1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Бакуде 2005 жылғы 24 мамырда қол қойылған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан
Республикасы Yкiметi мен Әзірбайжан Республикасы Үкiметi
арасындағы келісімге өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзірбайжан Республикасының Үкiметi 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзірбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы келісімнің (бұдан әрi - Келiсiм) 18-бабына сәйкес мына төмендегілер туралы келісті:
1. Келісімге мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 2-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тараптар оларға қатысты осы алып қоюлар қолданылатын тауарлардың келісілген номенклатурасын қамтитын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы еркін сауда режимінен алып қоюдың кезең-кезеңмен күшiн жоюдың қоса берiлiп отырған кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасында қолданылатын еркін сауда режимінен алып қоюдың күшiн жоюға келісті.
3. Осы Келісімнің мақсаты үшiн және оның қолданылу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерінің кеден аумақтарынан шығарылатын тауарлар деп олардың шыққан жерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Yкіметтерінің Басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне сәйкес айқындалған тауарлар түсініледі.";
2) осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлiгi болып табылады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енеді.
2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдеріндегі екi түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсіндіру кезiнде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн
1997 жылғы 10 маусымдағы
Еркін сауда туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметi
мен Әзірбайжан Республикасының
Yкiметi арасындағы келісімге
өзгерiстер мен толықтыру енгiзу
туралы хаттамаға
қосымша
"1997 жылғы 10 маусымдағы
Еркін сауда туралы
Қазақстан Республикасы
Үкiметi мен Әзірбайжан
Республикасы Үкiметi арасындағы
келісімге қосымша
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы
арасындағы еркін сауда режимінен алып қоюдың кезең-кезеңмен
күнін жою кестесі
ТМД СЭҚ ТН коды |
Атауы | Алып қоюды жою мерзімі |
---|---|---|
Әзірбайжан Республикасынан олардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының еркін сауда режимінен алып қоюға жататын тауарларға қатысты |
||
22-топ (2201, 2202 |
Алкогольдік және |
2006 жылғы 1 |
Мыналарды қоспа- |
||
2207 10 000 |
Ұйытылмаған этил спирті, |
2012 жылғы 1 |
2207 20 000 |
Ұйытылмаған, кез келген |
2012 жылғы 1 |
2208 90 910 |
Сыйымдылығы 2 л. және одан |
2012 жылғы 1 |
2208 90 990 |
Сыйымдылығы 2 л. астам |
2012 жылғы 1 |
24-топ |
Темекі және темекінің |
2012 жылғы 1 |
Қазақстан Республикасынан олардың импорты кезінде Әзірбайжан Республикасының еркін сауда режимінен алып қоюға жататын тауарларға қатысты |
||
2203, 2204, 2205, |
Ликер-арақ және басқа да |
2006 жылғы 1 |
2207 10 000 |
Ұйытылмаған этил спирті, |
2012 жылғы 1 |
2208 90 910 |
Сыйымдылығы 2 л. және одан |
2012 жылғы 1 |
2208 90 990 |
Сыйымдылығы 2 л. одан да |
2012 жылғы 1 |
2402 20 |
Құрамында темекі бар |
2012 жылғы 1 |
".
Осымен 2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында жасалған 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзірбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы келісімге өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментінің
Бөлiм бастығы
РҚАО-ның ескертуі. Бұдан әрі Хаттаманың мәтіні ағылшын тілінде берілген (қағаздағы нұсқадан қараңыз).
Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы сауда экономикалық ынтымақтастықты теңдік және өзара тиімділік негізінде дамытуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстары мен екі мемлекет экономикасының өзара толығуын ескере отырып,
біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің еркін қозғалысы өзара келісілген шараларды жүзеге асыруды талап ететін мойындай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісімнің (ТСБК) және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерін ұстанатындықтарын растай отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Тараптар, мемлекеттерде қолданылатын заң актілерін сақтай отырып, тікелей шаруашылық байланыстары негізінде тең құқықтық, өзара тиімділік және мүдделік принциптерін басшылыққа ала отырып, олардың меншік түрлеріне қарамастан, шаруашылық қызметі субъектілері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытады және кеңейте түседі.
Әрбір Тарап басқа Тарапқа залал келтіретін әрекеттерден бас тартады.
2-бап
1. Тараптар бір-біріне еркін сауда тәртібін ұсынады.
Тараптар бірінің кедендік аумағынан шығатын және екінші Тараптың кедендік аумағына арналған тауарлардың экспортын және/немесе импортын кедендік ресімдеу алымдарынан, сондай-ақ сандық шектеулерінен басқа, барабар күші бар кедендік баж алымын, алым-салықтарын қолданбайды. Тауарларды келісілген номенклатура бойынша аталған сауда тәртібінен алып тастау, осы Келісімнің ажырамас бөлігі - Хаттамамен ресімделеді.
2. Тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес жыл сайын еркін сауда тәртібінен алынатындардың жалпы тізбесін, сондай-ақ осындай алуды қолдану әдістерін жасайды және келіседі.
3. Осы Келісім мен оны қолдану кезеңіндегі мақсаттар үшін Тараптардың кедендік аумағынан шығатын тауарлар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет Басшылары Кеңесінің Шешімімен бекітілген, тауарлар шығатын елі анықтайтын 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Ережелер белгілеген тауарларды түсінеміз.
3-бап
Әрбір Тарап:
осы Келісімнің қолданысына жататын басқа Тараптың тауарларына, ішкі өндірістік ұқсас тауарларға немесе үшінші бір елден шығатын тауарларға салынатын тиісті салықтардан немесе алымдардан тікелей, не жанама түрде салмайтын болады;
осы Келісімнің қолданысына жататын тауарларды импорттау немесе экспорттау қатысты, осындай жағдайларда ішкі өндірістік осындай тауарларға немесе үшінші бір елден шығатын тауарларға қолданылмайтын қандайда болмасын арнайы шектеулер мен талаптар енгізбейтін болады;
басқа Тараптан шығатын тауарларды жинастыруға, қайта тиеуге, сақтауға, тасуға, сондай-ақ, төлемдерге және төлемдерді аударуға қатысты осындай жағдайларда, өз тауарларына немесе үшінші бір елден шығатын тауарларға қатысты қолданылатындарынан өзге ережелерді қолданбайтын болады.
4-бап
Тараптар өзара саудада осы Келісімнің шеңберінде тауарларды экспорттауға және/немесе импорттауға тауарларда сандық шектейтін кемсітушілік шараларын немесе оларға барабар шараларды қолданудан бас тартатын болады.
Тараптар, бірақ тек ойға қонымды деңгейде және қатаң белгіленген мерзімге біржақты түрде сандық немесе өзге арнайы шектеулер қоюы мүмкін.
Бұл шектеулер аса бөлек сипатта болуға тиісті және тек ТСБК/БСҰ шеңберлеріндегі келісімдермен көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулерді қолдануды енгізудің негізгі себептері, оның нысаны мен шамаланып отырған мерзімі туралы толық ақпаратты мүмкіндігінше басқа Тарапқа алдын ал табыс етуге тиіс, содан кейін консультация тағайындалады. Консультация барысында қабылданатын шешімдер тиісті құжаттармен ресімделеді.
5-бап
Осы Келісім кез-келген келісуші Тараптардың өзінің өмірлік мүдделерін қорғауда қажет деп санайтын немесе өзі қатысушы болып табылатын немесе қатысуға ниет еткен халықаралық шарттарды орындау үшін сөзсіз қажетті деп санайтын, сыртқы экономикалық байланыс саласында мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибеде жалпы қабылданған шараларын біржақты түрде қолдану құқығына келтірмейді, егер бұл шаралар:
адамдардың өмірі мен денсаулығын, айнала ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, сақтауға;
қоғамдық әдептілікті және қоғамдық тәртіпті қорғауға;
ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуге;
қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери техника саудасына;
тарқағыш материалдарды, радиоактивтік заттардың көзін жеткізуге, радиоактивтік қалдықтарды залалсыздандыруға;
алтын, күміс немесе өзге де бағалы металл мен асыл тастар саудасына;
азайғыш табиғи ресурстарды сақтауға;
төлем балансының бұзылуына;
мемлекеттік қолдау бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде ішкі бағасы әлемдік деңгейден төмен болатын өнімдер экспортын шектеуге;
өндірістік және рухани, ақыл-ой меншігін қорғауға;
ұлттық игілік құндылықтарын қорғауға;
халықаралық қатынастарда соғыс уақытында немесе басқа төтенше жағдайларда қолданылатын шараларға;
халықаралық бейбітшілік пен хауіпсіздікті сақтау үшін БҰҰ-ның Жарғысы негізіндегі міндеттерді орындауға арналған іс-қимылға;
және ТСБК-інің ХХ баптарымен көзделген басқа жағдайларға қатысты болса.
Төтенше сипаттағы жағдайлардан басқа, осындай шараларды қолданушы Тарап осы бапқа сәйкес басқа Тарапқа мүмкіндігінше алдын ала аталған шектеулерді енгізудің негізгі себептері, нысандары мен болжамды мерзімдері туралы толық ақпарат тапсыруға тиіс, содан соң консультациялар тағайындалады.
6-бап
Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі барлық есеп айырысулары мен төлемдері банкаралық тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
7-бап
Тараптар өздеріне қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, сыртқы экономикалық байланысты іштей құқықтық реттеу туралы, соның ішінде сауда, инвестиция, салық салу, банк пен сақтандыру қызметі және көлік пен кеден мәселелері жөніндегі өзге де қызметтер бойынша тұрақты негізде ақпар алмасатын болады.
Тараптар осы Келісімнің орындалуына ықпал етуі мүмкін ұлттық заңдардағы өзгерістер туралы бір-біріне дер кезінде хабарлап тұрады.
Мұндай ақпарат алудың тәртібін Тараптардың өкілетті органдары келісіп алады.
Осы баптың ережелері:
кез-келген Тараптың құзырлы органдарын заң бойынша немесе Тараптардың бірінің әдеттегі Әкімшілік іс-тәжірибесі барысында алуға болмайтын ақпарат тапсыруға;
Олардың ашылуынан Тараптардың мемлекеттік мүдделеріне қайшы келетін, қандай болмасын сауда, кәсіпкерлік, өндірістік, коммерциялық не кәсіптік құпияны немесе сауда ісін, немесе өзге ақпарат тапсыруға міндетті деп түсіндірілмейтін болады.
8-бап
Тараптар теріс іскерлік тәжірибесін осы Келісімнің мақсаттарына үйлеспейтінін мойындайды және оның мынадай әдістеріне жол бермей, жоюға:
Тарап-Мемлекеттердің аумағында бәсекелестікке кедергі келтіру немесе шектеу, оның шарттарын бұзу мақсатын қойып отырған кәсіпорындар арасындағы шарттарға, олардың бірлестігі қабылдаған шешімдерге және іс-тәжірибенің жалпы әдістеріне;
бір немесе бірнеше кәсіпорындардың өздерінің үстемдік жағдайын пайдаланып, Тараптардың барлық аумағында немесе едәуір бөлігінде бәсекелестікті шектейтін іс-әрекетіне жол бермеуге және жоюға міндеттенеді.
9-бап
Статистикалық ақпарат алмасу, кедендік рәсімдерді жүргізу үшін экономикалық қарым-қатынастың тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру кезінде Тараптар тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлесімді жүйесіне және Еуропалық экономикалық одақтастықтың құранды тарифтік-статистикалық номенклатурасына негізделген Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тоғыз таңбалы Тауарлық номенклатурасын (СЭҚ ТН) пайдаланатын болады. Бұл орайда өз мемлекеттерінің жеке мұқтаждары үшін Тараптар қажет болған жағдайда тоғызтаңбадан тыс Тауарлық номенклатураны дамытуды жүзеге асырады.
Тауарлық номенклатураның эталондық данасы тиісті халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер арқылы өзара келісілген негізде енгізіліп, жүзеге асырылады.
10-бап
Тараптар транзиттік өту еркіндігі принциптерін сақтау осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізудің аса маңызды шарты және олардың халықаралық еңбек бөлініс мен бірлесу жүйесіне қосылу процесінің елеулі буыны екендігімен келіседі.
Осыған байланысты Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптың немесе үшінші бір елдің кедендік аумағынан шығатын және басқа Тараптың немесе кез-келген үшінші бір елдің кедендік аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы кедергісіз транзиттелуін қамтамасыз етеді және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға транзит арқылы өтеуін қамтамасыз ету үшін өзінің экспорттаушыларын, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына немесе кез-келген үшінші бір мемлекеттің экспорттаушыларын, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына берілетін сол құралдар мен қызмет көрсетулерден еш кем түспейтін шарттармен жағдай жасайтын болады.
Тараптардың аумақтары бойынша жүктердің өту тәртібі мен шарты тасымалдаудың халықаралық Ережелеріне сәйкес реттеледі.
11-бап
Әрбір Тарап осы тауарлар өз аумағынан шығатын басқа Тараптың экспортына қатысты рұқсат етілмеген тауарларды қайта экспорттауға жол бермейді, реттеудің тарифтік және/немесе тарифтік емес шараларын қолданады немесе оларға барлық кеден аумағынан әкету кезінде сыртқы экономикалық жеңілдіктер береді. Тараптар рұқсатсыз қайта экспорттауға тиым салынатын тауарлардың тізбесін белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тізімдерін алмасады.
Бұл тауарларды үшінші бір елге қайта экспорттау осы тауарлар шығатын мемлекеттің өкілетті органы айқындайтын жазбаша келісімімен және шарттарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы ереже сақталмаған жағдайда мүдделі Тараптың басқа Тараппен алдын ала консультация алысқаннан кейін тауарларды келісімсіз қайта экспорттауға жол бермеген басқа Тараптың аумағына шығаруды реттеу жөнінде бір жақты түрде шаралар енгізуге құқы бар.
Бір Тараптың кедендік аумағынан шығатын тауарды басқа Тараптың үшінші бір елге экспорттау мақсатында өзінің кедендік аумағынан тыс жерге шығаруын қайта экспорттау деп түсінеміз.
12-бап
Үшінші бір ел тұрғысында экспорттық бақылаудың келісілген саясатын жүргізу мақсатында Тараптар тұрақты түрде консультация өткізетін болады және экспорттық бақылаудың тиімді жүйесін құру үшін өзара келісілген шаралар қабылдайды.
13-бап
Осы Келісімнің ережелері Тараптар арасында бұрын жасалған екі жақты келісімдердің ережелерін өзімен не сәйкес келмейтін, не ұқсас болатын шамасын қарай алмастырады.
14-бап
Осы Келісімде егер бұл қатынастар мен міндеттемелер осы Келісімнің мақсаттары мен ережелеріне қайшы келмеген жағдайда кез-келген басқа Тараптың үшінші бір елмен қарым-қатынас орнатуына, осы Тарап қатысушы болып табылатын немесе болуы мүмкін елмен өзге бір халықаралық келісімдерге сәйкес өзіне алған міндеттемелерін орындауына ештеңе де кедергі жасамайды.
15-бап
Әрбір Тарап өзінің заңдарына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес басқа Тараптың шаруашылық субъектілеріне тең құқықтық, соның ішінде сотпен қорғалу құқықтарын және заңды мүдделер береді.
16-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулы мәселелер келіссөздер арқылы немесе Тараптарға қолайлы басқа тәсілдермен шешіледі.
Тараптар өзара саудада шиеленісті жағдайларды болдырмауға ұмтылады.
17-бап
Осы Келісімнің мақсаттарын жүзеге асыру және екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін Тараптар бірлескен қазақ-әзірбайжан комиссиясын құруға келісті.
18-бап
Тараптардың келісуі бойынша, қажет болған жағдайда, осы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
19-бап
Осы Келісім Тараптардың осы үшін қажетті мемлекеттік ішкі рәсімдерді орындағандықтары туралы соңғы хабар алынған мерзімнен күшіне кіреді және Тараптардың бірі басқасына оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабар жіберген мерзімнен алты ай өткенше күшінде қалады.
Осы Келісім тоқтатылғаннан кейін оның ережелері оның күшінде болған кезеңде Тарап-Мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында жасалған, бірақ орындалмаған шарттамаларға, бес жылдан аспайтын мерзімге қолданылатын болады.
Алматы қаласында 1997 жылға 10 маусымда әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсатында орыс тіліндегі мәтіннің күші басыңқы болады.
Қазақстан Республикасы Әзірбайжан Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Осымен 1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында жасалған Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзірбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаменті
Халықаралық шарттар басқармасының
Бастығы
Осымен 2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында жасалған 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзірбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы келісімге өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментінің
Бөлiм бастығы