1-бап. "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2002 ж., N 10, 106-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
2) есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;
3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
4) есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
7) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;
8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi;
9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;
10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы;
11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;
12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;
14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;
15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi;
17) есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдалану (есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есiрткi немесе психотроптық заттарды дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;
18) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргенi анықталған шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын (шағын, iрi, өте iрi) мөлшердегi белгiленген түрлерiнiң тiзбесi (2-қосымша);
19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату;
20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi (бұдан былай - Тiзiм) - халықаралық Конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесi (1-қосымша);
21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру;
22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi жинау - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;
23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер);
24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерiктi түрде емделуден жалтарған не есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;
25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;
26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерiнiң медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң белгiлеулерi мен ұсынымдарын орындамауы;
27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны терiске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;
28) нашақорлық - организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есiрткi немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру;
29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есiрткi, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi, белгiленген тәртiппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам;
30) өз еркiмен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есiрткiге шектен тыс салынудан науқастың өзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен емдеу;
31) прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар;
32) препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа;
33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;
35) уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.";
2) 2-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiктегi "екi тiзiмнен" деген сөздер "тiзiмнен" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегiзiншi бөлiк алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi.
Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылауға жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау қолданылады.
Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай әдiстермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
3) 5-баптың 3-тармағында:
15) тармақша алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар, нұсқамалар енгiзедi;";
мынадай мазмұндағы 19) - 23) тармақшалармен толықтырылсын:
"19) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылдарды әзiрлейдi және iске асырады;
20) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiредi;
21) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
23) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмектi тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";
4) 6-баптың 8) тармақшасындағы "заңды және жеке тұлғаларды" деген сөздер "жеке және заңды тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-бапта:
1-тармақтағы "16, 17, 18," деген цифрлар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды әзiрлеу, өндiру, дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту, босату, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелерiн белгiлейдi.";
6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Мемлекеттiк квоталар
1. Тiзiмге енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттiк квота - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қажеттiлiк есебi, лицензиясы бар заңды тұлғалар олардың айналымын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осы қажеттілік шегiнде жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк квота Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. Мемлекеттiк квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесi күнтiзбелiк жылға өтiнiм жасаған белгілi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшерiн қамтиды.
3. Заңды тұлғалар келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiтуге өтiнiмдердi уәкiлеттi органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеудi не құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрілік заттар өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға келесi күнтiзбелiк жылға арналған тұтыну нормативiн бекiтуге өтінiмдердi ұсынады;
2) қамтамасыз ету нормативiне сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды жүзеге асырады.
5. Уәкiлеттi органдар келесi күнтiзбелiк жылға арналған жиынтық тұтыну нормативiн бекiту үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға жинақтап қорытылған өтiнiмдердi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн ұсынады.
6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган:
1) заңды тұлғалардың тұтыну нормативтерi өтiнiмдерiнiң негiздiлiгiн тексередi;
2) бекiтуге өтiнiм жасаған тұтыну нормативтерiн жинақтайды және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аталған тұтыну нормативтерiн бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын бақылаудағы заңды тұлғаларға қамтамасыз ету нормативтерiн бөледi.
7. Қамтамасыз ету нормативiн үлестiк бөлу Тiзiмге енгiзiлген барлық есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар өтiнiм жасаған, құрамында аталған заттар бар өнiмдерге қатысты жүзеге асырылады.";
7) 10-бапта:
тақырыбындағы "(дайындау)" деген сөз ", дайындау, өңдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ "өндiрудi" деген сөзден кейiн ", дайындауды, өңдеудi" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "өндiретiн" деген сөзден кейiн ", дайындайтын, өңдейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 13-баптың 4-тармағында:
"және пайдаланудың" деген сөздер алып тасталсын;
"соған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар" деген сөздер "есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-бапта:
2-тармақтағы "және психотроптық заттар" деген сөздер ", психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы ", психотроптық заттар", "және психотроптық заттар" деген сөздер тиiсiнше ", психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Есiрткi және психотроптық заттар" деген сөздер "есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы ", психотроптық заттар" деген сөздер ", психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
10) 16-бапта:
1-тармақтағы "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "есiрткi заттар" деген сөздер "есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн ғана пайдаланылатын құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Тiзiмге енгiзiлген дәрiлiк препараттар:
1) азаматтық мақсаттағы көлiкте;
2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңiздегi) оқу-жаттығуларына шығу кезiнде әскери машиналарда (кемелерде);
3) ұшу кезiнде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрi қобдишасында;
4) мемлекеттiк мекемелердің, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шұғыл көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкiн.
Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртiбiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейдi.";
12) 22-бапта:
тақырыбы "заттар" деген сөзден кейiн "мен прекурсорлар" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға және оларды өнеркәсiптiк, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттар үшiн пайдалануға қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк квотадан аспайтын көлемде рұқсат берiледi.";
3-тармақтағы "және психотроптық заттары" деген сөздер ", психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"және психотроптық заттар" деген сөздер ", психотроптық заттар мен прекурсорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өнеркәсiптiк және медициналық мақсатта" деген сөздер "өнеркәсiптiк, оқу, ғылыми және медициналық мақсаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
1. Есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдер алу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын орган қызметкерлерiнiң өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды бақылау мақсатында сатып алуды жүргiзуге құқығы бар.
2. Бақылау мақсатында сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерiнде айқындалады.";
14) 1-қосымшада:
бiрiншi бөлiктегi "1997" деген цифрлар "1998" деген цифрлармен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi төрт кестеден және тiзiмнен тұрады. I, II және III кестелердегi заттардың атаулары Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған халықаралық тiркелмеген атауларға, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияда, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияда көрсетiлген атаулар мен сипаттамаларға, сондай-ақ басқа да тiркелмеген атауларға сәйкес келедi. Төменде олардың сипаттамасы немесе химиялық атауы келтiрiледi.";
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"II кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы (1961 жылғы Конвенцияның I тiзiмнiң бөлiгi, II тiзiмi және 1971 жылғы Конвенцияның II тiзiмi) есiрткi және психотроптық заттар енгiзілген.";
сегiзiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Есiрткi немесе психотроптық заттарға олардың препараттары да жатады, олардың атаулары (синонимдерi) Тiзiмге енгiзiлмеген.";
I кестеде:
А бөлiмiнде:
21-тармақ алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. МАРИХУАНА (КАННАБИС) (CANNABIS) - Саnnabis тектес өсiмдiктiң уақталған немесе уақталмаған жоғары бөлiктерi - кептiрiлген немесе кептiрілмеген түрдегi жапырақтары мен гүлшоғырлары;";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. КАННАБИС (СОРА) ӨСIМДIГI - құрамында тетрагидроканнабинол бар (егер олар өсiмдiктiң өзiмен немесе өсiмдiктiң басқа бөлiктерiмен бiрге болмаса, тұқымы мен тамырын қоспағанда) Саnnabis тектес кез келген өсiмдiк;";
II кестеде:
А бөлiмiнiң 15, 29-тармақтары алып тасталсын;
В бөлiмiнiң 9-тармағындағы "(натрий-этаминалы, нембутал)" деген сөздер алып тасталсын;
III кестеде:
В бөлiмiнде:
5-тармақтағы "НАТРИЙ БАРБИТАЛЫ (ВАRВIТАL SODIUM)" деген сөздер алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Гамма-оксимайлы қышқыл (ГОМҚ);";
41-тармақтағы "(нозепам)" деген сөз алып тасталсын;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту. Осы Кестеде тiзiп көрсетілген заттардың тұздары, мұндай тұздардың болуы мүмкiн барлық жағдайларда.";
Қазақстан Республикасында бақылаудан алып тасталған, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар көп компоненттi дәрiлiк препараттар тiзiмi алып тасталсын.