақшалай талаптарды
                  басқаға беру

      Секьюритилендіру кезінде ақшалай талаптарды басқаға беруді қаржыландыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актісінде белгіленеді. Осы тараудың ережелері, егер Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, секьюритилендіру мәмілелеріне қолданылады.".

      3."Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж.,
N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы  18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 19 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 19 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 17 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
       (Ескерту. Осы Заңның 1-бапының 3-тармағы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі - осы Заңның  2-бабын  қараңыз).  

      1) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясының борыш талаптарын басқаға беруден алған табыстары;";

      3) 124-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Арнайы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналым мерзімі ішінде ауыстырылады.";

      4) 131-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы "кредиттік серіктестіктерге" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      8-бап мынадай мазмұндағы к-3) тармақшасымен толықтырылсын:
      "к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 8-бапта:
      1-тармақ "осы Заңның" деген сөздерден кейін "осы бабының 6-тармағында," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 3) тармақшасы "ломбардтарының" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерiмен айналысуға құқылы:
      1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi іске асыру;
      2) банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттердi сату;
      3) өз мүлкiн сату;
      4) заем алушылардың кепiлге қойған мүлкiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген тәртiппен сату;
      5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
      6) басқа тұлғалардың банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша мүдделерiн, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру;
      7) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқуды ұйымдастыру;
      8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттерi атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.";

      2) 74-1-бапта:
      1-1-тармақта:
      "массасына" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне бередi.";

      2-тармақта:
      "инвестициялық қорлардың активтері" деген сөздерден кейін ", арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      "инвестициялық қордың активтері" деген сөздерден кейін ", арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      "акционерлік инвестициялық қордың" деген сөздерден кейін ", арнайы қаржы компаниясының" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N№13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):

      3-бапта:
      4-тармақ "Қаржылық ұйымдардағы" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшін:
      осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;".

      7. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 жылғы 18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 19 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың талаптары секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды.";

      2) 71-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі "тiзiлiмiне" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 74-баптың 4-тармағының 2) тармақшасында:
      "кепiл мүлкi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және кепіл мүлкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне бередi.".

      8. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):

      23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі "мүлік" деген сөзден кейін "(Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы  заңнамасына  сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 жылғы 21 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 20 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
       (Ескерту. Осы Заңның 1-бапбының 9-тармағы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап  қолданысқа енгізіледі - осы Заңның  2-бабын  қараңыз).  

      5-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн осы Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге жолмен қатысуға;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;".

      10. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 9-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Арнайы қаржы компаниясы секьюритилендіру туралы  заңнамаға  сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектiсiне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасымен белгіленеді.";

      2) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.";

      3) 14-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      бірінші абзац "эмитент" деген сөзден кейін ", сондай-ақ арнайы қаржы компаниясы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша "жүзеге асырған" деген сөздерден кейін "(арнайы қаржы компаниясын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "ипотекалық облигациялар" деген сөздерден кейін "немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар" деген сөздермен толықтырылсын.

      11. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына   (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      12-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртібін айқындайды;".

       2-бап.  Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағын және 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 9-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады