1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;";
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережелерін бекіту;".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті